Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің Түсіндірмесі

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына
ТҮСІНДІРМЕ

      Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттердің бірі – көлік жүйесінің инфрақұрылымдық орталықтарын, озыңқы инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын және Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция бағдарламасын әзірлеу болатын.

      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарлығымен Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

      Мемлекеттік бағдарлама Дүниежүзілік банк сарапшыларының қолдауымен әзірленді. Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз етіп, транзиттік әлеуетін іске асыру болып табылады.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар:

      Қазақстан аумағында ел ішінде жоғары және тиімді көлік байланысын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды және жерүсті, теңіз және әуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін заманауи көлік-логистика жүйесін құру;

      өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамыту;

      Қазақстанның көлік инфрақұрылымының әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету.

      Осы Бағдарламаны іске асыру 30 мың км автомобиль жолдарын және 8,2 мың км теміржол желілерін реконструкциялау мен жөндеуге мүмкіндік береді.

      Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудегі қажеттілікті өтеу үшін теміржол вокзалдары, автовокзалдар және автостанциялар белгіленген стандарттарға сәйкестендіріледі. Тұрғындарының саны 100 адамнан асатын барлық елді мекендер тұрақты автобус маршруттарымен қамтылатын болады.

      Барлық негізгі әуежайлар халықаралық ИКАО талаптарына сәйкес келтіріледі.

      Теңіз порттарының қуаты 2020 жылға қарай 20,5 млн. тоннаға жетіп, 40%-ға ұлғаяды.

      Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу жүк айналымын 1,6 есеге, жолаушылар тасымалы айналымын 1,5 есеге, ал транзит жүктерінің көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан LPI логистикалық тиімділік индексінде 86-орыннан 40-орынға көтерілетін болады.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің

Әлеуметтік-экономикалық

мониторинг бөлімі

КОММЕНТАРИЙ к Государственной программе развития и интеграции инфраструктуры транспортной системы Республики Казахстан до 2020 года

КОММЕНТАРИЙ Отдела социально-экономического мониторинга Администрации Президента Республики Казахстан

      Одной из задач Послания Главы государства народу Казахстана "Стратегия "Казахстан-2050": новый политический курс состоявшегося государства" являлась разработка программы развития инфраструктурных центров, опережающей инфраструктуры транспортной системы и программы Глобальной инфраструктурной интеграции.

      В этой связи Указом Президента Республики Казахстан 13 января 2014 года № 725 утверждена Государственная программа развития и интеграции инфраструктуры транспортной системы Республики Казахстан до 2020 года.

      Разработка Госпрограммы проводилась при поддержке экспертов Всемирного банка. Стратегической целью Госпрограммы является формирование современной транспортной инфраструктуры Казахстана, а также обеспечение ее интеграции в мировую транспортную систему и реализация транзитного потенциала.

      Основными задачами Программы являются:

      создание на территории Казахстана современной транспортно-логистической системы, обеспечивающей высокую и эффективную транспортную связность внутри страны, увеличение грузопотоков по территории Республики Казахстан и координация работы всех видов наземного, морского и воздушного транспорта;

      развитие местной транспортной инфраструктуры в регионах;

      обеспечение интеграции транспортной инфраструктуры Казахстана в мировую транспортную систему.

      Реализация данной Программы позволит осуществить реконструкцию и ремонт 30 тыс. км автомобильных дорог и 8,2 тыс. км железнодорожных линий.

      Для удовлетворения потребности в качественном обслуживании пассажиров ж/д вокзалы, автовокзалы и автостанции будут приведены в соответствие установленным стандартам. Все населенные пункты с численностью населения более 100 человек будут охвачены регулярными автобусными маршрутами.

      Все основные аэропорты будут соответствовать международным требованиям ИКАО.

      Мощности морских портов к 2020 году увеличатся на 40 %, достигнув 20,5 млн. тонн.

      Достижение указанных показателей позволит увеличить грузооборот в 1,6 раза, пассажирооборот в 1,5 раза, а объем транзитных грузов в 2 раза. При этом Казахстан в индексе эффективности логистики LPI поднимется с 86-го до 40-го места.

      Отдел социально-экономического мониторинга
Администрации Президента Республики Казахстан