Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2003 жылғы 10 ақпан N 1018

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде:
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "корпоративтік табыс салығы";
      8-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасы "осы Ереженің" деген сөздердің алдынан "бюджет заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Қорды республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге пайдалану Қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі бойынша жүргізіледі.";
      22-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады