Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 680 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 5, 52-құжат):
      1-тармақтағы "346" деген цифрлар "356" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында:
      "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі" деген жол алып тасталсын;
      "Кадр саясаты бөлімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі";
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
      Мемлекеттік хатшының хатшылығы
      Жалпы бөлім
      Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі";
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 116-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
      21-тармақтың 6) тармақшасы "осы мақсаттарда, сондай-ақ Мемлекет басшысы қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен апта сайынғы кеңестер өткізеді;" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады