Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335 Жарлығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 маусымдағы N 613 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 335  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 176-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған, қоса беріліп отырған Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманың жобасында:

      1-бап "қорытынды Актіге және" деген сөздерден кейін "2006 жылғы 1 маусымда күшіне енген" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап

      1. Осы Хаттама соңғы мақұлдау құралы ұсынылған күннен кейінгі бірінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап өзі күшіне енетін күнге дейін уақытша қолданылатын болады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2008 жылғы 13 маусымдағы
N 613 Жарлығымен    
МАҚҰЛДАНДЫ       

  Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттамасының жобасы

      Осы хаттама мақсаттары үшін бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан, (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) деп аталатын Еуропалық Одақ Кеңесі ұсынған Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі,
      және бұдан әрі "Қоғамдастықтар" деп аталатын, Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық Комиссия ұсынған
      Еуропалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық
      2005 жылғы 25 сәуірде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кіруі туралы шарт талаптарын ескере отырып,
      Еуропалық Одаққа екі жаңа мүше мемлекеттің кіруі нәтижесінде туындайтын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді көздейтін Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын назарға ала отырып,
      Тараптардың Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің міндеттері мен қағидаттарына қол жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету ниетіне орай,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық орнататын Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - "Келісім") қосылады және сол күні қол қойылған қорытынды актіге және 2006 жылы 1 маусымда күшіне енген 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамаға қоса берілетін Келісімнің, бірлескен мәлімдемелердің, хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты тиісінше бекітеді және назарға алады.

  2-бап

      Осы хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

  3-бап

      1. Осы хаттаманы Қазақстан Республикасы және мүше мемлекеттердің атынан Қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесі өздерінің ішкі рәсімдеріне сәйкес бекітуі тиіс.

      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар етуге міндеттенеді. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

  4-бап

      1. Осы хаттама соңғы мақұлдау құралы ұсынылған күннен кейінгі бірінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Осы хаттама 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап өзі күшіне енетін күнге дейін уақытша қолданылатын болады

  5-бап

      1. Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса берілетін барлық құжаттардың мәтіндері, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалар болгар және румын тілдерінде жасалады.

      2. Олардың осы хаттамаға қоса берілетін және олардың басқа тілдерде орындалған Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса беріліп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалардың мәтіндерімен бірдей күші бар.

  6-бап

      Осы хаттама қазақ, болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словен, словак, испан және швед тілдерінде екі данада жасалды, олардың әрқайсысы бірдей болып табылады.
      200_жылғы __________ ___________________ қаласында жасалды.

       Қазақстан Республикасы үшін

      Мүше мемлекеттер үшін

      Еуропалық қоғамдастықтар үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады