Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулыларын қайта қарау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 7 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов қатысқан құрамда, мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қ.Ахметовтің,
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ғ.Темірболатовтың,
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтің,
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары А.Қ.Кинжебаеваның қатысуымен,
      өзінің ашық отырысында, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 , "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулыларын қайта қарау туралы мәселені қарады.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі І.Ж.Бақтыбаевтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің қаулыларын және өзге де конституциялық іс жүргізу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

анықтады:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Республиканың халықаралық шарттарының күшін жоюы мәселелері бойынша түсіндірме берілген Конституцияның 54-бабы , "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңымен жаңа редакцияда жазылды.
      "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының редакциясындағы Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
      Республиканың халықаралық шартына Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялады немесе оның күшін жойды деген мәртебе беретін актінің нысаны Конституцияның 54-бабының бұрынғы редакциясында көрсетілмеген болатын. Оның үстіне, Конституцияның 54-бабының құрылымы өзгеріске ұшырады.
      Осылайша, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысын қайта қарауға негіз бар.
      2. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысының күшін жою "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулыларын қайта қарауды қажет етеді.
      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысынан мынадай сөйлемдер: "Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысында, бұл аталған мәселелерді шешу заңмен реттеу аясына жатады деген түсіндірме берілген. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қолданылып жүрген Жарлығына сілтеме жасалады" алынып тасталуға тиіс (қаулының дәлелдеу бөлігінің тоғызыншы абзацының екінші және үшінші сөйлемдері).
      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулысының дәлелдеу бөлігінің 1-тармағының бірінші абзацынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысына сілтемені алып тастау керек.
      Бұл көрсетілген қаулылардың редакциялары өзгертілгенде олардың ішкі қисыны сақталады, Конституциялық Кеңестің құқықтық позициялары бұрынғыша қалады.
      3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 , "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулыларының қайта қаралуы Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актілердің заңдық күші жойылатынын білдірмейді.
      Жазылғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағын , 31-33 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысының күші жойылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысының , осы қаулының дәлелдеу бөлігінің тоғызыншы абзацының екінші және үшінші сөйлемдері алынып тасталып, бір бөлігінде күші жойылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 қаулысының дәлелдеу бөлігінің 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Конституцияның 54-бабы 7) тармақшасының мазмұнына түсіндірме Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысында берілген.".
      4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
      5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы                                               И. Рогов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады