Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 7 Нормативтік қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008.09.24 N 7 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Кеңес мүшелерi Н.І. Өкеев (төрағалық етуші), Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Ж. Қалиұлының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарт жасасу-құқық департаментінің екінші хатшысы А.Қ.Кинжебаеваның қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Төрағасы Ж.А. Тұяқбайдың Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесі В.Д. Шопиннің және отырыс қатысушыларының сөйлеген сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 2000 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі, Парламент Мәжілісінде қарау үшін, 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеуде қол қойылған "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиациясының авиациялық техникасын пайдалануды және жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі трансұлттық қаржы-өнеркәсіптік тобын құру туралы Келісімнің күшін жою туралы" (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізуі өтініш жасау үшін себеп болды. Өтініштен келіп шығатыны, бұл Келісімге Республика Үкіметі қол қойған және ол Парламенттің бекітуіне енгізілмеген.
      Үкіметтің түсіндірме жазбахатында, Келісімде көзделген "Аэрофин" тобының құрылмағаны және қазіргі уақытта оны құру мақсатқа сай келмейді деп есептелетіні айтылған. Қазақстан азаматтық авиациясының қызметіндегі қалыптасқан шынайы жағдайдың өзгеруі, бұл келісімнің күшін жоюдың қажет екенін көрсетеді.
      Өтініште бұл Келісімнің күшін жою жөніндегі әртүрлі көзқарастар келтірілген: Мәжілістің тұрақты комитеттері Үкіметтің өзі бұл шарттың күшін жоя алады деп есептейді, ал сыртқы істер және әділет министрліктері оның күшін жою туралы мәселе Парламентте қаралуы тиіс деп есептейді. Осыған байланысты, өтініш субъектісі, "Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының тиісті заңдарын қабылдау арқылы бекітпеген халықаралық шарттардың күшін жою қажет пе?", - деген сұрақты назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 54-бабы 7) тармақшасына ресми түсіндірме беруді өтінеді.
      Конституцияның K951000_ нормаларын және қолдағы бар материалдарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.
      Конституцияның K951000_ 54-бабының 7) тармақшасы, Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын бекітетінін және олардың күшін жоятынын белгілейді. Келтірілген бұл конституциялық норма Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы U952679_ заң күші бар Жарлығында (бұдан әрі - Жарлық) нақтыланған.
      Жарлықтың 2-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "ратификация" дегеніміз - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің бекітуі арқылы Қазақстан Республикасының өзі үшін оның міндеттілігіне келісім білдіру жолы. Жарлықтың 10-15-баптарында Парламенттің ратификациялауына жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тізбесі және оларды ратификациялау тәртібі белгіленген. 13-бапта Республика Президенті мен Үкіметінің халықаралық шарттарды Парламентке ратификациялауға табыс етуінің тәртібі регламенттелген. 14-бапқа сай, Парламент ратификациялауға ұсынылған халықаралық шарттарды қарайды және тиісті заң қабылдайды. Халықаралық шартты ратификациялау туралы заңға қол қойылып, ол жария етілгеннен кейін Республика Президенті ратификациялау грамотасына қол қояды.
      Жоғарыда аталған Жарлықтың 2-бабы 11) тармақшасына сай, "күшін жою" дегеніміз - Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімделген бас тартуы. Республиканың халықаралық шарттарының күшін жою тәртібі осы Жарлықтың 32-34-баптарымен баянды етілген. Жарлықтың 33-бабына сәйкес, Парламент Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша, ал, Республиканың Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Үкіметтің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша жояды.
      Келісімнің 16-бабы, тараптардың кез-келгенінің өздерінің ішкі заңдарына сәйкес, күшін жою арқылы бұл шарттан шығуына және оның ресімдеріне жол беретін норманы білдіреді, соның нәтижесінде Келісімнің ол үшін міндетті күші жойылады.
      Жарлықтың 34-бабына сай, Республика Үкіметі Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының ғана күшін жоюға хақылы.
      Осылайша, Қазақстан Республикасы заңдарының келтірілген нормалары, Республика Парламенті өзі ратификациялаған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ғана емес, Жарлықтың 33-бабында аталған өзге де халықаралық шарттардың күшін жоятынынан дәлел береді. Аталған баптың 2) тармақшасына сәйкес, өтініште көрсетілген Келісімнің күшін жою туралы мәселені қарау Республика Парламентінің құзырына жатқызылған.
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 54-бабының
7) тармақшасын, "Парламент ... Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді", - деген бөлігінде, Қазақстан Республикасының Парламенті, халықаралық шартты ратификациялау туралы заң қабылдай отырып, оның міндеттілігіне мемлекеттің келісімін білдіреді деп түсіну керек. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың тізбесі, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" U952679_ заң күші бар Жарлығының 11-бабымен, ал тәртібі - 10, 12-15-баптарымен белгіленген.
      Дәл осы тармақша "Парламент ... Республиканың халықаралық шарттарының күшін жояды", - деген бөлігінде, Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан бас тартуын білдіреді, ол осы аталған Жарлықтың 32-34-баптарымен белгіленген ережеге сәйкес ресімделеді. Парламент Қазақстан Республикасының мемлекетаралық сипаттағы ратификацияланған және ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша, ал, Республиканың Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Үкіметтің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша жояды.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 74-бабы 3-тармағына сәйкес, қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады. 3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын. Төрағалық етуші - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.
 

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.