Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентiне қол қоюға ұсынылған "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестiң Қаулысы 1996 жылғы 11 шiлдедегi N 3/1

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында: Төрағасы Ю.А.Ким және мүшелерi Н.И.Акуев , О.Қ.Ихсанов, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбiкенов, В.Д.Шопин және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы халықты Әлеуметтiк қорғау министрi С.С.Айымбетов, сарапшы Қазақстан Республикасы Ғылымдар министрлiгi - Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының директоры, корреспондент-мүшесi, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Сапарғалиевтiң қатысуымен ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынылған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусымның 21-iндегi Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшiн қарай келiп, мыналарды анықтады:
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1996 жылғы маусымның 24-iнде Қазақстан Республикасы Конституциясының Президентке қол қоюға ұсынылған Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусымның 21-iндегi Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшi келiп түстi.
      "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын оқып-зерттеу мен талдау мына жағдайларды көрсеттi.
      Аталған Заңның 1-бабының кейбiр ережелерi (3, 1, 4, 5 және басқа тармақтары) "Қазақ ССР-iндегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1991 жылы 17-маусымда қабылданып, Қазақ ССР-iнде қолданылып жүрген осы Заңына 1995 жылғы тамыздың 30-ында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа конституциясына сәйкестендiруге байланысты редакциялық түзетулер енгiзедi.
      Қолданылып жүрген осы заңдағы 10-баптың 1996 жылғы шiлденiң 1-нен бастап, 2001-жылғы шiлденiң 1-не дейiнгi аралықта зейнетақы жасының бiрте-бiрте үш жылға ұзартылуын көздейтiн төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiмдерiмен толықтырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi. Себебi Конституцияның 28-бабының 1-тармағында: "Қазақстан Республикасының азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi... зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi" - деп жазылған. Конституциялық нормада келтiрiлгеннен көрiп отырғанымыздай не зейнеткердiң жасы, не зейнетақының ең төменгi мөлшерi Конституцияда көрсетiлмеген, олай болса, бұл көрсеткiштер Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияға сәйкес ең төменгi зейнетақы мөлшерi мен жасына қарай әлеуметтiк тұрғыдан қамсыздандыруға кепiлдiк берiлгендiктен, көрсеткiштердiң өзгерiлiп отыруы Конституцияға қайшы келмейдi.
      Алтыншы бөлiкте жұмыс iстеудi тоқтатқан жағдайда ер адам жасы 60-қа, әйел адам - 55-ке жетуiне байланысты және соған сәйкес 25 және 20 жыл еңбек еткен мерзiмде зейнетақы тағайындалуы көзделген. Бұл жағдайда осы баптың төртiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа жеткенге дейiн тиiстi толық зейнетақы 60 процент мөлшерiнде (асырауындағыларға төленетiн үстеме ақыны есептемегенде) төленедi. Бұл норма қажет болған жағдайда зейнетақыға берiлетiн құқықты зейнетақы жасына жеткенге дейiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.
      Мемлекеттiк қызметте жүрген ер адамдар 60 жасқа жеткен кезде, мемлекеттiк қызметте болуы ұзартылмаса және талап етiлетiн қызмет атқарған жылдары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi тоқтатқан сәттен бастап, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шарттарына сәйкес жасы келсе зейнеткерлiкке құқық берiлетiндiгiне байланысты жетiншi бөлiк те Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
      Қаралып отырған Заңның нормалары, азаматтардың кейбiр топтарының зейнетақыға құқық алуының өзгертiлiп отыратын, алынып тасталатын және тоқтатылып қойылатын жеңiлдiк беретiн шарттары (баптың 8,9,10,15,18-тармақтары, 2-бап), сондай-ақ жасы жетуiне байланысты зейнетақы мөлшерiн, оларды есептеп шығару мен төлеу тәртiбiн белгiлейтiн 46, 58, 81-баптардың жаңа нұсқасы да Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi, себебi, онда көрсетiлген қатынастар аясын реттейтiн нормалар белгiленбеген.
      Осы айтылған негiздерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағы, 2-тармақшасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 37-бабы жөнiнде Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, 1996 жылғы маусымның 12-iнде Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай-ақ қабылдаған және "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақ ССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" және Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынылған Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 74-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан

Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық 
Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 
3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоса есептегенде, қабылданған күннен 
бастап, қаулы күшiне енедi. Бұл шағымдануға жатпайды, түпкiлiктi болып 
табылады.

     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесiнiң
     Төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады