Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1010. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

       Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

      Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып мыналар тағайындалсын:
      Ахметов Қабдығали, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
      Ақпанов Арыстан Нүкешұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының бастығы,
      Полторабатько Людмила Григорьевна, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,
      Сабырбаев Марат Қалмұратұлы, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы;
      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан: Б.Ж.Әбдірайымов, Қ.Ғ.Ескендіров, А.Ж.Рахметулин шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады