Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 2 желтоқсан N 977

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңын  іске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының
      Қасымжомарт Кемелұлы        Мемлекеттік хатшысы -
                                  Қазақстан Республикасының
                                  Сыртқы істер министрі, төраға,

      Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасы
      Бауыржан Әлімұлы            Премьер-Министрінің орынбасары,
                                  төрағаның орынбасары,

      Беркімбаева               - Қазақстан Республикасының
      Шәмша Көпбайқызы            Білім және ғылым министрі,

      Бурлаков                  - Қазақстан Республикасы
      Леонид Николаевич           Парламенті Сенатының
                                  Аймақтық даму және жергілікті
                                  өзін-өзі басқару мәселелері
                                  жөніндегі комитетінің
                                  төрағасы (келісім бойынша),

      Қанешев                   - Қазақстан Республикасы
      Біржан Бисекенұлы           Президентінің Әкімшілігі Ішкі
                                  саясат бөлімінің меңгерушісі;

      Терещенко                 - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
      Сергей Александрович        төрағасының орынбасары;

      "Кекілбаев                - Қазақстан Республикасының
      Әбіш Кекілбайұлы            Мемлекеттік хатшысы, төраға"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кекілбаев                - Қазақстан Республикасы
      Әбіш                        Парламенті Сенатының депутаты
                                  (келісім бойынша)";

      аталған Комиссия құрамынан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Павел Александрович Атрушкевич, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаева, Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов, Иван Павлович Щеголихин шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады