Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 желтоқсан N 528.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.
      Ескерту. Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

       "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.

      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.

      3. Мыналар:

      1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;

      2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 22 желтоқсандағы
N 528 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті - Елбасы Қорының
ЖАРҒЫСЫ

      Ескерту. Жарғы алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.10.11 № 163 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады