Байланыс формасы

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығы

      Ескерту. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде аталған лауазымдар атауларына қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бұрын қабылданған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 

      4) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 1556 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 174-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығының 3-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 329-құжат);

      4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1606 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 345-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 1614 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 380-құжат).

      7. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N№501 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарының санаттары бойынша
ТІЗІЛІМІ

      Ескерту. Тізілім алып тасталды - ҚР Президентінің 07.03.2013 N 523 (26.03.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады