Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 қаңтар N 1013 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 360 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.07.30 N 360 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес және Республикалық ұланның құрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықтың қосымшасында:
      "Әскери бөлімдер" деген жолда "1442" деген сан "1634" деген санмен ауыстырылсын;
      "Соның ішінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері" деген жолда "401" деген сан "580" деген санмен ауыстырылсын;
      "Барлығы" деген жолда "1558" деген сан "1750" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады