Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 20 наурыз N 364

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі үшінші мәжілісінің ұсыныстары мен ұсынымдарын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 U983985_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 156-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасынан Кеңестің құрамына лауазым бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы және Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы кіреді.";
      2) 6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік инвесторлардың өнеркәсіптік және іскерлік қауымдастықтарының, мемлекеттер елшіліктерінің ұсынымдарын назарға ала отырып, Кеңестің шетелдік мүшелерінің құрамын үштен бір бөлігіне дейін өзгерту жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізе алады.";
      3) 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі

 

мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының

Инвестициялар жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті




      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады