Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 51 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымындағы "Жүйелі зерттеулер орталығы" деген жол алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесіне өзгерістер енгізсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 31 марта 2004 года N 1327

Указ Президента Республики Казахстан от 28 января 2006 года N 51

       ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в  Указ  Президента Республики Казахстан от 31 марта 2004 года N 1327 "О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан" следующее изменение:
      к структуре Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденной названным Указом, строку "Центр системных исследований" исключить.

      2. Руководителю Администрации Президента Республики Казахстан внести изменения в штатное расписание Администрации Президента Республики Казахстан.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан