Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 317 Жарлығы

 Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Хатшылығы 8 бірліктен тұратын штат санымен бірге Премьер-Министрі Кеңсесінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат, N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат, N 20, 539-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат, N 15, 140-құжат):
      1-тармақтағы "376" деген цифрлар "384" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы "Мемлекеттік хатшының хатшылығы" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы" деген жолмен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 56, 39-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің  13-тармағындағы  "Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің" деген сөздер "Республикасы Президенті Әкімшілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
      Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Астана қаласы әкімінің орынбасары,
      Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Хатшылығының меңгерушісі,
      Жарбосынова Мәдина Бинешқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі,
      Иқсанова Гүлнар Мұстахимқызы - "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),
      Клебанова Дарья Владимировна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),
      Мұқашев Сиязбек Өнербекұлы - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша),
      Ни Любовь Августовна - Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры (келісім бойынша),
      Сейдуманов Серік Тұрарұлы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
      Соловьева Айгүл Сағадибекқызы - Қазақстанның Азаматтық альянсінің президенті (келісім бойынша),
      Тұтқышев Бексұлтан Серікпайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) енгізілсін;

      аталған комиссияның құрамынан О.А. Асанғазы, Г.К. Аубанова, С.Н. Бурлаченко, Л.А. Васильева, Т.С. Жақыпова, С.Қ. Ысқақова, Ш.Ж. Махмұдова, С.С. Мұстафина, Ә.Г. Мұхамеджанова, Н.М. Сейітова, В.А. Сиврюкова, А.Т. Төлегенова, З.М. Хасанова шығарылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұған дейін шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О некоторых вопросах Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 апреля 2007 года N 317

Подлежит опубликованию в  
Собрании актов Президента 
и Правительства     

       ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Правительству Республики Казахстан передать Секретариат Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан со штатной численностью 8 единиц из Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан в Администрацию Президента Республики Казахстан.

      2. Внести следующие изменения и дополнения в указы Президента Республики Казахстан:
      1) в  Указ  Президента Республики Казахстан от 31 марта 2004 года N 1327 "О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 15, ст. 184; N 48, ст. 591; 2005 г., N 6, ст. 49; N 20, ст. 239; 2006 г., N 4, ст. 23; N 15, ст. 140):
      в пункте 1 цифры "376" заменить цифрами "384";
      структуру Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденную названным Указом, после строки "Секретариат Государственного секретаря" дополнить строкой "Секретариат Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан";
      2) в  Указ  Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2006 года N 56 "О Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 5, ст. 39):
      в  пункте 13  Положения о Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан, утвержденного названным Указом, слова "Канцелярии Премьер-Министра" заменить словами "Администрации Президента";
      ввести в состав Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан, утвержденный названным Указом:
      Аманшаева Ермека Амирхановича - заместителя акима города Астаны,
      Бекжанова Жамбула Лесбековича - заведующего Секретариатом Национальной комиссии по делам семьи и гендерной политике при Президенте Республики Казахстан,
      Джарбусынову Мадину Бинешевну - посла по особым поручениям Министерства иностранных дел Республики Казахстан,
      Иксанову Гульнару Мустахимовну - генерального директора АО "Агентство "Хабар" (по согласованию),
      Клебанову Дарью Владимировну - депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию),
      Мукашева Сиязбека Онербековича - Председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан (по согласованию),
      Ни Любовь Августовну - директора Государственного республиканского корейского театра музыкальной комедии (по согласованию),
      Сейдуманова Серика Тураровича - заместителя акима города Алматы,
      Соловьеву Айгуль Сагадибековну - президента Гражданского альянса Казахстана (по согласованию),
      Туткушева Бексултана Серикпаевича - депутата Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию);
      вывести из состава указанной Комиссии: Асангазы О.А., Аубанову Г.К., Бурлаченко С.Н., Васильеву Л.А., Жакупову Т.С., Искакову С.К., Махмудову Ш.Д., Мустафину С.С., Мухамеджанову А.Г., Сеитову Н.М., Сиврюкову В.А., Тулегенову А.Т., Хасанову З.М.

      3. Администрации Президента Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Правительству Республики Казахстан привести ранее изданные акты в соответствие с настоящим Указом.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
Республики Казахстан