Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 18 сәуір N 587. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.

      " Қазақстан Республикасының Президентi туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығымен", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарымен," және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығын," деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Заңымен", "Қазақстан Республикасының заңдарымен" және "Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздерден кейiн " - ұйымдық-құқықтық нысанда - мемлекеттiк мекеме" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      5) тармақшасы "қадағалайды" деген сөзден кейiн "сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде бақылау жасайды және қадағалайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау, сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде қадағалау жөніндегi мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.";
      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) клиенттiң банктiк есепшотына ақшаның қате есептелгенi анықталған жағдайда, оны есепшоттан алып қоюға құқығы бар, клиенттiң банктiк есепшотынан ақшаны алуға оның келiсiмiн растайтын құжаттар болған жағдайда, клиенттiң банктiк есепшотын дебеттеуге құқылы;";
      12-тармақта:
      бiрiнші абзацы "банктердiң" деген сөзден кейiн "сонымен бiрге шоғырландырылған негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшасы "жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуiне келiсiм бередi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) оған берiлген өкiлеттiк шегінде уәкiлетті мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi және статистика мәселелерi жөнiнде банктердiң бухгалтерлiк есебiнiң стандарттарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың статистикалық есеп беру тiзбесiн, нысандары мен ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн заң актiлерiне сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың қосылма тұлғаларының қаржылық есебiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi;";
      9) тармақша "және олардан" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) банктiк топтардың қызметiн реттейдi және банктердiң қосылма тұлғаларының қызметiн банктердiң қызметiне тигiзетiн ықпалының дәрежесi мен сипатын айқындау мақсатында ғана Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тексередi";
      10) тармақша "банктер үшiн" деген сөздерден кейiн ", оның ішiнде банктiк топтар үшiн шоғырландырылған негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) банктер және олардың қосылма тұлғалары оның құзыретiне енетiн заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға ықпал етудiң шектеу шараларын, санкциялар, мәжбүр ету шараларын, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;";
      15) тармақшадағы "және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан" деген сөздер ", банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ олардың қосылма тұлғаларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшадағы ", сондай-ақ ломбард ашатын, ломбардтың тұрған жерiнен тыс жерлерге орналасқан қабылдау пункттерін" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) ерiктi және ерiксiз таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасайды, ерiктi таратылатын банктердiң кредиторлар комитеттерiнiң құрамын бекiтедi, банктердiң тарату комиссияларымен бiрлесiп ерiксiз таратылатын банктердiң кредиторлар комитеттерiнiң құрамын соттың бекiтуiне ұсынады, ерiксiз таратылатын банктер кредиторларының тiзiлiмiн соттың бекiтуiне ұсынады, банктердiң тарату комиссияларының есеп беру нысандарын, мерзiмiн және кезеңін, таратылатын банктердiң аралық баланстарының, олардың қосымшаларының нысандарын және тарату баланстарының нысандарын белгiлейдi;
      17-2) егер банктердiң қосылма тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан реттелуге және қадағалануға тиiс болған жағдайда, олармен реттеу және қадағалау туралы, соның iшiнде бiр-бiрiмен ақпарат алмасу бөлiгiнде келiсiм жасасады;
      17-3) банктiң және (немесе) банктiк холдингтiң iрi қатысушысының акцияларын сенiмдi басқаруы, ал Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсiмiмен - банктер кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капиталының терiс мөлшерi бар екiнші деңгейдегi банктердiң акцияларын бұдан кейiн жаңа инвесторларға мiндеттi түрде тез арада сату шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
      17-4) iрi қатысушыларды және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, қаржылық есептi және заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiң қосылма тұлғаларының өзге де ақпарат беруiн талап етедi.";
      13-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар бойынша валюталық реттеудi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi және шетел валютасымен операциялар жүргiзуге қажетті шектеулер енгiзедi;";
      2) тармақшадағы "шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен" деген сөздер "валюталық құндылықтармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "бухгалтерлiк есеп," деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан республикасының аумағында қызметтi жүзеге асыратын барлық резиденттердiң, сондай-ақ резидент еместердiң орындауы үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есептемелердiң тәртiбiн, нысанын белгiлейдi;";
      15) тармақшадағы ", асыл тастармен" деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын кредиттiк рейтингi бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;
      8-2) ең төменгi деңгейiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын кредиттiк рейтингi бар эмитенттер шығарған банкаралық депозиттер, репо және керi репо, депозиттiк сертификаттар, коммерциялық қағаздар және басқа да борыштық мiндеттемелер сияқты ақша рыногы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
      8-3) кредиттiк рейтингтерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әрiптестермен форвардтық операциялар, своп операциялары және опциондық операциялар сияқты туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға;
      8-4) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмімен басқа да операцияларды жүзеге асыруға.";
      16)-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс істеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк саясат жүргiзедi;";
      2) тармақшадағы:
      "субъектiлерi" деген сөз "қатысушылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ", сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының клиенттерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;";
      4) тармақшадағы "қайта сақтандыру брокерлерiнiң" деген сөздер "сақтандыру рыногындағы брокерлердiң, актуарийлердiң және уәкiлеттi аудиторлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларға бақылау жасау құқығын алуға, олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына және таратылуына рұқсат бередi, Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тыс жерлерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерiне арналған бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi, оларды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;";
      7) тармақша "ұйымдарды" деген сөзден кейiн "және сақтандыру брокерлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы:
      "белгiлейдi", "бухгалтерлiк, статистикалық" деген сөздер "айқындайды", "қаржылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және қайта сақтандыру брокерлерi" деген сөздер "брокерлер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен бухгалтерлiк есеп және аудит мәселелерi бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлiк есебiнiң стандарттарын белгiлейдi;
      9-2) уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп статистика мәселелерi бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің статистикалық есеп беру тiзбесін, нысандары мен мерзiмдерін белгiлейдi;
      9-3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, олармен қосылма тұлғалардың және олардың құрылтайшы адамдарының, сондай-ақ консорциумдарға қатысушы ұйымдардың және сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдарының қатысуымен құрылған жай серiктестiктердiң қызметiне шоғырландырылған қадағалау ережелерiн айқындайды;";
      11) тармақшадағы:
      "қолдануды" деген сөзден кейiн "және қайтарып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және қайта сақтандыру брокерлерiне" деген сөздер "брокерлерiне, актуарийлерге және уәкiлеттi аудиторларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "олардың қызметiн" деген сөздер "сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11-1) ерiктi және ерiксiз таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылайды, тарату комиссияларының ұсынуы бойынша ерiктi таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кредиторлар комитеттерiнiң құрамын бекiтедi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының тарату комиссияларымен бiрлесе отырып, ерiксiз таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кредиторлар комитеттерiнiң құрамын соттың бекiтуiне ұсынады, ерiксiз таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары кредиторларының тiзiмдемесiн соттың бекiтуiне ұсынады, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының тарату комиссиялары беретiн есептiң нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн, аралық баланстардың және оның қосымшаларының нысандарын және таратылатын сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдарының тарату баланстарының нысандарын белгiлейдi;
      11-2) активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып, есептелген құны мен мiндеттемелерi арасында терiс айырма бары анықталған жағдайда, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепілдiк беретiн талаптармен сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдайды;";
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) елтаңбалық қағазды шығарумен байланысты қызметке лицензия бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе әкелiнген вексель қағазының қорғаныш дәрежесiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;";
      20-тармақтағы:
      бiрiншi абзацы "шығыстар" деген сөзден кейiн "(алтын-валюта активтерiн қайта бағалау есепшотына жатқызылған жұмсалмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсi" деген сөздер "банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған" деген сөздермен ауыстырылсын";
      21-тармақтың:
      төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шығыстары есебiнен күмәндi және үмiтсiз талаптары бойынша кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, есепшоттағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемiн, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi жөнiндегi өзге де талаптарын және әлеуметтiк сипаттағы төлемдердi қамтитын басқа да активтердi қоса, арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құрылады.";
      бесiншi абзацтағы "бағалы қағаздарды" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар түрiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармақтың:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк және сақтандыру қызметiне, сондай-ақ заң актiлерінде көзделген жағдайларда өзге де қызмет түрлеріне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру үшiн ломбардтарға, уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн лицензиялардан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы, банк заңдарында көзделген өзге де санкциялар қолдану туралы шешiм қабылдау;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктiң және (немесе) банктiк холдингтiң ірi қатысушысының акцияларын сенiмдi басқаруын жүзеге асыруы жөнiнде, ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша - банктер кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капиталының терiс мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде тез арада сату шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмдер қабылдау;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық және резервтiк капиталдарын қалыптастыру, негiзгi құрал-жабдықтарын және өзге мүлкiн, бюджеттi (шығыстар сметасын) пайдалану, ақылы қызмет көрсету тәртiбi туралы Қазақстан Ұлттық Банкi нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң департаменттерiнiң директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының басшыларын бекiту;";
      16) тармақша "банктер" деген сөзден кейiн ", банктiк топтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      30) тармақшадағы "банктердi бақылау құқығы акцияларының бақылау пакетiн алуға және оны жүзеге асыруға" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3), 33-4) және 33-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "33-1) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандыру қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарийлік қызметке, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының аудитiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар бередi;
      33-2) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, сақтандыру қызметi туралы заңдарда көзделген санкциялардың өзге де түрлерiн қолдану туралы шешiмдер қабылдайды;
      33-3) активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып, есептелген құны мен мiндеттемелерi арасында терiс айырма бары анықталған жағдайда, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беретiн талаптармен сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдайды;
      33-4) елтаңбалық қағазды шығарумен байланысты қызметке лицензия беру туралы шешiм қабылдау;
      33-5) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе әкелiнетiн вексель қағазының қорғаныш дәрежесiне қойылатын талаптарды бекiту;";
      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "34-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсыну.";
      27-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) банк немесе сақтандыру заңдарына сәйкес құрылатын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiлiктiлiк комиссиясының құрамын бекiтедi;";
      29-тармақтың үшiншi абзацы "банктерге" деген сөзден кейiн ", олардың iрi қатысушыларына және банктiк холдингтерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақтың:
      7) тармақшасы "қажет болғанда" деген сөзден кейiн "шоғырландырылған банктiк" деген сөздермен толықтырылып, "банктердi" деген сөз алынып тасталсын;
      "ұйымдарының және" деген сөздер "сақтандыру ұйымдары мен қайта сақтандыру ұйымдарының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақша "операцияларын" деген сөзден кейiн "және ломбардтарға банк операцияларының жекелеген түрлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) тармақшадағы "лицензиясының күшiн жою" деген сөздер "ломбардтардың банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияларын қайтарып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын құруға, оларға бақылау жасау құқығын иеленуге, олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына, меншiк құқығын немесе дауыс беретiн акциялардың жалпы санынан бес проценттен астам дауыс беретiн акцияларды басқару құқығын иеленуге рұқсат бередi, Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тыс жерлерде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;";
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "24-1) банктердiң еншiлес ұйымдарын құруға, сондай-ақ банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлесiмен) елу процентiнен астамын иеленетiн немесе сонша акциямен дауыс беру мүмкiндiгi бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға, сондай-ақ банктер олардың арасында жасасылған шарт күшiнде (не өзгеше түрде) заңды тұлғалардың қабылдайтын шешiмдерiн айқындауға мүмкiндiк алуға келiсiм бередi";
     2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң құрылымында:
     "1. Орталық аппарат" бөлiмiнде:
     реттiк нөмiрi 5-жол "банктiк" деген сөзден кейiн "және сақтандыруды" деген сөзбен толықтырылсын;
     реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын;
     реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "10. Шаруашылық басқармасы";
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын:
     "10-1. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы";
     реттiк нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "16. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату процесiн бақылау басқармасы";
     реттiк нөмiрi 18-жолдан "қызмет" деген сөз алынып тасталсын;
     "2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1 және 2-2-жолдармен толықтырылсын:
     "2-1. Алматы облыстық филиалы
     2-2. Ақмола филиалы".
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады