"Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына түсініктемесі

      Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейге - білімге негізделген экономикаға өзгеруде. Білімге негізделген салалардағы экономикалық өсу өткен жиырма жылда жалпы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде асып отырды. Алайда осы орайда ақпарат легінің артуы және оның одан әрі шектеусіз өсу перспективасы адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екенін көрсетеді.
      Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі осындай сын-тегеуріндерге білім берудің құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгертумен үн қатты. Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады. Осы кезде қазақстандық білім берудің мазмұны фактологиялық түрде қалып отырды, ал құрылымы жалпыға танылған халықаралық ұсынымдарға сәйкес келмеді. Білім берудің дамуы нарықтық экономикалы ашық азаматтық қоғамның қажеттіктерінен артта қалып отырғаны барынша байқалды.
      Мемлекет басшысы 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке болашаққа ұмтылған білім беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы бүкіл халықтың талқылауынан өтті, оның барысында 3000-нан астам ұсыныстар мен ескертулер түсті. ЮНЕСКО-ның, Білім беруді бағалаудың Еуропалық қауымдастығы басқармасының, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірлік білім секторының, "Ашық қоғам" институты орта білім жөніндегі халықаралық басқармасының (Будапешт) сарапшылары, Ресейдің жетекші сарапшылары халықаралық сараптау жүргізді. Ұсыныстар мен ескертулердің көпшілігі назарға алынды.
      Бағдарламада білім беруді дамытудың мынадай негізгі бағыттары көзделген:
      1. Оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу.
      2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру.
      3. Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (Ph.D) құру.
      4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.
      Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесінің материалдық-техникалық, нормативтік-құқықтық базасын нығайту, білім берудің мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен "құзыретті" үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім берудің халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкес келтіру көзделеді.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі бағдарламалармен тұрмысы төмен отбасы балаларының 30%-ын қамту, мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын дамытуға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар жеке сектордың инвестициясын тарту арқылы мектепалды даярлықпен бес жастағы балалардың 75%-ын кезең-кезеңімен қамту жоспарланды. Алдағы 3 жылда 6230 білім беру ұйымы (80%) лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін мемлекеттік бюджет есебінен 249 мектеп салынады. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және 12 жылдық мектептегі жұмысқа мұғалімдерді қайта даярлау үшін қаражат көзделген. 14 арнаулы түзеу мектеп-интернатын салу жоспарлануда, ол мүмкіндіктері шектеулі балалардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Техникалық және кәсіптік білім берудегі күш-жігер кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының желісін кеңейтуге, жұмыс істеп тұрған ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға және жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайтуға бағытталған болады. Осы салаға жеке сектордың ресурстарын тартудың шаралары ретінде оқыту біліктілікті беруден бөлінетін болады. Нәтижесінде еліміздің түрлі кәсіпорындары білім берудің өзіндік бағдарламаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады, ал тәуелсіз Біліктілікті беру және қуаттау республикалық орталығы даярланған кадрлардың кәсіби жарамдылығын анықтайтын болады. Жаңа деңгей - орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруде, бірқатар мамандықтар бойынша көрсету және басқару еңбегінің орта буын мамандарын даярлау жүзеге асырылатын болады.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде бағдарламалардың икемділігін, ұқтырылған, дипломдардың халықаралық танылуын және оқу процесін демократияландыруды қамтамасыз ететін кредиттік технология негізінде кадрлар даярлаудың үш сатылы моделіне түпкілікті көшу жүзеге асырылады. Ғылыми кадрлар даярлаудың тиімділігі артады. 22 мен 28 жас аралығындағы жастар магистр, философия докторы (Ph.D), ал бейіндік докторантураны игерген жағдайда - бейін (медицина, музыка, білім беру және т.б.) бойынша доктор академиялық дәрежесін алу мүмкіндігіне ие болады.
      Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді жаңалау және Интернетке қосылған мектептер жүйесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралармен қатар мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту құралдарын дайындауды жеделдету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқыту порталын құру жоспарланып отыр.
      Білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру шеңберінде білім берудің сапасын ішкі және сыртқы бағалау енгізіліп, бақылау-өлшеу құралдары жетілдірілетін болады. Оқитындардың оқудағы жетістіктерін мемлекеттік бақылау білім берудің әрбір сатысы аяқталғанда жүргізілетін болады. Қазақстан 2005 жылдан бастап халықаралық зерттеулер (PISA) шеңберінде оқитындардың жетістіктерін салыстырмалы талдауға қатысатын болады.
      Бағдарламаны іске асыруға қажетті мемлекеттік бюджеттің шығыстары 330812,0 млн. теңгені құрайды.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тиімді қызмет істейтін білім беру жүйесі қалыптасып, Қазақстанның қазіргі әлемде лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту және кадрлар даярлаудың сапалы билік деңгейіне қол жеткізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі

"О Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы"

Комментарий Министерства образования и науки Республики Казахстан к Указу Президента Республики Казахстан от 11 октября 2004 года N 1459

      В настоящее время мировая экономика трансформируется в качественно новый уровень - экономику, основанную на знаниях. Экономический рост в отраслях, основанных на знаниях, в минувшие два десятилетия устойчиво превышал темпы общего экономического роста. Но при этом увеличение потоков информации и перспектива их дальнейшего неограниченного роста сделали бесполезной целью образования простое усвоение накопленных человечеством знаний.
      Системы образования большинства ведущих стран мира отреагировали на эти вызовы тем, что кардинально изменили структуру, цели, содержание и технологии образования. Приоритетом стали не механическая передача знаний, умений и навыков, а формирование личности, которая самостоятельно добывает, анализирует и использует информационно-интеллектуальные ресурсы, генерирует идеи, развивается и успешно самореализовывается в условиях быстроизменяющегося мира. В это же время содержание казахстанского образования оставалось фактологическим, а структура не соответствовала общепризнанным международным рекомендациям. Все больше наблюдалось отставание развития образования от потребностей открытого гражданского общества с рыночной экономикой.
      В своем Послании  народу Казахстана 19 марта 2004 года Глава  государства поручил Правительству разработать программу образования, устремленную в будущее.
      Проект  Государственной программы развития образования в  Республике Казахстан на 2005-2010 годы прошел всенародное обсуждение, в ходе которого было получено более 3 000 предложений и замечаний. Проведена международная экспертиза экспертами ЮНЕСКО, правления Европейской ассоциации оценки образования, сектора образования региона Европы и Центральной Азии Всемирного банка,  международного правления по среднему образованию Института  "Открытое общество" (Будапешт), ведущими экспертами России. Большинство предложений и замечаний было учтено.
      Программой  предусмотрены следующие основные направления развития:
      1. Переход на 12-летнее среднее общее образование с началом обучения в 6 лет и системой профильного и профессионально ориентированного обучения школьников старшей ступени.
      2. Создание нового уровня - послесреднее профессиональное образование.
      3. Создание целостной трехступенчатой модели подготовки профессиональных кадров - бакалавриат - магистратура - докторантура (Ph.D), основанной на системе академических кредитов.
      4. Создание Национальной системы оценки качества образования.
      Для реализации поставленных задач предполагается укрепить  материально-техническую, нормативную правовую базу функционирования системы образования, изменить содержание образования путем перехода от знаниецентристской модели образования к "компетентностной", привести структуру уровней образования в соответствие с международной стандартной классификацией образования ЮНЕСКО.
      В результате реализации Программы планируется охватить дошкольными программами 30% детей из малообеспеченных семей за счет средств госбюджета, поэтапно охватить предшкольной подготовкой 75% пятилетних детей как за счет средств госбюджета, так и путем привлечения инвестиций частного сектора в развитие новых форм дошкольного образования. В ближайшие 3 года будут обеспечены лингафонными и мультимедийными кабинетами 6230 организаций образования (80%), за счет средств государственного бюджета будет построено 249 школ для устранения дефицита ученических мест. Предусмотрены средства для укрепления материально-технической базы школ и переподготовки учителей к работе в 12-летней школе. Планируется строительство 14 специальных коррекционных школ-интернатов, что поможет решить проблемы обучения детей с ограниченными возможностями. В техническом и профессиональном образовании усилия будут направлены на расширение сети организаций профессионального технического образования, модернизацию материально-технической базы действующих организаций и на укрепление социального партнерства с работодателями. В качестве меры для привлечения ресурсов частного сектора в эту сферу обучение будет отделено от присвоения квалификации. В результате различные предприятия страны получат возможность для организации собственных образовательных программ, а независимый Республиканский центр подтверждения и присвоения квалификации будет определять профессиональную пригодность подготовленных кадров. На новом уровне - послесреднем профессиональном образовании будет осуществляться подготовка специалистов обслуживающего и управленческого труда среднего звена по ряду специальностей.
      В высшем и послевузовском образовании произойдет окончательный переход на трехступенчатую модель подготовки кадров на основе кредитной технологии, что обеспечит гибкость, мобильность программ, международную признаваемость дипломов и демократизацию учебного процесса. Повысится эффективность подготовки научных кадров. Молодежь в возрасте от 22 до 28 лет будет иметь возможность получить академическую степень магистра, доктора философии (Ph.D), а при освоении профильной докторантуры - доктора по профилю (медицины, музыки, образования и т.д.).
      Для повышения эффективности применения информационно-коммуникационных технологий в сфере образования наряду с дополнительными мерами по обновлению компьютеров и расширению сети школ, подключенных к Интернету, планируется повысить компьютерную грамотность учителей, ускорить подготовку электронных учебников и мультимедийных обучающих средств, создать образовательный портал для организации дистанционного обучения.
      В рамках создания Национальной системы оценки качества образования будут внедрены внутренняя и внешняя оценки качества образования, усовершенствованы контрольно-измерительные инструменты. Государственный контроль образовательных достижений обучающихся будет проводиться при завершении каждой ступени образования. Начиная с 2005 года Казахстан будет принимать участие в сравнительном анализе достижений обучающихся в рамках международных исследований (PISA).
      Расходы государственного бюджета, необходимые для реализации Программы, составят 33 0812,0 млн. тенге.
      В результате реализации Программы будет сформирована эффективно функционирующая система образования, достигнут качественно высокий уровень обучения и подготовки кадров, позволяющий Казахстану занять достойное место в современном мире.