"Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 200 Жарлығына түсініктемесі

      Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу мақсатында әзірленді.
      Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, соның ішінде:
      азаматтардың мақсаты топтарының бойында байыпты азаматтық ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесін құру;
      тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен оның азаматтарының өзара іс-қимылын, атап айтқанда қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жөнінде кешенді іс-шараларды өткізу кезінде қамтамасыз ету;
      өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтік алғышарттар жасау болып табылады;
      Тұтастай алғанда Мемлекеттік бағдарлама азаматтардың Отанның мүддесіне жасампаздық қызмет атқаруы, мемлекетті нығайту, оның ұлттық мүдделерін қорғау мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет маңызды қасиеттерін дамытуға арналған.
      Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу үдерісінде Қазақстанның жастар конгресі кеңесінде, Білім беру мен ғылым саласы қызметкерлерінің жалпы республикалық форумында, Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияда талқылаудан өтті. Мемлекеттік бағдарлама ғылыми ортаның, қоғамдық ұйымдардың, жастардың, сондай-ақ тәрбие мен білім беру саласында қызмет ететін мемлекеттік органдар мен мекемелердің пікір-көзқарастарын танытады.
      Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы Қазақстан Республикасында патриоттық тәрбиені дамыту жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалар әзірлеуге негіз болады.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-саяси бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады