Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1099 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат, № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат, № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы:
      мына:
«Донақов                   Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы         Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                           төрағаның орынбасары»,

«Тәжин                     Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы      көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Донақов                   Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы         Әкімшілігі Басшысының орынбасары»,

«Тәжин                     Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы      көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,
                           төрағаның орынбасары».

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады