Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіру туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 23 маусымдағы N 14/2 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В.Мамонов, С.Н. Сәбікенов, С.Ғ. Темірболатов, В.Д. Шопиндер бар құрамда, өтіну субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.С. Каптильдің қатысуымен ашық мәжілісінде Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығының 17-бабының 3-тармағының 1 тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіріп беру туралы өтінуін қарады.
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі В.В. Мамоновтың хабарын, өтіну субъектісінің өкілі - Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С. Каптильдің сөзін тыңдап, аталған өтіну жөніндегі материалдармен таныса келе Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
                        ұйғарды:
      1997 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтан Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіріп беру туралы өтінуі келіп түсті.
      Өтіну субъектісінің пікірі бойынша - мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту көзделген заң жобасын енгізген кезде Үкіметтің оң қорытындысын талап ету Парламенттің бұрын бекітіп қойған үстіміздегі жылға арналған бюджетіне ғана қатысты екені дұрыс, ал Парламент қарайтын және келесі бюджет жылында қолданылатын үстіміздегі жылдың заңдар жобасына қатыстылығының мәні жоқ, себебі бюджетті бекіту тек Парламенттің ғана үстемдігіне жатады, және де, егер заң қосымша шығыстарды талап ететін болса, онда олар келесі жылдың бюджетінде ескерілетін болады. Парламенттің аталған өкілдігі Негізгі, басқа да заңдар мен өзге де нормативті құқықтық актілерде шектелмеген. Сондықтан да Үкіметтің оң қорытынды беруін талап ету Парламенттің құқығына нұқсан келтіру және заң шығару билігін атқару билігіне бүркеме түрде бағындыру деп бағалауға тура келеді.
      Осы айтылғандарға байланысты Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіріп беруін және: Парламенттің үстіміздегі жылы қараған, бірақ келесі бюджет жылында қолданылатын заңдар жобасына Үкіметтің қорытындысы қажет пе? деген сұраққа жауап беруін өтінеді.
      Республика Парламенті Мәжілісі Төрағасының өтінуіндегі оған негіз болған мәселелерді ескере отырып, конституциялық нормаларды ресми түсіндіру кезінде Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.
      Республика Конституциясының 61-бабының 6-тармағында: "Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін"-делінген.
      Аталған нормадағы Үкіметтің оң қорытындысы қаралып, енгізілетін мемлекетті кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты көбейту заңы жобасына оның келіскенін, мақұлдағанын білдіреді.
      Аталған бап нормасының өктемдік сипаты бар, яғни ол заңдық ереже тәртібін белгілейді, соған сәйкес мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты көбейту көзделген заң жобалары олар реттейтін қатынастар мен қолдануға енгізетін тәртіп сипатына қарамастан, Республика Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарау үшін Парламент Мәжілісіне енгізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1 тармақшасына сәйкес, Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жасайды. Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді индикативті жоспарын жүзеге асырады.
      1996 жылғы 26 желтоқсандағы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның 2-бабына сәйкес, индикативті жоспарлардың параметрлері тиісті жылға республикалық бюджетті жасаған кезде ескеріледі. Демек, Парламенттің республикалық бюджетті бекітуінің төтенше құқығы Республика Үкіметінің Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті жылға арналған индикативті жоспарын жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігімен өзара байланыста болады. Сол себепті Конституцияның 61-бабының 6-тармағы мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты ұлғайту көзделген кез-келген заңдар жобасына қолданылады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 15-бабының 4-тармағында да ереже белгіленген, соған сәйкес Парламент Мәжілісіне депутаттар мен Үкімет енгізген мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.
      Демек, мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты көбейту көзделген заң жобалары бойынша Үкіметтің оң қорытындысының болуы міндетті талаптардың бірі болып табылады. Аталған оң қорытындысыз заң жобасын Парламент Мәжілісінің тіпті күн тәртібіне енгізуге де болмайды.
      Айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституция"лық Кеңесі туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіру тәртібімен қаулы етті:
      1. Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 61-бабының 6-тармағының нормасын мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдар жобасы бойынша Республика Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда, аталған жобаларды Парламент Мәжілісіне қарауға енгізудің міндетті шарттарының бірі деп түсінген жөн. Мұндайда көрсетілген Үкімет қорытындысының бұдан кейінгі күшіне енгізілу уақытына қарамастан аталған заң жобаларының барлығына болуы қажет.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады