Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оларға теңестiрiлген соттарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Презитдентінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 1437 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығымен бекiтiлген судьялардың штат саны шегiнде (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат):

      1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттар:

      Ақмола облысының Көкшетау қаласында;

      Ақмола облысының Щучье ауданында;

      Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында;

      Алматы облысының Талдықорған қаласында;

      Атырау облысының Атырау қаласында;

      Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында;

      Шығыс Қазақстан облысының Зырянов ауданында;

      Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында;

      Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында;

      Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында;

      Жамбыл облысының Тараз қаласында;

      Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында;

      Батыс Қазақстан облысының Бөрлi ауданында;

      Қарағанды облысының Балқаш қаласында;

      Қарағанды облысының Жезқазған қаласында;

      Қарағанды облысының Темiртау қаласында;

      Қарағанды облысының Шахтинск қаласында;

      Қостанай облысының Қостанай қаласында;

      Қостанай облысының Рудный қаласында;

      Қызылорда облысының Қызылорда қаласында;

      Маңғыстау облысының Ақтау қаласында;

      Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында;

      Павлодар облысының Павлодар қаласында;

      Павлодар облысының Ақсу қаласында;

      Павлодар облысының Екiбастұз қаласында;

      Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында;

      Оңтүстiк Қазақстан облысының Шымкент қаласында;

      Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында құрылсын;

      2) Қарағанды облысының Қарағанды қаласында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы, Әдiлет министрi, Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттардың төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына осы соттардың кадр құрамы жөнiндегi ұсынысты табыс етсiн.

      3. Кейбiр аудандық және оларға теңестірiлген соттар олардың құрамынан аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды бөліп шығару жолымен 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қайта ұйымдастырылған соттардың судьялары 2-қосымшаға сай, осы Жарлықтың 3-тармағына сәйкес құрылатын соттардың судьялары болып саналсын.

      5. Мыналар таратылсын:

      1) Ақмола облысы бойынша:

      Жарқайың ауданының N 2 аудандық соты;

      2) Қарағанды облысы бойынша:

      Нұра ауданының N 2 аудандық соты;

      3) Қостанай облысы бойынша:

      Амангелдi ауданының N 2 аудандық соты.

      6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлықтың 3-тармағында аталған соттар үшiн iстердiң аумақтық соттылығын белгiлесiн.

      7. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегі комитет осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 9 қыркүйектегi
N 1437 Жарлығына
1-Қосымша

Қазақстан Республикасының аудандық және оларға
теңестiрiлген соттарын қайта ұйымдастыру кезiнде қайта
ұйымдастырылатын және құрылатын соттардың
Тізбесі

      ___________________________________________________________________

      N | Қайта ұйымдастырылатын | Қайта ұйымдастыру кезiнде

      p/c | соттардың атауы | құрылатын соттардың атауы

      ___________________________________________________________________

      1. Астана қаласының Алматы Астана қаласы Алматы

      аудандық соты ауданының N 2 аудандық соты

      2. Астана қаласының Сарыарқа Астана қаласы Сарыарқа

      аудандық соты ауданының N 2 аудандық соты

      3. Солтүстік Қазақстан облысының Солтүстік Қазақстан облысы

      Петропавл қалалық соты Петропавл қаласының N 2 соты

      4. Қостанай облысының Рудный Қостанай облысы Рудный

      қалалық соты қаласының N 2 соты

      ___________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 9 қыркүйектегi
N 1437 Жарлығына
2-Қосымша

Қайта ұйымдастыру кезінде құрылатын
соттардың судьяларының
Тізімі

      Астана қаласы бойынша:

      Алматы ауданы Әлтаев Рамазан Дүйсембайұлы

      N 2 сотының судьялары Басқанбаева Сәуле Сәбиқанқызы

      Баяхметов Нұрлан Еркешұлы

      Бишаров Марат Қапарұлы

      Есдәулетова Алмагүл Оспанқызы

      Есiмова Алма Есiмқызы

      Меңлiқұл Қайрат Меңлiқұлұлы

      Рамазанова Әсем Қасембайқызы

      Сүйенішев Марат Әбдiқұлұлы

      Сүлейменов Асқар Абайханұлы

      Тәшенова Айгүл Қуанышқызы

      Ұбашева Гүлжахан Ерханқызы

      Сарыарқа ауданы Баркинхоев Магомед Джабраилович

      N 2 сотының судьялары Былқылова Галина Дмитриевна

      Жолдасбеков Нұржан Өтепбайұлы

      Қаудинов Мәлiк Еркенұлы

      Кiшкембаев Асқар Болатұлы

      Нұрқасымов Бұғыбай Әбiлманапұлы

      Пазылов Нәби Әлиакбарұлы

      Семенова Виктория Васильевна

      Талқанбаева Миргүл Есжанқызы

      Фаттахова Замиля Мусифуллақызы

      Чикитова Юлия Иннокентьевна

      Шайхисламов Әділхан Шайхисламұлы

      Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша:

      Петропавл қаласы Айсина Әлия Бектұрқызы

      N 2 сотының судьялары Байғұрманов Ермұрат Ерматұлы

      Байзақова Динара Әдiлқызы

      Бөкетова Гүлiмжан Темiрболатқызы

      Ермағанбетова Қалжан Аманбайқызы

      Жамұқанов Сәбит Қошқарұлы

      Қабиева Руслана Мұратқызы

      Малдыбаева Нұрия Рафаилқызы

      Мұхамедиярова Алма Өсербайқызы

      Сапарғалиев Серiкбол Ермекұлы

      Смағұлов Айдар Әскербекұлы

      Смирнова Надежда Львовна

      Сұлтанова Бағдат Тәбәрiкқызы

      Темiрова Гүлмира Күмiсбекқызы

      Шалаева Наталья Алексеевна

      Шипп Денис Алексеевич

      Ыдырысова Гүлзия Мырзаханқызы

      Қостанай облысы бойынша:

      Рудный қаласы Шахаман Бейбiт Байекеұлы

      N 2 сотының судъясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады