Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысын және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтініштері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 1/2 қосымша қаулысын қайта қарау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 1 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Н.В.Белоруков, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Н.Турецкийдің,
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтың,
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің,
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың қатысуымен,
      өзінің ашық отырысында, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасының  Заңы  қабылдануына байланысты, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысын  және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтініштері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 1/2 қосымша  қаулысын  қайта қарау туралы мәселені қарады.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұловтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап, сарапшы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К.Сүлейменовтің қорытындысымен танысып, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және өзге де конституциялық іс жүргізу материалдарын талдап,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі  мынаны

  анықтады:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысы,  "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасының  Заңы  арқылы мазмұны өзгертілген Қазақстан Республикасы  Конституциясының  нормаларына сәйкес қабылданды.
      Атап айтқанда, Негізгі  Заңның  "Соттар және сот төрелігі" деп аталатын VII бөлімінің кейбір баптарының нормалары, соның ішінде сот жүйесіне Республиканың Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарымен қатар "Республиканың басқа да соттары" қосылған  75-бабының  3-тармағы түзетулерге ұшырады.
      Одан тыс, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне салынатын тыйымның алынып тасталуы (Конституцияның  5-бабы ), сондай-ақ еліміздің Негізгі  Заңына  басқа да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі "өзара байланыса келе, мемлекеттік биліктің мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсіндіруге, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерін айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге кеңінен қатыстыруға, өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгілеуге мүмкіндік береді" (Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 нормативтік  қаулысы ).
      Бұл жазылған, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  36-бабы  1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысын  қайта қарап, күшін жоюға негіз болып табылады.

      2. Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтініштері туралы" 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 1/2 қосымша  қаулыны  қабылдаған болатын.
      Осы шешімнің қаулы бөлігінің 4-тармағына сай "Конституциялық Кеңестің қосымша қаулысы оның негізгі қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөліп алғысыз және онымен бір мезгілде қолданылады". Демек, негізгі қаулыны қайта қарап, күшін жою осы қосымша қаулыны қайта қарап, күшін жоюға әкеп соқтырады.

      3. Конституциялық Кеңес, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысының  және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтініштері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 1/2 қосымша  қаулысының  күшін жою, 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  N 22-ІІІ  "Аралық соттар туралы", 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  N 23-III  "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актілердің заңдық күші жойылатынын білдірмейді, деп атап көрсетеді. Қажет болғанда бұл аталған заңдар және тиісті құқықтық актілер белгіленген тәртіппен жойылуы, өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
      Жазылғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  36-бабы  1-тармағының 1) тармақшасын, 2 және 3-тармақтарын,  31-33  және  40-баптарын 41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

  қаулы етеді:

      1. Мыналардың:
      - "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысының ;
      - "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтініштері туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 1/2 қосымша  қаулысының  күші жойылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  40-бабы  1-тармағына сәйкес, осы қаулы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  N 22-ІІІ  "Аралық соттар туралы" және 2004 жылғы 28 желтоқсандағы  N 23-ІІІ  "Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актілердің заңдық күшіне әсер етпейді деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

      4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады