Қазақстан темір жолының 100 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі N 1353 Жарлығы

      Республикада темір жол көлігінің қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан темір жолының 100 жылдығы құрметіне қаулы етемін:

      1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі туралы ереже ;
      2) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2004 жылғы 29 сәуірдегі 
N 1353 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

"Қазақстан темір жолына 100 жыл"
мерекелік медалі туралы ереже

      1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) республикада темір жол көлігінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар наградталады.
      2. Мерекелік медальмен наградтауды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі жүргізеді.
      3. Мерекелік медальмен наградтау туралы қолдаухатты ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі белгілейді.
      4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, " Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы " акционерлік қоғамының президенті, облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкімдері мен осыған уәкілеттік берілген өзге де лауазымды тұлғалар жүргізеді.
      5. Әрбір наградталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
      6. Мерекелік медальді тапсыру жүргізілгені туралы белгіленген нысандағы хаттама жасалады. Ол медальді тапсырған адамның қойған қолымен, тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жолданады.
      7. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар болса, олардан кейін орналасады. N990090
      8. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдарды тапсыру барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2004 жылғы 29 сәуірдегі 
N 1353 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

"Қазақстан темір жолына 100 жыл"
мерекелік медалінің сипаттамасы

      "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі жезден жасалады, диаметрі 34 мм және қалыңдығы 2,5 мм шеңбер пішінді болады. Медальдің бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасының контур картасының аясында рельсте тұрған паровоз бен қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнесі орналасқан. Контур картасы Қазақстан Республикасы астанасының орналасқан жері баса көрсетілген көгілдір түсті эмальмен бейнеленген. Бейненің төменгі жағында 1904-2004 датасы орналасқан.
      Медальдың сырт жағында (реверсінде) "Қазақстан темір жолына 100 жыл. 100 лет железной дороге Казахстана" жазуы орналастырылған. Төменгі жағында қазақтың ұлттық оюының өрнегі бейнеленген.
      Медаль сақина мен құлақша арқылы жиектері бойында алтын және ақ түсті тік жолақтары бар көгілдір түстегі қатқыл лентамен тысталған биіктігі 55 мм және ені 34 мм тағанға жалғанады. Тағанның сырт жағында қапсырма құлыпты түйреуіш бекітілген.

О юбилейной медали в ознаменование 100-летия железной дороги Казахстана

Указ Президента Республики Казахстан от 30 апреля 2004 года N 1353

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в становление и развитие железнодорожного транспорта в республике, а также в ознаменование 100-летия железной дороги Казахстана постановляю:

      1. Учредить юбилейную медаль "Казакстан темiр жолына 100 жыл".

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) положение о юбилейной медали "Казакстан темiр жолына 100 жыл";
      2) описание юбилейной медали "Казакстан темiр жолына 100 жыл".

      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан

Утверждено             
Указом Президента         
Республики Казахстан       
от 30 апреля 2004 года N 1353   

Описание
юбилейной медали "Казакстан темiр жолына 100 жыл"

      Юбилейная медаль "Казакстан темiр жолына 100 жыл" изготавливается из латуни, имеет форму круга диаметром 34 мм и толщиной 2,5 мм. На лицевой стороне (аверсе) медали на фоне контурной карты Республики Казахстан помещены рельефные изображения паровоза и современного электровоза, стоящих на рельсах. Контурная карта изображена эмалью голубого цвета с выделенным месторасположением столицы Республики Казахстан. Внизу изображения помещены даты "1904-2004".
      На оборотной стороне медали (реверсе) расположена надпись "Казакстан темiр жолына 100 жыл. 100 лет железной дороге Казахстана". Внизу изображен элемент казахского национального орнамента.
      Медаль с помощью кольца и ушка соединяется с колодкой высотой 55 мм и шириной 34 мм, обтянутой муаровой лентой голубого цвета с вертикальными полосками по краям золотистого и белого цветов. На оборотной стороне планки прикреплена булавка с визорным замком.

Утверждено             
Указом Президента         
Республики Казахстан       
от 30 апреля 2004 года N 1353   

Положение
о юбилейной медали "Казакстан темiр жолына 100 жыл"

      1. Юбилейной медалью "Казакстан тeмip жолына 100 жыл" (далее - юбилейная медаль) награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие значительный вклад в развитие железнодорожного транспорта в республике.
      2. Награждение юбилейной медалью производится от имени Президента Республики Казахстан Министром транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Порядок представления и рассмотрения ходатайств о награждении юбилейной медалью определяется Министром транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      4. Вручение юбилейной медали производится от имени Президента Республики Казахстан Министром транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, президентом закрытого акционерного общества " Национальная компания "Казакстан тeмip жолы ", акимами областей, городов Астаны и Алматы и иными должностными лицами, уполномоченными на это.
      5. Каждому награжденному одновременно с вручением юбилейной медали выдается соответствующее удостоверение.
      6. О произведенном вручении юбилейной медали составляется протокол установленной формы. Он скрепляется подписью лица, вручившего медаль, и печатью органа, производившего вручение, и направляется в Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. N990090
      7. Юбилейная медаль "Казакстан темiр жолына 100 жыл" носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград Республики Казахстан она располагается после них.
      8. Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.