Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 530 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат, N 24, 268-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахметоллаұлы     қызмет істері агенттігінің төрағасы,

Әбдіхамитов               - "Қазақстан" республикалық
Дәурен Серікұлы             телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының
                            төрағасы (келісім бойынша),

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серік Нұртайұлы             Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
                            реформа комитетінің төрағасы
                            (келісім бойынша),

Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы           Қаржы министрі;

      аталған Комиссияның құрамынан С.М.Жалыбин, Н.И.Иманғалиев, Н.А.Коржова, З.Қ.Тұрысбеков шығарылсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат; N 24, 268-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

Турецкий                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Николай Николаевич             Мәжілісінің депутаты
                               (келісім бойынша)

енгізілсін;
      аталған Комиссияның құрамынан Ә.Р.Жолшыбеков шығарылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады