Байланыс формасы

Республика Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіру туралы

Жаңа

ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 30 маусым N 10/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектілерінің өкілдері - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттары С.Г.Темірболатов пен Н.С.Каптильдің қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіру туралы бірлескен өтінішін қарады.
      Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын және өтініш субъектілерінің сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
      1999 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне келіп түскен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының өтінішінен Конституцияда және Республиканың қолданылып жүрген заңдарында Мемлекет басшысын Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы шешім қабылдау субъектісінің анықталмағаны келіп шығады.
      Баяндалғанды ескеріп, Парламент Палаталарының Төрағалары Мемлекет басшысын наградтау туралы шешім қабылдау субъектісі кім болып табылатыны және Республика Парламенті мұндай шешім қабылдай ала ма деген бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасына, 53-бабына және 54-бабының 4) тармақшасына ресми түсіндіру беруді сұрайды.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіруде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.
      Республика Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік наградалармен наградтау құқығы Қазақстан Республикасы Президентінің айрықша құзыретіне жатады. Республика Парламентіне келер болсақ, ол мемлекеттік наградаларды тек қана тағайындайды (Республика Конституциясының 54-бабының 4) тармақшасы).
      Республика Парламенті мәртебесінің ерекшелігі оның құзыретін Республика Конституциясының толық анықтауында. Конституцияның 3-бабының 3-тармағында және 53-бабының 13) тармақшасында баянды етілген бұл қағида императивті сипатқа ие, ол жайлы Конституциялық Кеңес Парламент Мәжілісінің Төрағасы М.Оспановтың өтініші бойынша Республика Конституциясының 53-57-баптарына ресми түсіндіру бере отырып өзінің 1997 жылғы 15 қазандағы N 17/2 қаулысында атап көрсеткен болатын.
      Конституциямен Республика Парламентіне мемлекеттік наградалармен наградтау уәкілеттігі берілмегендіктен, ол Мемлекет басшысын наградтау туралы шешім қабылдау субъектісі болуға құқылы емес.
      Қазақстан азаматтары заңда белгіленген шарттарды сақтай отырып наградтауға ұсынылуы мүмкін. Атап өту ләзім, ұсынылған кандидатуралар үшін Республика Конституциясында да, заңдарында да нендей бір ниеттердегі (қызметтік, әлеуметтік жағдайына байланысты және т.б.) шектеулер жоқ. Республика Президентін наградтауға да тыйым жоқ.
      Шешу үшін қойылған мәселелерді және Республика Конституциясының нормаларын талдауды ескеріп, Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік наградасымен наградталуы мүмкін деп пайымдайды.
      Сонымен бірге, Конституциялық Кеңес Республика Президентіне қатысты мемлекеттік наградалармен наградтаудың өзгеше тәртібін белгілеу дұрыс болар еді деп пайымдайды. Парламент Мемлекет басшысын наградтау туралы шешім қабылдау субъектісі бола алар еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының талаптарын сақтағанда мұндай тәртіпті белгілеу мүмкін.
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" U952737_ конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы шешім қабылдау субъектісін және Республика Парламентінің мұндай шешім қабылдай алу мүмкіндігін анықтау бөлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын ресми түсіндіру тәртібінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
      1. Республика Конституциясының 44-бабының 13) тармақшасын, 53-бабын және 54-бабының 4) тармақшасын өтініш мәселелеріне қатысты мынадай түрде түсіну керек:
      - Республика Парламенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік

наградаларымен наградтау туралы шешім қабылдауға құқылы емес;
     - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау 
құқығы тек қана Қазақстан Республикасының Президентіне тиесілі.
     2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына 
сәйкес осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, шағымдануға 
жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген 
жағдайларды ескеріп, түпкілікті болып табылады.
     
     Қазақстан Республикасы 
     Конституциялық Кеңесінің 
     Төрағасы 
     
     Оқығандар: 
         Қасымбеков Б.
         Нарбаев Е. 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады