Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрамындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 18 наурыз N 363

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы

 

жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы

22 сәуірдегі N 3470 


U973470_


  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 128-бап) құрамына:


     Әбусейтов                  - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Қуатұлы               Сыртқы істер вице-министрі


     Барақова                   - Қазақстан Республикасы Парламенті

     Сайлаукүл Жапбарқызы         Сенатының депутаты (келісім бойынша)


     Бодин                      - Астана округі шіркеулерінің тақуасы

     Сергей Анатольевич           (келісім бойынша)

     (Иеромонах Агафангел)


     Қалдығұлова                - Қазақстан Республикасы Парламенті

     Сәния Мұсақызы               Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)


     Ораз Серік                 - Астана қаласы мешітінің имамы

                                  (келісім бойынша)


     Радостовец                 - Қазақстан Республикасының Еңбек

     Николай Владимирович         және халықты әлеуметтік қорғау

                                  министрі


     Тараков                    - "Казахстанская правда" газеті бас

     Александр Юрьевич            редакторының бірінші орынбасары


     Тасмағамбетов              - Қазақстан Республикасы Жоғарғы

     Сағитжан Досымұлы            Соты әскери сот алқасының

                                  төрағасы


     енгізілсін.


     2. Осы Комиссия құрамынан М.Б.Жарбасынова, Е.Ж.Жұмабаев, А.Ф.Козлов,

Н.А.Коржова, А.М.Рамазанов, Н.С.Сейітжанова, Т.Е.Силкина, Б.Х.Хасанов

шығарылсын.


     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті




     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады