Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығы.

      Республикалық баспасөзде

      мазмұны жариялануға тиіс

      Ескерту. Жарлықтың атауына және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.07.23 № 369 жарлығымен.
      Ескерту. Жарлықтың атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.06.2016 № 275 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.06.2016 № 275 Жарлығымен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;

      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 284 Жарлығымен.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.06.2016 № 275 Жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Тақырыбына және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.07.23 № 369 жарлығымен.
      Ескерту. Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереженің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "қарсы күресті", "қарсы күрес", "қарсы күрестің" деген сөздер тиісінше "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл", "қарсы іс-қимылды", "қарсы іс-қимыл", "қарсы іс-қимылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 09.06.2016 № 275 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.

      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қауісіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісу бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.03.13 № 284 Жарлығымен.

2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

      6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;

      3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.

      7. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

      2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;

      3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;

      4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

      5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;

      6) алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.02.27 № 1032 Жарлығымен;

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаралатын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, Республика Президентінің тиісті актілерін шығару туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін, мемлекеттік органдардың басшыларын атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.02.27 № 1032, 2011.02.18 № 1157; 09.06.2016 № 275; 04.08.2018 № 723 Жарлықтарымен.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.

      9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      11. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.

      Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.02.18 № 1157 Жарлығымен.

      12. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

      2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты

      есеп береді;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік

      қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.

      13. Алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;

      2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

      3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

      4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды;

      5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де

      функцияларды жүзеге асырады.

      15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның

      жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.

      16. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Комиссия төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, Комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

     

Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции

Указ Президента Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года N 839.

      Сноска. В заголовок и тексте слова "и соблюдения служебной этики государственными служащими" исключены Указом Президента РК от 23.07.2007 N 369.
      Сноска. Наименование Указа с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.06.2016 № 275.

      Подлежит опубликованию

      в республиканской печати

      в изложении

      В соответствии с подпунктом 20) статьи 44 Конституции Республики Казахстан постановляю:

      1. Образовать Комиссию при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.06.2016 № 275.

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции;

      2) исключен Указом Президента РК от 13.03.2012 № 284.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.06.2016 № 275.

      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

Президент
Республики Казахстан



  Утверждено
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2 апреля 2002 года N 839

Положение о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции

      Сноска. В наименовании и по всему тексту Положения о Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией, утвержденного вышеназванным Указом, слова "борьбы с коррупцией", "по борьбе с коррупцией" заменены соответственно словами "противодействия коррупции", "по противодействию коррупции" в соответствии с Указом Президента РК от 09.06.2016 № 275.

1. Общие положения

      1. Комиссия при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Главе государства.

      2. Задачами Комиссии являются выработка и принятие согласованных мер, направленных на усиление противодействия коррупции и нарушениями государственными служащими правил служебной этики, повышение уровня ответственности государственных служащих.

      3. Комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами и поручениями Главы государства, а также настоящим Положением.

      4. Комиссия состоит из председателя, секретаря и иных членов Комиссии. Возглавляет Комиссию Государственный советник Республики Казахстан. СекретарҰм Комиссии является заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан.

      В состав Комиссии входят по должности Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан, помощники Президента Республики Казахстан по правовым и экономическим вопросам, Генеральный Прокурор Республики Казахстан, Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Председатель Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы), Председатель Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, Министр внутренних дел Республики Казахстан, Министр юстиции Республики Казахстан, Министр финансов Республики Казахстан, по согласованию – председатели комитетов по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента Республики Казахстан, по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Уполномоченный по защите прав предпринимателей Казахстана.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      5. Исключен Указом Президента РК от 13.03.2012 № 284.

2. Функции и полномочия Комиссии

      6. Комиссия осуществляет следующие функции:

      1) выработка и внесение Главе государства предложений по вопросам противодействия коррупции, в том числе по совершенствованию антикоррупционного законодательства, форм и методов противодействия коррупции;

      2) мониторинг и анализ состояния противодействия коррупции, нарушений государственными служащими правил служебной этики;

      3) рассмотрение обращений граждан и юридических лиц, а также публикаций в средствах массовой информации о фактах коррупционных правонарушений, допущенных лицами, занимающими ответственные государственные должности, нарушениях этики государственными служащими и подготовка по ним рекомендаций лицам, уполномоченным налагать дисциплинарные взыскания, о проведении служебного расследования .

      7. Комиссия в пределах своей компетенции вправе:

      1) запрашивать от центральных и местных государственных органов информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на нее задач, за исключением уголовных дел и оперативно-розыскных материалов;

      2) заслушивать устные и получать письменные объяснения от должностных лиц государственных органов, а также лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, или лиц, приравненных к ним;

      3) направлять правоохранительным и другим государственным органам материалы для проведения проверок и принятия других предусмотренных законодательством мер по фактам нарушений служебной этики и совершения коррупционных правонарушений;

      4) заслушивать на своих заседаниях информацию руководителей правоохранительных и иных государственных органов по вопросам исполнения антикоррупционного законодательства ;

      5) вносить на рассмотрение в соответствующие органы и государственные организации предложения о дисциплинарной ответственности должностных лиц, совершивших коррупционные правонарушения, не обеспечивающих исполнение Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции", а также допустивших нарушения правил служебной этики, вплоть до их освобождения от занимаемой должности;

      6) исключен Указом Президента РК от 27.02.2003 N 1032;

      7) вносить Президенту Республики Казахстан предложения о даче поручений, издании по рассматриваемым вопросам соответствующих актов Президента Республики, а также привлечении к дисциплинарной ответственности вплоть до освобождения от занимаемой должности акимов областей, городов республиканского значения, столицы, руководителей государственных органов, назначаемых Президентом Республики Казахстан, не обеспечивающих должный уровень работы по противодействию коррупции.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 27.02.2003 N 1032; от 18.02.2011 № 1157; от 09.06.2016 № 275; от 04.08.2018 № 723.

3. Организация деятельности Комиссии

      8. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал, могут быть открытыми или закрытыми по решению председателя Комиссии.

      9. Заседания Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа членов Комиссии. Члены Комиссии участвуют в ее заседаниях без права замены.

      10. Решения Комиссии принимаются большинством голосов от общего числа присутствующих на заседании. При равенстве голосов голос председателя является решающим.

      11. На заседания Комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Комиссии, а также иные лица.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      11-1. В случае, если на заседании Комиссии приводятся факты нарушения законодательства в сфере деятельности заслушиваемого государственного органа, руководители органов государственного контроля и надзора, являющиеся членами Комиссии или приглашенными на заседание Комиссии, в пределах своей компетенции выражают позицию государственного органа по имеющимся фактам нарушений.

      Руководители упомянутых органов государственного контроля и надзора вправе высказывать по фактам таких нарушений предложения о принятии соответствующих мер.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 11-1 в соответствии с Указом Президента РК от 18.02.2011 № 1157.

      12. Председатель Комиссии:

      1) руководит деятельностью Комиссии;

      2) председательствует на ее заседаниях;

      3) регулярно отчитывается о работе Комиссии перед Президентом Республики;

      4) вправе присутствовать на заседаниях коллегий правоохранительных и иных государственных органов, связанных с рассмотрением вопросов противодействия коррупции и служебной этики государственных служащих.

      13. Исключен Указом Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      14. Секретарь Комиссии:

      1) информирует членов Комиссии о времени и месте заседаний Комиссии;

      2) организует подготовку материалов к заседаниям Комиссии;

      3) ведет протоколы заседаний Комиссии;

      4) организует и контролирует исполнение решений Комиссии;

      5) по поручению председателя Комиссии осуществляет иные функции.

      15. Центральные и местные исполнительные органы обязаны оказывать содействие Комиссии в выполнении возложенных на нее задач.

      16. Рабочим органом Комиссии является Отдел правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 16 - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 2 апреля 2002 года
№ 839

СОСТАВ Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции

      Сноска. Состав - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      Государственный советник Республики Казахстан, председатель Комиссии

      заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан, секретарь Комиссии

      члены Комиссии:

      Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан – Министр финансов Республики Казахстан

      Генеральный Прокурор Республики Казахстан

      Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      Председатель Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан

      помощник Президента Республики Казахстан по правовым вопросам

      помощник Президента Республики Казахстан по экономическим вопросам

      Председатель Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы)

      Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      председатель Комитета по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента (по согласованию)

      председатель Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      Уполномоченный по защите прав предпринимателей Казахстана (по согласованию)