Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 15 маусымдағы N 9/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнің өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаты А.Қ.Дауылбаевтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 61-бабының 6-тармағын және 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы Қ.Ә.Омархановтың баяндамасын және өтiнiш субъектiсi өкiлiнің сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      1. Республика Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 61-бабының 6-тармағын және 92-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
      Өтiнiш беруге депутаттардың заң бастамашылығы құқығын жүзеге асыруға байланысты жағдай себеп болған.
      Конституцияның 92-бабының 4-тармағына сәйкес Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс. Депутаттар өз өтiнiшiнде Конституцияға сәйкес келтiрiлуге бағытталған олардың бастамашылық жасаған заң жобалары Республика Үкiметiнің терiс қорытындыларына байланысты Парламент Мәжiлiсiне енгiзуге мүмкiн болмай отырғанына сiлтеме жасайды. Онда да бұл қорытындылар, өтiнiште баяндалғанындай, Үкiметтің емес, оның жекелеген мүшелерінің пiкiрiн бiлдiредi.
      Өтiнiш субъектiсi Конституциялық Кеңестен жоғарыда аталған конституциялық нормаларға түсiнiктеме бергенде қолданылып келген заң актiлерiндегi қайшылықтарды жоюға бағытталған заң жобаларына да, сондай-ақ оларды Конституциямен сәйкес келтiруге бағытталған заңдар жобаларына да Үкiметтің оң қорытындысы қажет пе; Yкiмет Конституцияның K951000_ 92-бабы 4-тармағының талаптарын орындау жөнiндегi шараларды қолданбауға және Конституция ережелерiн бұза отырып ресімделген өзінің терiс қорытындыларымен Парламент депутаттарының мұны iстеуiне кедергi жасауға құқылы ма; Үкiметтің қорытындылары түпкiлiктi болып табыла ма және оларға сот тәртiбiмен шағымдануға бола ма деген кейбiр мәселелердiң ескерiлуiн сұрайды.
      2. Республика Конституциясының нормалары мен конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдай келiп, Республика Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 61-бабының 6-тармағына және 92-бабының 4-тармағына түсiнiк беру туралы бiр топ депутаттардың өтiнiшiн қарағанда мынаны негiзге алады.
      Конституцияның 61-бабының 6-тармағы мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнің оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн.
      Конституциялық Кеңес Конституцияның 61-бабы 6-тармағының түсiндiрмесi Республика Конституциялық Кеңесiнің "Республика Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсiндiру туралы" 1997 жылғы 28 маусымдағы N 14/2 S970014_ қаулысында берiлгенiн және қосымша түсiнiктi қажет етпейтiнiн атап өтедi.
      Парламент депутаттарының осы өтiнiшiн қарауға байланысты Конституциялық Кеңестің құзыретi қандай да бiр мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiнің конституциялылығын анықтау емес, тек конституциялық нормаларды түсiндiру құқығымен шектеледi.
      Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 S000008_ қаулысында осыған орай "Қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiру үшiн Конституция белгiлеген екi жылдық мерзiм құқық шығармашылық қызметiн жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Аталған iс-әрекеттердi белгiленген мерзiмде орындамау Конституция нормаларын бұзу болып табылады" деп түсiнiк берген болатын.
      Сонымен Конституцияның K951000_ 92-бабы 4-тармағының талаптары сөзсiз орындалуға тиiс. Аталған конституциялық мiндеттi заң процесi өкiлеттi субъектiлерiнің шешетіні анық. Мемлекеттiк бюджет жобасын дайындау кезiнде Yкiмет Конституцияның 92-бабының 4-тармағының талаптарын ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарды Конституцияға сәйкес келтiруге байланысты мемлекеттiк кiрiстi қысқартудың да, сондай-ақ мемлекеттiк шығысты көбейтудің де көзделетінін ескеруге тиiс. Мемлекеттiк билiктiң екi тармағының тежемелiк пен тепе-теңдiктiң пайымды балансын сақтауы тиiстi конституциялық нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз етедi.
      Билiктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасының барлық мәселелерi Конституция нормаларында көзделген және конституциялық өкiлеттiктерiн пайдалана отырып олардың өздерi келiсу рәсiмдерi шегінде шешедi немесе мемлекеттiк билiк бiрлiгінің, Конституцияның K951000_ мызғымастығының кепiлi, билiктің барлық тармағының келiсіп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн Республика Президентiнiң қатысуымен (Республика Конституциясының 40-бабы) шешiледi.
      Баяндалғандарға байланысты билiк тармақтарының арасындағы дауларды, оның iшiнде заң жобалары жөнiнде Үкiмет берген терiс қорытындыға да байланысты дауларды сот тәртiбiмен шешуге жол берiлмейдi, өйткенi жоғары заңдық күшi бар және үстемдiлiгi болғандықтан конституциялық нормалар соттар мен басқа қандай да бiр органдарға жүгiнбейдi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
      3. Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес Республика Үкiметiнің қорытындысы талап етiледi. Бұл ретте қорытындыны Үкiмет алқалы орган ретiнде берген жағдайда оның конституциялық-құқықтық заңды күшi болмақ.
      Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы мемлекеттiк органның ұжымдық пiкiрi не оның қаулысы арқылы (Конституцияның 69-бабының 1-тармағы), не қорытынды нәтижесi хаттама шешiмiмен ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Z952688_ Конституциялық заңның 18-бабы, Үкiмет Регламентiнің 8, 9 және 11-тармақтары) ресiмделiп, төрағалық етушінің қол қоятын отырысы арқылы бiлдiрiледi.
      Сонымен қатар, Үкiмет Конституцияның K951000_ 61-бабы 6-тармағының мәнiне сәйкес қорытынды не басқа құжатты қабылдай алады, бiрақ ол оның пiкiрiн алқалы органның ("Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Z952688_ Конституциялық заңның 18-бабының 4-тармағы және Үкiмет Регламентiнің 11-тармағы) пiкiрi деп есептеуге мүмкiндiк беретiн құрамда қабылдауға тиiс.
      Үкiмет қорытындысының конституциялық маңыздылығын есепке ала келiп, осы мәселенің қорытындылар шығару тәртiбiн, оларды ұсыну мерзiмдерiн белгiлей отырып регламенттеумен заңды реттеу барынша тиiмдi деп саналады, бұл тиiстi заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi талап етедi.
      4. Осыған байланысты Республика Конституциясының 92-бабы 4-тармағының түсiндiрмесi "Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабы 4-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 15 маусымдағы N 8/2 S000008_ қаулысында берiлгендiктен Республика Конституциялық Кеңесi аталған конституциялық норманы қайталап түсiндiруге негiздеменің жоқ екендiгін және оның қажетсiз екенiн атап өтедi.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_ конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 61-бабының 6-тармағын мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заң жобаларына қорытындыларды алқалы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi беруi керек деп түсiну қажет.
      Қорытынды Республика Yкiметiнің тиiстi қаулысын қабылдаумен, немесе оның отырысының хаттамалық шешiмiмен, сондай-ақ Үкiметтiң ұжымдық, заңды пiкiрiн бiлдiретiн басқа құжатпен ресiмделедi. Қорытындыға Республика Премьер-министрi, не ол болмағанда Республика заңдарына сәйкес Премьер-министрдің орнын басатын Премьер-министрдiң орынбасары қол қояды.
      Билiктiң заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы келiспеушiлiк олардың конституциялық өкiлеттiктерi негiзiнде келiсу рәсiмдерi жолымен шешiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 74-бабының

 

3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi,

Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып

табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында

көзделген реттi ескерiп, шағымдануға жатпайды.

     3. Осы қаулы қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөз

басылымдарында жариялансын.


     Қазақстан Республикасы

     Конституциялық Кеңесі

     Төрағасының міндетін атқарушы





     Мамандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады