Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 500 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

               ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа Қазақстан Республикасының атынан Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қоюға уәкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентінің        
2007 жылғы 25 желтоқсандағы 
N 500 Жарлығымен      
МАҚҰЛДАНҒАН        

  Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия
университетін құру жөніндегі шартқа
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

      Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы (бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар) Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартта (бұдан әрі - Шарт) қолданылатын терминдерді бірыңғай қолдану мақсатында төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Шартта және Орталық Азия университетінің Жарғысында (Шартқа А қосымшасы) пайдаланылатын "салықтар" деген термин қазақстандық Тарап үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді білдіреді.

  2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

  3-бап

      Осы Хаттамаға Қазақстан Республикасы Астана қаласында (Қазақстан) және Исмаилиттер имаматы Париж қаласында (Француз Республикасы) қол қойылған данасын кейіннен басқа Тарапқа қол қоюға жіберіп, бір жақты тәртіппен қол қойылуы мүмкін. Осы Хаттамаға соңғы қол қойған Тараптың қол қойған күні оған қол қойылған күн болып саналады.

  4-бап

      Осы Хаттама Исмаилиттер имаматы Қазақстан Республикасының оны ратификациялағаны туралы қазақстандық Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.

  5-бап

      Осы Хаттама екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасынан          Исмаилиттер имаматынан

     Қала __________________            Қала __________________

     Күні __________________            Күні __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады