Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы N 1695 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Мемлекеттік қызметтің кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 524-құжат, 2004 ж., N 21, 265-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік қызметтiң кадр әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк басқару кадрларын iрiктеу кезiнде демократия қағидаттарын бекiту, Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк саяси қызмет резервiнiң мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссия құрылсын.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтің кадр резервi туралы ережедегi:
      "Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервi" деген бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервi - бұл осы Ережеде айқындалған тәртiппен түзiлген, жүйеленген тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.
      2. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервi бiрiншi және екiншi санаттағы кадр резервiне бөлiнедi. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия) шешiмi бойынша екiншi санаттағы кадр резервiнен бiрiншi санаттағы кадр резервiне ауысу жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттік саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервi - бұл:
      1) орталық атқарушы органдардың басшылары;
      2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi;
      3) өзге де мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн жасақталатын кадр резервi.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервi - бұл:
      1) орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары;
      2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерінің орынбасарлары;
      3) орталық атқарушы органдар ведомстволарының басшылары;
      4) қалалар мен аудандардың әкiмдерi;
      5) өзге де мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн жасақталатын кадр резервi.
      5. Азаматтың мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұруы есепке алынған күнiнен бастап үш жылға дейiн созылады. Осы мерзiм iшiнде азамат ол орналасу үшiн мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервінде тұрған мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалуы мүмкiн.
      Қажет болған кезде мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған кандидатураларды ескерместен мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалу жүзеге асырылуы мүмкiн.
      6. Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссиямен келiсiм бойынша мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервiне алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн және басшылары мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне алынуы мүмкiн ұйымдарға (бұдан әрi - ұйымдардың басшылары) қойылатын талаптарды бекiтедi.
      7. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған азамат (бұдан әрi - резервшi) туралы деректер тиiстi тiркеу нысандары толтырыла отырып уәкiлетті орган жасақтайтын жүйеленген тiзiмге енгiзiледi.
      8. Мемлекеттік саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiн есепке алынған мемлекеттік саяси қызметшiлер мемлекеттiк басқару органдарында заңнамада белгiленген тәртiппен ротациялаудан өте алады.
      9. Резервшiлер мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқуға және бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ уәкiлеттi орган белгілейтiн тәртiппен мемлекеттiк органдарға тағылымдамаға жiберiлуi мүмкiн.

2. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияны құру
және оның қызметi

      10. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияны Қазақстан Республикасының Президентi құрады және ол Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасы мен мүшелерiнен тұрады.
      11. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның төрағасы болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi көмекшiсi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды тұлғалар Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның мүшелерi болып табылады.
      13. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң кадр саясаты мәселелерiмен айналысатын бөлiмшесi Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      14. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Жоспардан тыс отырыстар Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасының шешiмi бойынша қажеттiгiне қарай өткiзiледi. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия отырыстарының, оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңдық күші болады.
      15. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия төрағасы:
      1) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс жоспарын бекiтедi;
      3) Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия шешiмдерiнiң iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
      16. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссия төрағасы орнында болмаған кезде не оның тапсыруы бойынша төрағаның функциясын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң бiрi орындайды.
      17. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi оның жұмыс жоспары, отырыстарының күн тәртiбi және мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервiне алу үшiн қосымша кандидатуралар жөнiнде ұсыныстар енгiзуге хақылы.
      18. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органы оның қарауына қажеттi құжаттар мен материалдар ұсынады, оның жұмыс жоспарларының жобаларын, отырыстарының күн тәртiбiн даярлауды қамтамасыз етедi, оның отырыстарының хаттамаларын ресiмдейдi.
      19. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмдерi ашық дауыс бере отырып жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      20. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмдерi отырыс өткiзiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төрағаның немесе төрағалық етушiнiң және оның отырысына қатысушы мүшелер қол-қоятын хаттамамен ресiмделедi. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi және екiншi санаттағы кадр резервiне алу туралы Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның шешiмiнде кандидат алынатын нақты мемлекеттiк саяси лауазым көрсетiледi.
      21. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттарды алдын ала iрiктеу мен екiншi санаттағы кадр резервiн жасақтау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы сарапшы топ құруы мүмкiн, оған Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия осы Ережеде көзделген өз өкілеттiктерiнiң бiр бөлiгiн өзi шешiмiмен айқындалатын көлемде бередi. Сарапшы топ қызметiнiң тәртiбi мен құрамын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.

3. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне
алу үшiн кандидаттарды iрiктеудi өткiзудiң
тәртiбi мен шарттары

      22. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу:
      1) ведомстволарды қоспағанда, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар басшылары орынбасарларының, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң орынбасарларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттік саяси қызметшілерiнiң;
      2) ұлттық компаниялардың бiрiншi басшыларының;
      3) ұйымдар басшыларының;
      4) мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiнде тұрған резервшілердiң арасынан жүзеге асырылады.
      23. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органы орталық мемлекеттік органдардың басшыларын, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн, ұлттық компаниялардың бiрiнші басшылары мен ұйымдардың басшыларын мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидатуралардың тiзiмдерiн ұсыну мерзiмдерi мен нысаны туралы хабардар етедi.
      23-1. Осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн олардың кандидатурасын мемлекеттiк орган алқасының немесе тиiстi әкiмдiк отырысының қарауына енгiзетiн орталық мемлекеттiк органның басшысына немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiне өтiнiш бередi.
      23-2. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттардың өтiнiштерiн оның отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдық сипаттағы шешiм қабылданатын мемлекеттiк орган алқасы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдігі қарайды. Қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегі комиссияның жұмыс органына жолдау туралы түпкiлiктi шешiмдi орталық мемлекеттiк органның басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi қабылдайды.
      Мемлекеттiк органда алқа болмаған жағдайда қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына жолдау туралы шешiмдi осы мемлекеттiк органның басшысы қабылдайды.
      23-3. Осы Ереженiң 22-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған тұлғалар мемлекеттік саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына өтiнiш бередi.
      23-4. Осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар арасынан мемлекеттiк саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервiне кандидатураларды Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырысына мемлекеттiк органдардың басшылары, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi ұсынады. Осы Ереженiң 22-тармағының 2) - 4) тармақшаларында аталған тұлғалардың кандидатураларын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi ұсынады. Қажет болған кезде кандидаттармен әңгiмелесу өткiзiледi.
      23-5. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мемлекеттiк саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Президентi хабардар етiлетiн шешiм қабылдайды.
      23-6. Мемлекеттiк саяси қызметтiң бiрiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн және кандидаттарды хабардар етудi Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр
резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеудi өткiзудiң
тәртiбi мен шарттары

      23-7. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу:
      1) осы Ереженiң 22-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3 санаттарына жатқызылған лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң, департамент басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымдарды атқаратын мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының, орталық мемлекеттiк органдардың облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлiмшелерi басшыларының, сондай-ақ облыстық маңызы бар қаланың, ауданның, қаладағы аудан әкiмiнiң орынбасарынан төмен емес жергіліктi атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының;
      2) осы Ереженiң 22-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, департамент басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарды атқаратын ұлттық компаниялардың лауазымды тұлғаларының;
      3) ұйымдар басшыларының арасынан жүзеге асырылады.
      23-8. Уәкілеттi орган Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссиямен келiсiм бойынша орталық мемлекеттiк органдардың басшыларын, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн, ұлттық компаниялардың бiрiншi басшылары мен ұйымдар басшыларын мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидатуралардың тiзiмдерiн ұсыну мерзiмдерi мен нысаны туралы хабардар етедi.
      23-9. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтің екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн олардың кандидатураларын мемлекеттiк орган алқасының немесе тиiстi әкiмдiк отырысының қарауына енгiзетiн орталық мемлекеттiк орган басшысына немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiне өтiнiш бередi.
      23-10. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне есепке алу үшiн кандидаттардың өтiнiштерiн оның отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдық сипаттағы шешiм қабылданатын мемлекеттiк орган алқасы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi қарайды. Қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды уәкілеттi органға жолдау туралы түпкiлiктi шешiмдi орталық мемлекеттiк органның басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi қабылдайды.
      Мемлекеттiк органда алқа болмаған жағдайда қажеттi құжаттар мен ұсынымдарды уәкiлеттi органға жолдау туралы шешiмдi осы мемлекеттiк органың басшысы қабылдайды.
      23-11. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн өтiнiштi тиiстi құжаттар мен ұсынымдарды уәкiлеттi органға ұсынатын ұлттық компанияның бiрiншi басшысына бередi.
      Осы Ереженiң 23-7-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидаттарды iрiктеуге қатысу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бередi.
      23-12. Уәкiлеттi орган құжаттарды тексерудi жүзеге асырады, мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды тесттен өткiзедi, Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның жұмыс органына құжаттарды енгiзедi. Кандидаттарды тесттен өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша уәкiлетті орган белгiлейдi.
      23-13. Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссияның отырысында осы Ереженiң 23-7-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар арасынан мемлекеттік органдардың, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң өкiлдерi мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне кандидатураларды ұсынады. Осы Ереженiң 23-7-тармағының 2) - 3) тармақшаларында аталған тұлғалардың кандидатураларын Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мүшелерi ұсынады. Қажет болған кезде кандидаттармен әңгiмелесу өткiзiледi.
      23-14. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      23-15. Мемлекеттiк саяси қызметтің екiншi санаттағы кадр резервiне алу не алудан бас тарту туралы мемлекеттiк органдарды, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiн және кандидаттарды хабардар етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4-1. Резервшінi мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр
резервiнен шығару

      23-16. Резервшінi мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервiнен шығару:
      1) резервшi ол орналасу үшiн мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнде тұрған мемлекеттiк саяси лауазымға тағайындалған;
      2) резервшi мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiнен өзiн шығару туралы өтiнiш берген;
      3) осы Ереженiң 5-тармағында аталған мерзiм өтiп кеткен;
      4) резервшiнiң көрiнеу жалған ақпарат бергенiн айғақтайтын фактiлер анықталған;
      5) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының  26-бабында және  27-бабының 1-тармағында көзделген негiздерде мемлекеттік қызметті тоқтатқан;
      6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      23-17. Резервшi мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервiнен бiрiншi санаттағы кадр резервiне ауысқан жағдайда оның резервте тұру мерзiмi үш жылға ұзартылады.";
      26-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген;";
      7-тараудың тақырыбы "өткен" деген сөзден кейiн "және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген" деген сөздермен толықтырылсын;
      42-тармақ "азаматтар" деген сөзден кейiн "және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      43-тармақта "және олар үшiн үш ай барысында сақталады" деген сөздер алынып тасталып, "бойынша" деген сөзден кейiн "және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарында" деген сөздермен толықтырылсын;
      46-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер азамат еңбек қызметiн жасамаған жағдайда, еңбек кiтапшасының немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжаттың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.";
      49-тармақта "тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiледi" деген сөздер "тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Президентiнiң
                                          2006 жылғы 5 қаңтардағы
                                              N 1695 Жарлығына
                                                  ҚОСЫМША

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Президентiнiң
                                         2003 жылғы 4 желтоқсандағы
                                               N 1243 Жарлығына
                                                   ҚОСЫМША

   Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды
   iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссияның құрамы

Жақсыбеков                - Қазақстан Республикасының Президентi
Әдiлбек Рыскелдiұлы         Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға

      Комиссия мүшелерi:

Имашев                    - Қазақстан Республикасының Президентi
Берiк Мәжитұлы              Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары

Қасымбеков                - Қазақстан Республикасы Президентi
Махмұд Базарқұлұлы          Кеңсесiнiң бастығы

Мәсiмов                   - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы           көмекшiсi

Нығматулин                - Қазақстан Республикасының Президентi
Нұрлан Зайруллаұлы          Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары

Тәжин                     - Қазақстан Республикасының Президентi
Марат Мұхамбетқазыұлы       Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары

Тiлеубердин               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Алтай Абылайұлы             Министрi Кеңсесiнiң Басшысы

Тұрысбеков Зауытбек       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Қауысбекұлы                 қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады