Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 1569 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат; 1995 ж., N 4, 45-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат):

      4-тармақта "ұйымдық-техникалық" деген сөздер алып тасталсын;

      2) "<*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N  1696  жарлығымен.

      3) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 470  Жарлығында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берілген:
      1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже;
      2) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн.";

      Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн.";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын.";

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақтың үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрі, хатшысы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрі болып табылады.";

      4-тармақтың жетiншi абзацы алып тасталсын;

      5-тармақтағы "сондай-ақ жұмыс органының ұсынуы бойынша стипендиаттарды iрiктеудiң бiрiншi турын өткiзу жөнiндегі capaптaу комиссиясының ережесi мен құрамын бекiтедi" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.";

      7-тармақтағы "төрағасы" деген сөздер "төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      үшiншi және төртiншi абзацтар алып тасталсын;

      он бiрiншi абзацтағы "келiсiм-шарттар" деген сөздер "шарттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он төртiншi абзацтағы "(үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереженің 2-тармағына" деген сөздер "тағайындау үшін үміткерлерді iрiктеу ережесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесiншi абзац "қажетсiнетiн" деген сөзден кейiн "жыл сайынғы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердi iрiктеудiң жыл сайынғы жоспарын Республикалық комиссияның қарауына енгізедi".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң       
2005 жылғы 4 мамырдағы  
N 1569 Жарлығына    
ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 қаулысына    
ҚОСЫМША         

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi
республикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
(лауазымдар бойынша)

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк хатшысы             - төраға
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрi       - төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым вице-министрi  - хатшы

Комиссия мүшелерi:

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрi
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрi
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрi
      Қазақстан Республикасы Әділет министрi
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң төрағасы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Кадр саясаты бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады