Байланыс формасы

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.03.2013 N 525 жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 26.03.2013 ерте емес, қолданысқа енгізіледі).

      3. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат).

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2003 жылғы 4 желтоқсандағы 
N 1243 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН         

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 22.03.2013 N 525 жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 26.03.2013 ерте емес, қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) – «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
      «А» корпусының кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алу үшін Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадр саясаты жөніндегі  ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсыным берген азаматтар қатарынан қалыптастырады.
      2. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі босатылған күнінен бастап бір жылға Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр резервіне алынады. Лауазымынан терiс себептермен босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне алынбайды.
      3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының кадр резервіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын тәртіппен, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша алынады.
      5. «А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:
      1) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның өтініш беруі;
      1-1) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы;
      2) осы Ереженің 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жыл өтуі;
      3) «А» корпусының резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет бергенiн және құжаттарды бұрмалағанын айғақтайтын фактiлердің анықталуы;
      4) «А» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;
      5) мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын лауазымынан теріс себептер бойынша босатылған;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның ұсынымдары негіз болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мәліметтердің мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді.
      Мониторинг қорытындылары бойынша ақпарат есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізіледі.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві

2.1. Жалпы ережелер

      6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «Б» корпусының кадр резерві) – «Б» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
      7. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап, резервке алу туралы өтiнiш берген азамат «Б» корпусының кадр резервiнде тұратын адам (бұдан әрi – резервшi) мәртебесiне ие болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервiнде тұру бiр жылдан ұзаққа созылмайды. Осы Ереженің 8-1-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «А» корпусының кадр резервінде болу мерзіміне алынады.
      Резервшiлерді «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санаты лауазымына тағайындау лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде жүзеге асырылады.
      Резервшілерді тағайындау «Б» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң келiсiмiмен және біліктілік талаптарына сай болғанда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. «Б» корпусының кадр резервiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
      1) конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервіне алу үшін ұсыным берген;
      1-1) «А» корпусының кадр резервіне алынған;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
      3) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия айқындайтын басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған;
      4) мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардың қатарынан қалыптастырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2014 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      8-1. «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынады.
      Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. «Б» корпусының кадр резервi Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының әрбiр санаты үшiн қалыптастырылады.
      10. «Б» корпусының кадр резервiне алу азаматтардың өзінің ерікті қалауы негiзiнде, осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылады.
      11. Резервшi жөнiндегi деректердi мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүйеленген тiзiмге енгiзедi және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тиiстi тiркеу нысандарын толтырады.
      12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тәртіпте тағайындалады.
      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда бірыңғай конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тәртіпте олар үшін осы қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдарға тағайындалады.
      Резервшінің заңнамада белгіленген тәртіппен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының резервшi бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда өз өтiнiшi бойынша оны лауазымдар санатының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшін «Б» корпусының кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар.
      14. «Б» корпусының кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына жүктеледі.
      15. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының «Б» корпусының кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.

2.2. «Б» корпусының кадр резервiн конкурстық iрiктеуге қатысқан азаматтар қатарынан қалыптастыру

      16. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін конкурстық комиссия ұсынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша алынады.
      «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы конкурстық комиссия ұсынымдары әрбір бос лауазым үшін бір кандидаттан артық болмайтындай етіп шығарылады.
      Егер конкурстың нәтижесінде бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным берілмейді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы ұсыным үшін негіздер конкурсқа қатысушының бос лауазым үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, шекті мәнді қанағаттандыратын тестілеу көрсеткіштері мен конкурстық комиссия жүргізген әңгімелесудің нәтижелері болып табылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным жасау туралы шешімді конкурстық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның кұрамының кемінде үштен екісі қатысқан және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілігі оны қолдап дауыс берген болса, заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады.
      Конкурстық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруіне рұқсат етілмейді.
      Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына конкурс өтетін мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. «Б» корпусының кадр резервiне алу үшiн конкурс өткiзушi мемлекеттiк орган он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына конкурстық комиссия отырысының «Б» корпусының кадр резервiне алуға ұсыным жасау жөнiндегi хаттамасынан үзiндiнi, конкурсқа қатысушының жеке iспарағын және оның «Б» корпусының кадр резервiне алынуға жазбаша келiсiмiн ұсынады.
      21. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Ереженiң 20-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін жетi жұмыс күнi ішінде «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Бас тарту үшiн негiздер конкурсқа қатысушының осы Ереженiң 17-тармағының талаптарына сай болмауы немесе мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен Мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымға орналасуға кoнкуpc өткiзу қағидаларының бұзылуы болып табылады.

2.3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқудан өткен немесе басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған азаматтар қатарынан қалыптастыру

      22. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалары бойынша оқудан өткен немесе басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған азаматтар үшiн «Б» корпусының лауазымдары тиiстi санаттарының кадр резервiне алыну құқығы оқуды аяқтаған сәттен бастап туындайды.
      23. Осы Ереженiң 22-тармағында санамаланған азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiне алу олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      24. Осы Ереженiң 22-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне алыну үшiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;
      3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      5) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарының тиiстi санаты үшiн белгiленген тестілеуден өту нәтижелерi;
      6) 3х4 см көлемдегi бір фотосурет.
      Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.
      25. Азаматтар өздерiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас қасиетіне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) ұсына алады. Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған жағдайда, еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
      26. Осы Ереженiң 24-тармағында көзделген өтiнiш және құжаттар түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы азаматты «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымының тиiстi санатына «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      27. «Б» корпусының кадр резервіне алудан бас тарту үшін негіздер «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының тиiстi санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сай болмауы, тестілеуде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген шекті мәннен төмен нәтижелер алуы немесе осы Ереженiң 24-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.

2.4. Мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру

      28. Мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтың «Б» корпусының кадр резервiне алыну құқығы халықаралық ұйымдардан немесе басқа мемлекеттерден жұмыстан оралған сәттен бастап туындайды және қайтып оралғаннан кейiн үш ай ішінде сақталады.
      29. Осы Ереженiң 28-тармағында санамаланған азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiне алу олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      30. Осы Ереженiң 28-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне алыну үшiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;
      3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiленген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      5) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарының тиiстi санаты үшiн белгiленген тестілеуден өту нәтижелерi;
      6) 3х4 см көлемдегi бір фотосурет.
      Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.
      31. Азаматтар өздерiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас қасиетіне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) ұсына алады.
      32. Осы Ереженiң 30-тармағында көзделген өтiнiш және құжаттар түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымдарының тиiстi санатына «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      33. «Б» корпусының кадр резервіне алудан бас тарту үшін негіздер «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының тиiстi санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сай болмауы, тестілеуде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген шекті мәннен төмен нәтижелер алуы немесе осы Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.

2.5. «Б» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуы

      34. Бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бар мемлекеттiк орган конкурс өткiзгенге дейiн тиiстi санатқа резервшiлердiң тiзiмiн беру туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органына сұрату жолдайды. Сұрату мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен нысанда жолданады.
      35. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының сұратылған санатына қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін резервшiлердiң тiзбесiн жолдайды.
      36. Мемлекеттiк орган резервшiмен әңгiмелесу өткiзеді.
      Мемлекеттiк орган резервшiлерге әңгімелесу өткізу орны мен уақыты туралы оны өткізгенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметінің аталған лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар тізбесін бекітеді.
      37. Мемлекеттік орган бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға резервшіні орналастыру туралы шешім кабылдау кезінде осы мемлекеттік органға конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне бұрын алынған адамдардың кандидатураларын бірінші кезекте қарайды.
      Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған резервші бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган осы резервшіні лауазымға қабылдауға міндетті.
      Егер «Б» корпусының кадр резервінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір резервшіден көбірек адам тұрған жағдайда, әңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 28.07.2014 № 869 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      38. «Б» корпусының кадр резервінде осы Ереженің 37-тармағында көрсетілген резервшілер болмаған жағдайда, мемлекеттік орган белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басқа резервшілермен әңгімелесу өткізеді. Бұл ретте әңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.
      39. «Б» корпусының кадр резервiнде лауазымдардың осы санаты бойынша немесе бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған жағдайда мемлекеттiк орган конкурс өткiзеді.
      40. Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органды немесе оның аумақтық органын резервшілер тізімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      41. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу жөніндегі жоғарыда көрсетілген шешiм туралы жазбаша хабарламаның негiзiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы «Б» корпусының кадр резервіне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы мемлекеттiк орган таңдаған резервшiнi хабардар етедi, оның жеке iсін мемлекеттiк органға жолдайды.
      42. Резервшінің мемлекеттік қызметке кіруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

2.6. «Б» корпусының кадр резервінен шығару

      43. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiнен шығаруды:
      1) «Б» корпусының кадр резервінен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасқан;
      2) резервшi «Б» корпусының кадр резервінен шығу туралы өтiнiш берген;
      3) «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздер туындаған;
      4) осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген мерзiм өткен;
      5) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу тәртібі бұзылған;
      6) «Б» корпусының кадр резервіне алудың осы Ережеде белгіленген тәртібі мен шарттары бұзылған жағдайларда жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      44. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінің азаматтар алынған лауазымдар санаты өзгерген жағдайда олардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуы жаңадан белгіленген санат бойынша жүзеге асырылады. Тағайындау мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтің кадр резервіне алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде резервшілердің келiсiмiмен және олар бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2003 жылғы 4 желтоқсандағы 
N 1243 Жарлығымен      
БЕКІТІЛГЕН         

Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Комиссия құрамы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің
2008.04.24 N 576, 2008.11.12 N 689 Жарлықтарымен.

Мусин                     - Қазақстан Республикасы Президенті
Аслан Есболайұлы            Әкімшілігінің Басшысы, төраға

                    Комиссия мүшелерi:

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы     Министрі Кеңсесінің Басшысы

Әшімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Маулен Сағатханұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Өрентайұлы             көмекшісі

Қазыханов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ержан Хозеұлы               көмекшісі

Қасымбеков                - Қазақстан Республикасы Президенті
Махмұд Базарқұлұлы          Кеңсесінің бастығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады