Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 38 Жарлығы

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2006 жылғы 23 қаңтардағы 
N 38 Жарлығымен     
МАҚҰЛДАНҒАН       

Жоба 

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы
10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      200__ жылғы ___ ________________ Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы
10 қазандағы шарттың  19-бабын  басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Шарттың  13-бабы  мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекетаралық Кеңес "мүдделi Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандағы консенсус" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтата тұру туралы немесе Қоғамдастық мүшелiгiнен шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, барлық шешiмдердi консенсуспен қабылдайды.
      2. Интеграциялық Комитетте шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады. Егер шешiмдердi қабылдауға бес Уағдаласушы Тарап дауыс берген жағдайда, бiрақ бұл ретте ол 2/3 көпшiлiк дауысты жинамаса, онда мәселе Мемлекетаралық Кеңестiң қарауына берiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастықтың бюджетіндегі үлестік жарнасына сәйкес келедi және:
      Беларусь Республикасы - 15 дауысты,
      Қазақстан Республикасы - 15 дауысты,
      Қырғыз Республикасы - 7,5 дауысты,
      Ресей Федерациясы - 40 дауысты,
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 дауысты,
      Өзбекстан Республикасы - 15 дауысты құрайды.".

      2. Шарттың  15-бабы  мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыру Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қоғамдастықтың кезектi қаржы жылына арналған бюджетiн мүше мемлекеттердiң келiсiмi бойынша ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы әзiрлейдi, белгiленген тәртiппен қаралады және Мемлекетаралық кеңес бекiтедi.
      Қоғамдастықтың бюджетiнде тапшылық болуы мүмкiн емес.
      2. Қоғамдастықтың бюджетi:
      1) Қоғамдастықтың органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған үлестiк жарналар:
      Беларусь Республикасы - 15 %,
      Қазақстан Республикасы - 15 %,
      Қырғыз Республикасы - 7,5 %,
      Ресей Федерациясы - 40 %,
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 %,
      Өзбекстан Республикасы - 15 %,
      2) әрбiр бағдарлама бойынша Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiне сай, Уағдаласушы Тараптардың қатысу дәрежесiне сәйкес келетiн үйлесiмде Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiмен айқындалатын ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын және өзге де iс-шараларды қаржыландыруға арналған Уағдаласушы Тараптардың жарналары есебiнен қалыптасады.
      3. Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты:
      Қоғамдастықтың органдарын ұстауға;
      Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары және мiндеттерiне қайшы келмейтiн Мемлекетаралық кеңес бекiтетiн өзге де iс-шараларға жұмсалады.
      4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ЕурАзЭҚ бюджетiнiң алдындағы үлестiк жарналары бойынша қарызы оның жылдық үлестiк жарнасына балама сомадан асқан жағдайда, ол қарызын толық өтегенге дейiн Мемлекетаралық кеңестiң шешiмiмен Қоғамдастық органдарында дауыс беру құқығынан айрылуы мүмкiн. Оған тиесiлi дауыстар қалған Уағдаласушы Тараптар арасында олардың ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға және Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастық бюджетiндегi үлестiк жарналарына үйлесiмде бөлiнедi".

  2-бап

      Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

  3-бап

      Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

  4-бап

      Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге тиiс.

      200__жылғы_____ __________ ____________ қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭқ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

       Беларусь Республикасы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады