Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы N 775 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

       Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2005 ж., N 39, 555-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат; 2007 ж., N 42, 479-құжат; 2008 ж., N 3, 38-құжат; N 35, 364-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында:
       1-бөлімде :
      реттік нөмірі 10, 12 және 17-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
      "11-1. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады