Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жолдауы 2002 жылғы 2 шілде N 10-7/265

      "Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жолдауы деректер базасына енгізу үшін жіберіліп отыр.

     Қосымша: Қазақстан Республикасы Конституциялық
              Кеңесі жолдауының мемлекеттік және
              орыс тілдеріндегі 10 парақтағы мәтіні

     Кеңес Төрағасы

Қазақстан Республикасының Парламентiне
Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
ЖОЛДАУЫ

      Жыл сайынғы бұл Жолдау Қазақстан Республикасының Парламентiне Конституцияның K951000_ 53-бабына сәйкес жiберіліп отыр және ол Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы жұмысының қорытындысына негiзделген.
      Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына орай сөз сөйлеп, Республика Президентi Н.Ә.Назарбаев, "бiздің басты жетiстiктерiмiз - 1995 жылы бүкiл халқымыз қабылдаған Конституцияның жемiсi", - деп атап көрсеткен болатын. Конституция мемлекеттiк және қоғам өмiрiнiң құқықтық негiздерiн нығайтуда, саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды алға бастыруда, қоғамдағы тұрақтылыққа қол жеткiзуде үлкен роль атқарды.
      Республиканың Конституциялық Кеңесi Конституцияның K951000_ жоғары тұруын және оның нормалары сақталуын қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдардың бiрi болып табылады. 2001 жылы Конституциялық Кеңес 19 өтiніш қарады. Соның ішінде - 10 өтiніш Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру туралы, 2 - Парламент қабылдаған заңдардың конституциялылығы туралы, 7 - соттардың ұсыныстары бойынша.
      Ресми түсiндiру, Конституцияның K951000_ мемлекеттiк органдардың құзыретi, депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтату негiздемелерi, халықаралық шарттарды бекiту және өзге де мәселелер регламенттелетiн баптарына қатысты болды. Депутаттар тобы (8 өтiнiш), Парламент Мәжiлiсінiң Төрағасы және Премьер Министр өтiнiш субъектiлерi болды.
      Парламент қабылдаған: "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" екi заң Конституцияға K951000_ сәйкестiгi мәнiнде қаралды.
      Республика соттарынан Конституцияның K951000_ 78-бабы тәртiбiмен келiп түскен өтiнiштерде кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердің және халықаралық шарттардың конституциялық еместiгi туралы мәселелер қойылған болатын. Конституциялық Кеңес, атап айтқанда, "Байқоңыр" кешенi бойынша Қазақстан мен Ресейдің арасында жасалған екi халықаралық шарттың жекелеген ережелерiн Конституцияға қайшы және Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзады деп тапты.
      Елдегi конституциялық заңдылықтың жай-күйiне мейлiнше толық сипаттама беру мақсатында, Конституциялық Кеңес сондай-ақ мемлекеттiк органдардың осы саладағы статистикалық мәлiметтерiн талдап отырады. Талдау көрсеткендей, азаматтардың еңбек құқықтарын жаппай бұзу сипат алған: 2001 жылы 107 мыңға жуық еңбек туралы заңдарды бұзу деректерi анықталған.
      Азаматтардың бас бостандығына және жеке басына қол сұғылмауына деген конституциялық құқықтары бұзылып отыр. Мәселен, өткен жылы 3788 адамға қатысты негiзсiз қамауға алу қолданылған. Полиция қызметкерлерi тарапынан ұсталған азаматтарға күш-зомбылық көрсету деректерi орын алған. Азаматтардың негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылғаны үшiн шығынды өтеу туралы соттар қараған талап-арыздары бойынша мемлекеттен 30 миллион теңгеден астам өндiрiлген.
      Алдыңғы жылдардағы сияқты, орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдары тарапынан заңсыз құқықтық актiлер шығару орын алып отыр. Осындай жағдайлардың ең бiр маңыздылары бойынша ғана Бас прокуратура тарапынан министрлiктер мен ведомстволарға 70-ке жуық прокурорлық қадағалау актiлерi жiберiлдi.
      Елде қылмыстың өсуi байқалып отыр. 2001 жылы 152 168 қылмыс тiркелген. Қылмыс деңгейінің көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 103-ке дейiн артқан (1999 жылы бұл көрсеткiш 93-ке тең болатын). Қылмыс құрамында оның ауыр және өте ауыр түрлерiнiң үлесi басым болып отыр. Ұрлық және бұзақылық санының ecy үрдiсi сақталып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстың саны артқан.
      Алдыңғы төрт жыл iшінде (1998-2001 ж.ж.) Республикада ашылмаған қылмыстың саны 93 448-ге дейiн жеткен, яғни шамамен, жыл сайын осы кезең iшiнде сонша қылмыс жасалып отырған. Оның ішіндегi 70 мыңы ауыр және өте ауыр қылмыстарға жатады. Атап айтқанда, 1258 қасақана өлтiру дерегi ашылмай қалған. Бұл көрсеткiштер көңiлде қауiп оятады, өйткенi қылмыстық бой көрсетулер азаматтардың конституциялық құқықтарының және Конституциямен бекiтiлген қоғамдағы тәртiптiң бұзылуына тiкелей әкеп соқтырады.
      Өз өкiлеттiгiн пайдалану мақсатында Конституциялық Кеңес өзi қабылдаған қаулылардың орындалуы мәселелерiне көп көңiл аударды. Кеңес отырыстарында және жедел бас қосуларда шешiмдердің орындалу барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты тыңдау жолға қойылды. Осындай ақпараттар өткен жылы Республика Үкiметiнен, Бас прокурордан, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкiмгершiлiгi жөнiндегi комитеттен және Орталық сайлау комиссиясынан алынды.
      Республика соттарының Конституциялық Кеңеске өтiнiш жiберу практикасы қорытылды. Кеңестiң, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс баптарының бiрiн конституциялық емес ден тану жөнiндегi 2000 жылғы 10 маусымдағы шешiмiн соттардың орындамауы деректерi орын алған. Сондай-ақ, конституциялық iс жүргiзу және Кеңестің өкiлеттiгi туралы заң талаптарын ескермеуге байланысты, соттар ұсыныстарын ресiмдеудегi кемшiлiктер анықталды. Қорыту нәтижесi бойынша тиiстi хат дайындалып, Республиканың Жоғарғы Сотына жiберiлдi.
      Конституциялық Кеңес, заңнамаға сәйкес қабылданған шешімдердің орындалу тәртiбiн анықтауға, сондай-ақ тиiстi органдар мен олардың лауазым иелерiнiң аталған шешiмдердi орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпарат беру мерзiмiн белгiлеуге хақылы. Соған орай Кеңес соңғы уақытта өз шешiмдерiнің мәтiнiнде тиiстi жазбаша ескертулердi тұжырымдауды тәжiрибеге айналдырды.
      Конституциялық Кеңес қаулыларының тиiстi түрде орындалуына олардың жариялануы да септiгiн тигiзедi. Барлық қорытынды шешiмдер мемлекеттік және орыс тiлдерiнде республикалық ресми басылымдарда жарияланады. Одан тыс, бұл шешiмдер Республика Президентiне, Парламент Палаталары Төрағаларына, Жоғарғы Сотқа, Бас прокурорға, Әдiлет министрiне, сонымен қатар өтiнiш субъектiлерiне жiберiледi. Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы Жаршысы шығарылады.
      Конституциялық Кеңестiң өте маңызды және үлкен қоғамдық пiкiр туғызатын қаулыларының мазмұнын түсiндiру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi үшiн мезгiл-мезгiл баспасөз конференциялары өткiзiліп тұрады. Жұмыстың бұл нысанына зор маңыз берiледi, өйткенi кейбiр БАҚ-тарда Кеңес қызметiн кейде әдiлетсiз бағалау, оның қабылдаған шешімдерiнiң мәнi мен мағынасын бұрмалайтын мәлiметтер, конституциялық нормаларға кейде құрметсiз қарау кездеседi. Бұл мәселелер бойынша объективтi және дұрыс ақпараттың болуы конституциялық ережелердi насихаттауға, тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуге және құқықтық нигилизмдi еңсеруге сеп болады.
      Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету көбiне қолданыстағы заңдардың жай-күйi мен сапасына, оның Конституцияға сәйкестiгiне байланысты. Конституциялық Кеңестiң алдыңғы жолдауларында Республика Парламентi мен Yкіметiнің назары Конституция қабылданған кезден бастап екi жыл iшiнде заңдарды оған сәйкес келтiрудi көздейтiн Конституцияның 92-бабын толығымен орындау қажеттiгiне аударылды. Белгiленген мерзiмдi айтарлықтай бұза отырып, Конституцияның бұл талабы негiзiнен орындалды. Дегенмен әлi де жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы заң қабылданған жоқ, соның салдарынан Конституцияның 89-бабы қолданылмай отыр және оның үлкен саяси-құқықтық әлеуетi пайдаланылмауда.
      Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 17 мамырдағы қаулысында S010007_ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ конституциялық заңның 87-бабының 2-тармағы, саяси партиялардың осы партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды партиялық тiзiмдерге енгiзу құқығы деген бөлiгiнде Конституцияға K951000_ сәйкес келтiрiлуге тиiс, деп атап көрсетiлген болатын. Өкiнiшке орай, аталған норма осы уақытқа дейiн қайта қаралмады.
      Конституциялық Кеңес өзінің 2000 жылғы 16 ақпандағы S000001_ қаулысында Парламент пен Үкiметтің назарын аралық соттар туралы заңдардағы кемшiлiктердi жоюға аударған болатын. Арада екi жыл өттi, алайда қажеттi шаралар қабылданған жоқ. Еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау туралы қоғам үшiн өзектi заңды қабылдаудың да мерзiмi созылып кеттi.
      Конституциялық Кеңеске келiп түсетiн өтiніштердiң жалпы саны мен олардың ара-қатынасы елдегi конституциялық заңдылықты тиiстi түрде қамтамасыз етуге, Кеңестiң, Республиканың бүкiл аумағында Конституцияның K951000_ жоғары тұруын қамтамасыз етуге қаратылған арнаулы мемлекеттiк орган ретiнде, әлеуетiн мейлiнше толық пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Мәселен, қабылданған заңның Конституцияға сәйкестiгi мәнiнде, жоғарыда атап өтiлгендей, 2001 жылы небәрi екi өтiнiш келiп түстi.
      Конституциялық Кеңеске соттардан келiп түсетiн ұсыныстар санының аз болуы да алаңдаушылық туғызады. Өткен жылы бар-жоғы мұндай жетi өтiнiш қана келiп түстi. Алайда, сот кез-келген нормативтiк құқықтық актiлердің, соның iшiнде заңдарды, Президент жарлықтарын, Үкiмет қаулыларын, орталық және жергіліктi атқарушы билiк органдары актiлерiн қосқанда, егер олар Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, олардың конституциялылығына дау айтуға хақылы.
      Конституциялық Кеңес, қолданылып жүрген заңды, прокурордың сол немесе өзге бiр нормативтiк құқықтық актiнің конституциялылығы туралы мәселе бойынша сотта бастамашылық жасау құқығы жөнiндегi нормалармен толықтыру, сондай-ақ соттардың төрағаларына ғана емес, судьяларға да Конституциялық Кеңеске жүгiну құқығын беру туралы ұсыныстарды қайталап енгiзiп отыр.
      Өтiнiштердi қараудың қорытындысы бойынша өзінің заңдарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын тұжырымдай келе Конституциялық Кеңес оларды бұдан кейiн де тұрақты түрде Парламентке жiберiп тұруды көздеп отыр. Конституциялық Кеңестің жолдауларын тыңдау қорытындылары бойынша Парламент қабылдайтын қаулыларда бұл жолдауларды назарға алумен ғана шектелмей, олардың iшiндегi ұсыныстарды жүзеге асыру жолдарын ескерген де жөн болар едi.
      Республика Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында K012002_ (2001 жыл) былай: "Заң шығару саласында бәрi де ойдағыдай емес. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде елде қабылданған заң актiлерiнiң саны мыңға жетiп қалды, бұл оларды дұрыс қолдануда қиыншылық туғыза бастады, қолданылып жүрген құқықты ондағы құқықтық қайшылықтардан, ескiрген және қайталанып келетiн нормалардан арылту қажеттiгi пайда болды" - деп атап өткен болатын. Конституциялық Кеңестің пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы заңдарының Жинағын әзiрлеуге, елiмiзде жасалған заңдар базасын мұқият тексеруге кiрiскен жөн.
      Бiздің пiкiрiмiзше Мемлекет басшысының тиiстi жарлықтары негiзiнде қабылданған Қазақстан Президентi Z952733_, Парламентi Z952529_, Үкiметi Z952688_ және соттары туралы конституциялық заңдар сияқты, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" U952737_  конституциялық заң қабылдау да мақсатқа сай болар едi. Осылайша Республиканың мемлекеттiк органдары туралы конституциялық заңдарының жүйесi қисынды түрде соңына жеткен болар едi.
      Аталған iс-шараларды жүзеге асыру Республикадағы конституциялық заңдылықтың нығаюына септiгiн тигiзген болар едi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады