Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1288 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.07.05. N 140 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне және "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы N 1251  Жарлығының  шығуына байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975  Жарлығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:

      1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, Республика Президенті басқа мемлекеттердің соттары соттаған адамдарға кешірім жасау мәселелерін қарауға хақылы;

      2) 9-тармақта:
      "алты ай" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен алмастырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілген жағдайда, сотталғанның мораторий жарияланғанға дейін немесе мораторий қолданылған уақытта кешірім жасау жөнінде өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуіне болады. Бұл ретте үкім кешірім жасау туралы өтініш немесе сотталған адамның оны беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғаннан кейін ғана және өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған соң бір жыл өткеннен кейін орындалады";

      3) 10-тармақта "ұйғарымдары мен" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) 11-тармақта "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен алмастырылсын.

      2. Аталған Ереженің 1-тармағының 1) тармақшасы өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастыру бөлігінде күшіне енгізілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады