Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген
тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымемлекеттік мекемесін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырсын;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның мемлекеттік басқару органы деп белгілесін;
      3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды қамтамасыз етсін;
      4) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына
өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 26, 265-құжат):
      1-тармақ алып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 және 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 145 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 265-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      3. Осы Жарлық, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады