Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін;
      2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
      3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.08.2013 N 607 Жарлықтарымен.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Мазмұны

      Ескерту. Мазмұнға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту
1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру
Мұнай-газ секторы
Кен металлургиясы саласы
Химия өнеркәсібі
Атом өнеркәсібі
1.2 Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту
Машина жасау
Фармацевтика өнеркәсібі
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру
1.3 Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау
Агроөнеркәсіптік кешен
Жеңіл өнеркәсіп
Туристік сала
1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Ғарыш қызметі
Жаңартылған энергия көздері
2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары
2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
2.2 Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
2.3 Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету
2.4 Минералдық-шикізат кешенін дамыту
2.5 Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
2.6 Әкімшілік кедергілерді азайту
2.7 Бәсекелестікті дамыту
2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру
2.9 Энергия үнемдеу
2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
2.11 Тариф саясаты
2.12 Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
2.13 Сауда саясаты
2.14 Бағдарламаны қаржылық қолдау құралдары
2.15 Жергілікті қамту
3. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру
3.1 Экономиканың басым секторлары бөлінісінде өндірістік әлеуетті аумақтық ұйымдастыру
3.2 Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру
4. Экономиканың басым секторларын дамытуда мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету
4.1 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асырудың схемасы мен құралдары
4.1.1 Жүйе құраушы ірі жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Бағдарламаны іске асырудағы рөлі
4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асыру тетіктері
4.2 Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру схемасы мен құралдары
4.2.1 Даму институттарының, ұлттық компаниялардың бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асырудағы рөлі
4.2.2 Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру тетіктері (Бизнестің жол картасы - 2020)
4.3 Бизнес бірлестіктерінің рөлін арттыру
5. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
6. Бағдарламаның нәтижелері

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2010 жыл

Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

Бағдарламаның        Қазақстан Республикасын үдемелі
атауы                индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                     мемлекеттік бағдарлама

Әзірлеу үшін           1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009
негіздеме            жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген
                       Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр
                       Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009
                       жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде
                       берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
                       іс-шаралар жоспарының 1-тармағы;
                         2) Қазақстан Республикасының Президенті
                       Әкімшілігі Басшысының 2009 жылғы 19
                       қыркүйектегі № 01-30.27 бұйрығымен бекітілген
                       2009 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан
                       Республикасының Парламенті төртінші
                       шақырылымының III сессиясында Қазақстан
                       Республикасының Президенті берген
                       тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                       жоспарының 3 және 4-тармақтары.

Әзірлеуші              Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
                       және сауда министрлігі, Қазақстан
                       Республикасының Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлігі

Бағдарламаның          Экономиканы әртараптандыру және оның
мақсаты               бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты
                       және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету

Міндеттері             Экономиканы әртараптандыруды және оның
                       бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз
                       ететін басым секторларын дамыту
                         Экономиканың басым секторларын дамытудың
                       әлеуметтік тиімділігін күшейту және
                       инвестициялық жобаларды іске асыру
                         Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау
                         Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық
                       ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу
                       орталықтарын құру
                         Экономиканың басым салаларын дамыту
                       процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді
                       іс-қимылын қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі     2010 - 2014 жылдар

Қажетті ресурстар      Мемлекеттік бюджет және ұлттық компаниялар
мен қаржыландыру     мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын
көздері               қоса алғанда, кәсіпорындардың, ұйымдардың
                       қаражаты. Республикалық және жергілікті
                       бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын
                       кезеңге арналған тиісті бюджеттерді
                       қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Нысаналы               Мыналарды:
индикаторлар           1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылға қарағанда
                       нақты мәнде кемінде 38,4 %-ға, номиналды мәнде
                       - 26 трлн. теңгеге;
                         2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес
                       сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы
                       деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
                         3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің
                       өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге
                       қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
                         4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың
                       құндық көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда
                       кемінде 30 %-ға;
                         5) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін
                       2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде
                       (2008 жылдың салыстырмалы бағаларымен) кемінде
                       1,5 есеге;
                         6) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың
                       тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту
                       үлесін - 43 %-ға дейін, жұмыстар мен
                       қызметтерді сатып алуда - 87 %-ға дейін;
                         7) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық
                       холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып
                       алудағы жергілікті қамту үлесін - 49 %-ға
                       дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда -
                       78 %-ға дейін;
                         8) жер қойнауын пайдаланушылардың (тау-кен
                       кешені) тауарларды сатып алудағы жергілікті
                       қамту үлесін - 12 %-ға дейін, жұмыстар мен
                       қызметтерді сатып алуда - 74 %-ға дейін;
                         9) НКОК, ҚПО және ТШС көрсеткіштерін есепке
                       алмағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың
                       (мұнай-газ секторы) тауарларды сатып алудағы
                       жергілікті қамту үлесін - 16 %-ға дейін,
                       жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 72,5
                       %-ға дейін;
                         10) жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды
                       сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 15
                       %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып
                       алуда - 68 %-ға дейін;
                         11) инновациялық белсенді кәсіпорындардың
                       үлесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының
                       10 %-ына дейін ұлғайту.
                         ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2008 жылғы
                       деңгейден кемінде 10 %-ға азайту.

Кіріспе

      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
      Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.
      2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
      Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
      Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
      Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
      Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
      Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.
      Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
      қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
      бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
      жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
      адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
      Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

Ағымдағы жағдайды талдау

      2000 жылдың басында негізі салынған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұрыс екенін көрсетті: экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды.
      Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздері:
      экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;
      серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;
      әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;
      мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін келіссөз алаңдары құрылды.
      Инвестициялық саясат шеңберінде инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайтын заңнамалық база жетілдірілді.
      Бұл шаралар мұнай-газ өндіру секторының өсуімен байланысты экономиканың белсенді өсуі кезеңінде экономиканың мұнайға қатысты емес секторының да барабар өсуін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердің объективті ресурстық экономикаларына тән бірқатар жүйелі әсерлердің бар болуына байланысты толық түрде іске асырылған жоқ:
      ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикізат секторларына қайта бөлу әсерін жаңғыртуға ықпал ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгілерінің көрінуі;
      бұл кезеңде нарықтық тетік экономиканың жекелеген секторларының «қызып кетуін» болдырмайтын белгі беруге мүмкіндігі болмады және мемлекетке экономиканың «дұрыс» құрылымын құруға көмектесе алмады;
      әртараптандыру саясаты оны ілгерілету үшін қажетті шекті көлемнің болмауына кезікті.
      Әртараптандыруға бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі жеткіліксіз әрі шашыраңқы болды, ол қандай да бір маңызды құрылымдық ілгерілеушілікке әкелмеді.
      Нәтижесінде экономика құрылымы шикізаттық бағытын сақтап, ал жұмыспен қамтылу құрылымы еңбек әлеуетін пайдалану тиімділігінің төмендігін сипаттайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін халық саны 31,5%-ды, осы сектордың ЖІӨ құрылымындағы өнімнің үлес салмағы небәрі 5,8%-ды құрады. 2000 - 2008 жылдар кезеңінде ЖІӨ-де өңдеуші өнеркәсіп үлесі 16,5%-дан 11,8%-ға дейін қысқарды, ал кен өндіру үлесі 13%-дан 18,7%-ға өсті.
      Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы - өнімділік бойынша, соңғы жылдардың оң серпініне қарамастан Қазақстан дамуы жағынан орта деңгейлі елдерден де артта қалды: 2008 жылдың деректері бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша Қазақстандағы еңбек өнімділігі бір адамға 22,6 мың долларды құрайды, ал бұл көрсеткіш Ресейде - 33,4, Жапонияда - 68,2, АҚШ-та - 98,1.
      Шикізат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді.
      Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмайды.
      Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қазақстанның нарықтық экономикасы эволюциялық түрде құрылды. Өткен циклдік даму экспорттық шикізат секторы өсуінің серпінімен және сыртқы қаржылық нарықтарда арзан инвестициялық ресурстардың қолжетімділігімен көрінді.
      Қазақстанда орта және шағын бизнестің ұлттық ерекшелігі инвестициялардың тез қайтарымына кепілдік беретін бос тауашаны алу мүмкіндігімен анықталды (сатылмайтын ішкі экономика секторлары: жылжымайтын мүлік, сауда, жергілікті құрылыс индустриясы, сауда-делдалдық сектор мен қызметтер саласы).
      Тиісінше, бизнес басымдықтары, қосылған құны жоғарғы өңдеу өндірістерін дамыту жөніндегі мемлекет басымдықтарына сәйкес келген жоқ. Бұл үрдістер даму институттарының, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық жобаларының тиісті портфелінде көрінді. Бұл ұлттық бизнестің қалыптасуының объективті эволюциялық үрдісін көрсетеді. «Көбікті» үрлеген дағдарыс жаңа нарықтарды және инновациялық өнімдерді іздетеді. Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының оңтайлы жолына жеделдете индустрияландыру жатады.
      Әлемдік тәжірибе индустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму», «дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады.
      Дәстүрлі мамандандыру секторлары мен қалған экономика арасындағы тұрақты байланыстар сервистік қызмет арқылы дамуға мүмкіндік беретін бірқатар қосымша салаларды құрайды. Бұл сонымен қатар, шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының жанында шағын және орта бизнес кластерлерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.
      Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден одағының әлеуетін барынша іске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету.
      Қосымша «болашақ экономикасы» секторларына селективті қолдау жасау қажет, олар келесі 15-20 жылда әлемдік экономикадағы басым рөлге ие болатындар.
      Индустрияландыру саясатының табысты іске асырылуының негізгі шартына өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жатады.
      Алда тұрған индустрияландыру өңірлерді бірқалыпты даму саясатынан өсудің жоғарғы әлеуеті мен жоғарғы экономикалық белсенділікке ие қалалар мен аумақтарды дамытудағы дәлме-дәл әдіске ауысуды талап етеді.
      Индустрияландыру саясатының тиімділігі бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін экономиканың басым секторларын дамытуға шоғырландыру, сондай-ақ олардың тиімді институттары мен өзара әрекет ету тетіктерін қалыптастыруға байланысты болмақ.

Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері

      Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

      Мақсаты - әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету.
      Нысаналы индикаторлар
      1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге ұлғайту;
      2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
      3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 30 %-ға ұлғайту;
      5) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде (2008 жылдың салыстырмалы бағаларымен) кемінде 1,5 есеге арттыру;
      6) ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден кемінде 10 %-ға төмендету.
      Басымдықтар:
      ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды шарты ретінде өндіріс факторларының өнімділігін арттыру;
      экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді жасауға басым тікелей шетел инвестицияларын тартуға екпін беру;
      ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен нығайту;
      экономиканың шоғырландырылу деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту;
      экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістігін ұйымдастыру.
      Міндеттер:
      Әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілік өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларын дамыту;
      Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру;
      индустрияландыру үшін қолайлы ортаны құру;
      экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;
      экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету.
      Бағдарлама мынадай принциптерге негізделеді:
      бизнес-бастамаларға бағдарлану;
      шикізаттық емес секторда «серпінді» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау;
      мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесінде олардың рөлдерін нақты айқындау;
      жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялау;
      итеративтік, Бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейі бойынша перманентті нақтылаумен байланысты;
      транспаренттік - Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтініш берушілердің сұрауларының, мемлекеттік қолдау шараларының, Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерінің ашықтық принципі;
      тең қолжетімділік - Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдік компания да, ірі және орта, шағын кәсіпорындар да болуы мүмкін;
      бәсекелестік - тиімді жобаларды ілгерілету және экономикалық емес әдістерді пайдаланудың алдын алу негізі ретінде;
      трансферттік (қолданылу әсері) - нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады;
      сабақтастық - іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттік саясаттың аса тиімді шаралары осы Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылатын болады;
      білім — ғылым — инновация - білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктері, нарықта сұранысқа ие инновациялық технологиялар мен өнімдердің жаңа түрлерін жасау арасындағы өзара тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін базалық құрамдауыш.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

1. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамыту

      Ескерту. 1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің катализаторларына айналатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторларды озыңқы дамытуға бағытталатын болады.
      Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға шоғырландырылады:
      1) дәстүрлі: кейіннен шикізат өндірістерінен анағұрлым жоғары қайта өңдеулерге көше отырып мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі;
      2) жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар мен мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
      3) шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және негізінен экспортқа бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
      4) алдағы 15 - 20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.
      Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес әрі Бағдарламаны іске асыру барысында толықтырылып отырады.
      Жоғарыда көрсетілген басым бағыттардың өзектілігі 2010 - 2011 жылдары КИСТЕП Корея ғылым мен технологияларды бағалау және жоспарлау институтының әдіснамалық қолдауымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүргізген алғашқы ғылыми-технологиялық форсайт нәтижелерімен расталды. Осылайша, технологиялық болжау қорытындылары бойынша экономиканың басым 7 саласы (тау-кен металлургия кешені, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау) бойынша Қазақстан үшін сындарлы 75 технологиядан тұратын тізбе айқындалды.
      Оның үстіне, энергия тиімділігі технологиялары және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салааралық сипаттағы технологияларға жатқызылған, оларды дамыту орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін басымдыққа айналуға тиіс.
      Форсайттық зерттеулердің келесі кезеңінде сындарлы технологияларды дамыту мақсатында мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл жасауына негізделген түйінді өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді алу мақсатында сындарлы технологияларды дамыту бойынша тетіктер мен шаралар кешенін жүйелеуді көздейтін нысаналы технологиялық бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) әзірленіп, іске асырылатын болады. НТБ ғылыми-технологиялық саладағы мемлекеттік-жекеше әріптестіктің пәрменді тетігі болып табылады деп болжануда. Ұзақ мерзімді перспективада олар экономиканың түрлі секторларының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуде оң рөл атқара алады.
      Бағдарламаны іске асыру кезінде әлемдік қоғамдастықтың үшінші индустриялық төңкеріске аяқ басқанын ескеру қажет, оның сипаттамаларының бірі сұраныстың кастомизациялануы (өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді нақты тұтынушының мүддесі мен талаптарын ескере отырып өндіру), тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жеке тәсілді қолдану болып табылады, бұл жұмыс күшіне, өндірістің орналастырылуына және ұйымдастырылуына қойылатын талаптарда елеулі із қалдыруға тиіс.
      Үшінші өнеркәсіптік төңкерістің негізгі 4 тренді ерекшеленеді:
      1) автоматтандыру, өндірістерді цифрландыру (ақпаратты берудің ұқсас нысанынан цифрлық нысанға ауысу) және робот техникасы;
      2) жаңа материалдар;
      3) жаңа буын логистикасы;
      4) «жасыл» технологиялар.
      Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық саясат үшінші индустриялық төңкерістің негіз қалаушы мынадай талаптарына жауап беруі тиіс:
      1) энергия тұтынуды және қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуды қамтамасыз ететін энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологияларын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ энергетикалық тәуелсіздікке көшу (яғни, электр энергиясын дербес өндіру);
      2) басқару жүйелерін автоматтандыру, роботтандырылған өндірістер құру, басып шығарудың 3D технологияларын қолдану есебінен өндірістердің икемділігіне қол жеткізу. Бұл орташа және ұсақ сериялы өндіріс шеңберінде жаңа өнімдер өндіруге және тауарларды тапсырыс бойынша жылдам өткізуге арналған технологиялық процестердің ұтқырлығын қамтамасыз етуге ықпал етеді;
      3) интернет мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдануды қамтамасыз ететін ақпараттық қоғам қалыптастыру;
      4) өндіріс үшін мүлдем өзгеше мүмкіндіктерге ие және бірқатар артықшылықты сапалары (жоғары беріктік, жеңілдік, әмбебаптық, неғұрлым төмен құн) бар композитті материалдар, нанотехнологиялар секілді жаңа материалдарды дамыту.
      Жоғарыда келтірілген басым бағыттарды іске асыру мақсатында оларды іске асыру кезіндегі негізгі проблемалар анықталып, технологияларды пайдаланудың перспективалылығына талдау жүргізілетін болады, технологияларды тұтынушыларды оқыту, ынталандыру, отандық қызметкерлерді осы технологиялармен жұмыс істеуге бейімдеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады, сондай-ақ зерттеу орталықтарын, оқу зертханаларын, ірі көлемді инновациялық жобалар құру бойынша іс-шаралар іске асырылады.
      Экономиканы ойдағыдай әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен, оның ішінде орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын енгізу жолымен, инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғат экожүйелеріне антропогендік жүктеменің келеңсіз әсерін төмендету, қоршаған ортаға эмиссияларды азайту бойынша табиғатты пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу арқылы дамуымен тығыз байланысты.
      Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобаларды іске асыруға қарсы тұратын болады, сондықтан қолдау үшін жобаларды таңдаудың негізгі критерийлері өнімділік, энергия тиімділігі және ең алдымен, Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігіне байланысты, экспортқа бағдарлану болып табылады.
      Индустриялық саясат өндірістік интеграция мен өнеркәсіптік кооперациядағы кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтарын нысаналы қолдануға бағдарланатын болады, олардың нәтижесінде жаңа буын кластерлері қалыптасуы мүмкін. Ғылыми, технологиялық және маркетингтік қызмет салаларындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық нәтижесінде отандық кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеует деңгейін арттыруға, қолданыстағы технологиялар трансфертіне ықпал етуге және жаңаларын жасауға мүмкіндік береді.
      Бұдан басқа, озық технологиялар трансферті мен оларды енгізу, қажетті ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуды және отандық компаниялардың инновациялық қызметіне жағдай жасау мен оларды ынталандыруды қамтитын қолайлы «инновациялық ахуал» базасын қамтамасыз ету қажеттілігі бар.
      Осыған байланысты, технологиялар трансферті негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
      Шетелдік технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің қажеттілігін анықтау мақсатында бастапқыда нарықты талдауды жүзеге асыру жөніндегі мәселелер, елдегі қандай да бір технологияларды қолдану және бейімдеу мүмкіндіктері, оның ішінде форсайттық зерттеулер шеңберінде пысықталатын болады. Алынған нәтижелердің негізінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы арқылы шетелдік технологиялардың дерекқорларына жол ашу, байланысты жолға қою, технологиялар трансфертіне, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы қолдау көрсету бағдарламасы іске асырылатын болады. Өз кезегінде, осы жұмысты атқару отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.
      Технологиялар трансферті желісін құру. Атап айтқанда, АҚШ және басқа да елдермен бірлесіп технологиялар трансферті орталықтарын құру жөніндегі мәселелер пысықталатын болады. Мұндай орталықтар отандық кәсіпорындардың әлемдік қазіргі заманғы технологияларға және керісінше шетелдік перспективалы әзірлемелердің отандық нарыққа қолжетіліміндегі байланыстырушы буын, сондай-ақ қазақстандық бизнестің жетекші «коммуникация нүктелері» әрі идеялардың негізгі генераторы болмақ. Технологиялар трансфертінің бірлескен халықаралық орталықтары отандық кәсіпорындар үшін шетелде технологиялық әріптестер мен технологиялар іздестіруді де, қазақстандық стартаптарды алға жылжытуды да жүзеге асыратын болады.
      Отандық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді әлемдік технологиялық нарыққа шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Ол үшін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамында үздік отандық технологиялық стартаптарды кейіннен шетелде алға жылжыту үшін оларды іріктеу жөніндегі бағдарлама, оның ішінде тағылымдамалар, оқытулар ұйымдастыру, консалтингтік қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ жетекші әлемдік бизнес-акселераторлармен ынтымақтастық арқылы іске асырылады.

1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру

Мұнай-газ секторы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндіру 35,6 млрд. текше метрді құрады. Мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.
      Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрі - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдеді.
      Мұнай өндіруді одан әрі дамыту теңіз жобаларымен, «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарын кеңейту жобаларының нәтижелерімен өзара тығыз байланысты.
      Көмірсутек шикізатын өндіру көлемінің ауқымына қарамастан, бүгінгі күні Қазақстанда қосылған құны жоғары өнім ала отырып, көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеудің толық технологиялық тізбегі жоқ.
      Көмірсутек шикізатын өңдеу мұнай мен газды айырумен шектеледі. Елде сонау кеңес уақытында салынған әрі қазіргі заманғы стандарттарға сай келмейтін 3 МӨЗ және 3 газ өңдейтін зауыт (бұдан әрі - ГӨЗ) жұмыс істейді.
      Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) қатысуымен халықаралық және ішкі сұраныс нарықтарына байланысты белгілі бір арақатынастағы сапалы мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімін шығаруға мүмкіндік беретін, көмірсутек шикізатын кешенді, терең қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық, инновациялық және икемді өндірістер құру жөніндегі базалық жобалар іске асырылу кезеңіне дайын.
      Өзара байланысты мұнай-газ және мұнай-химия өндірістерін іске асыру үшін Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
      Негізгі міндеттер
      1. Отандық көмірсутек шикізатын (мұнай/газ) өңдеудің тереңдігін және көлемін ұлғайту.
      2. Ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен сұйытылған газға қажеттілігін қамтамасыз ету.
      3. Мұнайды, газды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын
әртараптандыру.
      Нысаналы индикаторлар
      1. 2016 жылдан бастап отандық мұнай өнімдерінің сапасын Еуро-4, Еуро-5 сапа стандартына дейін жеткізе отырып, 2014 жылы МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемінің 15 млн. тоннаға дейін (2008 жылға 122,1 %) өсуін қамтамасыз ету.
      2. «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырымен газ тасымалдауды:
      2013 жылы - 2,5 млрд. текше м. дейін;
      2015 жылы - 6 млрд. текше м. дейін;
      2016 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары - 10 млрд. текше м. дейін қамтамасыз ету.
      3. 2013 жылдан бастап жылына 200 мың тонна көлемінде мұнай жол битумдарын өндіруді қамтамасыз ету.
      4. Хош иісті көмірсутектерді (бензол, п-ксилол):
      2014 жылы - жылына 188,7 мың тоннаға дейін;
      2015 жылы - жылына 377,4 мың тоннаға дейін;
      2016 жылдан бастап және кейінгі жылдары - жылына 629,0 мың тоннаға дейін өндіруді қамтамасыз ету.
      Саланы дамытудың негізгі бағыттары
      Мемлекеттің мұнай-газ саласындағы саясаты қосылған құны неғұрлым жоғары өндірістерді дамытуды ынталандыруға, ірі жобаларда аутсоринг және жергілікті құрауышты нығайту арқылы шағын және орта кәсіпорындарда қосалқы, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктарды қалыптастыруға, сондай-ақ қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындардың күш-жігерін біріктіру есебінен жүйе құраушы ірі компаниялардың төңірегінде кластерлер қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.
      Мұндай тәсіл мұнай-газ және мұнай-химия секторларын дамытудан ішкі экономиканың салаларына ұштасқан кең мультипликативтік әсерге қол жеткізіп, оны ұлттық қайта жаңғырту үдерісіне белсенді енгізуге мүмкіндік береді.
      Көмірсутек шикізатын терең, бастапқы және кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын үйлестіру мүмкіндігін пайдалана отырып, қосылған құны жоғары базалық және өнімнің кең спектрлі өнім шығару үшін көмірсутек шикізатын терең қайта өндеу бойынша мұнай-газ және мұнай-химия өндірістері құрылатын болады.
      Бұл мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:
      1) Атырау мұнай өңдеу зауытында (бұдан әрі - АМӨЗ):
      хош иісті көмірсутектерді: жобалық қуаты жылына 133 мың тонна бензол, жылына 496 мың тонна параксилол өндіру кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2014 жылдар;
      мұнайды терең өңдеу кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      2) мұнай өңдейтін қуаты жылына 6 млн. тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын (Оңтүстік Қазақстан облысы) жаңғырту және қайта жаңарту. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      3) мұнайды бастапқы өңдейтін қуаты жылына 7,5 млн. тоннаға дейін жететін Павлодар мұнай химия зауытын (Павлодар облысы) жаңғырту және қайта жаңарту. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      4) Теңіз кен орнының (Атырау облысы) көмірсутек газын қайта өңдеуді көздейтін қуаты жылына 1,3 млн. тонна өнім болатын базалық мұнай-химия өнімін өндіру жөніндегі интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2009 - 2016 жылдар;
      5) Ақтау пластикалық масса зауытының базасында қуаты Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келетін 400 мың тонна жол битумын өндіретін (Қаражанбас ауыр мұнайын өңдеу) битум зауытын салу (Маңғыстау облысы). Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2013 жылдар.
      Мұнай-газ компанияларының сатып алуында жергілікті қамтуды ұлғайту үшін мынадай шаралар көзделеді:
      1) мұнай-газ саласындағы ұлттық компаниялар жаңадан құрылатын өндірістерге тікелей қатысу немесе отандық тауар өндірушілер шығаратын өнімдерге ұзақ мерзімді тапсырыс беруге кепілдік беру арқылы сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құруға бастама жасайтын болады;
      2) ірі мұнай-газ жобаларының төңірегінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының (бұдан әрі - ҚПО) қолдауымен құрылған Ақсай индустриялық паркінің үлгісі бойынша технопарктер құрылатын болады. Жобаның мақсаты қазақстандық компаниялардың ҚПО тұрақты және ұзақ мерзімді талап ететін тауарларды өндіруін ұйымдастыру болып табылады. Дәл осы қағидат бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан  әрі- ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (бұдан әрі - НКОК) және басқа ірі жер қойнауын пайдаланушылар талап ететін өнімдерді өндіру жөніндегі объектілер кешені құрылуы мүмкін;
      3) жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарға отандық МӨЗ-дерді мұнаймен міндетті түрде қамтамасыз ету және ілеспе тауарлар өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығын қамтамасыз ету жөніндегі шарттар енгізілетін болады;
      4) шикізат өңдеу және отандық тауар өндірушілерден сатып алу деңгейін ұлғайтуға бағытталған жүйе құраушы ірі жеке кәсіпорындармен меморандумдар жасалатын болады.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау шаралары
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
      Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚКТЖ)
      Мұнайды «Қашаған» және «Теңіз» кен орындарынан Каспий теңізі және Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесі және/немесе басқа мұнай тасымалдау жүйелері арқылы халықаралық нарыққа экспорттауға арналған ҚКТЖ мыналардан құралатын болады:
      1) Ескене - Құрық мұнай құбыры;
      2) Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалын, мұнай тасымалдауға және қосалқы операцияларға арналған танкерлер мен кемелерді, Каспий теңізінің әзербайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалын, Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен қосу құрылыстарын қамтитын Транскаспий жүйесі/жобасы (бұдан әрі - ТКЖ).
      Каспий құбыр жолы консорциумы (бұдан әрі - КҚК)
      Жалпы ұзындығы 1510 км болатын КҚК мұнай құбыры «Теңіз» кен орны мен Қара теңіздің ресейлік жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терминалын қосады.
      Мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
      Қазақстан - Қытай мұнай құбыры
      Қазақстан - Қытай мұнай құбыры Атасу - Алашанькоу және Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырының жобасын іске асыруды қамтиды. Қазақстан - Қытай мұнай құбырының қазіргі қуатының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр.
      Атырау - Самара мұнай құбыры
      Атырау - Самара мұнай құбыры мұнайды Қара теңіз немесе Балтық теңізі бағытында Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
      Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбыры
      Елдің оңтүстік өңірлерінің газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және газ импортына тәуелділігін жою мақсатында Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбырын іске қосу кешендері бойынша пайдалануға беру көзделіп отыр:
      1-кезектің 1-іске қосу кешені - 2011 жыл;
      1-кезектің 2-іске қосу кешені - 2013 жыл;
      2-кезек - 2019 жыл.
      Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      1. Атырау облысында Қарабатанда өндірістік алаң үшін, оның ішінде интеграцияланған газ-химия кешенінің қызметі үшін инфрақұрылым объектілерін салу.
      2. Атырау қаласында, аумағында базалық мұнай-химия шикізатымен жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындары орналастырылатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА технопаркінің инфрақұрылымын салу.
      Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру
      Мұнай-газ өнеркәсібінің біліктілігі жоғары кадрларға және ғылыми-зерттеу ресурстарына, сондай-ақ техникалық, басқарушылық және коммерциялық қызметтер көрсетуге сұранысын қанағаттандыруға арналған сервистік инфрақұрылым құру мәселесі пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Мұнай-газ саласының 16 мамандық бойынша кадрларға мұқтаждығы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) мен техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) 18 оқу орнында даярлау шеңберінде өтелетін болады.
      2011 жылы мұнай-газ саласы үшін Атырау қаласында 700 оқу орнына арналған Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығы пайдалануға беріледі.
      Мұнай-газ саласындағы кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі табысты дамыту үшін саладағы оқытудың әлемдік стандарттарына көшу:
      1) жастарға кәсіптік білім беру және қазақстандық кадрларды даярлау да компаниялардың жауапкершілігін көздейтін нормативтік құқықтық база әзірлеу;
      2) әлеуметтік әріптестерді кадрлар даярлауға тарту арқылы олармен өзара іс-қимыл жасау, қазақстандық кадрларды оқыту үрдісінде мұнай компанияларының оқу орталықтарын бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлау мемлекеттік тапсырыс және шетелдік ірі мұнай компанияларының мақсатты білім беру гранттарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Қазіргі уақытта Кеден одағының (бұдан әрі - КО) аумағында мұнай-газ және мұнай-химия саласының бірыңғай нормативтік-техникалық базасы әрекет етеді. КО шеңберінде мынадай техникалық регламенттер әзірленді және бекітілді:
      1) «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (2012 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) «Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» (2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі).
      Жоғарыда аталған техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында мыналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер қолданылады:
      1) «бензинге, дизель отыны мен мазутқа» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысымен бекітілген);
      2) «бензинге телімдерге» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 634 қаулысымен бекітілген);
      3) «көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 қаулысымен бекітілген);
      4) «мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық-барлау және геофизикалық жабдықтарға» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2231 қаулысымен бекітілген).
      Сондай-ақ КО шеңберінде магистральды мұнай құбырларының, су асты құбыр жолдары мен кәбілдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламент әзірленетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Мұнай-газ секторы саласындағы инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы кен орындарының үлгісінде игерудің кейінгі сатысындағы кен орындары үшін технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша қабаттардың мұнай беруін арттыру технологиялары айқындалатын болады. Осы сындарлы технологияны дамыту - «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы кен орындарының үлгісінде игерудің кейінгі сатысындағы кен орындары үшін қабаттардың мұнай беруін арттыру технологияларын дамыту» нысаналы технологиялық бағдарламасын іске асыру тетігі (қабаттық қысымды ұстап тұру, ерекше жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау технологиялары, жоғары дәлдік қабілеті бар сейсмикалық барлау, егжей-тегжейлі моделін жасау үшін сейсмикалық барлау деректерін интеграцияланған түсіндіру технологиясы, мұнай дайындау технологиясы), сонымен қатар каталитикалық технологиялар арқылы, оның ішінде полимерлер мен эластомерлер (полиэтилен, полипропилен, синтетикалық каучук) алу процестері үшін қамтамасыз етілетін болады».

Мұнай химиясы

      Ескерту. Параграф алынып тасталды - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

Тау-кен металлургия саласы

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Тау-кен металлургия кешенінің негізгі проблемалары: шикізат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикізат кешендігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалу, толық өндіріс тізбегі бар интеграцияланған кешендердің болмауы (өндіруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесі жоғары өнім шығаруға дейінгі), ішкі нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқылығы, өнімнің энергияны, еңбекті және материалды көп қажет етуі, инвентарлық жылжымалы құрамның өткір жетіспеушілігі.

Негізгі міндет

      Машина жасауды, құрылыс индустриясын және басқа да өнеркәсіп саласы және экспортты дамытуды қамтамасыз ететін мынадай бөліністегі металлургия өндірістерін құру.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.
      2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.
      3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Қара металлургия өнімдерін шығару құрылымы мен көлемін болжамдау:

р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2008 ж. деңгей ге қарағанда %

1

Темірді тікелей қалпына келтіру жолымен алынған қайта балқытылған шойын

ИДМ

мың тонна

3195

3195

3195

3195

3195

3000

93,8

2

Болаттан жасалған жалпақ илем

ИДМ

мың тонна

2826

2900

2900

2900

2900

3100

110

3

Ақ қаңылтыр

ИДМ

мың тонна

174

174

174

174

174

85

48,8

4

Мырышталған темір

ИДМ

мың тонна

526

526

526

526

526

573

108,9

5

Полимер жабыны бар темір

ИДМ

мың тонна

58

58

58

58

58

78

134,4

6

Құбырлар

ИДМ

мың тонна

104

104

164

434

434

215,4

207,1

7

Ферроқорытпалар

ИДМ

мың тонна

1590

1620

1654

1654

1654

1700

107

8

Титан құймалар

ИДМ

мың тонна

-

-

-

-

-

16

-

      Түсті металлургия өнімдерін шығару құрылымы мен көлемін болжамдау:

Р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2008 ж. деңгейге қарағанда %

1

Бастапқы алюминий

ИДМ

мың тонна

125

125

250

250

250

207

165,6

2

Катодты мыс

ИДМ

мың тонна

398,4

398,4

433,4

473,4

475

500

50,2

3

Катодты алтын

ИДМ

кг

20825

20825

35825

35825

35825

43184

207,3

4

Өңделмеген мырыш

ИДМ

мың тонна

365,6

365,6

365,6

365,6

370

370

101

5

Қорғасын

ИДМ

мың тонна

105,8

105,8

105,8

205,8

205,8

205,8

195

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Елдің кен металлургиясы кешенін дамытудағы мемлекеттік саясаты мынадай бағыттарды іске асыруға бағытталады:
      ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) металдар өндірісін ұйымдастыруы;
      шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық, жерде сирек және өте сирек кездесетін металдар негізінде жоғары бөліністі, қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірістерін ұйымдастыру.
      Сонымен қатар минералды шикізаттың кешенді өңделуін қамтамасыз ету үшін кендер мен концентраттар экспортының үлесін азайтуды ынталандыратын шаралар кешені қабылданады.
      Жаңа бөліністерге бағытталған, экспортқа бағдарланған дамыту
болжанып отырған өндірістер:
      1) қара металлургияда болат өндірісінің қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша 2018 жылы ірі жоба іске асырылады (Қарағанды облысы). Сонымен қатар бесжылдық кезеңде ферросиликомарганец өндірісінің жылдық көлемі жылына 64,8 мың тоннаға, феррохром көлемі жылына 440 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын болады;
      2) түсті металлургияда бастапқы алюминий өндірісі 125 мың тоннаға ұлғаяды. Сонымен қатар жылына қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін жаңа зауыт құрылысы басталады (Павлодар облысы). Сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдардың кіші саласында 2014 жылға қарай жоғары технологиялық өндірістер саласында аса ірі әлемдік көшбасшы корпорациялармен (кемінде екеу) біріккен кәсіпорындар құрылады. Бұдан басқа, катод мысын шығару - 95 мың тоннаға, кеуекті титан шығару - 16 мың тоннаға, саф таза кварц өндіру - 16,5 мың тоннаға, мыс-молибден кенін шығару 2,5 млн. тоннаға ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, 2016 жылы мыс концентратын шығару - 85 мың тоннаға (Шығыс Қазақстан облысы) ұлғайтылатын болады.
      2015 жылға қарай тантал өндіру 297 тоннаға, бериллий өндіру 2000 тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
      Сыртқы нарықтарға кезең-кезеңмен шыға отырып ішкі нарыққа бағытталу:
      қара металлургияда Қарағанды облысындағы индустриялық аймақта қосылған құны жоғары өнім шығаратын (кемінде үшеу) жоғары технологиялық аз тоннажды өндірістер құрылады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы болат прокаты өндірісінің жылдық көлемі 450 мың тоннаға, ыстық брикетті темір өндірісі жылына 1,4 млн. тоннаға ұлғайтылады;
      түсті металлургияда Павлодар облысында алюминийді қайта өңдейтін өндірістерді орналастыру үшін индустриялық аймақ құрылатын болады. Қуаты жылына 20 мың тонна прокат, жылына 10 мың тонна профиль өңдейтін алюминийді қайта өңдеу бойынша аз тоннажды өндірістер құру  жоспарлануда. Бұдан басқа, алтынның шығарылымы (Доре балқымасы, катодты алтын) жылына 15 тоннаға артады, сондай-ақ қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының өндірісі игеріледі;
      жоғары бөліністегі металлургия өнімін өндіру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын және орта кәсіпорын құрылады.
      Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
      Қостанай облысы - ыстық брикетті темір - жылына 1,4 млн. тонна;
      Қостанай облысы - сұрыптық прокат - жылына 75 мың тонна;
      Қостанай облысы - металл прокаты - жылына 450 мың тонна;
      Жамбыл облысы - ферросиликомарганец - жылына 64,8 мың тонна;
      Ақтөбе облысы - феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейін;
      Ақмола облысы - кен өндіру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндіру - жылына 15 тонна;
      Павлодар облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына 100 мың тонна. 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр;
      Павлодар облысы - бастапқы алюминий өндірісі - жылына 125 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына
85 мың тонна, катод мысының өндірісі - жылына 25 мың тонна. 2016 жылы іске қосу жоспарлануда;
      Шығыс Қазақстан облысы - кеуекті титан өндірісі - жылына 16 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - катод мысының өндірісі - жылына 70 мың тонна;
      2018 жылы Қарағанды облысында болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып, ірі жобаны іске қосу жоспарлануда.
      Бұл жобаны іске асыру кезеңдері:
      № 2 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 109,3 млн. АҚШ доллары. 2011 жылдың қарашасында пеш қыздырылуға қойылды. Алғашқы шойын (құрамында 2 %-дан жоғары кремний бар) 2012 жылғы 29 сәуірде, 10 мамырда - қолданбалы шойын (құрамында 0.8-1 % кремний бар) алынды;
      № 3 дайындамаларды үздіксіз құю машинасын жаңғырту.
      Инвестициялау сомасы - 37,4 млн. АҚШ доллары. 2011 жылғы қарашада пайдалануға берілді. № 3 машина жұмыс параметрлеріне 2012 жылғы сәуірде шықты;
      «Linde» фирмасының оттегі өндірісінің ауаны бөлу блогын салу.
      Инвестициялау сомасы - 125 млн. АҚШ доллары.
      Жоба 2012 жылдың 25 желтоқсанында іске қосылды;
      домналық газдағы қазандық станциясын салу.
      Инвестициялау сомасы - 18,5 млн. АҚШ доллары. 2012 жылғы 15 желтоқсанда іске қосылды;
      № 3 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 130 млн. АҚШ доллары. «Пауль Вюрт» фирмасымен (Люксембург) келісімшарт жасалды. Алда инжинирингтік (жобалық) жұмыстарды орындау тұр.
      2012 жылғы 5 желтоқсанда пеш күрделі жөндеуге тоқтатылды.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
      Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дөң (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы) станцияларындағы темір жолдың өткізу қабілетін арттыру мәселесі пысықталады.
      Іске асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды энергетикалық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Тау-кен металлургия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс орындарында жеке жетекшілер бекітіле отырып, өндіріс кәсіпорындарында 3 ай мерзім өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Техникалық реттеу саласын жетілдіру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттік стандарты, оның ішінде сынақтар әдістеріне 162, өнімге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесіне 1 стандарт әзірленіп енгізілетін болады. Қабылдауға ұсынылатын стандарттардың 156-сы металдарға, 85-і металл материалдарына; 1-еуі менеджмент жүйесіне, 58-і металл материалдарын өлшеу және сынақ әдістеріне бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін қаттылықтың жоғары дәлдікті шараларын жасау мақсатында қаттылық шәкілдері бойынша мемлекеттік эталондарға жаңғырту жүргізу қажет.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында 2014 жылға қарай
Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар
орталығының жанынан өзіне тән қасиеттері бар жаңа материалдар ала отырып, минералды және техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологияларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу үшін қондырғылар салу мәселесі пысықталады.
      Кәсіпорындарды жүйелі мониторингтеу, металлургия мен металл өңдеу өнімдерінің қосылған құнын қалыптастыру үдерістерін талдау және бақылау жүргізіледі.
      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне және өндірістің экологиялылығына қол жеткізу мақсатында металлургия мен металл өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға арналған инновациялық гранттар бөлінеді. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу үшін, сондай-ақ жабдық лизингін жеңілдікпен қаржыландыруға гранттар бөлінетін болады.
      Тау-кен металлургиясы кешені саласындағы инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша тау-кен металлургиясы кешені саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: түсті металдардың қорытпаларын, кешенді ферроқорытпаларды өндіру технологиялары, темірді тікелей қалпына келтіру, металдарды сілтісіздендіру, тозуға төзімді қорытпаларды балқыту, тозуға төзімді және ыстыққа төзімді бұйымдарды құю технологиялары, шойыннан, болаттан, түсті металдардан бұйымдар құю технологиялары, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен барлаудың, техногендік кен орындарын қайта өңдеудің, ұжымдық концентраттар алудың, таза металдарды тікелей алудың, байытуы қиын және сапасы төмен шикізаттарды байыту мен қайта өңдеудің геологиялық-геофизикалық әдістерінің технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
      Саланың минералды шикізат пен жоғары бөліністі металлургиядан пайдалы құрауыштарды кешенді алу жөніндегі инновациялық-технологиялық база жасалып, қолданысқа енгізіледі.
      Мыналар:
      1) тау-кен кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жобалар әзірленіп, іске асыру мәселелері пысықталатын;
      2) импорттық технологияларды бейімдеу мен жаңғырту тетіктері дайындалатын болады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
      Мемлекет қатысатын жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін металл өнімін жеткізудің басым құқығы отандық өндірушілерге қамтамасыз етіледі.
      Саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғары бөліністі өнімдер алу мақсатында ішкі нарықта металдар өткізуді ынталандыру үшін шаралар қабылданады.
      Қазақстан экономикасын әртараптандыруда және қосылған құн жасауда, оның ішінде жергілікті қамтуды, технологиялар трансфертін дамыту, жаңа өнім түрлерін игеруді ынталандыру арқылы тау-кен металлургиясы кешенінің ірі жүйе құраушы компанияларының қатысуы бойынша жүйелі шаралар әзірленетін болады.
      Ресурстық қамтамасыз ету
      Ресурстық базасы шектеулі отандық компанияларға шетелде тау-кен активтерін сатып алу үшін жәрдем көрсетіледі.
      Теңгерімделген, қиын байытылатын кендер мен концентраттарды және үйінділерді өңдеу, сондай-ақ қайталама шикізатты (қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары) пайдалану бойынша тиімді технологиялар әзірленеді және енгізіледі.
      Мыналар:
      1) халықаралық стандарттарға сәйкес пайдалы қазбалар қорын бағалау және есепке алу жүйесін құру;
      2) техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) өнеркәсіптік пайдалануға тарту процестерін басқару жүйесін құру;
      3) іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізудің бірінші кезекті учаскелерін бөле отырып, болжамды ресурстардың жай-күйі мен орналастырылуына бағалау жүргізу мәселелері пысықталатын болады.
      «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ) тау-кен металлургиясы кешенінде жер қойнауын пайдалануға иеліктен шығарылатын құқықтарды сатып алу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге және өңдеуге қатысатын болады.
      Заңнаманы жетілдіру
      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын бекіту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне өкілеттіктер беру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізіледі.

Химия өнеркәсібі

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

      Әлемдегі химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемдік өндірістегі қазақстандық өндірістің үлесі - 0,04%, елдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемінде - 1,61%, елдің өңдеуші өнеркәсібінің көлемінде - 4,84%-ды құрайды.
      2008 жылдың қорытындылары бойынша сала өнімі экспортының көлемі 101 млрд. теңгені немесе шамамен 0,84 млрд. АҚШ долларын, ал импорт - 92 млрд. теңгені немесе 0,76 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Саланы дамытудың проблемаларына мыналар жатады: шикізатты өңдеу деңгейінің төмендігі; өнімнің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі; саланың технологиялық және техникалық артта қалуы; негізгі қорлардың тозуы (80%-дан жоғары); негізгі қорларды жаңарту коэффициентінің төмендігі (жылына 1-1,5%); одан әрі бөлу өнімдерін өндіру үшін бірқатар базалық өндірістердің болмауы; білікті кадрлар тапшылығы.
      Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті химия өндірістерін жобалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің (талдамалық зерттеулер, жоба алды, жобалық құжаттама, жабдықтарды, технологияларды жобалау, құрылысты бақылау, қызметті сүйемелдеу) толық кешенін жүзеге асыруға қабілетті инжинирингтік компаниялар жоқ екені рас.

Негізгі міндет

      Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басым өндірістерін дамыту.

Нысаналы индикаторлар

      1) Жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 70 %-ға ұлғайту.
      2) Химия өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 38 %-ға ұлғайту.
      3) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2 есеге ұлғайту.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жаңа химиялық өнімдер түрлерінің өндірісі ұйымдастырылды

ИДМ

дана

-

-

5

5

5

6

2

Каустикалық сода

ИДМ

мың тонна

-

-

30

30

30

30

3

Хлор

ИДМ

мың тонна

-

-

9,6

9,6

9,6

10

4

Тұз қышқылы

ИДМ

мың тонна

-

-

45

45

45

44,5

5

Натрий гипохлориті

ИДМ

мың тонна

-

-

6,6

6,6

6,6

5

6

Минералды тыңайтқыштар

ИДМ

мың тонна

251,7

254

257

260

260

400

7

Химиялық шикізатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа қуаттарды енгізу

ИДМ

дана

-

-

-

2

3

4

8

Күкірт қышқылы

ИДМ

мың тонна

997

997

1177

1177

2527

2350

9

Аммонит

ИДМ

мың тонна

-

-

-

15

15

15

10

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары)

ИДМ

мың тонна

-

-

0,6

0,6

0,6

0,6

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Мыналар:
      1) жылына кемінде: 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштар (оның ішінде азотты және фосфорлы), 250 мың тонна калий тыңайтқыштары (оның ішінде хлорсыз), 200 мың тонна кешенді тыңайтқыштар, 30 мың тонна мембраналық әдіс бойынша каустикалық сода, натрий цианиді және агрохимия құралдары өндірістерін ұйымдастыру;
      2) күкірт қышқылы өндірісінің көлемін жылына кемінде 500 мың тоннаға, синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің көлемін жылына кемінде 20 мың тоннаға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
      Осы мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:
      1) мембраналық әдіс бойынша жылына 30 мың тонна каустикалық сода және өзге де өнімдер - хлор, натрий гипохлориті өндірісі (Павлодар облысы);
      2) жылына 180 мың тоннаға дейін күкірт қышқылының өндірісі (Ақмола облысы);
      3) жылына қуаты 650 мың тонна күкірт қышқылы цехын салу (Жамбыл облысы).
      2014 жылдан бастап мынадай жобалар бойынша инфрақұрылымдық және құрылыс жұмыстары басталады:
      1) жылына кемінде 1 млн. тонна азот-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ұйымдастыру (Оңтүстік Қазақстан облысы «Үшбас» және «Герес» кен орындары);
      2) кен байыту фабрикасын салу (Жамбыл облысы).
      Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өнімдер өндірісін ұйымдастыру үшін мүмкіндік ашады, саланың ғылымды қажет етуін ұлғайтуға, қолда бар ғылыми әзірлемелерді пайдалануға және сыртқы және ішкі нарықтардың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын
салу жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі
пысықталатын болады.
      Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Химия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс орындарында жеке жетекшілер бекітіле отырып, өндіріс кәсіпорындарында 3 ай мерзім өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Әкімшілік кедергілерді алып тастау
      Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдер айналысын реттеу саласында рәсімдерді жеңілдету мақсатында химиялық өнімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылатын болады.
      Химия өнеркәсібі саласындағы техникалық реттеу
      КО-ның химия саласы бойынша техникалық регламенттері, сондай-ақ осы техникалық регламенттерге дәлелдеу базасы ретінде қабылданатын стандарттар әзірленетін болады.
      013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер»
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халықаралық талаптармен үйлестірілген 225 ұлттық және өңірлік стандарт әзірлеу және енгізу көзделген.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында Заңның 4-тарауының 20-бабында көрсетілген тоғыз бағыт бойынша өтінімдік сипатқа ие инновациялық гранттар беру түрінде мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы беріледі.
      Химия өндірісі саласында қызметі қазақстандық мамандар арасынан кемінде 30 білікті инженер даярлауға, өндірістерді жобалау жөніндегі қазіргі заманғы әдістемелер мен халықаралық стандарттар енгізуге, саланың инжинирингтік қызметтеріндегі жергілікті қамтуды кемінде 40 %-ға дейін ұлғайтуға, сала кәсіпорындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыруға бағытталатын мамандандырылған инжинирингтік компания құрылатын болады.
      Химия өнеркәсібі саласында иннованиялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша химия өнеркәсібі саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: металл бұйымдарын алмастыру үшін композициялық және керамикалық материалдар алу технологиялары, биомассадан (екінші буынның биоэтанолы, биоыдырайтын полимерлер) жасалған өнімдер алудың биохимиялық технологиялары, мұнайды, газды қайта өңдеу процестеріне арналған нанокатализаторлар әзірлеу, күрделі (кешенді) минералдық және органикалық-минералдық тыңайтқыштар алу технологиялары, көмір химиясын дамытуға арналған технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) Химия өнеркәсібіндегі бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы болады және жер қойнауын пайдалануға арналған иеліктен айыру құқықтарына ие болу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен әзірлеуге қатысу, халықаралық қаржы нарығында қажетті қарыз капиталын тартумен және стратегиялық инвесторларды іздестірумен айналысу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді. Химиялық өнімдер өндіру бойынша инвестициялық жобаларды, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады.
      Отандық өндірушілердің минералды тыңайтқыштарын тұтынуды ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығының өнім өндірушілерін субсидиялау көлемдері ұлғайтылады.
      Сауда саясаты
      Экспортты қолдау мақсатында экспорттаушы химия кәсіпорындарының өндірілетін өнімді ілгерілетуіне қаржылай және сервистік қолдау көрсету көзделетін болады.
      Химиялық өнімдерді экспорттауға лицензия алу рәсімі жеңілдетіледі, әрбір министрлікте келісімдер беру мерзімі азайтылатын болады.
      2011-2018 жылдар кезеңіне Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) елдері аумағы бойынша сары фосфор тасымалдау үшін цистерналардың жүрісіне арнайы рұқсаттар алу мәселесі (2011 жылдан бастап ЕО елдерінде оларға тыйым салынуына байланысты) шешілетін болады.
      Ресурстық қамтамасыз ету
      Химия өнеркәсібі үшін шикізат кен орындары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Атом өнеркәсібі

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстанның атом өнеркәсібін негізінен уран өнеркәсібінің кәсіпорындары құрайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда барланған уран қорының айтарлықтай көлемі бар - әлемде 2-ші орын алады.
      2008 жылы Қазақстанда уран өндіру көлемі 8 512 тоннаны құрады. Қазақстанда уран өндіруді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) бірлескен және еншілес кәсіпорындары жүзеге асырады.
      Қазақстанда неғұрлым жоғары бөліністі уран өнімін шығару үшін оны өндіруге қатысты реакторға дейінгі ядролық отын циклі өндірістерін құру және дамыту үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар, атап айтқанда:
      1) табиғи уранның едәуір қоры мен ресурстарының болуы;
      2) дамыған уран өндіруші өнеркәсіптің болуы;
      3) атом электр станциялары үшін ядролық отын құрауыштарын өндіретін кәсіпорынның болуы;
      4) елде уран өнеркәсібінің жоғары білікті мамандарының болуы.
      Мақсаты
      Қазақстанда жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін атом өнеркәсібін дамыту, озық технологиялар трансфертімен қамтамасыз ету.
      Негізгі міндеттері
      1. Уран өндірудің белгіленген нысаналы индикаторларын орындау.
      2. Қазақстанда реакторға дейінгі ядролық отын циклінің өндірісін дамыту үшін жағдайлар жасау.
      Нысаналы индикаторлар
      1. Табиғи уранның әлемдік нарықтағы көшбасшылық позицияларын сақтау: уранның әлемдік нарығының конъюнктурасын ескере отырып және Қазақстан Республикасының құзыретті органымен келісілген жағдайда, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде 2014 жылы уран өндіру көлемін 22 - 25 мың тоннаға дейін ұлғайту.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері     

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Уран өндіру көлемі

ЭМ

тонна

19449

21240

22320

23469

2

РФ аумағында изотоптарды бөлу жөніндегі қолданыстағы кәсіпорында уранды байыту

ЭМ

млн. ЖББ



0,3

2,5

3

Aтом саласының кәсіби кадрлармен қамтамасыз етілуі

ЭМ

Мамандар саны

100

100

100

100

      Негізгі даму бағыттары
      Атом өнеркәсібін дамыту мақсатында мынадай негізгі іс-шараларды іске асыру болжануда:
      1) уранның ресурстық базасын қайта қалпына келтіру мақсатында Шу-Сарысу уран кендері провинциясының шегінде іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу;
      2) барланған уран қорын ұлғайту үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу;
      3) жұмыс істеп тұрған кеніштерде өндірістік қуаттылықты кеңейту
бойынша жұмысты жалғастыру;
      4) жаңа өндіруші кешендерді пайдалануға қосу;
      5) табиғи уран конверсиясы, жұмыс істеп тұрған ресейлік уран байыту кәсіпорнына қатысу арқылы уран изотоптарын бөлу қызметтеріне кепілдікті рұқсат ала отырып ядролық отын және оның құрауыштарын өндіру бойынша кәсіпорындардың әлемдік реакторға дейінгі ядролық отын цикліне әртараптандырылған тік интеграцияланған кешенін құру үшін жағдайлар жасау.
      Қазақстан Республикасында атом өнеркәсібін дамытудың негізгі операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болып табылады, ол орналастыру және жаңа кен орындарын іске қосу бойынша ірі жобаларға тікелей қатысу, іздестіру-бағалау және геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу арқылы уранды өндіру саласында отандық әлеуетті арттыруға шоғырландырылады.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру
      Жерасты (қышқылды) шаймалау әдісімен жоспарланған уран өндіру
көлеміне қол жеткізу үшін күкірт қышқылы зауыттарын құру, химиялық
реагенттерді өндіру, бұрғылау құбырларының өндірісін құру жолымен уран өндіруді ресурстық қамтамасыз ету көзделген.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Атом өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын іске асыру жалғастырылатын болады.
      Мамандарды даярлау Қазақстанның ЖОО-да, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның біліктілікті арттыру жөніндегі арнайы ұйымдарында («Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Қазақстандық ядролық университет» ЖШС), сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі ЖОО-да жүргізілетін болады. Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру шетелдік мамандарды тарту арқылы, сондай-ақ таяу және алыс шетел ЖОО-да ұйымдастырылатын болады.
      Әкімшілік кедергілерді алып тастау
      Атом энергиясын пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін атом өнеркәсібіндегі қызметті лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жалғастырылатын болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Атом өнеркәсібі саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша атом өнеркәсібі саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: энергия өндіру үшін нанотехнологиялар негізінде жаңа материалдар шығару жөніндегі технологиялар, түрлі радиоизотопты өнімдер (ядролық медицинаға және экономиканың басқа да салаларына арналған) алу технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

1.2 Ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту

      Экономиканы «дәстүрлі индустрияларда» қарқынды дамыту, қазақстандық қамтуды дамыту экономиканың жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларын, ең алдымен машина жасауды, құрылыс индустриясын және фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін ынталандыру шарасы болады.
      Бұл ретте ішкі сұранысты қамтамасыз етуден отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі, инновациялық технологиялар енгізу есебінен олардың экспорттық әлеуетін өсіруге кезең-кезеңімен көшу осы салаларды дамыту стратегиясы болады.

Машина жасау

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Машина жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау кешені өнімінің үлесі 1990 жылы 15,9 %-дан 2008 жылы 2,9 %-ға төмендеді. 2008 жылы нарық сыйымдылығы 16 663 млн. долларды құрады, оның ішінде негізгі үлесті 15 475 млн. доллар импорт құрайды, бұл тауар импортының жалпы құрылымында 41% құрайды.
      Саланы дамытудың негізгі проблемалары: кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы; өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; әлемдік өндірушілермен байланыстың болмауы; конструкторлық құжаттамаға қолжетімділік; инвестиция көлемінің аз болуы; зауытаралық кооперацияның болмауы; жабдықтың тозу деңгейінің жоғары болуы (43-80 %); білікті кадрлардың тапшылығы; машина жасау өнімінің сатудан кейінгі сервисі деңгейінің төмен болуы.
      Мұнай-газдағы, кен шахтасындағы және металлургия машиналарын жасаудағы проблемалар: машина жасау кәсіпорындарының жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуының перспективалы жоспарлары, техникалық қайта жарақтану жоспарлары, кен орындары, өңірлер бөлінісінде мұнай-газ машиналарын жасау өнімдерінде қажеттілік, өнім импорты бойынша жоспарлар туралы хабардар болмауы болып табылады.
      Ауыл шаруашылығы машинасын жасаудағы проблемалар: импортталатын құрамдас бөліктер мен материалдарды пайдалану; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлем қабілеттілік сұранысының төмендігі; кредиттік ресурстарға қол жеткізудің қиындығы; отандық машина жасау өнімін өндіруді лизингтік компаниялардың қаржыландыру мүмкіндігінің заңнамалық шектелуі болып табылады.
      Көлік машинасын жасаудағы проблемалар: ірі габаритті құймалардың болмауы, импортталатын құрамдас бөліктер мен материалдарды пайдалану болып табылады.
      Мыналар қорғаныс өнеркәсібіндегі проблемалар болып табылады: ғылыми зерттеулердің мүлдем болмауы; өндірістің толық циклінің жоқтығы (негізінен жинақтауыштары шығарылады); басты тұтынушылар - Қазақстанның Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құрылымдарымен тиімді өзара қарым-қатынастың жоқтығы; әлеуетті тұтынушылар (негізінен Қазақстанның әскери өнімдері ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерді ғана қызықтыра алады) санының шектеулі болуы; өндіріс рентабельдігінің төмендігі, мемлекеттің жеткіліксіз қаржыландыруы.

Негізгі міндет

      Ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен экспортты кеңейту.

Нысаналы индикаторлар

      1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 70 %-ға ұлғайту.
      2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2,3 есеге ұлғайту.
      3. Сала ресурстарының жалпы көлемінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге отандық машина жасау өндірісі үлесінің өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2011 ж.

1

Көлік машинасын жасау, оның ішінде:

ИДМ







1.1

жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштар өндірісін оқшауландыру деңгейі

ИДМ

%


5

10

20

30

1.2

дизельді локомотивтер өндірісі

ИДМ

бірл.





42

1.3

жолаушы таситын вагондар өндірісі

ИДМ

бірл.





48

2

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, оның ішінде:

ИДМ







1.1

комбайндар өндірісі

ИДМ

бірл.

-

258

565

590

650

1.2

тракторлар өндірісі*

ИДМ

бірл.

1000

1000

1000

1000

1000

      Ескертпе: * жыл сайынғы жоспарланатын өндіріс

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
      Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы
жергіліктендіру деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін
ұйымдастыру.
      Қосылған құны жоғары машина жасау өнімдерін өндіру және сервистік қызмет көрсетуді дамыту (инжиниринг) бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
      Көлік машинасын жасауда 2015 жылға қарай жергіліктендіру деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді құрастырып өндіру ұйымдастырылады.
      Теміржол машинасын жасауда локомотивтер, жүк вагондарын шығару ұлғаяды. Қуаты жылына 200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 600 бірлікке дейін хоппер-вагон өндірісі игеріледі. Теміржол машинасын жасау қажеттіліктері үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылады.
      Тікұшақ құрастыру өндірісінде жергілікті қамту ұлғаятын болады.
      2015 жылға қарай екіжақты бағдарланған пилотсыз ұшу аппараттарын (бұдан әрі - ПҰА) жинақтау және техникалық қызмет көрсету бойынша орталық ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.
      Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2015 жылға қарай комбайндар шығару жылына 650 бірлікке дейін ұлғаятын болады, жылына 1 мың бірлік көлемінде тракторлар құрастырып шығару және аспалы жабдықтар жасау ұйымдастырылады. Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын өткізу және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады.
      Мұнай-газ машиналарын жасауда 2015 жылға қарай құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары және бұрғылау машиналары өндірісі ұлғаятын болады. Газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету зауыты іске қосылады.
      Тау-кен металлургия машина жасауында 2015 жылға қарай тау-кен
өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндірісі ұлғаятын болады.
      Электр техникалық машина жасауда 2015 жылға қарай аккумуляторлар, трансформаторлар және оқшаулағышпен оралған сымдар жасау өндірісі ұлғайтылып, қуаты 110 - 220 кВ класты трансформаторлар өндірісі игеріледі.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
      1) локомотив құрастыру зауыты, Астана қаласы - жылына 100 локомотив және Астана қаласының АЭА аумағындағы бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі;
      2) автомобиль құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан облысы - жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі технопаркі;
      3) комбайн құрастырып шығару, Қостанай облысы - жылына 650 бірлік, бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі;
      4) магистральды электровоздар құрастырып шығару, Астана қаласы - қуаты жылына 50 электровоз және бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі жөніндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту;
      5) Астана қаласында «Тальго» жолаушылар вагондарының өндірісі зауытын салу.
      Қорғаныс өнеркәсібінде 2015 жылға қарай республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы жергілікті қамту үлесін елеулі арттыру үшін орын алған проблемаларды шешуге және нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылады.
      Қазақстанның қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің әскери ұйымының әскери бағыттағы тауарларына деген неғұрлым перспективалы қажеттіліктерімен айқындалады.
      Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ҒЗТКЖ саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жандандырылатын болады.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Шығыс Қазақстан облысында автоқұрауыштар шығаратын автозауыт пен технопарк құрылысын қажетті жер учаскесімен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.
      Каспий өңірінде кеме құрылысын дамыту үшін инфрақұрылым ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрларды даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      2010 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының құрылысы басталатын болады.
      2012 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) жылына 15 000 адам білім алуға мүмкіндігі бар «Көліктегі технология орталығы» іске қосылады.
      Жергілікті жерлерде жеке жетекшілер бекітіле отырып, 3 ай мерзімге өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізілетін болады.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Мыналардың: автокөлік жабдықтарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізаты мен өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдықтарының; ауыл шаруашылығы шикізаты мен мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдықтарының; су жылыту және бу қазандарының; шахталық көтеру қондырғыларының, көліктік-көтеру құралдарының; жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент, сондай-ақ 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізіледі.
      Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету және машина жасау өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жаңғыртылатын болады.
      Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары КО шеңберінде техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде отандық өндірушілердің мүдделерін қолдау бойынша белсенді саясат жүргізетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық қайта жаңғыртуға жәрдемдесу
      Кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы, көлік және мұнайгаз машиналарын және аспап жасау сегменттері бойынша 5 конструкторлық бюро құру.
      Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңғырту мен
технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар
лизингі ұйымдастырылады.
      Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық уәкілетті органның қорытындысы бойынша танылған жұмыстарды орындауға бұрын жұмсалған нақты шығыстардан салық салынатын табысты 50 %-ға азайту жолымен ҒЗТКЖ-ны дамытуды ынталандыру.
      Машина жасау саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды, оның ішінде технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша айқындалған мынадай сындарлы технологияларды дамытуға басымдық беріледі: механикалық іске қосу, композиттік бөлшектер өндірісі, материалдарды механикалық әсерлерден (еріту, тозаң себу, қорғаныс қабатын тегістеу), химиялық әсерлерден (коррозияға қарсы жабындар; лак-бояу, оксидті), термиялық әсерлерден (термооқшаулағыш жағудың электр химиялық тәсілі, композиттерді еріту) қорғау технологиялары, 3D-принтинг, тораптарды құрастыру (құрастыру бірліктері), толық иленген дөңгелектерді және орталықтарды дайындау, газ-турбина қозғалтқыштарын жөндеу, қалпына келтіру және сынау технологиялары.
      Осы сындарлы технологияларды, сондай-ақ форсайттық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде айқындалатын өзге де бағыттарды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Саланы дамытуды қолдау сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін басым сатып алу жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ) базасында өзімізде шығарылған техниканы жеңілдікті шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.
      Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға берілетін кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы, сондай-ақ жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға даму институттары арқылы лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу мәселесін пысықтау жолымен қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен қатар атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелері үшін автомобиль техникасын сатып алуды ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
      «Астана - жаңа қала» АЭА аумағында тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында арнайы және қосарланған мақсаттағы өнім өндірісі орналастырылатын болады.
      Сауда саясаты
      Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан нарықтарына ілгерілету.
      Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын ілгерілету үшін қаржылық ынталандыруды ұсыну.

Фармацевтика өнеркәсібі

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазіргі уақытта Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығының жалпы көлемінде отандық өндіріс үлесі нақты мәнде 30 %-дан және ақшалай мәнде 10 %-дан аспайды.
      Соңғы онжылдықта фармацевтика өнімінің қазақстандық нарығының көлемі едәуір өсті, ол 1999 жылдан бастап жыл сайын 10%-ға ұлғайды. 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімдерін өндіру 84,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өнеркәсіп өндірісі көлемінің кемінде 0,13 %-ын және өңдеу өнеркәсібі көлемінің 0,4 %-ын құрайды.
      2009 жыл бойы Қазақстанда дәрі-дәрмек заттары импортының көлемі шамамен 816,9 млн. АҚШ долларын, ал өнімді экспорттау - 17,8 млн. АҚШ долларын құрады.
      Саланы дамытудың проблемаларына мыналарды жатқызуға болады: GMP стандарттарына сәйкес жұмыс істеуге дайындалған білікті кадрлардың тапшылығы; секторға түсетін, инвестициялардың шектелген көлемі; кепілдендірілген өткізу нарықтарының болмауы; GMP стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін өндірістік қуаттардың, отандық субстанцияларды өндірудің болмауы.
      Дәрі-дәрмек шығаруды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: түпнұсқалық (патентпен қорғалған) дәрілер, дженерик препараттары, субстанцияларды жасау.
      Қазіргі уақытта дженерик нарығы Қазақстанда дәрі-дәрмекті тұтынудың негізгі үлесінің шамамен 85 %-ын құрайды, ал түпнұсқалық препараттар 15 %-дан аспайды. 2010-2014 жылдары елдегі фармацевтика өнеркәсібі дамуының анағұрлым перспективалы бағыттары дженерик препараттары өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ GMP халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес қолданыстағы және жаңадан енгізілген қуаттарды жаңғырту болады.

Негізгі міндет

      Жоғары сапалы дәрілік заттар шығарудың отандық өндірісін ұлғайту есебінен ұлт денсаулығы мен елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2014 жылдың соңына дейін ішкі нарықты нақты мәнде 50 % отандық дәрілік заттармен қамтамасыз ету (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      2. Саланың жалпы қосылған құнын 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 2 есеге ұлғайту.
      3. Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі бойынша саланың еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 50 %-ға ұлғайту.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ):
      1) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу;
      2) фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында «Тиісті өндірістік практика» халықаралық сапа стандарттарын (GMP) енгізу - кәсіпорындардың тиісті сертификаттар алуы;
      3) халықаралық стандарттарға (GMP) сәйкес қазіргі заманғы технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімнің импортын алмастыру үшін жағдай жасау:
      2010 жылы 7 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді 7 шартқа қол қою, Бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрілік заттар мен ММБ мемлекеттік сатып алу;
      2011 жылы медициналық техниканы отандық өндірушілерден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      4) саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету - тиісті сертификаттар алу.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Саланы дамыту шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу жүзеге асырылады.
      Қатты дәрілік нысандарды (таблеткалар, капсулалар, драже) шығаратын жаңа өндірістер құрылатын болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
      1) фармацевтикалық зауытты кеңейту және жаңа зауыт салу;
      2) медициналық препараттар зауытының өндірістік базасын (Павлодар қаласы) тиісті өндірістік тәжірибе қағидаларына (GMP) сәйкес келтіру (бұдан әрі - GMP), сондай-ақ ампула, вакцина, сарысу және антибиотиктер өндірісі бойынша жаңа желілерді іске қосу;
      3) медициналық бұйымдар зауытында шприцтер шығаруды ұлғайту,
инфузиялық ерітінділерді құю үшін жүйелер мен медициналық қалдықтарға
арналған контейнерлер өндірісін қалпына келтіру;
      4) стандарттарға сәйкес антибиотиктер шығаруды ұлғайту;
      5) Алматы облысында инъекциялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, «жұмсақ» дәрі нысандары мен шәрбеттер шығаратын GMP талаптарына сай жаңа зауыт салу;
      6) Алматы облысында таблеткалар, капсулалар және флакондар шығаратын GMP талаптарына сай жаңа зауыт салу;
      7) қажетті стандарттармен сәйкестендіру үшін қолда бар өндірістік базаны жетілдіру және кеңейту, сондай-ақ персоналды GE Healthcare өндірісінің жабдығымен жұмыс жасауға үйрету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      8) инфузиялық ерітінділерді құю үшін бір рет пайдаланылатын жүйелерді шығару зауытын салу.
      Жобалардың көрсетілген тізбесі түпкілікті емес. Келесі кезеңде саланың даму басымдықтарына сәйкес жобалардың қосымша портфелі қалыптастырылады.
      Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру отандық өндірісті 600 атауға дейін (1200-дің ішінде) кеңейту міндетін шешуге мүмкіндік береді, бұл заттай мәнде дәрілердің түр-түрін 50 %-ға жабуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу
      Бірыңғай дистрибьютор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «СК Фармация» ЖШС арқылы отандық фармацевтика өнімін өндірушілерден дәрілік заттарды ұзақ мерзімді мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылатын болады, ол осы саладағы өткізу мәселесін ішінара шешеді. Бұл ретте фармацевтика өнімінің ішкі нарығы құрылымындағы мемлекеттік сатып алу үлесі 45-50 %-ға дейін ұлғаяды.
      Кәсіпорын инвестицияларды міндетті түрде өндірісті жаңғыртуға және өнімділікті арттыруға салу шартымен мемлекеттік сатып алуға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Дәрілік заттар өндірісі, ИСО 13485 медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі бойынша дәрілік құралдарды өндіру бойынша GMP қағидаларына сәйкес фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін мамандар даярланатын болады.
      Әкімшілік кедергілерді алып тастау
      Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек формулярларының басымдықтарын қайта қарау: пациенттердің шектеулі тобын қымбат тұратын емдеудің орнына дәлелді медицина деректерінің болмауынан дәрілік құралдарды сатып алуды азайту арқылы жалпыға бірдей және тиімді емдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ препараттарды баламалы алмастыру және отандық дженериктерге ауысу жүйесін енгізу.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      2014 жылдың соңына дейін фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындарында дәрілік препараттарды шығару, ИСО 13485 медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығару бойынша дәрілік препараттарды шығару бойынша тиісті өндірістік тәжірибе қағидалары (GHP) енгізілетін болады.
      Тікелей инвестицияларға тартымды жағдай жасау
      Кәсіпорындардың халықаралық стандарттарды (GMP) және 93/42/ЕЕС директивасына сәйкес еуропалық медициналық стандарттарды енгізу бойынша жұмсалған шығындарды КПС бойынша салық салынатын базадан шығару коэффициентін 150 %-ға арттыру бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер енгізіледі.
      Дәрілік заттарды, медициналық жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды отандық өндірушілерден мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор арқылы ұзақ мерзімді шарттар жасау жолымен жүргізіледі.
      Сауда саясаты
      Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) шеңберінде:
      1) дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техника айналымы саласында Еуропалық одақпен ұқсас
заңнамалық базаны үйлестіру;
      2) КО мүше мемлекеттердің өндірушілері, тиісті өндірістік тәжірибе жағдайларында өндірген (GMP) дәрілік құралдарына тіркеу куәліктерін өзара тануды қамтамасыз ету.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Фармацевтика өнеркәсібі саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстандағы құрылыс көлемі 2005 және 2006 жылдары 60 % деңгейіне жетіп, 2000 жылдан бастап шапшаң қарқынмен өсті. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері құрылыстың өсу қарқынының күрт баяулауына алып келді.
      2000 жылдан бастап құрылыс материалдары бағасының өсуі құрылыс материалдарына өсе түскен тапшылыққа негізделеді, ол импорттың өсуіне алып келді. 2008 жылы құрылыс материалдары нарығындағы импорттың үлесі 46,7 %-ды құрады.
      Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісінің өсуін бірқатар проблемалар тежеді: Қазақстанда негізінен қайта бөлінуі төмен өнім өндіріледі; өнімнің көптеген түрлері өндірілмейді; негізгі құралдардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары; еңбек өнімділігі төмен; құрылыс материалдарының өндірісі Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында шоғырланған (өндіріс көлемінің 60%-дан астамы олардың үлесіне келеді).
      Саланың дамуына қажетті шикізат базасының болуына қарамастан, Қазақстанда негізінен цемент пен кірпіш өндірісі дамыды. 2006 - 2007 жылдары пайдаланатын цементтің 30%-ына дейін импортталды, бірақ отандық зауыттар қуатының өсуі цемент импортынан бас тартуға мүмкіндік береді.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда шыңдалған шыны өндірісі мүлдем жоқ, ал шыныдан жасалған дайын бұйымдардың көпшілігі импортталады. Қыш өндірісі бай шикізат базасының болуына қарамастан, жақында ғана дами бастады (қолдануға жарамды бетонитті саздың 29 кен орны). Өнімнің басым бөлігі Түркиядан, Қытайдан және Италиядан импортталады.
      Қазақстандағы өңдеу материалдарының нарығында импорт өнімі басым болып келеді:
      соңғы уақытта импортты линолеум нарықта толығымен басымдыққа ие болды (99%-дан астам);
      орман ресурстарының шектеулігі мен қазіргі заманғы өндірістердің болмауы фанера мен ағаш талшықты тақталардан бұйымдар жасау нарығындағы импорттың басымдығына алып келді;
      тұсқағаз нарығында импорт өнімі 73%-ды құрайды, бұл ретте елдегі тұсқағаздар өндірісі белсенді дамуда. Отандық өндірушілер нарығының үлесі тұсқағаздар импортына салынатын кедендік баждарға тікелей тәуелді.
      Қазақстандағы құрылыс материалдары саласының дамуын тежейтін түйінді мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
      техникалық реттеу және мемлекеттік нормалау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі және баға белгілеу принциптерінің ескіруі;
      өндірістің технологиялық деңгейінің төмендігі және еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігі.

Негізгі міндет

      Отандық құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өндірісін ұлғайту және қосылған құны жоғары өнімді шығару есебінен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру.

Нысаналы индикаторлар

      1. Өзге де метал емес минералдық өнімдер өндірісінде жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 66 %-ға ұлғайту.
      2. Ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін 80 %-дан астам қанағаттандыру.
      3. Өзге де метал емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ)
      1) цемент өндірісінде 2014 жылға қарай жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарда цемент шығару жылына 7 млн. тоннаға жеткізіледі, цемент терминалдары салынады, жұмыс істеп тұрған цемент зауыттарын техникалық қайта жарақтау жүргізіледі және негізгі құралдардың тозу дәрежесі 30 %-ға дейін қысқарады;
      2) 2014 жылы керамика өндірісінде керамикалық плиткалар шығару жылына 5,5 млн. ш. метрге дейін жеткізіліп, жылына 200 мың тонна саз өңдейтін байыту комбинаты салынады;
      3) шыны өндірісінде жылына қуаты 140 мың тоннаға дейін шыны зауытының құрылысы басталатын болады;
      4) индустриялық құрылыста 2014 жылға қарай жылына жалпы қуаты 900 мың м2 тұрғын үй, 6 индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болады;
      5) Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы 6 индустриялық құрылыс комбинаттарының айналасынан құрылыс материалдарын өндіретін (терезелер мен есіктер, ламинат, линолеум және т.б.) және қызмет көрсететін (жобалау-зерттеу, әрлеу және т.б.) кемінде 60 шағын және орта кәсіпорындар ашылады.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Құрылыс индустриясын дамытудағы мемлекеттік саясат бәсекеге қабілетті, энергияны үнемдейтін құрылыс материалдары, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялар өндірісін инновациялық негізде дамытуға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, құрылыс өнімі сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталатын болады.
      Саланы дамыту шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіру және жаңа өндірістерді салу жүзеге асырылады:
      Цемент өндірісінде 2014 жылға қарай жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарда цемент шығару жылына 7 млн. тоннаға жеткізілетін, цемент терминалдары салынатын, жұмыс істеп тұрған зауыттарды техникалық қайта жабдықтау және негізгі құралдардың тозу дәрежесін 30 %-ға дейін қысқарту жүргізілетін болады.
      Керамика өндірісінде 2014 жылға қарай керамикалық тақтайшалар шығару жылына 5,5 млн/м2 дейін жеткізіліп, қуаты жылына 200 мың тонна саз балшықты қайта өңдеу жөніндегі байыту комбинаты салынатын болады.
      Шыны өндірісінде жылына қуаты 140 мың тоннаға дейін өнім шығаратын шыңдалған шыны зауытының құрылысы басталатын болады;
      индустриялық құрылыста 2014 жылға қарай Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жалпы қуаты жылына 3 млн. м2 13 тұрғын үй индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болады. Индустриялық құрылыс комбинаты олардан энергияны енжар тұтынатын үйлер салу ұйымдастырылатын бұйымдар мен конструкциялар жасау жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынады.
      Индустриялық құрылыс комбинаттарының төңірегінде құрылыс материалдарын (терезелер мен есіктер, ламинат, линолеум және басқалары) өндіретін және қызмет көрсететін (жобалау-іздестіру, дизайнерлік, әрлеу және басқалары) кемінде 130 шағын және орта кәсіпорынды дамыту үшін жағдай жасалатын болады.
      Мынадай түйінді жобаларды іске асыру және олардың төңірегінде өнім берушілердің желісін қалыптастыру жоспарланып отыр:
      Жамбыл облысы - цемент зауытын салу - жылына 1100 мың тонна.
      Ақмола облысы - цемент зауытын салу - жылына 552 мың тонна.
      Шығыс Қазақстан облысы - «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу - жылына 1000 мың тонна.
      Маңғыстау облысы - «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу - жылына 1 млн. тонна.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету ТжКБ және ЖОО оқу орындары түлектерінің өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік мамандарды ЖОО-да және 139 ТжКБ оқу орындарында даярлау есебінен қанағаттандырылады.
      Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында «Сәулет және құрылыс бейіндік мектептері» мамандануы бойынша әлемдік дәрежедегі колледждер құрылатын болады.
      Техникалық реттеуді жетілдіру
      Техникалық реттеу саласында мыналар әзірленетін және енгізілетін болады:
      1) 405 ұлттық және мемлекетаралық стандарт;
      2) мемлекеттік жылу өткізгіштік эталондарын және температуралық шамалардың техникалық регламенттерге сәйкестігі тұрғысынан жаңғырту.
      Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау жүзеге асырылатын болады.
      Жаңа сметалық-нормативтік база әзірленеді.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры құрылады және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қайта құрылымдау және қалыптастыру жүргізіледі.
      Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ғылыми құрылымдар айқындалатын  және күшейтілетін болады.
      Қауіпсіздікті және олардың пайдаланылу мерзімін арттыру, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін азайту мақсатында стандарттар мен техникалық регламенттерді сақтау тұрғысында құрылыс саласындағы (оның ішінде өнеркәсіп, жол құрылысы және басқа да инфрақұрылым құрылысы) жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңнамалық актілер қайта қаралатын және оларға өзгерістер енгізілетін болады.
      Осы мақсатта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесі нығайтылатын болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін даму институттарына негізгі қорларды жаңғырту үшін жеңілдікті шарттар бойынша қаржы лизингін беруге қаражат бөлінетін болады.
      Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында тұрғын үй құрылысы саласында жаңа технологияларды әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту қамтамасыз етілетін болады.
      Құрылыс индустриясы саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Тікелей инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау
      Шағын және орта бизнес субъектілері (ресурс үнемдеуші және энергия тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларды өндірушілер) үшін жеңілдікті шарттар бойынша кредиттер берілетін болады.
      Отандық құрылыс материалдарына сұранысты қолдау және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында индустриялық құрылыс комбинаттары шығаратын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылғылар негізінде энергия тиімді материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, көпқабатты және азқабатты тұрғын үй құрылысы үшін үлгілік жобалар сериясын әзірлеу қамтамасыз етілетін болады.
      Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды негізсіз пайдалануға (баға, сапа) жол бермеу, сондай-ақ егер олардың өндірісі Қазақстанда жүзеге асырылатын болса, шетелдік өндірушінің негізгі құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына қажеттілікті жиынтық ведомостіге енгізуге жол бермеу жолымен техникалық регламенттерді сақтау жөніндегі қызмет жүзеге асырылады.
      Әкімшілік кедергілерді азайту
      Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Лицензияланатын қызмет түрлері қысқартылады және оңтайландырылады. Берілетін лицензиялар құрылыс объектісінің техникалық күрделілігіне, лицензиаттың жұмыс тәжірибесіне және жеке капиталының болуына қарай санаттарға бөлінетін болады.

1.3 Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау

Агроөнеркәсіптік кешен

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

      Қазіргі кезеңде мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында экономиканың аграрлық секторы тұрақты дамып отыр.
      Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 13,8 %-ды құрады. Іс жүзінде ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша өсуге қол жеткізілді. Жете өңделгеннен кейінгі салмағымен алғанда 20,8 млн. тонна көлемінде астық дақылдарының рекордтық өнімі алынды.
      Республикада мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері саланың тұрақтылығын, мал басы мен құстың және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің жыл сайын ұлғайып келе жатқанын растап отыр. Соңғы жылдары мал басы мен құс жыл сайын орташа алғанда 3,8 %-ға, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 3,5 %-ға ұлғаюда.
      Елдің әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын, оны негізгі тамақ өнімдерімен кепілді толтыруды және экологиялық таза өнімдермен сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндік береді.
      Тұтастай алғанда республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз жасалған.

Негізгі міндет

      Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі - АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

Нысаналы индикаторлар

      1. АӨК-тің жалпы қосылған құнының 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда нақты мәнде кемінде 16 %-ға өсуі.
      2. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 360 мың теңгеден 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 2 есеге ұлғайту.
      3. Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өндіріс тауарларының үлесі 80 % деңгейінде.
      4. 2014 жылы етті өңдеу үлесі сойыс салмағында өндірілген еттің жалпы көлемінің 26 %-ына дейін, сүтті сауылған сүттің жалпы көлемінің 38 %-ына дейін, томатты жалпы жинау көлемінің 12 %-ына дейін ұлғайту.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия өсімдік шаруашылығы субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауды, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге экономикалық қолжетімділікті арттыруды көздейді. Бірінші кезекте, дақылдар өсірудің ғылыми негізделген ылғал, ресурс үнемдейтін технологияларға көшу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін әртараптандыру, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жаңа  және қазіргі пайдаланудағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Астық дақылдары ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт құрылымында қомақты үлес алуына байланысты астықты өңдеу және сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау үшін жаңа қуаттарды салу және қолданыстағыларды кеңейту арқылы астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
      Мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға ынталандыру жұмысы жалғасатын болады.
      Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың тұқымдық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі өсіру үшін асыл тұқымды малдың импорты есебінен арттыру жұмысы жалғасатын болады.
      Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
      Сондай-ақ жемазық өндірісін дамыту және бұзылған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
      Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықтың тауарлық өндірісін ұлғайту мақсатында отандық аквадақыл өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қабылданатын болады.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімнің сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының ассортиментін кеңейту, осылайша КО бойынша негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру өзекті күйінде қалады.
      Халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Өнімді сақтау және тұтынушыларға жеткізу логистикасын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру арқылы нарықты отандық азық-түлік тауарлары өндірісімен одан әрі толықтыру шаралары іске асырылатын болады.
      Жоғары сапа стандарттары мен өнімдердің қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында ветеринарияны дамытуға, өсімдіктерді қорғауға және тамақ өнімінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады.
      Озық технологияларды енгізуге және отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға ынталандыру мақсатында қазіргі қолдау шараларымен қатар АӨК субьектілерін тікелей субсидиялаудан жеңілдікті қаржыландыру арқылы қолдауға (кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарының қайтарылмай қалу қаупін қамтамасыз ету үшін қарыздарға кепілдік беру кезінде комиссияның бір бөлігін өтеу және қарыздарды сақтандыру кезінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін өтеу, сондай-ақ инвестициялық салымдардың капитал қажеттілігін және оның өтелу мерзімдерін азайту. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне жаңа өндірістік қуаттарды құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салым кезіндегі шығындарын ішінара өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі) біртіндеп көшу көзделетін болады.
      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына кредиттік жүктемені азайту және банкроттыққа жол бермеу мақсатында осы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру жүзеге асырылатын болады.
      Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіру шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тең жағдайларды, сондай-ақ КО мен БЭК-ке мүшелікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау деңгейі интеграциялық процестер шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге жеткізілетін болады.
      АӨК басым салаларында білімді генерациялау мен енгізудің ғылыми-инновациялық жүйесін құру ғылыми зерттеулерді жүргізу, аграрлық зерттеулер саласында халықаралық жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп, ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру, агротехнологияларды трансферттеу мен коммерцияландыру жүйесін және білім тарату желісін дамыту, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі транспәндік ғылыми-білім беру кешендерін (орталықтарын) құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Агроөнеркәсіптік кешенді индустриялық-инновациялық дамытуға жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ су ресурстарын интеграциялық басқару қағидаттарын енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.
      Агроөнеркәсіптік кешенде кем дегенде 20 ірі жобаны іске асыру, оның ішінде 8 мал шаруашылығы кешенін, 2 құс фабрикасын, 3 жылыжай, 3 тауарлы сүт фермасын, 1 ет комбинатын, бір-бірден нан-тоқаш өндіру, мақтаның сортты тұқымдық материалын өндіру зауытын салу көзделіп отыр. Аграрлық секторға ірі ауқымды инвестициялар тарту үшін жағдай жасау және мемлекеттің қаржы институттарымен өзара іс-қимылын жалғастыру көзделіп отыр.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлер, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін АӨК-тің басым бағыттары бойынша, оның ішінде астық және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдері, ет және ет өнімдері, майлы дақылдар, жеміс-көкөніс өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жүн және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдері өндірісін дамыту мен экспорттау, құс шаруашылығын дамыту саласындағы мастер-жоспарлар айқын бағдар болып табылады.
      Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, ветеринариялық препараттар, диагностикумдар, ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін қоса алғанда, экономиканың аралас салаларын дамыту қажет.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Инвестицияларды ынталандыру
      Саланы дамытуды экономикалық ынталандыру, оның инвестициялық тартымдылығын және ауыл шаруашылығы құралымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық-технологиялық жаңғыртуды арттыру үшін АӨК субъектілерін мынадай бағыттар бойынша қолдау жалғастырылатын болады:
      1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
      2) тыңайтқыштар мен гербицидтер құнын арзандату;
      3) жабық топырақтағы көкөніс өндірісінің шығындарын арзандату;
      4) жеміс-жидек дақылдарының, алманың «Апорт» сорты мен жүзімнің көпжылдық өскіндерін салу және өсіру шығындарының орнын толтыру;
      5) қазақстандық мақта талшықтары мен шикі мақта сапасын сараптау шығындарының құнын арзандату;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын арзандату;
      7) тұқым шаруашылығын дамыту;
      8) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      10) агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілеріне берілетін кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық ставкаларды арзандату;
      11) ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйесін дамыту;
      12) қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру кезінде комиссияның және сақтандыру сыйақысының бір бөлігін агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеу;
      13) өндірістік қуаттардың жаңаларын салу не қолданыстағыларын
кеңейтуге бағытталған инвестициялық салу кезіндегі шығыстарды ішінара өтеу;
      14) қайта өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өніміне кепілді сатып алу бағасын қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау сонымен қатар жеңілдікті кредит беру және шағын кредит беру, ауыл шаруашылығы және арнайы техника лизингін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарын дамыту, АӨК-тегі сақтандыру жүйесін, ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді дамыту, инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру арқылы іске асыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен қатар, АӨК-тегі жобаларды кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру шаралары іске асырылатын болады.
      Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрлар даярлау
      Аграрлық саланың қажеттіліктеріне сәйкес PhD докторларын, магистрлер мен бакалаврлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтардың техникалық және кәсіби білімі бар мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту мәселесін қарау.
      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Агроөнеркәсіптік кешенді инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында:
      1) елдің фитосанитариялық және ветеринариялық салауаттылығын
қамтамасыз ету;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру;
      3) ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру, дайындау-өткізу
құрылымдары желісін құру және кеңейту есебінен тауарлық өнімнің өсуі үшін шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту және ынталандырулар жасау мәселелерін пысықтау;
      4) сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту;
      5) су ресурстарын интеграциялық басқару қағидаттарын ескере отырып су ресурстарын пайдалану;
      6) суландырудың озық әдістерін енгізу жолымен жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту мәселелерін пысықтау;
      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану;
      8) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін дамыту және АӨК
субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысы жүргізілетін
болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, суарудың прогрессивті жүйелері, мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологиялары, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу технологиялары, инженерлік энзимология, жасушалық және геномдық селекция, жасушалық және молекулярлық инженерия, биопрепараттар жасау технологиялары, өнімдердің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері.
      Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Жеңіл өнеркәсіп

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Жеңіл өнеркәсіп тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-бағалы тері және аяқ киім салаларын қамтиды.
      Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы  шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.
      Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың, өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты.
      Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 — 450 мың тонна шитті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар.
      Сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы ескі жабдықтармен жарақтандырылған, жұмысының көптігі 30-40 %-ды құрайды.
      Саланың дамуының жалпы үрдісі оның республика өнеркәсібінің көлеміндегі үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқартылуымен ұштасады.
      Саланың өнімі Қытайда өндірілген, оның ішінде контрафактілі тауарлар санының көп болуымен байланысты бағасы бойынша бәсекеге қабілеттілігі темен болып отыр.

Негізгі міндет

      Шикізатты өңдеу, қосылған құны жоғары және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы бар өнім өндіру есебінен ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін қанағаттандыру.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 9 %-ға ұлғайту.
      2. Дайын өнім экспортын 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,5 есеге ұлғайту.
      3. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 1,5 есеге ұлғайту.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекет тік орган

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Салада жұмыспен қамтылғандар саны

ИДМ

адам

15932

13700

13800

13985

14270

14555

12700

2

Тоқыма өнімдері өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

24,7

13,5

13,7

13,8

14,0

14,4

20,0

3

Киім өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

11,6

11,8

12,2

12,6

13,2

20,2

4

Былғарыдан жасалған және оған жататын өнімдер өндірісінің көлемі

ИДМ

млрд. теңге

3,0

2,8

2,8

2,9

3,0

3,1

3

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.
      Қосылған құны жоғары өнімдер шығару мақсатында:
      1) жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, сондай-ақ жүнді қайта өңдеу жөніндегі толық технологиялы циклды ұйымдастыруда жүн кластерін жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды;
      2) кардтық және таралған мақта-мата жібі, мата мен дайын тоқыма бұйымдары өндірісінің жіп пен матаны бояу мен әрлеу, сондай-ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің, толық технологиялық циклын, оның ішінде «Оңтүстік» АЭА қызметінің түрлерін кеңейту (жібек маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдар шығару) есебінен ұйымдастыру үшін «Оңтүстік» АЭА аумағында (Оңтүстік Қазақстан облысы) мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларының терісін тереңдете өңдеуді ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-тері бұйымдары мен аяқ киім шығару үшін былғары және аяқ киім кіші саласын;
      4) кәсіпорындарды жаңғыртуды жүзеге асыру үшін тігіннің кіші саласын қолдау шаралары көзделетін болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде:
      1) Шығыс Қазақстан облысы - «Былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту»;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Оңтүстік» АЭА-да қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру»;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Су сіңіргіш мақта және целлюлоза шығару»;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Тарамды және кардтық мақта-мата жібін шығаратын қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру».

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Жеңіл өнеркәсіпте мамандық бойынша кадрларға қажеттілік кадрларды Қазақстанның ЖОО мен ТжКБ оқу орындарында даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Техникалық реттеу
      Сапаның тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін техникалық регламент талаптарына жауап беретін және/немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттар әзірлеу және қабылдау.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Жеңіл өнеркәсіп саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.

Туристік сала

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпіні байқалады: 2008 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,1 % өсті, ішкі туризмнің көлемі 8,2 % өсті, сыртқа шығушылар туризмі 15,3 % өсті.
      Туризм объектілерін дамытуға инвестициялар көлемі 2005 жылғы 47 млрд. теңгеден 2007 жылы 97 млрд. теңгеге дейін өскен, ал 2008 жылдың қорытындылары бойынша осы көрсеткіш 129,3 млрд. теңгеге дейін өсті.
      Сонымен қатар, әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс сырттан келу туризміне жағымсыз әсерін тигізді, оның көлемі 11 % төмендеді және 2007 жылғы 5,3 млн. салыстырғанда тек 4,7 млн. туристі құрады.
      Қазақстан Республикасына сырттан келетіндер санының төмендеуін құрайтындардың бірі туризм индустриясы объектілерінің моральдық тозуына және инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тартымдылығы аз болып табылды.
      Сапасы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орналастыру орындары санының аз болуы сырттан келетін туристерге қызметтер көрсетудің толық спектрін ұсыну мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алмауға және бұл экономикалық қайтарымның төмендігіне әкеп соқтырады.
      Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және ұлттық турөнімді әлемдік нарыққа жылжыту жөнінде шаралар қабылданды. Осы мақсаттарда Қазақстанның Мадридтегі, Берлиндегі, Пекиндегі, Сеулдегі, Токиодағы және Лондондағы ең ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысуы қамтамасыз етілуде, CNN, BBC, Евроньюс және Дискавери сияқты әлемнің жетекші арналарында жарнамалық бейнероликтер орналастырылуда. Сонымен қатар, Алматы қаласында КИТФ - Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкесі өткізіледі.

Негізгі міндеті

      Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру.

Нысаналы индикатор

      1. Ішкі және келу туризмі үшін орналастыру орындарының санын 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге ұлғайту.
      2. Ішкі және келу туризмі үшін тәулік/төсек ұсынуды ұлғайту жолымен қонақүйлерді толтыруды 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге ұлғайту.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты  мемлекеттік орган - ИДМ)
      Міндеттерді іске асыру қорытындылары бойынша мыналарға қол жеткізілетін болады:
      1) туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық кірісі 2015 жылға қарай 2008 жылғы деңгейден кемінде 12 %-ға ұлғаяды;
      2) 2015 жылға қарай туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2009 жылғы деңгейден 30 %-ды құрайды;
      3) туристік қызмет жыл сайын туристік индустрия объектілері құрылысының есебінен кемінде 10 %-ға өседі;
      4) 2010 жылы келушілердің болу мерзімінің ұлғаюы 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда - 5 %, 2011 жылы - 8 %, 2012 жылы - 10 %, 2013 жылы - 12 %, 2014 жылы - 15 % құрайды;
      5) келушілер санының ұлғаюы 2010 жылғы деңгейге қарағанда 2011 жылы - 210000, 2012 жылы - 225000, 2013 жылы - 370000, 2014 жылы - 390000 демалушыны құрайды;
      6) 2011 жылы туризм индустриясы саласында кәсіптік стандарт әзірленетін болады;
      7) туризм саласы үшін мамандар даярлау 2011 жылы - 1000 адамды, 2012 жылы - 1100 адамды, 2013 жылы - 1200 адамды, 2014 жылы - 1300 адамды құрайды;
      8) 2014 жылы гид-экскурсия жүргізушілерді даярлау және сертификаттау моделі әзірленетін болады, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушылары мен қонақтары үшін кемінде 4 туристік топтама дайындалатын болады.

      Саланың дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті туристік өнімін және жалпы маркетингтік стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының ережелерін ескере отырып; туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамытуға; Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және оны өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға бағытталатын болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы туризм индустриясының қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру жұмысы жүргізілетін болады:
      күніне 2000-ға дейін адам қабылдау үшін Алматы қаласында Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту;
      Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады:
      1) сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақүй, экскурсиялық, ақпараттық, көліктік қызметтер көрсету;
      2) туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлері саласында қызметтер көрсету.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Бәсекеге қабілетті туристік өнімді құру және жалпы маркетингтік стратегияны іске асыру шеңберінде мыналар жүзеге асырылатын болады:
      1) өңірлерде орналастыру үшін туристік орталықтар, кешендер мен объектілер салу;
      2) тау шаңғысы туризмі инфрақұрылымын құру;
      3) экологиялық туризмді дамытуды ынталандыру;
      4) саяси тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық және тіркеу тәсілдерін, шекаралық бақылауды жеңілдету жұмысын жалғастыру;
      5) сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуды реттейтін заңнама және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      6) туристік статистика және есептілік жүйесін жетілдіру;
      7) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және туристік іс-шараларға қатысу арқылы ішкі және сыртқы нарықта қазақстандық турөнімді ілгерілету.
      Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру шеңберінде:
      1) Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдіктері жол бойындағы инфрақұрылым объектілерін салудың үлгі жобасын әзірлейді;
      2) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында гольф-клуб салу және орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру мәселесі пысықталатын болады.
      Белсенді демалу жағдайларын дамыту үшін Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында, сондай-ақ:
      1) Алматы қаласының маңында тау шаңғысы курорттарын дамытудың;
      2) Ақмола облысында Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың;
      3) Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалу аймағын дамытудың жүйелік жоспарларында көзделген жобалар іске асырылатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Туристік сала үшін 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраныс оларды жоғары оқу орындарында және 77 ТжКБ оқу орнында даярлау есебінен қанағаттандырылатын болады:
      1) Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристік ойын-сауық кешені және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің туристік базасы үшін кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орындарында және қысқа мерзімде даярлайтын оқу орталықтарында кадрлар даярлау есебінен толықтырылатын болады;
      2) «UNWTO-TedQual» туристік білім беру сапасын сертификат бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудит жүргізу және туризм индустриясы саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу жолымен туристік білім беру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Бәсекелестікті дамыту
      Туристер үшін қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында туристік операторларды ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етілетін болады.
      Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Қазақстанда туризм саласын дамыту үшін:
      1) инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау;
      2) сырттан келетін және ішкі туризмді дамыту үшін әкімшілік формальдылықтарды жеңілдету;
      3) экотуризмді дамыту көзделетін болады.
      Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды және оны өткізуді ескере отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру шеңберінде мыналар жоспарланады:
      1) Бурабай курорттық аймағын дамытудың жүйелік жоспарын ескере отырып, Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жоспарына қажетті өзгерістерді айқындау және талдау жөнінде іс-шаралар өткізу;
      2) туризм саласы мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ осы курстар үшін бірыңғай оқу бағдарламасын жасау жөнінде жұмыс жүргізу;
      3) көрмеге қатысушылар мен қонақтар үшін жаңа туристік бағдарлар құру.

1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау

      Отандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) саласының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді перспективада АКТ компанияларға ішкі нарықта табысты бәсекелесуге мүмкіндік беретін, мемлекет жасаған жағдайлар маңызды рөл атқарады. Бұл шаралар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде жергілікті технологиялық инфрақұрылымның сапасы, отандық өндірушілерді қолдау, АТ-мамандарын даярлау деңгейі, инновациялық ортаны дамыту арттырылатын болады. Екінші кезеңде ішкі АТ-нарығын отандық өндіріс тауарларымен және қызметтерімен толықтыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. АКТ-саласын ынталандыру мен дамытудың кезеңдері мен тетіктері «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
      Қазақстан Республикасында АКТ секторын дамытудың жоғары қарқынын ұстау және дамуын жеделдету үшін мынадай бірқатар өзекті міндеттерді шешу қажет:
      1) АКТ-саласының нормативтік құқықтық базасын және техникалық реттеуді жетілдіру;
      2) АКТ-нарығының жалпы көлемінде мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесін арттыру;
      3) отандық нарықты білікті АКТ-кадрларымен қамтамасыз ету;
      4) отандық АКТ-саласының технологиялық әлеуетін дамыту;
      5) АКТ-саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Негізгі міндет

      Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті ұлттық секторын қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

      Ақпарат және байланыс саласында жалпы қосылған құнды 2015 жылға
қарай 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 77 %-ға ұлғайту.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасында АТК секторында мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.
      Бизнес пен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық, қызмет көрсетулер мен «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде:
      1) «электрондық үкіметтің» нысаналы сәулеті құрылатын;
      2) КО шеңберінде ақпарат алмасу үшін ақпартаттық коммуникациялық инфрақұрылым құрылатын;
      3) электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелері енгізілетін;
      4) мемлекеттік басқарудың ведомствоішілік және сол секілді
ведомствоаралық деңгейлерінде сақталу мерзімі 5 жылдан аспайтын құжаттар үшін қағазсыз құжат айналымына толық көшіру қамтамасыз етілетін;
      5) мемлекеттік қызметтердің бизнес-үдерістері оңтайландырылатын және автоматтандырылатын;
      6) неғұрлым сұранысқа ие электрондық форматтағы рұқсат ету
құжаттарын беру қамтамасыз етілетін болады.
      Халықтың қазақстандық контентке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:
      1) ұлттық интернет-ресурстары, оның ішінде жаңалықтар,
мультимедиалық, әлеуметтік желілер;
      2) мемлекеттік органдардың порталдарын контенттік сүйемелдеу және дамыту құрылатын болады.
      АКТ саласында отандық әлеуетті қалыптастыру және дамыту шеңберінде ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ) одан әрі дамыту қамтамасыз етілетін болады.
      «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - ИТП) аумағында ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында отандық жоғары технологиялық жабдықтар өндірісін дамыту шеңберінде АКТ-кластерін құру жоспарлануда.
      Бизнес пен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және қызметтер секторын дамыту мақсатында:
      1) инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және пайдаланатын компаниялар;
      2) АКТ саласын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдар (корпоративтік қор) құрылатын болады.
      Саланың техникалық және кәсіби деңгейдегі білікті мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялар саласында білімді дамыту шеңберінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту қамтамасыз етілетін болады.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Білікті кадр ресурстары қажеттілігін қамтамасыз ету
      1) 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның ЖОО-да оқыту үшін ақпараттық коммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын 2 есеге ұлғайту;
      2) халықаралық стандарттар базасында жоғары және кәсіптік техникалық оқу деңгейлерінде АТ-мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру.
      Техникалық регламенттерді енгізу:
      1) ақпараттық коммуникация саласындағы стандарттар базасын
халықаралық деңгейге дейін дамыту;
      2) АКТ-саласының нормативтік құқықтық базасы мен техникалық
реттелуін жетілдіру.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу:
      1) инновациялық start-up жобаларды іске асыруды гранттық, инвестициялық қаржыландыру;
      2) CDMA технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц диапазонында радиожиілік спектрін босату;
      3) ақпараттық технологияларды зерттеу институтының АКТ-да ҒЗТКЖ
өткізуге мемлекеттік тапсырыстар мен гранттар бөлуі.
      «Бұлтты есептеулер» мен виртуалдандыру технологияларында мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын аутсорсингке шығару арқылы мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа моделін іске асыру.
      АКТ саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша АКТ саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: «бұлтты» есептеулер, ұтқыр және мультимедиялық технологиялар, образдар мен сөзді анықтап білу технологиялары, ақпараттық қауіпсіздік технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Саланың тартымды инвестициялық ахуалын жасау:
      1) «АТП» АЭА-ның инфрақұрылымын қаржылық қолдау арқылы дамыту;
      2) АКТ-саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында зияткерлік, инновациялық және инфрақұрылымдық, орта ретінде «АТП» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
      3) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын дата-орталықтарды салу жөніндегі жобалар үшін жер гранттарын бөлу;
      4) мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, күш құрылымдарының АКТ-тапсырысын шоғырландыру және АКТ секторында жергілікті қамтуды арттыру мақсатында оларды «АТП» АЭА-да орналастыру;
      5) Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жасау;
      6) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулер санын ұлғайту;
      7) Интернет желісінің қазақстандық сегментінде әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру.

Биотехнология

      Ескерту. Параграф алынып тасталды - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

Ғарыш қызметі

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Біздің елімізде ғарыш саласын қалыптастыру үшін объективті алғышарттар бірегей бәсекелестік басымдықтың - жұмыс істеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит», «Днепр» ғарыш зымыран кешендері (бұдан әрі - ҒЗК) бар әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының; ғарыш байланысын жерден басқару кешенінің, жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутниктерінен ғарыш ақпаратын қабылдайтын үш орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (ҮҒМЖ) базалық элементтерінің; ғарыш сәулелері станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технология инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бар екендігі болып табылады.
      2005 - 2007 жылдарға арналған бірінші ғарыш бағдарламасы шеңберінде «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін құру, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын (ҒТ АКТБ) ұйымдастыру жобалары іске асырылды, ҰҒМЖ кіші жүйелері дамытылды. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК), «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигін, Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ЖСК), ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесін, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құрудың жобалық материалдары әзірленген болатын.
      Қазақстанда бүгінгі таңда түрлі ғарыш қызмет көрсетулеріне, атап айтқанда, ғарыш байланыс жүйелерінің, ЖҚЗ ғарыш жүйесінің және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) қызмет көрсетулеріне айтарлықтай сұраныс қалыптасты.
      Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін толыққанды ғарыш саласын құрудың мынадай бірқатар проблемаларын шешу қажет:
      отандық ғарыш қызмет көрсетулері (байланыс, ЖҚЗ, навигация, ғарыш техникасын өндіру, іске қосу қызмет көрсетулері) нарығының жеткіліксіз дамуы;
      ғарыш қызметін дамыту үшін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаның жоқтығы;
      ғарыш қызметін кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығы.
      Осы проблемаларды шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
      мақсатты ғарыш жүйелерін және жердегі ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;
      ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;
      кәсіби кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;
      ғарыш саласының шарттық және нормативтік құқықтық базасын құру.

Негізгі міндет

      Республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық экономиканың секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы ЖҚҚ-ның 30 %-ға өсуі.
      2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін
қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы - 80 %.
      3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 2014 жылы - 55 %.
      4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ғаламдық аппараттарынан (бұдан әрі - ҒА) алынатын деректердің үлесі - 50 %.
      5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясын енгізу.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мен дамыту және олардың пайдалану мыналарды:
      сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен шығумен ішкі нарықта ғарыш байланыс жүйелерінің қызмет көрсетулері үшін «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін;
      ішкі және сыртқы нарықтарға ЖҚЗ деректерін беру қызмет көрсетулері үшін ЖҚЗ ғарыш жүйесін;
      ғарыш ғылымын және технологиясын дамыту, жер сілкіністері жаршысын зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесін құруды көздейді.
      Өңдеу мен қосылған құнының деңгейі жоғары ЖҚЗ деректеріне ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысты қанағаттандыру үшін Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесін (ҰҒМЖ) дамытуды көздейді.
      Жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құру және дамыту мыналарды көздейді:
      сыртқы және ішкі нарықтарда ұшыру қызмет көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық таза «Бәйтерек» ҒЗК;
      мемлекеттік тапсырма және сыртқы тапсырмалар шеңберінде ҒА жобалау, әзірлеу, құрастыру және сынау бойынша қызмет көрсетулері үшін ҒА ЖСК;
      спутниктік навигациялау және ішкі нарықта навигациялық жабдықты сертификаттау бойынша қызмет көрсетулері үшін дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) жердегі инфрақұрылымы;
      ішкі және сыртқы нарықтар үшін тұтынушы навигациялық жабдық өндіру.
      «Байқоңыр» ғарыш айлағының бірте-бірте Қазақстанға өтуі мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда ұшыру қызметтерін көрсетулері үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ҒЗК коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу көзделеді.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:
      1) «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру («KazSat - 2», «KazSat - 3», резервтік жерден басқару кешені);
      2) ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;
      3) ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру;
      4) Қазақстан Республикасында дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жердегі инфрақұрылымын құру;
      5) «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ғарыш зымыраны кешендерін коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу.
      ЖҚЗ және ЖСК ғарыш жүйесін құру жобаларын іске асыру жөніндегі стратегиялық әріптес EADS Astrium француз кәсіпорны болып табылады.
      Аталған жобалар шеңберінде өнеркәсіптік қуаттар импорты және технологиялар алмасу жүргізіледі, сондай-ақ бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы әріптестіктер құруға, оларды дамыту жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Ғарыш саласы үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
      Мамандар даярлау Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында (Байқоңыр қаласы), сондай-ақ Қазақстанның, «Болашақ» бағдарламасы бойынша таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында жүргізілетін болады.
      Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шетелдік мамандар тартыла отырып ұйымдастырылады. Осы заманғы ғарыштық технологияларды игеру стратегиялық әріптестермен ЖҚЗ және ҚұСК ғарыш жүйесін құру жөніндегі келісімшартта көзделген.
      700 адамға дейін ғарыштық бейіндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау көзделіп отыр.
      Заңнаманы жетілдіру
      Заңнаманы жетілдіру және ғарыш қызметін құқықтық реттеуді жүйелендіру мақсатында ғарыш қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге түзетулер әзірленетін болады.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Саланы дамытуды техникалық реттеу саласындағы: зымыран және ғарыштық кешендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, автоматты ғарыштық аппараттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі, зымыран-ғарыш техникасы бұйымдарын тасымалдау құралдарының және зымыран отынының құрамдауыштарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жөніндегі регламенттер әзірленетін болады.
      Ғарыш қызметі саласында мемлекеттік (ұлттық) стандарттар әзірленетін болады.
      Зымырандық-ғарыштық қызметтің әсеріне ұшырайтын аумақтарда экожүйелердің жағдайын кешенді бағалау бойынша нормативтік құжаттарды (регламенттер, әдістемелер) енгізу қамтамасыз етілетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту ғарыштық техника мен технологияларды құруды ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеуді, астрофизикалық және ғарыштық зерттеулердің ғылыми және эксперименттік базасын дамытуды, атмосферадағы - Жердің ионосферасындағы оптикалық және электродинамикалық процестерді зерттеу, жер қабатының жер үсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингі жүйесін құру.
      Ғарыш саласында иннованиялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.

Жаңартылатын энергия көздері

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қалпына келтірілетін энергетика ресурстарын пайдалану Қазақстанның электр энергетикасын дамытудың және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда қалпына келтірілетін энергетика ресурстарының (су энергиясы, жел және күн энергиясы) елеулі әлеуеті бар.
      Қазіргі уақытта Қазақстанның су энергетикасын мынадай шамамен сипаттауға болады:
      Жалпы (теориялық) әлеуеті          170х109 кВтс/жыл;
      Техникалық (пайдаланылуы мүмкін)   62х109кВтс/жыл;
      әлеуеті
      Экономикалық әлеуеті               27/30х109кВтс/жыл.
      Қазақстан аумағында су энергетикасы ресурстары біркелкі бөлінбеген, олардың көпшілігі Қазақстанның үш өңірінде шоғырланған:
      Оңтүстік Шығыс аймақта, Іле Алатауы тауларынан ағатын өзендер (Қаскелең, Ақсай, Түрген, Шелек, Шарын) келіп құятын Іле өзені бассейні және шығыс Балқаш бассейні мен Жетісу Алатауынан ағатын өзендер келіп құятын Алакөл көлі тобы.
      Шығыс аймақта, басты ағындармен Ертіс өзені бассейнінде.
      Оңтүстік аймақта, Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бассейндері.
      Жел энергетикасы қалпына келтірілетін энергия көздерінің ең перспективалы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстанның жел атласы әзірленді.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда жел электр станцияларын (бұдан әрі - ЖЭС) салу үшін 10 алаң зерттелді. Бұл алаңдардың барлығын көлемі 2-3 млрд. кВтс электр энергиясын коммерциялық өндіру үшін жалпы қуаты 1000 МВт дейінгі ірі жел электр станцияларын салу үшін пайдалануға болады.
      Қазақстан географиялық орналасуы бойынша солтүстік ендікте жатқанына қарамастан, елдегі күн энергиясының ресурсы ыңғайлы климаттық жағдайдың нәтижесінде тұрақты әрі қолайлы болып табылады. Зерттеулердің қорытындылары бойынша елдің оңтүстік аудандарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500 - 3000 күн сағатқа жетеді.

Негізгі міндет

      Елдің энергия теңгерімінде қалпына келтірілетін энергия көздерінің (шағын су электр станциялары (бұдан әрі - СЭС), жел электр станциялары (бұдан әрі - ЖЭС), күн қондырғылары) үлесін ұлғайту.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2014 жылы қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электроэнергиясының (ЖЭС, күн көзі станциялары, сондай-ақ қуаттылығы 35 МВт болатын СЭС) көлемін жылына 1 млрд. кВТ/сағ жеткізу.
      2. 2015 жылға қарай қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электрэнергиясының (жел электр станциялары, күн станциялары, сондай-ақ қуаттылығы 35 МВт болатын су электр станциялары) электр тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесі 1 %-дан астам.

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Алғашқы ЖЭС салу жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
      Болжамды орналастыру аудандарына Ақмола, Жамбыл облыстары, Алматы облысында - Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі жатады. Жел қондырғыларының болжамды белгіленген қуаты бірінші кезеңде 50-100 МВт құрауы мүмкін.
      2015 жылға қарай сағатына 400 млн. кВт электр энергиясын шығаратын белгіленген қуаты 125 МВт жел парктерін салу болжанып отыр.
      2015 жылға дейін республикада сағатына 150 млн. кВт электр энергиясын шығарады деп межеленген қуаты 50 МВт-тан жоғары шағын ГЭС-ті пайдалануға беру жоспарланған Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шағын ГЭС құрылысының жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ объектілер (күн, жел және басқа қондырғылар) саны бойынша нақты нысаналы индикаторларды қоса отырып, қалпына келтірілетін энергетиканы Қазақстанда дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын, оларды орналастыру картасын әзірлеу көзделіп отыр.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау, оның ішінде: жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру кезінде резервтеу және басымдық; жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып өндірілген электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелер беру; жаңартылатын энергия көздерін электр энергиясының желілері бойынша тасымалдағаны үшін ақы төлеуден босату; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беретін ұйымдардың желісіне қосу кезінде қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау көзделіп отыр.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Қалпына келтірілетін энергия көздерін қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау көзделіп отыр, оның ішінде: қалпына келтірілетін энергия көздері объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру кезінде резервтеу  және басымдық; энергия беретін ұйымдардың қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалана отырып өндірілген электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелері; қалпына келтірілетін энергия көздерін электр энергиясының желілері бойынша тасымалдағаны үшін ақы төлеуден босату; қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді энергия беретін ұйымдардың желісіне қосу кезінде қолдау.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Энергетика саласында, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша жаңартылатын энергия көздері саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: термоэлементтер мен (күн) фотоэлементтер шығару жөніндегі технологиялар, ауа ағынының концентраторларын пайдаланатын жел агрегаттарын шығару жөніндегі технологиялар, құйынды жел турбиналарын дайындау технологиялары, күн сәулесі есебінен жылумен жабдықтау және электр энергиясын өндіру жөніндегі технологиялар, күн сәулесі концентраторларын шығару жөніндегі технологиялар, парниктік газдардың шығарындыларын азайтуды және жаңартылатын энергия көздерін енгізуді экономикалық ынталандыру жөніндегі технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Атом энергетикасы

      Ескерту. Параграф алынып тасталды - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары

      Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Индустрияландыруды мемлекеттік қолдау макро- және секторалдық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Макроэкономикалық саясаттың жүйелі шаралары индустрияландыру міндеттеріне сәйкес іске асырылатын ақша-кредит, фискалдық, сондай-ақ құрылымдық саясаттар құралдарын теңдестіріп және келісіліп пайдалануды қамтитын болады.
      Ақша-кредит және фискалдық саясаттың келісілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жыл сайын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемелерін қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.
      Ақша-кредит саясаты шеңберінде отандық қаржы жүйесінің тұрақты  жұмыс істеуін, сондай-ақ мыналар арқылы теңгенің тұрақты айырбас бағамы мен елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданатын болады:
      Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған және ұлттық валюта бағамын қайта бағалауға жол бермеуге бағытталған бағамдық саясат. Айырбас бағамының саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, осылайша ішкі экономиканы дамытуға іргетас қалай отырып, сыртқы сауда шарттарына барабар назар аударатын болады;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляцияға қарсы саясатының шараларымен бірге ұстап тұратын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляция деңгейі 2010 - 2014 жылдары 5,0 - 8,0 % шегінде (желтоқсан алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда);
      екінші деңгейдегі банктер үшін бәсекеге қабілеттілік шарттарын теңдестіруге және банк жүйесінде шетелдік банктердің үлесін шектеуге бағытталған шаралар қабылдау;
      қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Ұлттық Банк операциялары бойынша ақша нарығындағы жағдай мен инфляциясының деңгейіне байланысты ставкаларды реттеу құралдарын пайдалана отырып, оны барабар деңгейде қолдау мақсатында банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу.
      Салық-бюджет саясаты индустрияландыру процестерін фискалдық ынталандыру, индустриялық инфрақұрылымды, ғылым мен инновацияларды, адами капиталды дамытуды қаржыландыру арқылы экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үшін жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Мемлекеттік бюджет параметрлерімен өзара байланыста мемлекеттік институттар арналары бойынша экономикаға капитал тарту мен бөлудің оңтайлы үлгісін қалыптастыру.
      Ұлттық қор активтерін қалыптастыру және пайдалану саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталатын республикалық бюджеттегі жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансфертке ықпал ететін болады.
      Ұлттық қор қаражатын пайдалану тетігіне көбірек икемділік беру мақсатында контрциклдік саясат шеңберінде Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің тіркелген мәнінің мөлшері экономикадағы ахуалға байланысты 15 %-ға дейін төмендету немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.
      Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарыс жағдайында басым шығыстарды қаржыландыру және экономикалық өсім кезеңінде Ұлттық қор қаражатын жинақтау арасында теңгерімділікті қамтамасыз етеді.

2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы өнеркәсіптік және өңірлік бағыттағы ұлттық маңызы бар жалпы белгіленген қуаты - 18 992,7 МВт, иелігіндегі қуаты - 14 558,0 МВт құрайтын 59 электр станциясы жүзеге асырады, электр станцияларының 80 %-ы көмірмен жұмыс істейді.
      2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВт/сағ, тұтыну 77,9 млрд. кВт/сағ. құрады. Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ) Қазақстанның энергетикалық кешенінің негізі болып табылады.
      Қазақстан БЭЖ - бұл ортақ жұмыс режимімен, бірыңғай орталықтандырылған жедел-диспетчерлік және аварияға қарсы басқарумен, дамытуды жоспарлаудың бірыңғай жүйесімен, техникалық саясатпен, нормативтік-технологиялық және құқықтық реттеумен біріктірілген электр станциялары мен электр желілерінің кешені. Қазақстан БЭЖ шартты түрде 3 энергетикалық аймаққа бөлінеді:
      Энергетикалық шаруашылықтары ортақ желімен біріккен және Ресеймен байланысы дамыған Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын солтүстік аймақ;
      Ортақ энергетикалық желімен біріккен және Қырғызстанмен, Өзбекстанмен байланысы дамыған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын оңтүстік аймақ;
      Энергетикалық шаруашылықтарының Ресеймен электр байланысы бар Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қамтитын батыс аймақ.
      Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары ортақ электр желісімен біріктірілген.
      БЭЖ солтүстік аймағы энергиясы мол болып табылады, өйткені осы аймақта Павлодар облысының ірі электр станциялары - Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 орналасқан.
      Оңтүстік аймақ энергия тапшылығына жатады, оны жабу Солтүстік
аймақтан 500 кВ «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзиті бойынша жүзеге асырылады.
      Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:
      генерациялайтын жабдық - 70 %;
      электр желілері - 65 % тозған.
      Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтары тозуының өсуіне, 2009 жылдың мамырынан бастап салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілді, онда энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке тарифтерді енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың энергия жинақтайтын қуаттарды қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындау көзделген.
      Жылдарға бөле отырып, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңіне арналған энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді, олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын түзетілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 85,584 млрд. теңгеден астам көлемде 2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасына инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы 39 келісім қолданылады.
      Ірі ауқымды инвестициялар (жаңа электр станцияларын салу) іске асырылған жағдайда, инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады.
      Тариф қалыптастырудың жаңа тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіншіліктерін есептеуге мүмкіндік береді.

Негізгі міндет

      Экономиканы электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.

Нысаналы индикаторлар

      1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс болған кезде электр энергиясын өндіруді 2014 жылы 97,9 млрд. кВтс жеткізу.
      2. 2014 жылы көмір өндіру көлемін 119 млн. тоннаға дейін қамтамасыз етсін.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

      Қазақстанның экономикасы мен халқын сенімді түрде электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикасы объектілерін салуға, жұмыс істеп тұрған станцияларды кеңейтуге және қайта жаңартуға, ұлттық электр желісін жаңғыртуға, болжамдық теңгерімдерді әзірлеу негізінде қолда бар энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты болады.
      Жоспарланған кезеңде, жаңа қуаттарды қосу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен елде өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі болжамды тұтыну көлемінен асып түседі.
      Екібастұз бен Ақсу ГРЭС-і есебінен жаңғыртылатын Солтүстік энергетикалық аймағында электр энергиясын өндіру көлемінің көп болуы Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы және Солтүстік-Оңтүстік өңіраралық электр тарату желілері бойынша энергиясы тапшы Оңтүстік және Батыс энергетикалық аймақтарына қайта бөлінетін болады.
      Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Орал ГТЭС-ін пайдалануға беру және Атырау ЖЭО кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде 2012 жылы Мойнақ ГЭС-ін және Ақшабұлақ ГЖЭС-ін енгізу, 2018 жылы Балқаш ЖЭС-інің екі энергия блогын пайдалануға беру болжанып отыр. Бірқатар электр желілері объектілерін салу, оның ішінде «Алма» кіші станциясын және Мойнақ ГЭС-інің қуаттарын беру жөніндегі электр тарату желілерінің құрылысы, сондай-ақ электр желілері мен төмендететін кіші станцияларды реконструкциялау жүзеге  асырылатын болады.
      Сонымен қатар 500 кВ Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік транзитінің жобасын іске асыру мәселесі қарастырылатын болады.
      Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді:
      1. Атырау ЖЭО. Жобаның іске асыру құны - 16,4 млрд. теңге. Қуаты 75 МВт. Іске асыру мерзімі: 2006 - 2010 жылдар.
      2. Орал ГЖЭС-і. Жобаны іске асыру құны 9,8 млрд. теңге. Қуаты 54 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      3. Балқаш ЖЭС-і. I модулінің қуаты 1320 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2018 жылдар.
      4. Мойнақ ГЭС-і. Қуаты 300 МВт. Іске асыру мерзімі: 2006 - 2012 жылдар.
      5. «Ақшабұлақ» кен орнындағы ГЖЭС. Қуаты 87 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      6. Екібастұз МАЭС-2 (№ 3 блокты салу). Қуаты 600 - 660 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2015 жылдар.
      7. Екібастұз МАЭС-1 (№ 8 блокты қалпына келтіру). Қуаты 500 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      8. Ақсу ГРЭС-нің № 2 энергия блогын қалпына келтіру. Қуаты 325 МВт. Іске асыру мерзімі: 2009 - 2011 жылдар.
      9. Шардара ГЭС-ін жаңғырту. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2015 жылдар.
      10. Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      11. 500, 220 кВ. желілерімен Қазақстан ҰЭЖ-ге қоса отырып, 500 кВ «Алма» кіші станциясын салу. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2014 жылдар.
      12. Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2016 жылдар.
      13. «Азиада - 2011» үшін Алматы қаласында және Алматы облысында трансформаторлық кіші станциялар салу. Іске асыру мерзімі: 2009-2011 жылдар.
      14. ВЛ 500 кВ Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік транзитін салу. Іске асыру мерзімі: 2011 - 2018 жылдар.
      Көмір өндіру көлемінің өсуі мынадай жобалар есебінен қамтамасыз етіледі:
      Екібастұз көмір бассейнінің разрездерінде:
       - «Богатырь» разрезінің көліктік схемасын қайта құру, разрезде жылына 48 миллион тонна көмір өндірілетін жаңа автомобильді-конвейерлік технологияға ауысу жобасы;
      «Восточный» разрезінде циклдық-ағымдық ашу кешені (ЦААК) құрылысының жобасын аяқтау. ЦААК өндірісі жылына ашылатын кендердің 10 млн. текше метрін құрайды;
      - 3000-5000 тонна деңгейінде тазалау забойында орта тәуліктік жүктемені қамтамасыз ететін жоғары өндірістік тау-кен техникасы мен технологияларын енгізу арқылы Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында;
      - Қарағанды облысында жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайтын «Жалын» тас көмір кен орнының құрылысы және пайдалануға қосу.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      17 мамандық бойынша мамандарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарына дайындық және 80 ТКБ оқу орнының шеңберінде жабылатын болады.
      Екібастұз қаласында 700 оқу орнына арналған Отын-энергетика саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Энергетика саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша электр энергетикасы саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: жасыл экономика және энергия үнемдеу технологиялары, тұрғын үй құрылысы саласындағы технологиялар, жаңа үлгідегі ионисторлар мен конденсаторлар шығару жөніндегі технологиялар, жаңа буын аккумуляторларын шығару жөніндегі технологиялар, отынның жаңа түрін жасауға арналған технологиялар, пиролизді және пайдаланатын қазандық агрегаттар шығару және көмірді газдандыру жөніндегі технологиялар, отынның барлық түрлеріне арналған шағын қазан-агрегаттар шығару жөніндегі технологиялар, энергия өндіруге арналған нанотехнологиялар негізінде жаңа материалдар шығару жөніндегі технологиялар, тік ағынды гидротурбиналары бар қысымсыз ГЭС шығару жөніндегі технологиялар, магистралдық құбыржолдардағы тік ағынды гидротурбиналар шығару жөніндегі технологиялар, жарықтандырудың жарықдиодты шамдарын шығару жөніндегі технологиялар, көмірді газдандыру технологиялары, газды кәдеге жарату технологиялары, күлі көп көмірді жағу жөніндегі технологиялар, жылу шығаратын құрастырылымдар шығару жөніндегі технологиялар, энергия қондырғыларының жұмыс режимдерін бақылау және есепке алу датчиктерін шығару жөніндегі технологиялар, түрлі радиоизотопты өнімдер (ядролық медицина және экономиканың басқа да салалары үшін) алу технологиялары, күн сәулесі есебінен жылумен жабдықтау және электр энергиясын өндіру жөніндегі технологиялар, күн сәулесі концентраторларын шығару жөніндегі технологиялар. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

2.2 Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазіргі уақытта көлік саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жүзеге асырылады: қолданыстағы темір жолдарды жаңғырту жүргізілуде, - Өзен - Түркіменстан мемлекеттік шекара және Қорғас - Жетіген жаңа темір жол желілерінің құрылысы басталды; жер үсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және дамыту бағдарламасы іске асырылуда; 5 шешуші әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта жаңартылды, Ақтау қаласының әуежайында жаңа әуе вокзалы пайдалануға берілді; автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін одан әрі жақсарту жұмысы жалғасуда, 6 жолақты қозғалысы бар «Астана - Щучинск» жылдам жүретін автомагистралі ашылды; жыл сайын кеме жүзетін су жолдарын ұстау жұмысы жүргізіледі, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.
      Сонымен қатар автокөлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі нормативті мерзім шегінен тыс пайдаланылады, екіншісі осы мерзімге жақындап отыр, осыған орай көлік жұмысының қауіпсіздігі айтарлықтай нашарлап отыр. Қолда бар жол-пайдалану техникасы тозуының жоғары екендігі байқалуда.
      Темір жол көлігі саласында темір жол желісі жеткілікті дамымаған, темір жол саласында негізгі құралдардың тозуы, жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығы өсе түсуде; қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бәсекелестіктің болмауы; теміржол көлігін жақсарту мен дамыту жеткілікті қаржыландырылмаған; тариф құрылымының қолданыстағы принциптері және реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануын есепке алмайды. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру және темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, өз кезегінде бұл көлік-коммуникациялық кешенде бәсекелестік орта қалыптастыруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблема Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтін өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі; авиациялық персоналдың, әсіресе ұшқыш құрамының тапшылығы болып табылады.
      Су көлігі саласында порт инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, сервистік инфрақұрылымның нашар дамығаны, білікті отандық мамандар тапшылығы, кеме жүретін шлюздерді қайта жаңғыртудың қажеттілігі байқалуда.

Негізгі міндет

      Экономика мен халықтың көлік қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникациялық кешенді дамыту.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Көлік және қоймаландыру саласы бойынша жалпы қосылған құнды 2008 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнінде 38 %-ға ұлғайту.
      2. Автожолдардың республикалық желісінің 83 %-ы және жергілікті желісінің 68 %-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайы.
      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар көлемін 10,3 %-ға өсіру.
      4. 2015 жылға қарай халықаралық көлік дәліздері бойынша контейнерлік жүк поездарының жылдамдығын 15-20 %-ға, ал жолаушылар поездарының жылдамдық қозғалысы учаскелерінде 20 - 30 %-ға арттыру.
      5. Темір жол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 61 %-ға дейін
төмендетілді.
      6. 2008 жылмен салыстырғанда халықаралық әуе қатынастарының санын 2,5 есеге ұлғайту.
      7. Қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілеттілігі жылына 16 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
      8. Жүктерді транзиттік бағытта тасымалдаулар көлемі 19,4 млн тоннаға дейін ұлғайту.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      Іс-қимылдар стратегиясы экономиканың көлік және логистика қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуникациялық және көліктік-логистикалық жүйені дамытуға, сондай-ақ елді халықаралық көлік желілеріне интеграциялауға бағытталған.
      Мынадай:
      1) қазіргі темір жол желісін жаңа учаскелер салу арқылы желіні оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестендіру;
      2) шамамен 3,9 мың км республикалық маңызы бар автожолды реконструкциялау және 5,6 мың км автожол мен жергілікті маңызы бар 11,5 мың км жолды жөндеу;
      3) 2015 жылға қарай республиканың 7 әуежайында (Қызылорда, Көкшетау, Ақтау, Талдықорған, Қостанай, Тараз, Орал қалалары) ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар және жүк терминалдарын реконструкциялауды (салуды) жүргізу, аэронавигациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен жаңғырту және республиканың әуежайы желісін аяқтау, жаңа заманауи әуе кемелерін сатып алу;
      4) айлақтық және сервистік инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде Ақтау теңіз айлағының қуатын кеңейту, 2015 жылға қарай сауда флотының санын 11 бірлікке дейін, оның ішінде 9 танкер мен 2 құрғақ жүк таситын кемеге дейін жеткізу;
      5) автожол саласында мынадай жобаларды іске асыру: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Омбы - Павлодар - Майқапшағай», «Ақтау - Түрікменстан шекарасы», «Щучье - Көкшетау - Петропавл», «Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе», «Астана - Қостанай - Челябі» және «Астана -Ерейментау - Шідерті» негізгі транзит дәліздерінің автомобиль жолдары учаскелерін реконструкциялау;
      6) «Алматы - Өскемен», «Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы», «Үшарал - Достық», «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін реконструкциялау, сондай-ақ жергілікті автожолдар желісін реконструкциялауды жүзеге асыру;
      7) республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде төлем жүйесін енгізу;
      8) 439 км теміржол салу, сондай-ақ ұзақтығы 1200 километр Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл жаңа теміржолын салу;
      9) 2015 жылға қарай Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі шлюздерін реконструкциялау және жаңғырту;
      10) 2015 жылға қарай 19 бірлік мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту;
      11) Ақтау портының инфрақұрылымын техникалық жаңғырту;
      12) 2015 жылға қарай көлік-логистика орталықтарының санын 14 бірлікке дейін ұлғайту жөніндегі шаралар жоспарлануда.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесуi
      Автожол саласында автожол көпірлерінің темір бетон аралық құрылымдарының ресурстарын болжау бөлігінде; автомобиль көлігі саласында - ірі қалаларда жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқару проблемалары бойынша; транзиттік әлеует саласында - өңірлік экономикалық ұйымдар шеңберінде көлік қызметі нарығында бәсекелестік ортаны зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету саласында инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Инвестицияларды ынталандыру:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестігі шартында білікті халықаралық жолаушылар операторлары арасынан стратегиялық инвесторларды теміржол жолаушылар тасымалының қазақстандық нарығына тарту;
      2) теміржол саласы нарығын ырықтандыру және темір жол саласының мақсатты моделіне сәйкес мемлекеттік реттеу реформалары;
      3) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалы және тұрақты ішкі және халықаралық әуе тасымалдарын субсидиялау бойынша шаралар қабылдау.
      Техникалық реттеу:
      1) 2015 жылға қарай 11 әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) санатын иеленетін болады.
      2) 2013 жылға қарай автомобиль көлігі саласында Евро-3 экологиялық стандарттары, қозғалыстағы автокөлік құралдарын автоматты өлшеу жүйесі енгізілетін, халықаралық тасымалдауларда сандық тахографтар енгізілетін болады;
      3) кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен ИСО 9001:2000, ИСО 9001, ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесі енгізілетін болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету:
      1) көлік саласы бойынша мамандарды даярлау мемлекеттік білім тапсырысы, грант және кәсіпорындардың қаражаты есебінен техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарының және кәсіпорындардың оқу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. 2010 - 2012 жылдары көлік-коммуникация кешені саласындағы қажеттілік 70 мыңнан астам білікті маманды құрайды;
      2) 8 көлік және коммуникациялар мамандығы бойынша кадрлар қажеттілігі ЖОО-да және 109 ТжКБ оқу орындарында жүзеге асырылатын болады;
      3) жұмысшыларды поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты 75 біліктілік және кәсіп бойынша кәсіптік оқыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары - Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларындағы «Темір жол көлігі қызметкерлерін оқыту орталықтарында» жүзеге асырылатын болады.

Заңнаманы жетілдіру

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1.Мына:
      1) жеке сектордың қызметін ынталандыру мақсатында рұқсат беру функцияларын қысқарту, кеме қатынасы компанияларының шетел азаматтарын кеме экипаждарының құрамына тарту құқығын ұзарту бөлігінде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»;
      2) реформалауды жүргізу және темір жол көлігінің жаңа субъектілерін айқындау бөлігінде «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізу.
      2. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.

2.3 Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Халықты, бизнесті және мемлекетті ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулермен және технологиялармен қамтамасыз ету елдің инновациялық экономикаға әрі ақпараттық қоғамға өту шарттарының бірі болып табылады.
      Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың енуі мынадай индикаторлармен сипатталады. Интернет желісін пайдаланушылардың саны 5,1 миллион абонентке жетті (100 адамға 32-ден). Қоғамның компьютерлермен қамтылуы 2009 жылы 100 адамға 12,7 компьютерге жетті (2008 жылы 100 адамға 11,2 компьютер). Тіркелген байланыс абоненттерінің саны 2009 жылы 3,7 млн. абонентті құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 100 мың абонентке артық. Орташа телефон тығыздығы 100 тұрғынға 23,4 абонентті құрады (2008 жылы 100 тұрғынға 22,2 абоненттен). Ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. абонентке жетті, бұл 100 тұрғынға 95,5 абонент тығыздығына сәйкес келеді.
      Ақпараттық коммуникациямен қамтамасыз етудің негізгі проблемалары:
      инфрақұрылымдық проблемалар (жаңа буын телекоммуникациялық технологияларын енгізу үшін қажетті радиожиіліктің жетіспеушілігі; телерадио хабарларын тарату кешенінің материалдық базасының ескіруі);
      бәсекелестікті дамытудағы кедергілер (ауылдық почта және жергілікті телефон байланысының залалдылығы, Интернет қызметтерінің қайталама провайдерлері үшін үстем операторлардың көтерме тарифтерінің жоғарылығы).

Негізгі міндет

      Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға өту үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейін
арттыру - 100 %.
      2. Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжетімділік абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 15.
      3. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 135.
      4. Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 52 %-ға дейін
арттыру.
      5. Оңтайландыру мен автоматтандырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсетудің 65 %-ын электрондық нысанға көшіруді қамтамасыз ету.
      6. Республика халқының 82 %-ын цифрлық эфирлік хабарларды қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
      7. Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - 100 тұрғынға 26,8.
      8. Интернет пайдаланушылардың тығыздығы - 100 тұрғынға 54,7.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Ақпараттық коммуникацияның дамыған инфрақұрылымы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді және корпоративтік секторды дамытуда және бірқатар әлеуметтік міндеттерді шешуде маңызды орын алады:
      1. телекоммуникация қызметтеріне (сандық телевизия, Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу) ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
      2. веб-хостинг қызмет көрсетулерге, деректерді бастапқы және резервтік сақтауға және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен өтуге деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарын дамыту.
      Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін телефон байланысы және интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады.
      Интернет желісіне қол жеткізуді қоса алғанда, халықтың қалың бұқарасын байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында:
      1) 3G, CDMA-450/800 және LTE (4G) технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне сымсыз кең жолақты қол жеткізу желілерін енгізу және дамыту;
      2) FTTH, FТТВ технологияларын пайдалана отырып, барлық облыс орталықтарында интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжеткізу желілерін дамыту;
      3) CDMA-450/EVDO технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц диапазонындағы радиожиілік спектрін босату.
      Үшінші буындағы (3G) ұялы байланыс стандарты 2015 жылдың соңына дейін тұрғындар саны 10 000 және одан артық елді мекендерге пайдалануға берілетін болады.
      Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін LTE технологиясы базасында Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, тұрғындар саны 50 000-нан артық адамы бар елді мекендерде (4G) жаңа буындағы ұтқыр байланыс стандарты енгізілетін болады.
      2015 жылдың соңына дейін телефон байланысы қызметтерімен және интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде CDMA-450/EVDO стандарты енгізілетін болады. 2015 жылға қарай ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерінің базалық станцияларының жалпы саны 900 бірлікке жетеді.
      Басты жобалар:
      1) «электрондық үкіметті» дамыту;
      2) сандық телехабарлар таратуды енгізу;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бірыңғай көліктік ортамен өңірлік қамтуды қамтамасыз ету;
      4) FTTH, FTTB технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне тіркелген кең жолақты қол жеткізу желісін дамыту;
      5) CDMA-450/EVDO технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желісін жаңғырту;
      6) мемлекеттік органдарының хостинг қызметтері үшін серверлік тұғырнама жасау;
      7) серверлік орталықты технологиялық жарақтандыруды аяқтау;
      8) 3G және LTE (4G) технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне сымсыз кең жолақты қол жеткізу желілерін енгізу және дамыту;
      9) радиожиілік спектрлік мониторинг жүйесін жаңғырту;
      10) резервтік сервер орталығын құру;
      11) коммерциялық дата-орталықтар құру;
      12) «КО шеңберінде ақпарат алмасу бойынша мемлекетаралық шлюз»
ақпараттық жүйесін құру;
      13) «ИТП» АЭА аумағында АКТ-кластерінің бірінші кезегін салу;
      14) мемлекеттік «бұлттық» түғырнаманың бірінші кезегін құру болып табылады.

2.4 Минералдық-шикізат кешенін дамыту

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Республиканың минералдық-шикізат кешені ел экономикасының басым салаларын қажетті шикізат базасымен қамтамасыз ете алады, Қазақстанды тұрақты даму жолына алып шыға алатын «локомотив» болады.
      Қазақстан мыс, уран, титан, ферроқорытпа және болаттың әлемдік нарығында стратегиялық рөлге ие бола отырып, Еуроазия субконтинентінде хромды шығару бойынша монополист болып табылады, темір, марганец, көмір және алюминийдің өңірлік нарығына едәуір ықпалы бар. Тасымалдау мәселелерінің шешілуімен, Қазақстан мұнай қорларын тиімді пайдаланып, әлемдік мұнай нарығында лайықты орынға ие бола алады.
      Минералды шикізат қорларын ұдайы өндіру жағдайларының жылдан жылға қиындай түсуі минералдық-шикізат кешенінің ағымдағы жай-күйінің нақты объективті жағдайы болып табылады.
      Елдің минералдық-шикізат кешенінің перспективті ресурстық базасын дамыту қорларды өсіру мақсатында іздеу және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Негізгі міндет

      Өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералды ресурстардың ұтымды және кешенді пайдалануы мен қайта өндірілуін қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.12.2014 № 984 Жарлығымен.

      1. 2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толықтыру пайызы (өсу бойынша, анықталған қорлардың өтелген қорларға қатынасы) - 50 %: 2009 жылы - 23 %, 2010 жылы - 25 %, 2011 жылы - 25 %, 2012 жылы - 30 %, 2013 жылы - 0 %, 2014 жылы - 50 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      2. Ауылдық елді мекендерді жерасты суларының қорымен қамтамасыз ету: 2009 жылы - 30,8 %, 2010 жылы - 30,8 %, 2011 жылы - 33,5 %, 2012 жылы - 43,2 %, 2013 жылы - 49,5 %, 2014 жылы - 57,3 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      3. 2015 жылға қарай Геологиялық ақпараттың деректер банкін 95 %-ға дейінгі көлемде толықтыру (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. Бөлікпен толықтырылды - ҚР Президентінің 25.12.2014 № 984 Жарлығымен.

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірл.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Болжамды ресурстарды бағалау:

1.1

алтын

ИДМ

тонна

102,8

110

105

108

0

100,4

1.2

мыс

ИДМ

мың тонна

0,95

1

1

1

0

1.3

полиметалдар

ИДМ

мың тонна

4,95

6,1

3,6

6,1

0

5,2

2

Қорлардың өсімі:

2.1

алтын

ИДМ

тонна

10,161

10

1

13,5

0

 15

2.2

мыс

ИДМ

мың тонна

561,7

150

100

105

0

110

2.3

полиметалдар

ИДМ

мың тонна

0

0

0

115

0

120

3

Жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін ауылдардың саны

ИДМ

ауыл

-

52

0

341

216

4

Ірі елді мекендерді және топтық су құбырларын жерасты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін жерасты сулары орындарының қорларын қайта бағалай отырып, оларды жете барлау

ИДМ

кен орны

2

4

12

0

35

 30

5

Геологиялық ақпаратты нөмірлеу

ИДМ

Тб

-

-

-

-

20

Дамудың негізгі бағыттары

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Іздеу жұмыстарын өткізудің жаңа технологияларын енгізу, қатты пайдалы қазбаларға және көмірсутекті шикізатқа қатысты үлкен көлемде геофизикалық жұмыстарды қайта жандандыру және жүргізу елдің минералдық-шикізат базасын нығайтудың басты бағытына жатады. Геологиялық-барлау жұмыстарының барлық технологиялық тізбегін түпкілікті жақсарту үшін геологиялық-түсіру жұмыстарының қазіргі заманғы әдіснамасы қарастырылып, қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін қорларды іздестіру мен барлаудың, бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге бағытталған жаңа деңгейдегі зерттеулер және оның негізінде қорларды өсіру мақсатында өңірлік, іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу басталатын болады.
      Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі жер қойнауын пайдалану саласында отандық және халықаралық стандарттарды үйлестіру қажеттілігін негіздейді (атап айтқанда, пайдалы қазбалар қорларын сыныптау мен санатқа жатқызу, геологиялық-іздестіру жұмыстарының кезеңділігі және т.б.).
      Жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуын пәрменді бақылауды ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын мемлекеттік сараптау тетігі жетілдіріледі, пайдалы қазбалардың кен орындарын компьютерлік үлгілеу, бағалаудың автоматтандырылған кешендері және қорларды есептеу негізінде қорларды сараптаудың қазіргі заманғы жаңа технологияларына кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады.
      Шикізат базасы (темір кені, көмір, уран және мұнай-газ) қанағаттанарлық жағдайда тұрған басым салалар топтары бойынша олардың дамуының негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады: азайып бара жатқан қорларды толтыру, қолда бар барланған қорларды ұтымды игеру, алдын ала бағаланған қорларды өнеркәсіп санаттарына уақтылы көшіру, оларды игеру және әлемдік нарыққа (уран) өнімді шығаруда мемлекет тарапынан қолдау табуы, тау кен-байыту кешенінің қуатын арттыру (марганец), ішкі көлік коммуникацияларын (мұнай-газ) құру.
      Минералдық-шикізат базасының жағдайы онша қанағаттанарлық емес салалар тобы үшін (марганец, алюминий, темір кені және хромит) дамудың басты бағыттарына ресурстарды барлау, игеру және ішкі нарыққа жылжыту, шикізат базаларын қолжетімді, бай және сапалы кендермен толықтыру және нығайту жатады.
      Шикізат проблемалары өткір тұрған салалар үшін (мыс кені, қорғасын-мырыш кені, алтын кені және титан) дамудың басты бағытына кен орындарды іздеу мен барлаудың перспективалық алаңдарын бөлу арқылы шикізат базаларын жаңа бәсекеге қабілетті нысандармен түпкілікті нығайту жатады.
      Минералды-шикізат кешенін тиімді дамытуды жалғастыру үшін
      мынадай шаралар көзделіп отыр:
      1) минералды шикізаттың тапшы түрлерін барлау саласына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау (салалық заңнамаға, пайдалы қазбалар қорларының сыныптамасы мен санаттылығына, геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігіне өзгерістер енгізу және тағы басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасында көзделген геологиялық саланың инфрақұрылымын жетілдіру;
      2) Тұжырымдамасының негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасын молайту болып табылатын «Қазгеология» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі -«Қазгеология» ҰК» АҚ) еліміздің минералды-шикізат базасын дамыту міндетін шешуге белсенді тарту;
      3) негізгі стратегиялық бағыттары:
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      құнының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында тау-кен активтерін тиімді басқару;
      қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруде мемлекеттің қатысуын өсіру;
      жер қойнауын пайдаланушылармен және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен мемлекеттік-жекешелік қағидаты бойынша жұмыстарды орындау болып табылатын «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-мен тығыз байланыс орнату арқылы Қазақстан Республикасының минералды шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

2.5 Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Орнықты экономикалық өсу және экономиканың онымен байланысты құрылымдық өзгерістері ұлттық еңбек нарығының ауқымымен және оның құрылымының өзгеруімен қатар жүрді. Еңбек ресурсына сұраныстың ұлғаюы белгілі бір деңгейде өндіріс көлемінің ұлғаюына ғана емес, салыстырмалы түрде еңбек өнімділігі өсуі қарқынының төмендеуіне және арзан еңбекті пайдалану мүмкіндіктеріне де байланысты болды.
      Елде құрылыс саласында, тамақ өнімдерін өндіруде, көлікте, көшедегі азық-түлік және киім-кешек базарларында, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарында көлеңкелі жұмыспен қамту сақталуда. Оның құрамындағы негізгі топтар Қазақстандағы еңбек нарығында жұмыссыз халықтың болуына қарамастан еңбектің қанағаттанбаған сұранысын жауып отырған заңсыз еңбек мигранттары (2000 жылы - 10,5 мың адам, 2005 жылы - 24,7 мың адам, 2008 жылы 54,0 мың адам, 2009 жылы - 30,4 мың адам) болып отыр.
      Соңғы жылдары қызметкерлердің кәсіптік ұтқырлығы байқалуда, олардың көпшілігі екінші және үшінші кәсіптік білім алуда, сондай-ақ жоғары және орта арнайы білімі бар қызметкерлер саны өсу үстінде.
      Сонымен қатар, азаматтарды кәсіптік даярлаудың құрылымы мен нысаны кәсіптік бөліністе жұмыс күшіне сұраныстағы өзгерістерге барабар емес. Кәсіби даярлық пен жоғары мектеп арасында теңсіздік бар.
      Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру стандартты жіктеуішіне сәйкес келеді. Мамандар даярлаудың үш деңгейлі: бакалавр - магистр - PhD докторы моделі енгізілді.
      Бағдарламаның бағыттары бойынша кадрлар даярлау республиканың жалпы контингенті 238 104 адам болатын 69 жоғары оқу орнында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 199 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.
      Жоғары оқу орындары білім, ғылым және өндіріс арасын байланыстырушы буын болып табылатын білім берудің инновациялық инфрақұрылымын дамыту, әр түрлі бейінді ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер құру жұмыстарын жүргізуде.
      Техникалық, технологиялық мамандықтар бойынша және агроөнеркәсіп кешені мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлау 186 мамандық бойынша 543 техникалық және кәсіптік білім беру орындарында (бұдан әрі - ТКБ) жүзеге асырылуда, онда 260,9 мың адам білім алуда.
      Сонымен қатар, елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін кәсіби мамандар даярлау қажеттілігін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар:
      1,25 кадрларға ұзақ мерзім кезеңге арналған қажеттілікті болжамдау жүзеге асырылмайды;
      жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту жөніндегі заңнамалық база жеткілікті емес;
      ТКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы ескірген;
      ТКБ оқу орындарында оқитындардың кәсіпорындардағы өндірістік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру мәселесі шешілмеген;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты талаптарына толықтай сай келмейді;
      әлеуметтік әріптестік жеткілікті дамымаған. Өндірістік практика базаларымен қамтамасыз ету, оқу бітіргендерді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар жасауға тарту тетіктері жоқ.

Негізгі міндет

      Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде экономиканың басым секторларының қажеттіліктерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған оқу орындарының үлесін 70 %-ға дейін ұлғайту.
      2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесін 78 %-ға дейін ұлғайту.
      3. Экономиканың әртүрлі секторлары бойынша басым мамандықтар (кәсіптер) бойынша 147 кәсіби стандарттар әзірлеу.
      4. Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде экономиканың басым секторларының қажеттіліктерін білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету:


Өлш. бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

техникалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар мамандар дайындау

мың адам

7,3

11,6

16,9

Техникалық мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандар дайындау

мың адам

11,9

12,0

12,1

      5. 2014 жылға қарай шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы біліктілігі жоғары жұмыс күшінің үлес салмағы - 55 %.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

      Экономиканың қажеттіліктеріне және еңбек нарығындағы сұранысты білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін техникалық және кәсіптік, инженерлік-техникалық және қосымша кәсіптік білім берудің өзара байланысты жүйесін қамтитын үздіксіз білім беру моделін қалыптастыру, теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту, экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын, кәсіпорындарда бағдарлама жобаларын оқытудың қос жүйесін енгізу, сондай-ақ ішкі және сыртқы көші-қонды пайдалану жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.
      Еңбек ресурстарындағы қажеттілікті айқындау үшін салалық министрліктер әрбір нақты жобада жылдар бойынша, олардың құрылысы мен жұмыс істеу кезеңінде мамандықтар бөлінісінде еңбек ресурстарының қажеттілігін айқындайды және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынады.
      Осы жобаларды қажетті көлемде және талап етілетін білікті мамандармен қамтамасыз ету:
      1) өңірлік еңбек нарығында, оның ішінде жұмыссыздардың арасынан қажетті кадрларды (жұмысшылар) іздеу;
      2) вахталық жұмыс әдісін қоса алғанда, елдің еңбек ресурстары артық басқа өңірлерінен еңбек ресурстарын тарту;
      3) бюджеттік бағдарламалар есебінен де, сол сияқты ірі кәсіпорындардың оқу орталықтары базасында да жұмыссыздар қатарынан
кадрлар даярлау және қайта даярлау;
      4) нақты жобалардағы сұранысқа сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.
      ҮИИМДБ жобаларының қажеттілігіне сәйкес білім беру жүйесі арқылы қажетті кадрларды жоспарлы даярлау осы мәселедегі бастапқы міндет ретінде қаралады.
      Қазіргі (болжамды) кадр тапшылығының орнын толтыру мақсатында кадрларды қажетті мамандықтарға (кәсіптерге) қайта оқыту, ішкі еңбек көші-қонына жәрдемдесу, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерді тарту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.
      Орта буындағы білікті жұмысшылар мен мамандар тапшылығын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруге (ТКБ) басым көңіл бөлінбек.
      Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) ТКБ оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту:
      экономиканың басым секторларының қажеттіліктеріне бағдарланған  жұмыс істеп тұрған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту;
      ТКБ жаңа оқу орындарын салу. ТКБ-ның әкімдіктер өтінім беретін оқу орындарын салу жөніндегі жобаларды іріктеу Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар бойынша жиынтық қажеттілікті ескере отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жобалар ірі кәсіпорындардың қатысуымен республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру шартында іске асырылатын болады;
      мұнай-газ саласы бойынша Атырау қаласында, отын-энергетика саласы бойынша Екібастұз қаласында, өңдеуші сала бойынша Шымкент қаласында және машина жасау саласы бойынша Өскемен қаласында өңіраралық кәсіптік орталықтар салу;
      индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша қазіргі ТКБ ұйымдарының базасында базалық оқу орталықтарын құру;
      2) еңбек нарығындағы сұранысқа және халықаралық стандарттарға сәйкес мыналарды:
      жұмыс берушілер бірлестіктерін және қызметкерлерін тарта отырып, ұлттық біліктілік жүйесін;
      кәсіптік стандарттарды;
      құзыретті мамандар даярлаудың интеграцияланған (модульдік) білім беру бағдарламаларын әзірлеу жолымен білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
      3) ТКБ құрылымы мен басқару жүйесін жетілдіру:
      ТКБ дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің экономиканың басым секторларының Индустрияландыру картасының кадрларын мақсатты даярлау үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде үйлестіру кеңестерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      жұмыс берушілерді және салалық қауымдастықтарды тиісті келісімдер жасасу, ТКБ-ны, оқу орындарын және кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарын дамытуды қолдау жолымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде кадрлар даярлауға тарту, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін жұмыс орындарын, стипендиялар ұсыну;
      4) индустрияландыру міндеттерін шешу үшін білікті кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету:
      мамандар біліктіліктерін сертификаттаудың, оның ішінде халықаралық сертификаттаудың салалық жүйесін енгізу;
      біліктілікті арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтар базасында ТКБ ұйымдарының кадрлық әлеуетін күшейту;
      жоғары оқу орындарында ТКБ оқу орындары үшін өндірістік оқыту оқытушылары мен шеберлерін даярлау.
      Индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары білім беру жүйесін жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      жоғары оқу орындары, ҒЗИ және жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындары арасында өндірістік практикалар базасын қалыптастыруға келісімдер жасасу;
      ұлттық және трансұлттық компаниялардың қаражатын тарта отырып, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
      жоғары оқу орындарының отандық және шетелдік жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарымен және жетекші ҒЗИ-мен профессор-оқытушылар құрамын жоғары технологиялық кәсіпорындарда, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өткізу мәселелері бойынша көп жақты кооперациясы.
      Кадрларға деген қажеттілік ұсынылған кезде салалық мемлекеттік органдар кәсіптер мен мамандықтар (соның ішінде жеке, эксклюзивті даярлау) жобаларын іске асыру үшін қажетті барлық мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыратын болады.
      Кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
      Басқарушы кадрларды даярлау жекелеген кәсіпорындардың да, тұтастай ел экономикасының да жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторы болып табылады.
      Осы мақсатта экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді шет елге тағылымдамаға жібере отырып, олардың біліктілігін арттыру саласында жергілікті және шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
      Персоналды алдын ала оқытуды ұйымдастыру өмір бойы білім мен ілімді үнемі жаңарту үшін жағдай жасауға негізделген. Бұл үшін кадрларды даярлау және қайта даярлаудың үш деңгейлі жүйесі - жоғары, орта және бастапқы білім беру мекемелерінде; өндірісте (фирмаішілік даярлау), уәкілетті органдардың халықтың мақсатты топтарын жұмыспен қамту жөніндегі оқытуы және қайта оқытуы одан әрі дамытылып, пайдаланылатын болады.
      Қызметкерлерді басым тәртіппен қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қабылданып жатқан шаралар шеңберінде азаматтардың мынадай санаттары қамтылатын болады: толық емес жұмыс режимінде істейтін не қысқару қаупінде тұрған қызметкерлер және халықтың мақсатты топтарының өкілдері.
      Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы бойынша экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      ішінара ақы төленетін өндірістік практика тетігін дамыту;
      бос орындар жәрмеңкесін өткізу;
      әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыру;
      «Түлек» дерекқорын қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру;
      Ішкі және сыртқы көші-қонды пайдалану
      Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланумен қатар ішкі және сыртқы көші-қон тетіктері мынадай жолдармен кеңінен қолданылатын болады:
      өңірлік еңбек нарықтарында, оның ішінде жұмыссыздар арасынан қажетті кадрларды (қызметкерлерді) іздестіру;
      елдің еңбек ресурстары артық өңірлерінен жұмыстың вахталық әдісін қоса алғанда, еңбек ресурстарын тарту;
      нақты жобаларға сұранысқа сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ұтымды бөлу жолымен шетелдік жұмыс күшін тарту.
      Сыртқы еңбек көші-қонын реттеу біліктілігі жоғары жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыруға, ішкі еңбек нарығында ширығуды азайтуға, инвестициялар ағынын ынталандыруға бағытталатын болады.
      Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жоғары білікті мамандарды және бизнесті жүргізудің озық тәжірибесін пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік беретін еңбек көшіп-қонушыларын тартудың сараланған тәртібі мен селективті тетігі кеңінен пайдаланылатын болады.
      Теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту бойынша мынадай іс-шаралар жүзеге асырылатын болады;
      1) Индустрияландыру картасының барлық жобаларын жедел мониторингілеуге мүмкіндік беретін Ақпараттық-талдау жүйесінің негізінде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган, салу және пайдалану кезеңдерін қоса алғанда, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілікке талдау жүргізеді. Осының негізінде кәсіптер мен мамандықтар жобаларын (оның ішінде жеке, арнайы дайындық) іске асыруға қажетті барлық білім беру мемлекеттік тапсырысы қалыптастырылатын болады;
      2) 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамды теңгерімін әзірлеу көзделіп отыр.
      Республикалық деректер банкін құрудың негізінде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының өңірлік болжамдары да әзірленетін болады.
      Ақпараттық база шеңберінде халықты еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы хабардар етудің жаңа сапалы жүйесін құру және ақпараттық-консультациялық қызметтер желісін елеулі кеңейту қажет.
      2014 жылдан бастап «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін қолданыстағы «шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жолымен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру қызметі автоматтандырылатын болады.

Заңнаманы жақсарту

      Қазақстан Республикасының мынадай Заңдары мен Кодекстеріне:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне ұлттық біліктілік жүйесін құру және кәсіптік стандарттар әзірлеу жөніндегі құзыретті белгілеу бөлігінде;
      2. Жеке кәсіпкерлік туралы, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Қазақстан Республикасының заңдарына ұйымдарда өндірістік практика үшін орын беру және кейіннен біліктілігін бере отырып, персоналды өндірісішілік оқыту (тікелей жұмыс орнында) бөлігінде;
      3. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      4. Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңын (жаңа редакцияда) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.

2.6 Әкімшілік кедергілерді азайту

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде анықталған 1004 рұқсат беру рәсімі түрлерінен 348 рәсімді тоқтату бойынша ұсыныстар әзірленді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда жылына шамамен 880 лицензиялау-рұқсат беру құжат айналымын азайтуды болжайды (29 млн. жуық рұқсат беру құжаты берілді).
      2009 жылы 72 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Заң кәсіпкерлік субъектілеріне бақылау-қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістерді оңтайландырып, реттеуге мүмкіндік берді. Тексерістерді оңтайландыруға және реттеуге тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу, тексеру парақтарын, ведомстволық статистикалық есептілік нысандарын бекіту есебінен қол жеткізіледі.

Негізгі міндет

      Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. 2015 жылға қарай бизнесті тіркеуге және жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар; аккредиттеу; консультациялар алумен) байланысты, уақыт пен шығындарды қоса алғанда, операциялық шығасылар 2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ға төмендейді.
      2. 2009 жылмен салыстырғанда лицензияланатын қызмет түрлері 30 %-ға қысқартылатын және лицензиялар, рұқсаттар, келісімдер мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі оңайландырылатын болады.
      3. 2015 жылдың соңына дейін кемінде 80 % рұқсат беру рәсімдерін автоматтандырумен қамтылуы.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
      Лицензиялау-рұқсат беру және тіркеу жүйелерін жетілдіру:
      1. Рұқсат беру жүйесін «тарылту»:
      1) рұқсат беру құжаттары мен рәсімдердің санын қысқарту және олардың түпкілікті тізбесін заңнамалық деңгейде бекіту;
      2) лицензиялау іс-қимылы саласын тарылту, оның ішінде біліктілік талаптарымен қамтамасыз етілмеген лицензияланатын қызмет түрлері мен кіші түрлерін тізбеден алып тастау.
      2. Рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және жетілдіру:
      1) қаржы секторын қоспағанда, «бір терезе» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына және мемлекеттік органдарға қолдану;
      2) рұқсат беру құжаттарының алынуына байланысты мынадай жолдармен алынған уақытша шығындар мен шығасыларды қысқарту:
      құжаттардың толықтығын қарау мерзімін 2 күнге дейін шектеу;  құжаттарды міндетті нотариалдық куәландыруды; «үндемегені - келіскені» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына таратуды алып тастау;
      3) азаматтардың өмірі және денсаулығы үшін тікелей тәуекелі жоқ және ақпараттық сипатқа ие рұқсаттардың орнына хабарлама тәртібін енгізу;
      4) хабарлама тәртібін толық автоматтандыру;
      5) хабарламаларды халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық «үкімет порталы» арқылы қабылдауды қамтамасыз ету;
      6) кейін автоматтандыру үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру;
      7) қаржы секторын қоспағанда, «е-лицензиялау» саласын кеңейту:
      2010-2011 жылдары - олардың аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар-лицензиарлар;
      2011-2012 жылдары - жергілікті мемлекеттік органдар-лицензиарлар.
      Қызметін бастағаны туралы хабарлама беру және заңнама талаптарына сәйкес декларациялау кезінде дәйексіз ақпарат бергені үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін енгізу.
      3. Кәсіпорындарды ашу және жабу рәсімдерін оңайлату.
      4. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу рәсімдерін оңайлату.
      5. Қолданыстағы және жаңадан енгізілген заң нормалары мен экономиканы реттеу құралдарының реттеушілік әсерін жария талдаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу үшін:
      1) мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесін толық автоматтандыру;
      2) «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорында есептілік функционалын іске асыру;
      3) 2011 жылға қарай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер дерекқорына жалпыға бірдей тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      4) халықаралық тәжірибені ескере отырып, экономикалық салдарларды құруды бағалау әдістемесін пысықтау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін нормативтік құқықтық мониторингтеу бойынша шаралар қабылдау.
      6. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тексеруді оңтайландыру және жүйелеу:
      1) құқық қорғау органдары жүргізетін бизнесті тексерулерді оңтайландыру, қысқарту және регламенттеу;
      2) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының тергеуге дейінгі тексерулер мәселесін реттеу;
      3) бақылаудың балама тетіктерін пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жауапкершілікті сақтандыру, дербес қаржылық кепілдемелер, қоғамдық бақылау) мәселелерін пысықтау.
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын, оның ішінде, бизнеске жоспардан тыс тексерулер жүргізу және бақылаудың өзге де нысандарының тәртібін регламенттеу есебінен қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін күшейту.
      8. Кәсіпкерлік қызметті техникалық реттеу қағидаттарын енгізуді кеңейту жолымен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді ырықтандыруды қамтамасыз ету.
      9. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
      10. Мөлшері бойынша жеке кәсіпкерлер субъектілерінің тізілімін енгізу.

Заңнаманы жақсарту

      Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
      1. «Банкроттық туралы».
      2. «Темір жол көлігі туралы»
      Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын әзірлеу және қабылдау:
      3. «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдарының тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға арналған құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2.7 Бәсекелестікті дамыту

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі міндеттерді шешу және кейінгі экономикалық өсімді дайындау кезінде бәсекелестіктің маңызы артады. Әлемдік экономикалық дағдарыс үрдісі тұтастай алғанда бәсекелестіктің дамуына әсер етті.
      2009 жылы жүргізілген талдау нәтижелері темір жол саласы, отын-энергетика кешені және телекоммуникация секторы ұзақ уақыт бойы монополияланған және шоғырлануы жоғары нарықтар болып отырғанын растады. Экономика құрушы болып табылатын бұл салалар аралас салалардағы бәсекелестіктің дамуына айтарлықтай әсер етеді.
      Азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестік жеткілікті түрде дамымаған.
      Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі жоғары, соның ішінде мемлекет қатысатын кәсіпорындар саны ұлғаюда, бұл бәсекелестік ортаға кері әсер етеді, ал мемлекеттік кәсіпорындарға ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулердің сапасы ете төмен болуда.

Негізгі міндеттер

      Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына тең қолжетімдікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін жағдайлар жасау.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.


2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1. Экономикалық шоғырландыруға арналған өтінімдерді қарау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанған тұтынушылар үлесі.




40 %

50 %

2. Монополияға қарсы орган құруға келісім беруден бас тартқан, акцияларының (үлестерінің) 50 % астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үлесі.




5 %

6 %

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттің республиканың нарықтарына қатысу үлесін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу, экономиканың салаларын монополиясыздандыру, сондай-ақ монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру талап етіледі:
      1) монополияға қарсы бақылауды арттыру және қызметтік бейінді емес активтерді жеке секторға беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын ЖШС мен АҚ-лардың қызметін реттеу;
      2) бәсекелестікті дамыту және экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру мақсаттарын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі нақты шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енгізу;
      3) оларды одан әрі қысқарту үшін табиғи монополиялар субъектілерін реттейтін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесін айқындау;
      3) темір жол көлігімен тасымалдау нарығында:
      инвестициялық тарифті бекіту;
      магистральдық желілерге және басқа да инфрақұрылым объектілеріне кемсітпей қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      заңнамаға тиісті өзгерістер енгізе отырып, жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар тасымалдау бойынша бағытқа құқық беру мерзімін 1 жылдан 3-5 жылға дейін ұзарту;
      әділ тариф белгілеу мақсатында тоғыстыра субсидиялауды жою және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне тарифтер қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету;
      4) әуе тасымалы мен әуежай қызмет көрсетулері нарығында:
      әуежай және тасымалдау қызметтерін бөлу;
      техникалық қызмет көрсетуде, багажды, жүктерді және почтаны өңдеуде, перронда қызмет көрсетуде, тамақ өнімдерін жеткізуде, бажсыз саудада, автотұрақтарда және т.б. бәсекелестікті дамыту;
      авиа компаниялардың әуежайлар мен аэронавигация қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін әзірлеу және енгізу;
      бюджеті төмен авиа тасымалдарын кеңейту үшін жағдай жасау, іскерлік және шағын авиацияны дамыту;
      авиа тасымалдаушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасау (оның ішінде мемлекеттік көмек беруді бақылау жолымен);
      авиа компанияларына және әуежайларға делдалдық құрылымдарды айналып өтіп, авиа ЖЖМ өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
      авиа тасымалдаушылардың авиаотынды сақтауы жөніндегі әуежайлардың қызмет көрсетулер ұсынуын және балама отын құю кешендерін салу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
      5) телекоммуникация нарығында:
      орта мерзімді перспективада телекоммуникация қызмет көрсетулері нарығының экономикалық шоғырлану дәрежесін азайту мақсатында қор нарығында «Қазақтелеком» АҚ акцияларының пакеттерін және тіркелген, ұялы байланыс және Интернет операторларындағы қатысу үлестерін сату;
      байланыс операторларының мұқтажы үшін оларды босату мақсатында радиожиілікті конверсиялау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
      жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне тең ашық қол жеткізуді, сондай-ақ айқын әрі кемсітусіз оператораралық қосылуды қамтамасыз ету;
      6) мұнай өнімдері мен көмір нарығында:
      мұнайды алу-берушілердің МӨЗ қызмет көрсетулеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын жою мақсатында қазақстандық мұнайды толлинг схемасы бойынша Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының МӨЗ-де өңдеу туралы мәселені қарау;
      бензинді, дизель отынын, авиациялық керосинді, табиғи және сұйытылған газды, көмірді сату нарығындағы өнімсіз делдалдық құрылымдарды жою;
      7) азық-түлік тауарлары нарығында:
      ритейлер тарапынан өктемдік фактілерін жою үшін ритейлердің азық-түлік тауарларын жеткізушілермен өзара қатынастарының жеткізушілердің ірі сауда желілеріне кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін және әртүрлі шарттар таңуды жоятын тетігін заңнамалық деңгейде регламенттеу.

Заңнаманы жақсарту

      Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдау:
      1) бірқатар заңдарды «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;
      2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және қабылдау;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесіне 2010 жылы бағыттар беру мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайту бөлігінде темір жол көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауды субсидиялау тетігін жетілдіру бөлігінде өзгерістер енгізу;
      4) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тәртібін, жеке тасымалдаушылар институтының пайда болуына сәйкес темір жол вокзалдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттаманы қайта қарау және өзгерістер енгізу;
      5) әуе кеңістігін пайдалану туралы екі жақты үкіметаралық келісімдерді монополияға қарсы заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру бөлігінде әуе тасымалын реттейтін заңнаманы үйлестіру (оларды кемсітуді немесе әділетсіз бәсекелестік саясатын жоюға бағытталған бәсекелі нормалармен толықтыру);
      6) «Темір жол көлігі туралы» Заңға және басқа заңнамалық актілерге инвестициялық тарифті бекіту бөлігіне өзгерістер енгізу;
      7) МӨЗ қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін қабылдау.

2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру

Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазіргі уақытта нормативтік экспансия әдістерімен - техникалық регламенттерде, стандарттарда, аккредиттеу әдістерінде, сәйкестікті бағалау және нарыққа қол жеткізудің өзге де нысандарында мүдделік қолдау арқылы экономикалық тауашаларын жеңіп алу үрдісі бар.
      Техникалық регламенттер қабылдау арқылы өнімдердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске жасалатын қысымды азайту, импорттық өнім нарығында қол жеткізуді шектеу мәселелері шешілуде.
      Тұтынушылар үшін техникалық регламенттер тұтынатын өнімінің қауіпсіздік кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің түпкілікті талабын қамтитын құжат болып табылады.
      Техникалық регламенттер әзірлеу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 97 техникалық регламент әзірлеу жоспарланған, оның 61 бекітілген. Енгізілген түзетулерге сәйкес енді 43 техникалық регламент әзірленіп, қабылдануы қажет.
      Бірыңғай кеден одағын құру жұмыстары белсенді сатыда тұр және оның маңызды бағыттарының бірі техникалық реттеу болып табылады.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бірінші кезектегі техникалық регламенттерін әзірлеудің бекітілген кестесіне сәйкес 32 техникалық регламент әзірлеп, қабылдау көзделіп отыр, бұл ретте 24 техникалық регламенттің қазақстандық аналогы бар немесе әзірленуде.
      Осыған байланысты, Қазақстанның сапалы әзірленген техникалық регламенттері негізге алынуы тиіс ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерін қабылдау кезінде өз мүддесін талап ету Қазақстан үшін маңызды болып табылады.
      Мемлекет пен кәсіпкерліктің мүдделерін теңгерімдеуі тиіс бейімделген техникалық регламенттерді енгізу талап етіледі.
      Техникалық регламенттердің талаптарын толыққанды енгізу үшін орташа алғанда кемінде бір жыл қажет, бұл уақытта ведомстволық нормалау, бизнес ортаға әкімшілік қысым жасауды азайту, қажет болғанда өндірісті жаңғырту, сынақ базасын құру жөніндегі шаралар қабылдап, үйлестірілген стандарттар әзірленіп, қабылдануы тиіс.
      Бүгінгі күні Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында стандарттау жөніндегі 56 342 астам нормативтік құжат бар, оларға мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар кіреді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 2 791 бірлік қабылданған, оның ішінде 1 846 бірлігі - халықаралық талаптармен үйлестірілген, бұл жалпы үйлестіру пайызының 66 %-ын құрайды.
      Салалар бөлінісінде мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі: 1. Машина жасау және машина жасау өнімі (80,3 %); 2. Энергетика және электрлік-техника (57,4 %); 3. Жол-көлік техникасы (72,8 %); 4. Құрылыс материалдары және құрылыс (72,3 %); 5. Жеңіл өнеркәсіп (32,9 %); Ауыл шаруашылығы (47,1 %); 7. Тамақ өнеркәсібі (60 %); 8. Химиялық технология (70,1 %); 9. Металлургия және тау ісі (59,7 %); 10. Мұнай және газ. Аралас өндірістер (92,4 %).
      Жыл сайын шамамен 350 мемлекеттік стандарт қабылданады. Бұл белгілі бір шамада жалпы үйлестіру деңгейін 1-2 %-ға арттыруға мүмкіндік береді.
      Индустрияландыру шеңберінде жұмыстарды үдету ескерілді. Сондықтан жыл сайын қосымша 500 стандарт қабылдау қажет және 5 жыл ішінде кемінде 2500 мемлекеттік стандарт қабылдануы тиіс. Бұл ретте, халықаралық талаптармен үйлестіруге көп көңіл бөлінеді.
      2008 жылдан бастап ұлттық аккредиттеу жүйесі құрылды, ол барлығы 1059 құрылымды қамтиды, соның 186-ы сертификаттау жөніндегі орган, 541-і сынау зертханасы және 332-сі метрологиялық қызметтер.
      Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының желісі тең бөлінбеген, олар негізінен Алматы қаласында, гендік-түрлендіру көздерін айқындау жөніндегі, отын мен автомобильдердің Евро экологиялық талаптарына сәйкестігі, өрт қауіпсіздігі бойынша және басқа да аккредиттелген сынау зертханалары жоқ.

Негізгі міндеттер

      Индустрияландыру процестеріне техникалық реттеу құралдарын пайдалану және мыналарға:
      1. Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу.
      2. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру, менеджмент және технологиялық қайта жарақтану жүйелерін енгізу жағдайларын жасау үшін сапа инфрақұрылымын құру.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Жыл сайын техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кемінде 500 стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау.
      2. 2014 жылға қарай кемінде саны 67500 НҚ барлық нормативтік техникалық құжаттарды (2012 жылы - 66500, 2013 жылы - 67000, 2014 жылы - 67500) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына шоғырландыру.
      3. 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталонды және эталондық жабдықты (2010 жылы - 16 эталон, 2011 жылы - 10 эталон, 2012 жылы - 10 эталон, 2013 жылы - 10 эталон, 2014 жылы - 14 эталон) 60 рет жаңғырту (толық жарақтандыру).

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

      Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартты емес) өнімнен шектеу жөніндегі міндеттер шеңберінде:
      орталық және жергілікті атқарушы органдар өнімінің қауіпсіздігіне жоғары талаптар мен отандық өнім нарығына қол жеткізудің ерекше шарттарын белгілейтін техникалық регламенттер әзірленіп, енгізіледі;
      тәуекелдерге барынша аз араласу және тиімді басқару принциптеріне негізделген мемлекеттік бақылау жүргізіледі;
      сынақ, оның ішінде шекара маңы сауда орталықтарын, арнайы экономикалық аймақтар салу шеңберінде, сондай-ақ инвестициялық жобалар шеңберінде сынақ зертханалары құрылады және жаңғыртылады;
      аккредиттеу, сертификаттар және хаттамалар жүйелерінің барабарлығы бойынша, соның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу бойынша шаралар қабылданады;
      техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті деңгейлерде инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізу жүргізілетін болады;
      техникалық регламенттер мен стандарттарды сақтау бойынша техникалық нормалау мен мемлекеттік бақылау жөніндегі саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша кәсіптік мемлекеттік органды құру жөніндегі жұмыстар.
      Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндіру міндеті, менеджмент жүйесін енгізу және технологиялық қайта қаруландыру шеңберінде:
      1) нақты өндірістер шеңберінде өнім шығару үшін қажетті озық халықаралық стандарттарға негізделген ұлттық және мемлекетаралық стандарттар әзірлеу және қабылдау;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өнімге арналған стандарттарды енгізуге бағытталған шараларды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды ұйымдастыруы;
      3) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының толыққанды жұмыс істеуі және оны халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыру;
      4) менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізуді және өнім сапасын арттыруды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, менеджмент жүйелерінің стандарттарын енгізу кезінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын субсидиялауды жүзеге асыру тетігін әзірлеу;
      5) жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандарттары мен үкіметтік емес стандарттарының (бар болса) талаптарына сәйкестігін көрсету тәжірибесін қайта жаңарту;
      6) салаларды метрологиялық қамтамасыз ету және халықаралық деңгейде эталон базасының тепе-теңдігін растау үшін ұлттық эталон базасын жаңғырту;
      7) республиканың нормативтік құқықтық актілерінде ерікті стандарттарды пайдалану жолымен технологиялар трансфертін ынталандыру жөніндегі заңнамалық шаралар құру;
      8) инновациялық өнім өндіру және оны айналымға шығару мен сәйкестігін ерікті растау үшін жағдайлар жасау;
      9) жоғары сапалы өнім өндірудің прогрессивті әдістерін енгізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін стандарттау жөніндегі жұмыстарға (ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттар әзірлеуге және оларды өзектендіруге, оның ішінде инновациялық өнімге қатысты) бизнестің белсенді қатысуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарына негізделген ұлттық стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
      10) қазақстандық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің(бұдан әрі - ТК) стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердің (бұдан әрі - ИСО/ТК және МТК) жұмысына қатысуы жүргізілетін болады. ТК-нің стандарттар жобаларын әзірлеу сатысында ИСО/ТК және МТК жұмысына қатысуы отандық экономиканың (яғни, стандарт жобасына талаптарды дайындау кезінде отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын және ғылыми-техникалық жабдықталуы ескеріледі) мүддесінде стандарттарды қалыптастыруға ықпал етуге, оларға қойылатын талаптар жаңа халықаралық және мемлекетаралық стандарттарда қаланған өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруға уақтылы дайын болуға, сондай-ақ ұлттық өнімді әлемдік нарықтарға одан әрі ілгерілету үшін жағдайлар жасауға, ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Сонымен қатар, өнімділік, экологиялық, энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөніндегі ұлттық стандарттар әзірленеді. Мұндай «технологиялық дәліздерді» қалыптастыру табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін, өнім (көрсетілетін қызметтер) қауіпсіздігін арттыруға, энергия мен материал қажетсінуді азайтуға мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, кейіннен осы талаптарды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қоса отырып, орта мерзімді перспективада өнімдердің жекелеген түрлерін өндіру кезінде қолданысқа енгізу үшін технологияларға қойылатын ең аз талаптар айқындалатын болады.

Заңнаманы жақсарту

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Техникалық регламенттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, техникалық регламенттер талаптарын сақтамаған кәсіпорындарға қатысты әкімшілік әсер етуді күшейту; ЕурАзЭҚ және Кеден одағы шеңберлерінде қабылданған келісімдерге сәйкестендіру.

2.9 Энергия үнемдеу

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Әлемдік дағдарыс қаупі және жоғарғы әлемдік бәсекелестік жағдайында экономиканы, оның ішінде еліміздің индустриялық секторын жеделдетілген қарқында жаңғырту және еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын ескере отырып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Елдің бәсекеге қабілеттігінің өсуінде, өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты технологиялық жаңғыртуда негізгі бағыттардың бірі энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы елдің ЖІӨ-сі энергия жұмсалуы көрсеткіші бойынша әлемнің дамыған елдерінен ғана емес, сонымен қатар экономикасының құрылымы қазақстандық экономикаға өте жақын Ресей, Беларусь елдерінен де едәуір артта қалуда. Бұл энергия сыйымдылығының 10 %-дан 40 %-ға дейін азаю әлеуетінің едәуір екені туралы куәландырады.
      ЖІӨ энергия жұмсалуының соншалықты жоғары болу себептерін айқындау үшін басқа елдер бастапқы отын-энергетикалық ресурстарды (бұдан әрі - ОЭҚ) тұтыну салаларын талдау қажет.
      Елдің энергия үнемдеу әлеуетін зерделеу шеңберінде (электр энергиясын тұтыну 70 %-дан астам) энергияны ең көп қажет ететін сала ел өнеркәсібі болып табылатыны анықталды.
      Бұл ретте, елде өндірілетін электр энергиясының 35 %-дан астамын «Ақсу темір балқыту зауыты», «Арселор Миттал Теміртау» және «Қазақстан электролиздер зауыты» сияқты 15 ірі кәсіпорын тұтынады.
      Қазақстанның өнеркәсіп секторында жоғары энергия тұтыну бірінші кезекте металлургия және тау-кен өнеркәсібі сияқты энергияны ең көп қажет ететін салаларға байланысты. Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарының басым бөлігі ескірген технологияларды және дәрежеде елеулі тозығы жеткен жабдықтарды пайдаланады. Сондықтан техникалық паркті жаңғырту қажеттілігі болып отыр, өйткені тозығы жеткен жабдық және ескі технологиялар энергия шығындарының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
      Бүгінгі күні тұрғын-үй секторы жіберілетін жылу энергиясының 40 %-ға жуығын тұтынады. Сараптамалық бағалаулар бойынша ғимараттардың 70 %-ға жуығы заманауи талаптарға сәйкес келмейтін жылу техникалық сипаттамаларға ие, осыған байланысты олар қоршау конструкциялары арқылы жылыту үшін тұтынылатын 30 %-ға дейінгі жылу энергиясын жоғалтады.
      Осылайша, жоғарыда баяндалған деректерге сүйене отырып, негізгі энергетика ресурстарын тұтынушылар өнеркәсіп, оның ішінде электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру (бастапқы энергетикалық ресурстардың жалпы тұтыну көлемінен 47 %) секторы және тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық секторы болып табылады.

Негізгі міндеттер

      Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында өндірістің энергия қажетсінуін төмендету.
      Энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларын ұлғайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру.
      Технологиялық энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру.
      Энергияны тиімі пайдалануға ынталандыратын тұтастай құқықтық,  әкімшілік және экономикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Өнеркәсіптің энергия жұмсауын 2008 жылғы деңгейден кемінде 12 %-ға төмендету.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Елдің энергия жұмсауын төмендету үшін салалардың энергия тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар кешені айқындалды. Экономиканың барлық салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жүйесін құру үшін құқықтық, реттеуші өрісі «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес құрылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012 — 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары Заңда салынған негіздерді іске асырудың пәрменді тетігі болып табылады.
      Бастапқы кезеңде өнеркәсіп секторындағы барлық қажетті шараларды іс-қимылдардың мынадай тізбектілігіне қоюға болады:
      1) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергетикалық аудиттен өтуі, оның қорытындысы бойынша энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалатын болады. Аталған іс-шараларды іске асыру энергетикалық ресурстарды тұтынудың жыл сайынғы төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін енгізуі;
      3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ерікті келісімдер жасасу.
      Сондай-ақ ынталандыру шараларын енгізу мүмкіндігі үшін тарифтік, кедендік, монополияға қарсы реттеу шараларын қарастыру қажет.
      Жаңа технологияларды, энергия менеджменті жүйесін енгізу және жабдықтарды жаңғырту бойынша жоғарыда көрсетілген іс-шараларды мемлекеттің ынталандыруы үшін Энергия үнемдеу қорын дамыту тетігі және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде энергия үнемдеудің экономикалық, тиімді жобаларын қаржыландыру ретінде құру қажет. Қордың мақсаты - энергия тиімділігін арттыру жобаларын, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында, бюджет саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторында және басқа жобаларды қаржыландыру және оларға қолдау көрсету болып табылады.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен бюджет секторы үшін ғимараттарға энергетикалық зерттеулер жүргізу және тиісті энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеу қажет.
      Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеу жүргізу бірінші кезектегі міндет болып табылады, себебі ғимараттарды жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау ғимараттарда жылу тұтынуды едәуір азайтуға айтарлықтай ықпал етеді.
      Бұдан басқа, коммуналдық кәсіпорындарда ИСО 50001 энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу қажет.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы іс-шараларды қаржыландыру құралдарының бірі - энергия сервистік шарттары мен компанияларды енгізу болып табылады.
      Басқа да маңызды шараларды енгізу мәселесі пысықталатын болады, оның ішінде:
      1) техникалық регламенттерді, стандарттарды, сертификаттарды және жабдықтар мен технологияларға, сонымен қатар ғимараттарға және олардың жобалық құжаттамаларына қойылатын талаптарды бекіту жолымен техникалық реттеуді енгізу;
      2) энергия үнемдеу саласында отандық мамандар даярлау;
      3) халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау.
      Сондай-ақ, іс-қимылдар стратегиясы басымдықтарының бірі энергия үнемдеу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу болып табылады.

Заңнаманы жақсарту

      «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және басқа салаларды қамтитын нормативтік құжаттар, сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы жаңа мемлекеттік стандарттар мен техникалық регламенттер әзірленетін болады.

2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға
жәрдемдесу

      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.12.2014 № 984 Жарлығымен.

      Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

      Бүгінгі күні Қазақстанда ғылым шығыстарының үлесі елдің ЖІӨ-ден 0,2 % құрайды, ал Халықаралық академиялық кеңес ұсынатын дамушы елдер шығындарының үлесі ЖІӨ-ден 1-1,5% құрайды. Мысалы, Ресейде тиісті көрсеткіш ұлттық ЖІӨ-ден 1,3 %-ға, Қытайда - 1,4 %-ға, Германияда - 2,5 %-ға, АҚШ - 2,8%-ға және Жапония - 3,3%-ға тең. Осылайша, Қазақстанда берілген патенттердің саны 1671 патентті құрайды, ал Ресейде 19 641 патент, Қытайда - 26 292, АҚШ-та - 154 760 және Жапонияда - 217 364 патент берілді.
      Қазақстанда Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып қайта ұйымдастырылды, ал ғылыми-техникалық институттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұлттық ғылыми орталықтар арқылы орталықтан жасалады, әрі ол қазақстандық экономиканың қажеттілігімен байланысты емес және мәні бойынша ғылыми-зерттеу институттарының ағымдағы қызметін қаржыландыру болып табылады, ал жоғары оқу орындары мен жеке сектордың қатысуы барынша аз болып қала береді.
      Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКЖ өнімдерін сатып алуға ақша салуға тырыспайды, салыстырмалы түрде бұл тиісті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындарға да тән. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейлері соңғы жылдары 3-4% деңгейінде, бұл ЕО елдеріне қарағанда едәуір төмен.
      1997 жылдан бастап 2008 жыл аралығында кәсіпорындардың шығындары құрамындағы ғылыми-техникалық қызметтердің үлес салмағы 4,5 еседен астам ұлғайды, бұл ҒЗТКЖ өнімдеріне сұраныстың артқанын куәландырады.
      Кәсіпорындардың көпшілігі технологиялық шешімдердің импорттық техникалар мен жабдықтарда қазірдің өзінде бар екендігіне қарамастан, «толық аяқталған» жобаларға басымдық береді. Сонымен қатар лицензияланған технологиялар мен патенттер өте сирек сатып алынады (фирмалардың - 4 %).
      Отандық ғылыми-зерттеу кешенінің құрылымын толық талдау кезінде республиканың барлық ғылым саласының 80 %-ын зерттеу бөлігі құрайтынын және 20 %-дан кемі ҒЗТКЖ-ға келетіні анықталды. Қазақстандағы тәжірибе өндірістері ғалымдарының, конструкторлардың және қызметкерлердің арақатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл ара-қатынас 1:2:4-ті құрайды. Ғылымды қаржыландыру жүйесі мына қатынастарда оңтайлы болады: іргелі зерттеулерге 20 %, қолданбалы зерттеулерге 30 %, ТКЖ-ға 50%, бұл инновациялық технологиялар енгізудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Негізгі міндеттер

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      1. Тиімді ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
      2. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін ауқымды және жеделдетіп игеруге ынталандыратын жағдайлар жасау.
      3. Отандық кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және басқарушылық деңгейлерін, оның ішінде технологиялардың кең ауқымды трансферті есебінен жаңғырту.
      4. Осы шешімдерді кейіннен отандық кәсіпорындарға енгізу үшін ғылым алдында нақты технологиялық міндеттер қою.
      5. Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін технологияларды және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау және енгізу.
      6. Ғылым мен өнеркәсіптің өзара тығыз байланысын, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз ету.

Нысаналы индикаторлар

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Халықаралық деңгейде танылған патенттердің саны 2015 жылға қарай 30-ға дейін

ИДМ

бірлік


5

5

10

10

2

Енгізілген жаңа технологиялардың және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің саны 2015 жылға қарай тиісінше 150-ге дейін және 110-ға дейін

ИДМ

бірлік


20

20

50

30

60

50

20

10

3





2015 жылға қарай инновациялық инфрақұрылым:

ИДМ

бірлік









салалық орталықтар - 2

ИДМ




1

1

конструкторлық бюролар - 3

ИДМ


1

1

1


технопарктер - 4

ИДМ


1

1

1

1

коммерцияландыру орталықтары - 70

ИДМ



9

15

21

25

4

кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі 2015 жылға қарай 10 %-ға

ИДМ

%

4,2

4,8

6,8

8,8

10

5

Ірі шетелдік компаниялармен бірлескен жоғары технологиялық өндірістер

ИДМ

бірлік

-

-

1

-

1

6

Инновациялық инфрақұрылым арқылы іске асырылған жобалардың саны:

ИДМ

бірлік






коммерцияландыру орталықтары

ИДМ


7

15

28

40

технопарктер

ИДМ

30

40

50

60

70

конструкторлық бюро:

ИДМ






сертификатталған өнім саны

ИДМ

5

10

15

20

1

сатып алынған конструкторлық құжаттама саны

ИДМ

6

8

8

10

2

әзірленген конструкторлық құжаттама саны

ИДМ

-

4

6

10

15

7

ЖІӨ-ден ғылымға және инновацияларға арналған мемлекеттік шығыстар, %-бен

ИДМ

%

0,28

0,4

0,6

0,8

1,0

8

ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін ұлғайту

ИДМ

%

0,51

0,6

0,7

0,85

1,0

9
 


Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға арналған шығындар

ИДМ

млн. теңге

31034

45000

60000

75000
 


98000
 


10

2015 жылға қарай елдің жалпы халқының 100 мыңына шаққанда инженерлік-техникалық персоналдың санын ұлғайту

ИДМ

%

-

База

1,0

2,0

5,0

11

Технологиялық инновацияларды әзірлеуге және енгізуге арналған шығындардың тиімділігін бағалау (технологиялық инновацияларға арналған шығындардың көлеміне инновациялық өнім көлемінің арақатынасы)

ИДМ

%

2,7

3,9

5,13

6,48

8,6

12

2015 жылға қарай зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындардың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 1 %-ға ұлғайту

ИДМ

%

0,15

0,10

0,2

0,5

1

13

Қазақстан Республикасында жүргізілетін инновациялық саясат туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардар болу серпіні

ИДМ

%



3

4

5

      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері (жауапты  мемлекеттік орган - ИДМ)
      1) Жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру, инновация ұсыну  және инновация енгізу және тарату жолымен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесін дамыту.
      2015 жылға қарай кемінде 150 жобада жаңадан құрылған жоғары технологиялық компаниялардың технологиялық зерттеулер мен бизнес инкубациялау нәтижелерін коммерцияландыру моделі сыналатын болады; технологиялар трансфертінің ұлттық желі негіздері құрылатын болады; шамамен 50 озық шетелдік технология тартылатын болады; инновациялық технологияларға сатып алынған құрылымдық-технологиялық құжаттаманың, лицензиялар мен патенттердің саны кемінде 100-ді құрайтын болады. Инновациялық, оның ішінде қолданыстағы өндірістердің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуге бағытталған гранттар беру жүйесі іске қосылады; ШОБ-тың инновациялық кәсіпорындары желісі - кемінде 100 жоғары технологиялық өнім жеткізуші қалыптасады және кемінде 50 инновациялық жоба қаржыландырылатын болады. Сонымен қатар, сала қалыптастырушы жобалар үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге бағытталған кемінде 15 ШОБ кәсіпорны құрылатын болады.
      2) Технологиялық болжамдау және жоспарлау, қолданбалы ғылымды бизнестің қажеттілігіне бағыттау және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы жеке құзыреттер құру.
      2015 жылға қарай ғылыми-технологиялық болжамдаудың ұлттық жүйесі құрылатын болады, салааралық ғылыми-технологиялық жоспар, инновацияларды дамытудың өңірлік және салалық бағдарламалары әзірленеді, кемінде 10 ірі ғылыми зерттеу институты мен орталығын, 30 инновациялық компанияны, 4 бизнес-инкубаторды қамтитын кемінде 2 ұлттық инновациялық кластер құрылады; ҒЗТКЖ-ға инвестициялау үшін ынталандыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіледі; отандық инноваторлармен және инновация тұтынушыларымен жүйелі жұмыс істеу қағидаты енгізіледі.
      3) ҰИЖ элементтерін үйлестіруді арттыру, инновациялық белсенділікті насихаттау және заңнамалық базаны жетілдіру жолымен инновациялық ортаны дамыту.
      2015 жылға қарай инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейту; салалық және өңірлік деңгейді қамтитын инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру; Технологиялық саясат жөніндегі кеңес, технологиялық салалық және ғылыми кеңестер арқылы шешімдерді сараптамалық қабылдау жүйесін құру; технологиялық дамыту бойынша бірыңғай ұлттық оператор құру; инновациялық даму процестерін ақпараттық және насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру; шетелдік жоғары технологиялық инвесторлармен және өнертапқыштармен жүйелі жұмыс қағидаттарын енгізу жолымен шешімдерді тікелей қабылдау және инновациялық қызметті үйлестіру жүйесі құрылатын болады.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      Үдемелі индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз ету
      Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негізгі мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйені құру болып табылады.
      Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай тепе-теңдікте өзгертілетін болады: іргелі зерттеулер - 20 %, қолданбалы зерттеулер - 30 %, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер - 50 %.
      Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш түрі көзделетін болады: гранттық - елдің ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық - стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру және базалық - мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан шетел сарапшыларының қатысуымен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.
      Ғылыми өтінімдерді ғалымдар, ЖОО мен ҒЗИ-лер беретін болады, бұл қойылған міндеттерді шешуде ғылыми еркіндікті көздейді. МҒТС өтінімдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негіздемелігі тұрғысынан техникалық сараптама жүргізгеннен кейін ғылыми кеңестер зерттеулердің басым бағыттарына негізделген грант беру туралы шешім қабылдайды.
      Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсенді қатыстыру үшін ЖОО, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылатын, сондай-ақ грантты алуға үміткерлер үшін конкурс шарттары тең қамтамасыз етілетін болады.
      «Назарбаев Университеті» және Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ірі университеттері базасында ұлттық зертханалар, инжинирингтік, жобалау-конструкторлық бюролар құрылатын болады.
      Зияткерлік меншік объектілерін кешенді және сенімді қорғау тиімді ғылымды дамытудың міндетті шарты болмақ.
      Ғылым мен бизнестің байланысы, барынша экономикалық пайдасы бар ғылыми әзірлемелер мен технологияларды тауарлар және қызметтер нарығына жылжыту үшін елдің ғылыми орталықтары мен ЖОО-да коммерциялау офистері құрылатын болады.
      Биотехнологияларды дамыту индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады.
      Биотехнологиялар саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:
      1) әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномдық технологияларды пайдалану негізінде отандық жаңа тест-жүйелер құру;
      2) халықаралық өндірістік тәжірибенің қағидаларына (GMP) сәйкес келетін диагностикумдар мен вакциналар шығару өндірістерін құру;
      3) ашытқы, тамаққа қолданылатын ақуыз, аминқышқылдарын,ферменттер, биоконсерванттар шығару бойынша микроағзалар мен биотехнологиялық өндірістердің топтамасын құру;
      4) ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін өсімдіктердің өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті сұрыптарын шығару;
      5) өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;
      6) мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерін биоремедитациялау мақсатында пайдалану үшін микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;
      7) ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсімдіктерді пайдалану негізінде фоторемедитациялау тәсілдерін әзірлеу.
      2015 жылға қарай кемінде 8 сындарлы технологиялар енгізілетін болады:
      1) «Жасушалық және геномдық селекция» сындарлы технологиялар
бағыты бойынша:
      жасушалық селекция әдістерімен картоп сортын жасау және енгізу технологиясы;
      жасушалық селекция әдістерімен жаздық жұмсақ бидайдың екі сұрпын жасау және енгізу технологиясы;
      2) сындарлы технологиялар бағыты бойынша «Био- және дәрілік препараттар жасау технологиясы»:
      биопрепараттар-мұнай құрылымдарын өндіру технологиясы;
      отандық штамм негізінде A/H5N1 құс тұмауына қарсы «Kazfluvac» вакцинасын дайындау технологиясын әзірлеу;
      отандық штамм негізінде A/H5N1 құс тұмауына қарсы «Refluvac» вакцинасын дайындау технологиясын әзірлеу;
      туберкулезге қарсы вакциналар дайындаудың отандық технологиясын әзірлеу;
      3) «Жасушалық және молекулярлық инженерия» сындарлы технологиялар бағыты бойынша:
      күйікті емдеу үшін жасушалық препаратты алу және енгізу технологиясы;
      4) «Өнімдердің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері» сындарлы технологиялар бағыты бойынша:
      GMP қағидаларына сәйкес биопрепараттар шығару.
      Инновациялық саясат
      Үшінші өнеркәсіптік революцияның негізгі үрдістеріне шоғырландырылуы қажет. Қазақстан экономикасы үшін оның қосарланған әсері болуы мүмкін: негізгі салаларға ықпал ету және мүлдем жаңа салаларды жасау.
      Айтылғанды ескере отырып, Қазақстанның инновациялық саясаты:
      меншікті ғылыми құзыреттілікті дамытуға, инновациялық ортаны қалыптастыруға, технологиялардың ақылды трансфертін іске асыруға шоғырланатын болады.
      Жұмыстың осы қағидаттары 2020 жылға дейінгі Қазақстанның инновациялық даму тұжырымдамасына негізделген, оның мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты жоғары білім экономикасына бағдарланған қоғамды қалыптастыру болып табылады. Мақсаттарына сүйене отырып, Тұжырымдаманың мынадай міндеттері айқындалды:
      1) технологиялық болжамдаудың нәтижелері бойынша айқындалған Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту;
      2) 8 стратегиялық саясатты іске асыру арқылы инновациялық қызметті қолдау жүйесін қалыптастыру:
      мемлекеттік сектордағы инновациялар; инновациялық орта; тиімді ғылым;
      технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту; инновациялық белсенді бизнес; тиімді өңірлік инновациялық жүйелер; инновациялар үшін инфрақұрылым; әлемдік инновациялық жүйеге интеграциялау.
      Мәселен, инновациялық қызметті қолдаудың мынадай шаралары жүзеге асырылатын болады:
      1) инновациялық гранттар бөлу, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру шарттарында;
      2) жобалық қаржыландыру;
      3) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері. Технопарктер қызметі шеңберінде ғылыми-зерттеуді және инновациялық қызмет үшін қажетті бизнес-инкубация жасаудың консультациялық, инжинирингтік және өндірістік қызметтерінің барлық кешенін құру мәселесі университеттермен немесе ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл кезінде пысықталатын болады;
      4) ірі ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен орта мерзімді перспективаға арналған технологиялық бағдарларды сипаттай отырып, технологиялық келісімдер жасау;
      5) отандық технологияларды коммерцияландыру және перспективалы шетел технологияларын жергіліктендіру жүйесін дамыту;
      6) өз кезегінде шетелдік инвесторлардың, қаржы-өндірістік топтардың және транс ұлттық корпорациялардың венчурлық капитал нарығына келуіне ықпал ететін венчурлық қорлар қызметін дамыту.
      Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады, оның ішінде:
      1) қызметі тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілер жасауда қолданылатын жабдықтың, шығарылатын өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, техникалық жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсетуге бағытталатын салалық конструкторлық бюролар желісін дамыту;
      2) қазіргі және жаңа технопарктерді дамыту;
      3) технологиялар трансфертін дамыту. Бүгінде Франциямен және Кореямен - 2 халықаралық технологиялар трансфертінің орталығы жұмыс істейді, оның шеңберінде нақты бірлескен жобаларды іске асыру басталды.
      2015 жылға қарай мұндай орталықтар негізгі алдыңғы қатарлы технологияларды тасымалдаушы елдермен құрылуы қажет;
      4) құрылыстың екінші кезегін іске қосуды, компания айналымдарының артуын, шетелдік басқарушы компанияны тартуды көздейтін «ИТП» АЭА-н одан әрі жедел дамыту, «ИТП» АЭА базасында АЭА тұжырымдамасында ескере отырып, халықаралық деңгейдегі инновациялық-экономикалық хабты құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Бұдан басқа, тиісті жылдың жер қойнауын пайдаланушыларға есепті жыл ішінде ЖЖТ-дан тиісті мөлшерде 1 % есептеп шығаруға және сәйкесінше міндеттемені дұрыс орындауға мүмкіндік бермейтін тиісті жылды аяқтау қорытындыларына сәйкес ЖЖТ бойынша есеп құрастыру бойынша қайшылық жойылатын болады.
      Өнеркәсіпке бағдарланған қолданбалы зерттеулерді қолдау үшін ЕО тәжірибесі бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру қажет.
      Қолданбалы зерттеулер жүргізген кезде нысаналы технологиялық
бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) мемлекеттің үлестік қатысуы мен бизнестің негізінде технологиялық құзыреттілікті арттыру тетігі болуы тиіс.
      Бұдан басқа, PR-стратегиясын, жастар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің, бизнесмендер арасында конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын өзге де іс-шараларды қамтитын кешенді насихаттауды іске асыру жөніндегі жұмыс жыл сайын жүргізіледі.
      Сонымен қатар, салалар мен өңірлер бөлінісінде технологиялық дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін рейтингтік бағалау жүргізілетін болады.
      Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыру
      Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес таяу жылдарға арналған инновациялық саясаттағы басты екпін негізінен технологиялар трансферті, техникалық жаңғырту, бизнес-процестерді жетілдіру арқылы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыруға жасалатын болады.
      Осыған байланысты қойылған міндетті іске асыруды қамтамасыз ету және инновациялық саясат саласындағы бірыңғай үйлестірілген іс-қимылды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға дейінгі күш-жігері мынадай басым бағыттарды дамытуға шоғырландырылатын болады.
      Бірінші - өңірлерді шоғырланған инновациялық дамыту. Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын инновациялық саясатты жандандыру инновациялық қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды алғышартына айналды.
      Өңірлерде өңірлік инновациялық жүйелерді құру мәселесі пысықталатын болады. Бұдан басқа, өңірлерде инновациялық саясатты іске асырудың меншікті құралдары, инновацияларды қолдаудың тиісті құралдары, инновациялық инфрақұрылым элементтері болады.
      Бұдан басқа, әрбір өңірде өңірдің инновациялық әлеуетін, инновациялық өнімдерге деген қажеттіліктерін айқындау, ашу және дамыту, инновациялық жобаларды жылжыту және олардың бастамашыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған және жеткілікті ресурстық әлеуетке ие инновацияларды қолдау орталықтарын құру мәселесі пысықталатын болады.
      Осы процестерді әдіснамалық және консультациялық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы арқылы қамтамасыз ететін болады.
      Сонымен қатар, өңірлерде технопарктерді дамытудың жүйелік проблемалары шешіледі, атап айтқанда, олардың мамандануы мен жұмыс істеу модельдері нақты айқындалатын болады.
      Назарбаев Университеті мен Инновациялық технологиялар паркі арасындағы рөлдер бөлініп, ұлттық инновациялық екі кластерді дамытуға барынша күш жұмсалады.
      Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жаңғыртудың неғұрлым сәтті моделі - бұл аса ірі университеттердің айналасындағы зияткерлік аймақтар. Осыған байланысты Назарбаев Университетінің айналасынан инновациялық-зияткерлік кластер құру трансфертке және оларды кейіннен өндіріске енгізе отырып, жаңа технологиялар құруға ықпал етеді.
      Инновациялық технологиялар паркі өнертапқыштыққа сай болуға және Қазақстанда, Силикон алқабы мен Малайзиядағы Сабержая секілді, шетелдік желілік технопарктердің тәжірибесін енгізуге тиіс.
      Парк қамқоршылар кеңесіне және жер қойнауын пайдаланушылардың 1 % мөлшеріндегі аударым қаражатының есебінен құрылатын өзінің нысаналы қорына сүйенуге тиіс.
      Осы технопарктер мен инновациялық кластерлерді қаржыландыру инновацияларды дамытуға жиынтық жылдық кірістің 1 %-ын аудару жөніндегі міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.
      Екінші - технологиялардың екіжақты трансферті саясатын іске асыру. Технологиялар трансферті және отандық өнеркәсіптің инновациялық әзірлемелерді игеруі үшін жүйелі жағдайлар жасалады. Осыған байланысты, бірінші кезеңде технологиялар трансфертінің бірлескен орталықтарын құру, сондай-ақ жетекші орталықтарда қазақстандық ірі өкілдіктерді ашу, инновацияларды жетекші инновациялық компаниялардың кеңселерімен қатар шоғырландыру арқылы озық серпінді технологиялар трансферті мәселесі пысықталатын болады.
      Бұдан басқа, ірі ЖОО-мен, ҒЗИ және инновациялық жүйелердің басқа да субъектілерінің дарынды шетелдік ғалымдар мен мамандар трансфертін жүзеге асыруы шеңберінде олардың әлемдік стандарттар деңгейінде болуының бәсекелестік жағдайлары мен барлық қажетті бейімдеушілік қолдау көрсетуді көздейтін бөлек шаралар кешенін пысықтау қажет.
      Үшінші - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну рәсімдерінің тиімділігін арттыру. Тәуекелді қаржыландыруды дамытуға ерекше мән беру керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі инновациялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыру тәуекелдерінің жүйесін әзірлеу мәселесін қарастыруға тиіс. Инновациялық қаржыландырудың ерекше табиғатын ескере отырып, мұндай жобалардың іске асырылуын бақылау бюджет қаражатының жұмсалуын дәстүрлі бақылаудан мүлдем өзгеше болуға тиіс. Жобалардың сәтті болуының жоғары ықтималдығын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдаудың айқын әрі икемді рәсімдерін корпоративтік деңгейде бекіту қажет. Бақылау тек осы рәсімдерді сақтаудан ғана тұруы тиіс.
      Сонымен қатар, инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын күшейту жөніндегі мәселе пысықталатын болады. Аталған шара халықтың хабардар болу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді және қолдау құралдарын ұсынуға өтініш берушілер санын көбейтуге септігін тигізеді.
      Төртінші - инновациялық қызметті салықтық ынталандыруды қамтамасыз ету. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуды ынталандыру шаралары қолданылатын болады.
      Бұдан басқа, ұлттық инновациялық жүйені дамытудың әлемдік үздік тәжірибесіне сәйкес шағын инновациялық кәсіпорындардың ерекше мәртебесін айқындау жөніндегі шаралар қабылданады.
      Бесінші - нысаналы технологиялық бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) тетігін іске асыру. Қолданбалы зерттеулерді жүргізу кезінде нысаналы технологиялық бағдарламалар мемлекет пен бизнестің үлестік қатысуы негізінде технологиялық құзыретті арттыру тетігіне айналуға тиіс.
      НТБ-ны барынша тиімді іске асыру мақсатында НТБ-ны іске асыруды тиісті саладағы уәкілетті органға бекітуді көздейтін қаржыландыру тетігі әзірленетін болады.
      Алтыншы - инновациялық жобалардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру. Аталған бағыт шеңберінде Инновациялар картасы қалыптастырылады. Инновациялар картасы жобаларының мониторингі мен оларды жылжытудың тиісті тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Жетінші - технологияларды коммерцияландыру жүйесінің тиімділігін арттыру. Осыған байланысты инновациялық жобалар мен зияткерлік меншікті коммерцияландыру жүйесін дамыту жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жасау мәселесі пысықталатын болады.
      Сонымен қатар, жыл сайын РR-стратегияны, жастар мен кәсіпорындар қызметкерлері, бизнесмендер арасында байқаулар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және халықта инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын басқа да іс-шараларды өткізуді қамтитын кешендік насихаттауды іске асыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
      Инновациялық қызметті ынталандырудағы негізгі рөл ұлттық компанияларға - отандық экономиканың негізгі флагмандарына тиесілі болады, олардың даму стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары ғылыми қызметті, технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы қызметтің негізгі бағыттарын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, олар инновацияны дамытуға арналған міндетті аударымдар түрінде жыл сайын бөлетін қаражат ұлттық инновациялық жүйені нығайтуға септігін тигізеді.
      Сонымен қатар, қазіргі уақытта инновацияны дамыту барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар үшін басым қызмет болып табылатындығын ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың салалық және өңірлік бағдарламалық құжаттарында инновациялық даму саласындағы қызметінің негізгі бағыттарының міндетті түрде көрсетілуін қарастыру қажет, бұл біріншіден, оларды инновациялық саясатты іске асыруға тартуға мүмкіндік береді, екіншіден, мемлекеттік органдардың инновациялық қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу шеңберінде көшбасшы позицияларға жету үшін қуатты түрткі болады.

Заңнаманы жақсарту

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.03.2014 N 762 Жарлығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдау:
      1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
      2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2.11 Тариф саясаты

Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында 1514 реттелетін қызметті көрсету бойынша шамамен 1089 табиғи монополиялар субъектісі (бұдан әрі - ТМС) өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:
      1) 743 - су кәріз жүйелері саласында;
      2) 446 - электр және жылу энергетикасы саласында;
      3) 280 - көлік саласында;
      4) 45 - мұнай және газ тасымалдау саласында.
      Табиғи монополиялар салаларында желілердің тозуы, технологиялық артта қалуы проблемалары бар, негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды.
      Нормативті шығындар деңгейінің жоғары болуынан басқа кәсіпорындарда нормадан артық шығындар да орын алуда, олар тиімсіз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне әкеледі.
      Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі, олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейі болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.

Негізгі міндеттер

      Табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген тиімді тариф саясатын жүргізу.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      ТМС қызметінің тиімділігін арттыру.
      1. 2015 жылға қарай табиғи монополиялар салаларындағы инвестициялар көлемінің 2011 жылмен салыстырғанда 27 %-ға артуы.
      (ТМС деректері бойынша, 2011 жылмен салыстырғанда %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

100

100

100

106,1

114,7

120,5

127

      2. ТМС және нарық субъектілерінің инфляцияға 1,58 деңгейінде реттелетін қызметтерге тарифтердің жиынтық салым деңгейін 2015 жылға дейін сақтау жолымен азық-түлік, тауарлар, реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу.
      (Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің деректері бойынша, %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2,0

1,43

1,58

1,58*

1,58*

1,58*

1,58*

      3. Нормативтен артық және нормативтік техникалық шығындарды төмендетуден үнемделген қаражат көлемінің 2015 жылға қарай 2011 жылғы деңгейге қарағанда 85 %-ға артуы.
      (ТМРА және ТМС деректері бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

-

-

100

63

75

76

85

      Ескертпе: *Қазақстан Республикасының Үкіметі нақтылайды.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Реттелетін нарықтар субъектілерінің тариф белгілеу жүйесін жетілдіру тарифтердің экономика салаларын дамытуға әсерін бағалау құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын болады.
      Алдағы кезеңде мыналар көзделеді:
      өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру - салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және қызметтер көрсету технологиясын оңтайландыруға ынталандырады;
      тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
      реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
      Экономика салаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді.
      Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға  және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.

Заңнаманы жетілдіру

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Тарифтік саясатты жетілдіру мақсатында кейбір нормативтік құқықтық актілерді:
      1) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингін қарау, бекіту және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту қағидаларын бекіту;
       2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;
      3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесіне енгізілетін өзгерістерді;
      4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесіне енгізілетін өзгерістерді;
      5) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріздік жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа енгізілетін өзгерістерді әзірлеу қажет.

2.12. Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды
дамыту

      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.12.2014 № 984 Жарлығымен.

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      2009 жылдың 9 айын қоса алғанда, 1993 жылдан бергі кезеңде ел экономикасына 102,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі - ТШИ), оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына - 14,6 млрд. АҚШ доллары (жалпы көлемнің 14,2 %-ы) тартылды.
      Экономиканың Қазақстан үшін перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына кері әсер ететін факторлардың арасында мыналар негізгілері болып табылады:
      ішкі нарық сыйымдылығының төмендігі;
      ірі өткізу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуір шығыстарға алып келеді;
      жоғары білікті кадрлардың жетіспеуінен жұмыс күші құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиісті инфрақұрылымның болмауы;
      инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенің болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының жеткіліксіздігі.
      Қазіргі уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА, ИА) инвестициялық тартымдылығын көтеру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) дамыту арқылы жүзеге асырылады.
      1. АЭА-ның, ИА-ның ағымдағы жай-күйі
      Қазақстанда барлығы 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар - «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала» (Астана қаласының ИА); 2) сервистік - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала»; 3) техникалық-енгізу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қаласының ИА-сы «Астана - жаңа қала» АЭА-ның құрамына енгізілді.
      Әлемдік тәжірибе АЭА және ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, интеграциялық экономикалық процестерді тереңдету есебінен жеделдетілген экономикалық өсу факторы болып табылатынын көрсетіп отыр.
      Қазақстандық АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығы қазіргі уақытта онша жоғары емес, өйткені олардың жұмыс істеуі нақты қажеттіліктерге және инвесторлар мүдделеріне толық бағдарлана қоймаған.
      2. МЖӘ-нің ағымдағы жай-күйі
      Қазақстанда инфрақұрылым объектілеріне және олардың сапалы қызмет көрсетуіне қоғам қажеттілігінің өсуі, негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуының ұлғаюы және мемлекетте инфрақұрылым объектілерін жаңарту мен құруға арналған жеткілікті қаржы ресурстарының болмауы жағдайында МЖӘ тетіктерін пайдалану мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете алады, жеке инвесторлар әлеуетін іске асыруға және дамытуға әрі институционалдық инвесторлар қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
      Қазақстанда алғашқы концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесі МЖӘ тетігін пайдалану арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция тарту мүмкіндігінің айғағы болып отыр.
      Концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, мыналар:
      1) Мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі салаларына жеке меншік инвестицияларды тарту;
      2) Капиталды көп қажет ететін объектілерді (инфрақұрылымдық, энергетикалық және т.б.) инвестициялау кезінде инвесторлар мен кредиторлар үшін қолайлы жағдай жасау;
      3) Жеке меншік капиталды тарту жолымен тұрғын-үй коммуналдық саланың мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімді әдістерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Негізгі міндеттер

      Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту.

Нысаналы индикаторлар

      1. Global-2000-ғa енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны: 2010 жылы - 2, 2011 жылы - 3, 2012 жылы - 4, 2013 жылы - 4, 2014 жылы - 5 (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      2. Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялар кемінде 10 %-ға ұлғаяды: 2008 жылы - 100 %, 2009 жылы - 101 %, 2010 жылы - 103 %, 2011 жылы - 105 %, 2012 жылы - 107 %, 2013 жылы - 109 %, 2014 жылы - 110 % (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      3. АЭА аумақтарында кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемдерінің орташа жылдық өсу қарқыны 2008 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде кемінде 40 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      4. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің өсуі 80 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      5. Индустриялық аймақтардың аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы өсуі кемінде 20 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      6. АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы өсуі кемінде 15 %-ды құрайды (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      7. 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру кемінде 2 есеге ұлғаяды (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      8. Экономиканың шикізаттық емес секторларына (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық және шетелдік инвестициялар 2020 жылға қарай кемінде 30 %-ға ұлғаяды: 2009 жылы - 100 %, 2010 жылы - 103 %, 2011 жылы - 106 %, 2012 жылы - 109 %, 2013 жылы - 112 %, 2014 жылы - 115 % (жауапты мемлекеттік органдар - ИДМ, ҰЭМ).
      9. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімге қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғайту: 2009 жылы - 17,2 %, 2010 жылы - 17,3 %, 2011 жылы - 17,4 %, 2012 жылы - 17,5 %, 2013 жылы - 13,0 %, 2014 жылы - 13,5 % (жауапты мемлекеттік органдар - ИДМ, ҰБ).
      10. Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі инвестор ел): 2009 жылы - 5 бірлік, 2010 жылы - 5 бірлік, 2011 жылы - 6 бірлік, 2012 жылы - 6 бірлік, 2013 жылы - 7 бірлік, 2014 жылы - 7 бірлік (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      11. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу: 2009 жылы - 1 дана, 2010 жылы - 2 дана, 2011 жылы - 2 дана, 2012 жылы - 2 дана, 2013 жылы - 2 дана, 2014 жылы - 2 дана (жауапты мемлекеттік органдар - ҰЭМ, ИДМ).
      12. 2011 жылдың соңына дейін: Қарағанды қаласында Индустриялық парктің (металлургияны және металл өңдеуді дамыту үшін) және Батыс Еуропа - Батыс Қытай логистикалық қаңқасының (өңдеуші өндірістердің алуан түрлері мен көлік-логистикалық көрсетілетін қызметтерді дамыту үшін) негізгі бөлігі ретінде «Қорғас - Шығыс қақпасы» шекара маңындағы сауда-экономикалық аймағы» базасында екі АЭА құру (жауапты мемлекеттік орган - ИДМ).
      13. 2014 жылдың соңына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында салалық бағытталуы әртүрлі үш индустриялық aймақ құру (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      14. 2015 жылға қарай ИА-ға қатысушылар санын 42-ге дейін ұлғайту; 2009 жылы - 1 дана, 2010 жылы - 1 дана, 2011 жылы - 10 дана, 2012 жылы - 20 дана, 2013 жылы - 30 дана, 2014 жылы - 42 дана (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).
      15. 2008 - 2014 жылдар аралығындағы кезеңде ИА аумақтарындағы  кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны кемінде 20 %-ды құрайтын өндіріске инвестициялардың ұлғаюы (жауапты мемлекеттік орган - ҰЭМ).

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестицияларды ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

ИДМ

Саны

 -

1

-

 -

-

2

Шетелдік мемлекеттермен ынталандыру және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімдер жасау

ҰЭМ, ИДМ

дана

1

2

2

2

2

2

3

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің жеңілдетілген талаптарын қарастыру (инвесторлық виза)

СІМ,
ИДМ


-

-

1

-

-

-

4

Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобалардың деректер қоры бар инвестициялық веб-портал

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

1

-

-

-

5

2011 - 2014 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалалар жарияланатын болады, оның ішінде:

5.1

қазақстандық мерзімді басылымдарда

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

12

12

-

12

5.2

халықаралық мерзімді басылымдарда

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

саны

-

-

4

4

4

4

6

2014 жылдың соңына дейін 3 жаңа АЭА құрылатын болады

ИДМ

саны

-

-

2

-

-

1

7

2014 жылдың соңына дейін әртүрлі салалық бағыттағы 3 ИА құрылатын болады

ҰЭМ

саны

-

-

-

-

-

3

8

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ИДМ

саны

-

-

1

-

-

-

9

2014 жылдың соңына дейін 30 сауда миссиясы ұйымдастырылатын болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

дана

2

6

6

6

6

6

10

2014 жылдың соңына дейін қазақстандық өнімді сатудың ықтимал нарықтары үшін экспорттық тауашаларды айқындау мақсатында 60 маркетингтік зерттеу (бриф-талдаулар) жүргізілетін болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

дана

20

20

10

10

10

10

11

2014 жылдың соңына дейін қазақстандық кемінде 300 экспорттаушы кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарыққа шығарумен байланысты шығындарын өтеу жолымен мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады

ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ

кәсіп орындар саны

-

50

80

80

45

50

12

2015 жылға қарай экспорттық операцияларды қаржылық және сақтандыру қызметтерімен қамтуды елдің шикізат емес экспорты көлемінің 2 %-ына дейін қамтамасыз ету (95 млрд. теңге)

ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

млрд. теңге

-

3

9

17

27

39

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762 Жарлықтарымен.

      Инвестицияларды ынталандыру бойынша мынадай шараларды қолдану көзделеді:
      1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:
      «Инвестициялар туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық преференциялар;
      жедел және өтеусіз негізде шетел мамандары үшін келу визаларын берудің арнайы тәртібі.
      2. АЭА аумақтарында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:
      1) әлемдік үздік практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртібі. Жеңілдіктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға ұсынылатын болады.
      2) шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
      3. Неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жеке инвестициялық келісімдер жасалуы мүмкін:
      1) преференциялар;
      2) ұзақ мерзімді мемлекеттік ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;
      3) ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары.
      Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың осы шаралары жөніндегі шешім Үкімет деңгейінде қабылданатын болады.
      Экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тартуды өрістету мақсатында әрбір әлеуетті ірі инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.
      Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:
      мақсатты әлеуетті инвесторларды, ең алдымен ТӨК арасынан іздестіру және айқындау;
      мыналарды:
      Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге жәрдемдесуді;
      Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекші компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;
      инвестициялық жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;
      постинвестициялық қолдауды қоса алғанда, әрбір мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнінде «жол карталарын» әзірлеу және іске асыру.
      Жеке тәсілді іске асыру үшін шетелдік инвесторларымен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдірілетін болады. Мыналар көзделіп отыр:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» және «бірыңғай консультант» қағидаттары бойынша жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша мамандандырылған компанияны айқындау болжануда;
      Халықаралық желі құру шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының ресурстарын пайдалану, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері құрамындағы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынымы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін дипломатиялық рангтегі Кеңесші-елші және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктерінде атташе штаттық бірліктерін айқындау мәселесін пысықтау есебінен қамтамасыз етілетін болады. Олардың қызметін рейтингілік бағалау енгізілетін болады;
      Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен тұрақты жұмыс істейтін шетелдік инвестициялар жөнінде комиссия құру. Комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқаратын болады.
      Комиссия жобаларды қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар үшін эксклюзивті жағдай жасауға қатысты шешімдер қабылдайтын болады. Айрықша жағдайларда жобаларды АЭА аумағынан тыс іске асыру үшін жекелеген ірі инвесторлармен белгілі бір жеңілдіктер пакеті мен преференцияларды, оның ішінде инвестициялардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін инвестициялық келісімдер жасалатын болады.
      Аса ірі инвестициялық жобаларды іріктеуді және инвестициялық келісімдер шеңберінде барлық жеңілдіктер мен преференциялар жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын болады. Инвесторлармен жұмыс жүргізудің жеке ұстанымымен қатар Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмыс (жалпы ұстаным) жалғасатын болады, олар мыналарды қамтиды:
      ақпараттық-таныстыру іс-шараларын өткізу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ, интернет ресурстар). Шетелдік инвесторлар үшін бірыңғай интернет-портал құру осы бағыт бойынша түйінді іс-шара болады;
      инвесторларға әріптестер іздеуде, іскерлік байланыстар орнатуда, қажетті ақпарат беруде жәрдемдесу.
      Күш-жігерді ТШИ тартуға шоғырландыру мақсатында үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің қызметі жүйеленеді, мұнда бұл мәселелерді Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті үйлестіретін болады.
      АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру
      Арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) одан әрі дамыту Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсу нүктелері болып табылады және өзінің орналасқан өңіріне де, жалпы елдің экономикасына да оң әлеуметтік-экономикалық ықпал етеді. АЭА тиімді дамыту үшін:
      1) АЭА аумағында жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      2) инвестицияларды тарту және АЭА дамытуда сапалы серпілісті қамтамасыз етуі тиіс АЭА басқаруға кәсіби басқару компанияларын тарту.
      Жұмыс істеп тұрған АЭА аумақтарын кеңейту және жаңа АЭА құру мәселелері қаралатын болады, бұл ретте, шикізат жеткізу және дайын өнімді жеткізу үшін қолайлы коммуникациялардың болу факторы ескерілетін болады.
      «Павлодар» АЭА базасында химиялық кластерді құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жамбыл облысында химиялық сала өндірісін орналастыру ұсынылатын «Тараз химиялық паркі» АЭА құру жоспарлануда.
      АЭА жұмыс істеуінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы «зәкірлік» (стратегиялық) инвесторларды, оның ішінде КО, ҚХР және Орталық Азия нарықтарын игеруге баса назар аудара отырып шикізаттық емес жоғары технологиялық өнімді өндіру үшін шетелдік инвесторларды тарту болып табылады.
      АЭА жалпы бақылау және мониторингілеу, әдіснамалық және заңнамалық сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі АЭА бойынша бірыңғай уәкілетті орган болып айқындалды.
      АЭА тиімді дамыту үшін ірі жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторлар келуге дайын болатын инженерлік инфрақұрылымды құру жолымен мемлекеттік қолдау қажет.
      2013 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы № 1 қосалқы аймағының инфрақұрылымдық объектілерін салу жөнінде жұмыстар жалғастырылатын болады, «Ақтау теңіз порты» АЭА қалған төрт қосалқы аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде жобалау жұмыстары басталатын болады. Сонымен қатар, аумақтардың өзгерістерін ескере отырып, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА ТЭН түзету жөнінде, «Қорғас-Шығыс қақпалары» және «Павлодар» АЭА инженерлік инфрақұрылымын салу жөніндегі жобалау жұмыстары басталды, «ИТП» АЭА инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылды.
      2014-2015 жылдары «Ақтау теңіз порты» АЭА № 1 қосалқы аймағының көліктік және инженерлік инфрақұрылымын салу жөніндегі жұмыстар, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА жобалау жұмыстары аяқталады, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Павлодар» АЭА көліктік және инженерлік инфрақұрылымын салу басталады.
      Ел өңірлерінде индустриялық аймақтарды дамыту
      Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырудың, елдің перспективалы индустриялық дамуына қарқын беру, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірлердің инвестициялық тартымдылығының өсуіне жәрдемдесу пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады.
      Индустриялық аймақтарды дамыту және реттеу бойынша бірыңғай жүйелі саясатты құру мақсатында және индустриялық аймақтардың қызметін құқықтық реттеу тетігін қамтамасыз ету және заңнамалық бекіту үшін Қазақстан Республикасының индустриялық аймақтарды дамыту саласындағы заңнамасын жетілдіру болжанады.
      Жұмыс істеп тұрған екі индустриялық аймақты жеке кәсіпкерлер құрғанын ескере отырып, индустриялық аймақтарды құру және жұмыс істеуі кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану мәселесі пысықталатын болады.
      Индустриялық аймақтарды одан әрі дамыту үшін алдағы жылдары ел өңірлерінде индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.
      2013 жылы Алматы қаласының Алатау ауданында индустриялық аймақтың көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
      2014 - 2015 жылдары Алматы қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымдық объектілерін салу жөнінде жұмыстар аяқталатын болады.
      Бұдан басқа, Тараз, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Шымкент, Түркістан қалаларында жаңа индустриялық аймақтарды құру мәселесі пысықталатын болады.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту
      Инвестицияларды мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі саласына тарту келісімшарттардың мынадай түрлерін жасау арқылы мемлекеттің билік ету құқығын сақтай отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жеке меншік секторға беру негізінде жүзеге асырылатын болады: жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану (концессия), бұлар бойынша жеке меншік секторы концессия объектісін салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру, басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі функцияларды орындайды, мемлекет қызмет көрсету сапасын бақылау функциясын өзіне қалдырады, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын беруі мүмкін.
      Концессия тетігі бойынша мынадай жобаларды іске асыру болжануда:
      1) «ҮАААЖ» автомобиль жолының учаскелерін салу (реконструкциялау) және пайдалану;
      2) Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін (бұдан әрі - ЗКТЖ) енгізу және «Астана - Щучинск» автомобиль жолының учаскесін пайдалану, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану және басқалары.
      Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылып жатқан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері маңызды рөл атқаруы мүмкін, оларды орналастыру қатаң нарықтық жағдайда жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы активтерін тарту үшін мемлекеттің кепілгерлігімен инфрақұрылымдық облигациялар шығару тетігі қолданылатын болады.
      Мемлекет синдикатталған қаржыландыру және секьюритилендіру тетіктерін пайдалана отырып, МЖӘ жобаларын жобалық қаржыландыру қағидаттарын енгізу, құрылымдау және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Заңнамаға ерекше заңды мәртебесі бар арнайы жобалау ұйымдарын құру мүмкіндігін концессия институтын дамытуды қамтамасыз ететін түзетулер енгізіледі.
      Өнеркәсіптік қуаттарды импорттау және технологиялар алмасу бойынша жоспарлы жұмыс Қазақстан Республикасына инвестиция тарту үшін бұрын айқындалған нысаналы топ — бұл басым 20 инвестор ел және 136 технологиялық көшбасшы шеңберінде жалғасын табатын болады.
      Атқарылған жұмыстар нәтижесінде:
      1) Германия Федеративтік Республикасы — инвесторлары өз өнеркәсіптік қуаттарын қомақты көлемде Қазақстан Республикасына, атап айтқанда «Сарыарқа» АЭА-ға импорттаған басым елдердің бірі болып табылады;
      2) 136 технологиялық көшбасшының бірі болып табылатын Toyota Motors Corporation компаниясының жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне жақындап келеді.
      Жоғарыда аталған нысаналы топты өткізілген технологиялық форсайт шеңберінде айқындалған 75 сындарлы технология бойынша неғұрлым құзыретті шетелдік компаниялармен толықтыру ұсынылады. Перспективалы технологиялық бағыттарды тарту және дамытудың сценарийі ретінде «шикізатты технологияларға айырбастау» формуласын пайдалану ұсынылып отыр, яғни Қазақстан Республикасының шикізаттық әлеуеті өнеркәсіптік қуаттар импортына және технологиялар трансфертіне айырбасталып пайдаланылатын болады.
      Нысаналы топ өкілдерін іздестіру аясында бұрын роуд-шоу және бизнес-форумдар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Роуд-шоу тиімді құралын осы компаниялармен байланысқа шығу үшін пайдалану ауқымын кеңейту ұсынылып отыр.
      Нысаналы топ өкілдерін Қазақстан Республикасына тарту өңір шеңберінде елдің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Әлемдегі озық елдердің өнеркәсіптік қуаттарын импорттау және технологиялық көшбасшылардың технологияларына қолжетімділік Қазақстан Республикасы өнімдерінің Кеден одағы мен Орталық Азия елдерінің нарықтарын жаулауын қамтамасыз етеді.
      Нысаналы топтағы шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды бірлескен халықаралық компаниялар және ел үшін пайдалы әріптестіктер құру мен оны дамыту негізінде құру ұсынылып отыр. Осыған байланысты ынтымақтастықтың барынша өзекті нысаны бірлескен кәсіпорындар құру болып табылады, бұл үшін неғұрлым перспективалы отандық серіктестерді айқындау қажет.
      Бұл ретте отандық кәсіпкерлер тарапынан үлеске кіру үшін өз капиталының болмауы тәуекелінің мүмкін екенін ескеру керек. Осы проблеманы шешу үшін субсидияланған кредит беру және жобалық, қарыздық және акционерлік қаржыландыру сияқты қаржыландыру құралдарын дамыту түріндегі қажетті мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі қаралатын болады.
      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасына ТШИ тарту жүйесі құрылған, Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жоспарлы түрде дамуда, бірақ осы саладағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық, сол сияқты институционалдық өрісіне белгілі бір өзгерістер енгізу талап етіледі.
      Осылайша, инвесторлардың халықаралық коммерциялық арбитражға қолжетімділігін кеңейту мәселелері пысықталатын болады, осының шеңберінде «Инвестициялар» ұғымын заңнамалық тұрғыда егжей-тегжейлі түсіндіру, халықаралық шарттарға сәйкес арбитраждық келісімдер нысандарының тізбесін кеңейту, үшінші тұлғаның арбитраждық шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы норманы алып тастау, шетелдік халықаралық коммерциялық арбитражда талап-арызды қамтамасыз етуге қатысты олқылықтарды жою ұсынылып отыр.
      Экономикада мемлекеттің қатысу үлесін және шетелдік инвесторларға тосқауылдарды азайту шеңберінде инвестициялық ағындарға мемлекеттің барынша аз ықпалын және кемсітпеушілік, ашықтық, есеп берушілік қағидаттарын қамтамасыз ете отырып, ұлттық қауіпсіздік саласындағы үздік халықаралық тәжірибені қолдану ұсынылады.
      Шетелдік инвесторлардың ұлттық нарыққа неғұрлым тиімді кіруін қамтамасыз ету мақсатында шетелдік жұмысшылардың дербес жұмысқа орналасуы үшін кәсіптер тізбесінің шектеулілігі мәселелерін шешу ұсынылып отыр.
      ТШИ-дің ағып келуі мен шағын және орта бизнестің (одан әрі — ШОБ) дамуы — экономикалық өсудің айтарлықтай қозғаушы күші болып табылады, бұл ретте қосымша құнның жаһандық тізбектерінің бөлшектенуі Қазақстан Республикасының ШОБ-ғы үшін инвесторлардың жеткізу тізбегіне интеграциялануына және осылайша технологияларды, дағдылар мен ноу-хауды берудің сыртқы оң әсерлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
      Аталған саясатты қалыптастыру және іске асыру процесінде ШОБ пен ТШИ арасындағы байланыстарды қалыптастыру мен пайдалану арқылы құн жасаудың жаһандық тізбектеріне шағын және орта кәсіпорындардың интеграциялануына жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету мәселесі қаралатын болады. Кластерлер, жергілікті қамту, әлеуетті және дағдыларды арттыру ШОБ пен ТШИ арасындағы байланыстарды дамыту үшін тиімді стратегиялар ретінде қарастырылуда. Бұл ретте, өңірлік даму бағдарламаларымен және ТШИ-ды ынталандыру стратегияларымен үйлесімділік қажет.
      Жоғарыда көрсетілген бағыттардан басқа мемлекеттік кәсіпорындарда корпоративтік басқару, зияткерлік меншікті қорғау, бизнесті жауапкершілікпен жүргізу практикасын дамыту және сауда саясатын ырықтандыру мәселелері пысықталады.
      Алдағы жылдары ТШИ тартудың жолға қойылған жүйесі шеңберінде тиісті өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының құрылымдық бөлімшелері және еншілес кәсіпорындары ретінде еліміздің барлық өңірлерінде құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ИҚО) толыққанды қызметіне кедергі болатын бірқатар проблемалық мәселелер шешілетін болады. Инвесторларға операциялық қызмет көрсету үшін ИҚО фронт-офис болып табылады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асырады (бастапқы құжаттарды, қажетті байланыс деректерін және жобаны жылжытуды бастау үшін қажетті басқа ақпаратты алу), сондай-ақ шетелдік инвесторлардың өтінішіне жергілікті жерде жедел және дұрыс ден қоюды қамтамасыз етеді.
      Оларды қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ИҚО ел өңірлерінде жұмыс істеп жатқан инвесторлармен тұрақты түрде талқылаулар өткізетін болады.
      ИҚО-ны күшейтумен қатар, ТШИ үшін өсіп отырған жаһандық бәсекелестік шеңберінде инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.

Заңнаманы жетілдіру

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және оларды қолдану аяларын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      3. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      5. Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      6. Индустриялық аймақтарды дамыту саласында заңнаманы жетілдіру.

2.13 Сауда саясаты

Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Тиімді сауда саясатын жүргізу индустриялық-инновациялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайында қазақстандық экспорттаушылар әлемдік нарықтарда қолда бар «тауашаны» ұстауы және жаңаларына ие болуы қажет, бұл ретте халықаралық сауда ережесін ұстануы тиіс.
      Осыған байланысты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының КО мен БЭК-ке қатысуы жолымен жаһандық экономикаға интеграциялануы объективті шарт болып табылады.
      Қазіргі уақытта КО аумағында үшінші елдерге қатысты сыртқы сауданы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады.
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздері аяқталу сатысында.
      Жаһандық нарықтарға кірігумен қатар, экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамыту жөніндегі қойылған міндеттерді шешу үшін экономикалық мүдделерді ілгерілетудің және сыртқы нарықтардағы сауда және сауда емес кедергілерді жоюдың тиімді жүйесін, сондай-ақ шикізат емес экспортты ілгерілету институттарын қалыптастыру талап етіледі.
      Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен қатар жүреді.
      Биржалық сауда, сауданың қазіргі заманғы форматы дамымаған. Сауда базарларында көлеңкелі айналымның қомақты көлемі, контрабандалық және контрафактылық өнімді өткізу деңгейінің жоғарылығы; сатылатын тауарларға жалған сертификаттарды кеңінен пайдалану шоғырланған.

Негізгі міндеттер

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Әлемдік сауда жүйесіне интеграциялау жолымен республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту және қорғаудың тиімді және жедел жүйесін (қазақстандық компаниялар қызметінің бәсекеге қабілетті жағдайларын қамтамасыз ететін сыртқы сауда саясатын дамытуды қолдаудың кешенді ұлттық жүйесі) құру.
      2. Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлардың, қызметтердің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу.
      3. КО мен БЭК-тің шеңберінде Қазақстанның және бірлестіктің басқа қатысушы елдерінің экономикалық даму мүдделерінде экономикалық интеграцияның әлеуетін aшу.
      4. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін ұлғайту.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Нысаналы индикаторлар 2014 жылдың соңына қарай:
      1. 2014 жылдан бастап бөлшек сауда айналымы өсімінің жыл сайынғы қарқынын алдыңғы жылмен салыстырғанда кем дегенде 108,6 %-ға жеткізу, бұл ретте 2010 жылы - 100 %, 2011 жылы - 102 %, 2012 жылы - 103 %, 2013 жылы - 109 %.
      2. Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесін бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде 40 %-ға дейін жеткізу.
      3. КО және БЭК қатысушы елдеріне шикізат емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейден кемінде 40 %-ға ұлғайту.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету және қорғау, әлемдік сауда жүйесіне кірігу жүйесін құру
      1. Әлемдік сауда жүйесіне кірігу жолымен республиканың экономикалық мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың тиімді әрі жедел жүйесін құру мақсатында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын қалыптастыру аяқталатын болады.
      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын іс жүзінде іске асыру басталды.
      Кеден одағы бажсыз саудаға қосымша ретінде үшінші елдерге қатысты бірыңғай сыртқы сауда саясатын қолдануды және ішкі кедендік шекараларды жоюды көздейді.
      Бұл мақсатта бүгінде үш мемлекетте жұмыс істейтін сауда режимдерін біріздендіру үшін үшінші елдермен, оның ішінде ТМД елдерімен келіссөздер жүргізілетін болады.
      Бұдан басқа, мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімдерге сәйкес ұлттықтан жоғары органға (Еуразиялық экономикалық комиссияға) бірыңғай кедендік тариф енгізу және үш мемлекетке таратылатын және Тараптар ұсыныстарының негізінде қалыптастырылатын тарифтік емес шараларды қолдану жөніндегі өкілеттіктер берілді.
      2010 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі кедендік шекараларда кедендік ресімдеу, ал 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік бақылау жойылады. Осылайша, әкімшілік кедергілерді жою және біздің елдер арасында тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы кеден одағының сыйымдылығы шамамен 165 млн. адам болатын ішкі нарығы бар бірыңғай кедендік аумағы құрылады.
      Ішкі нарықты кеңейту шетелдік инвестициялар тарту, жаңа өндірістерді дамыту, өзара толықтыратын кәсіпорындарды кооперациялау үшін әкімшілік кедергілерді жою негізгі ынталандыру шарасы болады, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру және өзара инвестициялардың өсуі үшін жағдай жасамақ.
      2. 2012 жылға дейін Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігі құрылатын болады.
      Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру қатысушы мемлекеттердің ішкі инфрақұрылымына тең қол жеткізуді көздейді, бұл теңізге шығатын жолы жоқ ел ретіндегі Қазақстан үшін айрықша өзекті.
      Сондай-ақ, келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу, бәсекелестікті қорғаудың бірыңғай қағидалары мен қағидаттарын белгілеу, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы қызметті реттеу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы көзделеді.
      Осы мақсаттарда БЭК құқықтық негізін құрайтын тиісті халықаралық құжаттар әзірленетін болады.
      3. Үшінші елдермен және елдер бірлестіктерімен преференциялдық сауда туралы келісімдер жасасу.
      Қазақстан мен үшінші елдер арасында тауарларды сатуда преференциялдық жағдайлар жасау қазақстандық экспортты сыртқы нарыққа ілгерілету үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
      Осы мақсаттарда КО-ға мүше мемлекеттердің сауда режимдерін біріздендіру мақсатында үшінші елдермен, оның ішінде ТМД елдері мен келіссөздер жүргізілуде.
      Еуропалық еркін сауда қауымдастығына қатысушы елдермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Жаңа Зеландиямен, Черногориямен және басқа да елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасау бойынша келіссөздер жүргізілетін болады.
      КО-ға мүшелікті ескере отырып, Вьетнаммен және басқа елдермен келіссөздер бастау жоспарлануда.
      4. Келіссөздерді аяқтау және ДСҰ-ға кіру.
      Қазақстанның ДСҰ-ға толыққанды мүше болуы, сондай-ақ осы халықаралық ұйымның нормалары мен ережелеріне сәйкестік қазақстандық тауарлардың ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің нарығына кемсітпеушілік негізде енуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық төрелікке қол жеткізу жолымен үшінші елдердің нарығында қазақстандық өндірушілердің мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
      ДСҰ-ға мүше болу сыртқы экономикалық саясаттың болжауға болатындығы және ашықтығы есебінен тікелей шетелдік инвестициялар түріндегі капитал ағынын ұлғайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарларға қойылатын сауда шектеулері мен саудадағы дауларда кемсітушілік тәсілдерді жоюға мүмкіндік береді.
      5. Экономикалық мүдделерді ілгерілету және сыртқы нарықтардағы сауда және сауда емес кедергілерді жою.
      Қазақстандық тауарларға қатысты сауда шектеулерін белгілеу кезінде бастама білдіру және халықаралық сауда дауларын шешу рәсімін жүргізу не халықаралық келісімдерге сәйкес қарсы шаралар қолдану тетігі пайдаланылатын болады.
      6. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу тетіктерін қолдану.
      Қолда бар өндірісті және оны дамыту жөніндегі жоспарды зерделеу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады, оның нәтижесі бойынша өндірілуі Қазақстанда жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік бажды жоғарылату бойынша, сондай-ақ оларға қатысты алыс шетелдерден импортқа мүдделілігі бар тауарларға кедендік баждарды төмендету бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
      Сондай-ақ әлемдік нарық конъюнктурасы өзгерістерінің ішкі нарыққа әсерін талдау негізінде тауарлардың сыртқы саудасын кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің басқа да шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
      Бұдан басқа, отандық кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта тауарлардың аса жетіспеушілігінің пайда болуына жол бермеу мақсатында экспортты шектеу жөнінде тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.
      Ұсыныстар Еуразиялық экономикалық комиссиясының қарауына жіберілетін болады.
      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлар, қызметтер экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу.
      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлар, қызметтер экспортын ынталандыру мақсатында:
      экспортты ілгерілетудің кешенді және агрессивті жүйесін құру жолымен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ қызметі күшейтілді;
      экспорттаушыларға ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсетілді;
      экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсетілді;
      экспорттаушыларға нысаналы нарықтарда дистрибуция арналарына қол жеткізуге қолдау көрсетілді.
      1. Экспортты ілгерілетудің кешенді және агрессивті жүйесін құру.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорт стратегиясы әзірленеді және қабылданады, экспорттаушыларды «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қолдаудың интеграцияланған жүйесі құрылады және жалпы экспортты дамыту саласындағы заңнамалық база жетілдірілетін болады.
      2. Экспорттаушыларды ақпараттық және сараптамалық қолдау.
      Мақсатты мүддесі бар елдер нарықтарына экономиканың шикізаттық емес (өңделген) секторының нақты қазақстандық тауарларымен және қызметтерімен кіру үшін елдер, тауарлар және қызметтер бойынша, әлемдік сауда және Қазақстанның сыртқы саудасы (Trade Performance Index (TPI) үрдісін талдау, әлемдік сұраныс негізінде әлеуетті экспорттық тауашалары бойынша шолулар тұрақты түрде жүргізілетін, жыл сайын Қазақстанның экспорттық өнімінің анықтамасы, «Экспорттаушыға көмек», «Экспорт жолбасшысы» нұсқаулық материалдар сериясы басылып шығарылатын, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылар мен әлеуетті шетелдік сатып алушыларға арналған арнаулы веб-сайт әзірленетін және қолданылатын болады.
      Экспорттық қызметті басқару бойынша мамандарды дайындау жөнінде оқу бағдарламалары іске асырылады, Қазақстан кәсіпорындарында алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану мақсатында жетекші шетелдік экспорттық өндіріс орындарына бару ұйымдастырылады.
      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында орау саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қабілеттілігін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
      Экспортты дамыту және ілгерілетуге жәрдемдесу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бірлескен стратегияны әзірлеу, сондай-ақ, экспортты дамыту мен ілгерілетуге кедергі келтіретін әкімшілік және бюрократиялық шараларды жою мен кәсіпкерлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық экспорттаушылардың проблемаларын шешу және мүдделерін қорғау кезіндегі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың жұмыстары жандандырылады.
      «Экспортқа бағдарланған» идеологиясын қалыптастыру үшін жеке және мемлекеттік секторларды тарта отырып экспортқа бағдар ұстау насихаты жүргізілетін болады.
      3. Экспорттаушыларды қаржылық қолдау.
      Экспорттаушыларды қаржылық қолдау сыртқы нарыққа отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарды өтеу жолымен жүзеге асырылады. Экспорттаушыларға: сыртқы нарықтардағы тауарлар, қызмет көрсетулер брендингі мен жарнамасына;  шетелдік көрмелерге қатысумен; каталогтар әзірлеу және басып шығарумен; шетелдерде өкілдік, кеңсе, қойма, шоу-бөлмелер, сауда нүктелерін ашумен және ұстаумен; шетелде өнімді, тауар белгісін тіркеу, өнімді сертификаттаумен; қызметкерлерді шетелде оқыту немесе шетелдік мамандарды тартумен; франшиздерді тартумен; интернет-ресурстарды жасау және іске қосумен; көліктік шығындармен; маркетингтік зерттеу жүргізумен; экспорттық стратегия әзірлеумен байланысты шығындар өтеледі.
      4. Экспорттаушыларға мақсатты нарықтарда дистрибуция арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу.
      Отандық өндірушілер мен әлеуетті шетелдік сатып алушылар арасындағы тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу, өнімдердің сапалық және бағалық көрсеткіштері бойынша ақпараттар алмасу, экспорттық келісімшарттар тетіктерін талқылау мақсатында шетелдердегі Қазақстанның сауда миссиялары, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде «Сатушылар мен Сатып алушылар» форматындағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
      Экспорттық тауашаларды игеру үшін сыртқы нарықтарға экономиканың өңдеуші секторындағы нақты тауарлардың тауарлық белгілерін және қызметтерді ілгерілету бойынша іс-шаралар іске асырылады.
      Халықаралық көрмелерде бірыңғай ұлттық тақта форматында қызметтерді ұсынатын қазақстандық тауар өндірушілер мен компаниялардың экспорттық әлеуеті таныстырылады, сондай-ақ шетелдік салалық көрмелерге отандық компаниялардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
      Қазақстандық экспорттаушылар үшін мемлекеттің пәрменді шараларды қамтамасыз етуі мақсатында Қазақстанның гуманитарлық көмек шеңберінде өнім жеткізушілер қатарына интеграциялануы жүргізілетін болады.
      Мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның шетелдік өкілдіктерінің желісін;
      2) отандық өндірушілердің өнімдерін кепілдендірілген ілгерілету және экспортттаушылардың тауарларды өткізу арналарына қол жеткізуіне жәрдемдесу үшін сыртқы сауда делдалдарының институтын;
      3) шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің ресурстарын пайдалана отырып, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының, сондай-ақ инвестициялар, технологияларды тарту және экспорты ілгерілету мәселелері бойынша өкілдіктер институтын құру үшін елдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері құрамындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынуы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін кеңесші-елші дипломатиялық дәрежесіндегі штат бірліктері, және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктеріндегі атташелерді айқындау мәселесін пысықтаудың халықаралық желісін құру көзделетін және олардың қызметінің рейтингтік бағалануы енгізілетін болады.
      Ішкі сауда тиімділігін арттыру
      Халықаралық практиканы ескере отырып, баға белгілеудің ашық жүйесін қалыптастыру мақсатында заманауи биржалық сауда инфрақұрылымы құрылатын болады.
      Сауданы үдемелі инфрақұрылымдық дамыту мақсатында сауданың ірі заманауи және орташа форматтары жетілдірілетін болады.
      Төлемдер, коммуналдық қызметтер, тауарлар және басқаларын төлеудің қолма-қол ақшасыз электрондық жүйесін дамыту.

Заңнаманы жетілдіру

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. Ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымының, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жасалатын халықаралық құқықтық базаның талаптарына сәйкес келтіру.
      2. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Экспортты және экспортты экономикалық ынталандыру құралдарын дамыту мен жылжыту жөніндегі ұлттық ұйымның құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ сауда құрылымының дамуын реттеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      3. Электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      4. Экспорты дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      5. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1000 шаршы метрден астам заманауи сауда объектілерін салу жөнінде жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторларға инвестициялық преференцияларды ұсыну бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2.14 Бағдарламаны қаржылық қолдау құралдары

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Әлемдік қаржы дағдарысы отандық экономиканы шетелдік кредиттік қаражатпен қорландыруды уақытша тоқтатты, осыған байланысты отандық қаржы ұйымдары үшін сыртқы қорландыруға қол жеткізу жабылды не шектеулі болып қалды. Екінші деңгейдегі банктердің Бағдарламаға енгізілген ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «ұзын ақшасы» жоқ. Осыған байланысты Бағдарламаны даму институттарының қатысуымен қаржыландырудың көлемі мен құралдарын  ұлғайту қажеттігі туындайды.

Негізгі міндеттер

      Құралдарды кеңейту арқылы экономиканың басым секторына инвестицияларды және қаржыландыру көздерінің қол жетімділігін ұлғайту.

Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      1. 2010 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеке кәсіпкерлік секторына кемінде 73,3 млрд. теңге көлеміндегі инвестициялар.
      2. 2010-2014 жылдары басым секторларға «Қазақстан Даму Банкі» АҚ инвестицияларының көлемі «Қазақстан Даму Банкі» АҚ тиісті және уақтылы капиталдандыру кезінде кем дегенде 519,8 млрд. теңге құрайды. Бұл ретте, жыл сайынғы игеру бойынша 2014 жылы даму әсерінің орташа өлшемді индексінің мәні кем дегенде 62-ні құрайды.
      3. 2010-2014 жылдар кезеңінде «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арқылы кем дегенде 5,4 млрд. теңге көлемінде отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді экспорттаушыларды қолдау бағдарламасын қаржыландыру.
      4. 2010 - 2014 жылдар кезеңінде «ҚазЭкспортГарант» экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның саудалық қаржыландыру бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілген экспорттық мәмілелердің көлемі кем дегенде 6 млрд. теңгені құрайды.
      5. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ: Бағдарлама жобаларын қаржыландыру үшін 2014 жылға дейін 400 млн. АҚШ доллары мөлшерінде нысаналы капиталдандырумен Greenfield жобаларының қорын құру.
      6. «БРК-Лизинг» АҚ жұмыс істеп тұрған және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғыртуға қаржыландыру көлемі 2011 - 2013 жылдар кезеңінде 45 млрд. теңгені құрайды.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Отандық кәсіпорындарды және инвестициялық жобаларды республикалық және өңірлік деңгейде қаржылық қолдау құралдарының, операторлары мен агенттерінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру көзделіп отыр. Бұл ретте, экономиканың басым секторларындағы инвестициялық қызметті жандандыруды ынталандыратын нарықтық тетіктер мемлекеттік қаржылық қолдаудың негізіне алынады.
      Мемлекеттік құралдарды қолдану саясатында жеке меншік қаржы ресурстарын жұмылдыруға және екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттарының кредиттік қызметін индустрияландыру мақсатына шоғырландыруға баса мән берілетін болады.
      Қаржылық қолдау жүйесі отандық өндірушілер үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға, инвестициялық жобалардың қажеттіліктеріне, олардың өзін-өзі ақтауы мен рентабелділік көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландырудың қолайлы шарттарын ұсынуға шоғырланады.
      Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік және жеке меншік операторлар арқылы жіберілетін болады. Мемлекеттік сектордың операторларына мыналар жатады:
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - ТДҰА), «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, ҚазАгрофинанс АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ және басқа да ұйымдар.
      Жеке меншік операторларға мыналар жатады: екінші деңгейдегі банктер, халықаралық даму институттары, лизингтік компаниялар, инвестициялық компаниялар және қаржыландырушы басқа да ұйымдар. Бұл ретте, жеке меншік операторларды іріктеу өлшемі қоғамдастық үшін анық әрі ашық болады және қатысатын барлық әлеуетті қатысушылардың жобаны іске асыруға тең (кемсітушіліксіз) қол жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. Өлшемдері мен тәртібін Үкімет айқындайтын болады.
      Операторлар мен құралдардың жұмыс істеуі қаржы ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, қолдау көздері мен құралдарының кең спектрін ұсыну және мемлекеттің тәуекелдерді жеке меншік сектормен бөлісу қағидаттары бойынша ұйымдастырылатын болады.
      Мемлекеттік сектордың операторлары қаржылық қолдау көрсетудің, орнықты жұмыс істеудің мынадай қағидаттарға негізделген тетігін қалыптастырады:
      қаржылық қолдау көрсетудің теңгерімділігі;
      мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын қаржыландыру және көрсету жөнінде шешімдер қабылдаудың уақтылылығы;
      мемлекеттік ұйымдардың белгілі бір операциялар мен қызмет түрлеріне мамандануы;
      қаржыландыру және әртүрлі құралдарын белгілі бір инвестициялық жобада кіріктіру саласында мемлекет пен жеке меншік қаржы институттары арасындағы кооперация.
      Мемлекеттік сектор операторларының қызметі Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің барынша тиімділігіне қол жеткізуге бағдарланатын болады. Қажетті қаржыландыру көлеміне сәйкес ұйымдардың өндірістік қуаттары мен қызметкерлер саны ұлғайтылады немесе қысқартылады, ішкі бизнес үдерістері оңтайландырылып, қарау рәсімдері т.б. регламенттелетін болады.
      Мемлекеттік сектор операторларының инвестициялық саясаты мен басымдықтары индустриялық даму қажеттіліктеріне шоғырландырылып, бағытталатын болады.
      Бағдарлама операторлары экономиканың құрылымын сапалы өзгертуге және оның орнықты өсуіне ықпал ететін жобаларды инвестициялау саясатын жүргізетін болады. Мыналар жобаларды қаржыландырудың негізгі өлшемдері болып табылады:
      Бағдарламаның басымдықтарына сәйкестік;
      жобаға міндетті түрде өзінің қатысуы;
      экспортқа бағдарлану;
      бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру.  Бұл ретте, өнім осыған ұқсас әлемдік стандарттарға сәйкес болуы және құны жағынан бәсекеге қабілетті болуы тиіс;
      қосылған құны жоғары өнім өндіру, бұл ретте, қосылған құны барынша жоғары немесе әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін элементтері бар жобаларға басымдық берілетін болады;
      еңбек өнімділігін арттыру;
      энергия тұтынуды қысқарту;
      ресурс үнемдеуді ұлғайту;
      жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ететін өндіріс, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тарту;
      инновациялар мен озық технологияларды дамыту және енгізу.
      Мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесі инвестициялық белсенділікті ынталандырудың нарықтық тетіктерін құруға ықпал ететін болады, ол мынадай негізгі құралдарды қолдануды көздейді:
      кредит беру;
      лизингтік қаржыландыру;
      үлестік қаржыландыру;
      кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      корпоративтік кепілдіктер (кепілгерліктер) беру;
      сервистік қолдау;
      экспорттаушылар үшін гранттар беру;
      экспорт алды қаржыландыру - экспорттаушылар кәсіпорындарын саудалық қаржыландыру және олардың экспорттық операцияларын сақтандыру;
      өнімді сатып алуға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттар;
      ҒЗТКЖ-ні гранттық қаржыландыру;
      мемлекеттік кепілдіктер және мемлекеттің кепілгерліктері түріндегі мемлекеттің шартты міндеттемелері;
      жобалық қаржыландыру - қарыз қаражаттарын төлеудің, негізгі көзі ақша түсімдерінің ағындары және инвестициялық жобаны іске асырудан түскен табыс болып табылатын инвестициялық жобаны қаржыландыру, осы құралды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті түзетулер енгізіледі;
      мезониндік қаржыландыру - қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлесіне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру;
      аралық қаржыландыру - инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру.
      Мемлекеттік қаржылық қолдау шарттары мынадай шарттар ескеріле отырып, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес берілетін болады:
      сыйақы ставкалары - сыйақы ставкаларын саладағы инвестициялардың орташа салалық рентабелділігі мен өзін-өзі ақтауын ескере отырып, нарықтық деңгейден төмен деңгейге дейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады;
      мерзімдер - жобалардың тиісінше өзін-өзі ақтауына және қаражаттың қайтарылуына қол жеткізу мақсатында қаржыландыру мерзімдерін ұзартуға назар аударылатын болады;
      қаржыландыру өлшемдері - осы Бағдарламаның және басқа да бағдарламалық құжаттардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленетін болады;
      қаржыландыру лимиттері - салалық бағытталуды және шаруашылық қызмет субъектілерінің (ірі, орта және шағын бизнес) мөлшерін ескере отырып белгіленетін болады.
      Кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру, мемлекеттің жобалардағы қатысу үлесін, операторлар мен қолдау құралдарын айқындау, сондай-ақ жеке меншік қаржы секторын тарту үшін республикалық және өңірлік деңгейде қолдаудың тиісті бюджеттік бағдарламалары қалыптастырылатын болады.
      Қол жеткізілуі тиіс нысаналы көрсеткіштер, орындау мониторингінің алгоритмі, сондай-ақ көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістемесі және бөлінген қаржы ресурстарының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктері бекітілетін болады.
      Заңнаманы жақсарту
      1. Стресті активтерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      2. Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту және тікелей инвестициялар нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіру.
      3. Жобалық қаржыландыру саласында заңнаманы жетілдіру.

2.15 Жергілікті қамту

      Ескерту. Бөлім тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 25.12.2014 № 984 Жарлығымен.

      Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
      Жергілікті қамту - кәсіпорындар қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жергілікті тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен еңбек ресурстарының құндық және пайыздық мәніндегі үлесінің көрсеткіші.
      Отандық өңдеуші өнеркәсіп ішкі нарықты отандық бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру үшін әлеуетке ие, бірақ бүгінгі таңда өндіріс көлемі тиісінше отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызмет сатып алу импортталатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемімен салыстырғанда төмен.
      Халықаралық тәжірибе (АҚШ, Бразилия, Норвегия және т.б.) көрсеткендей, өтпелі кезең шеңберінде экономиканың қалыптасу сатысында шаруашылық қатынастарды тиімді мемлекеттік реттеу оң экономикалық нәтиже беруі мүмкін, бұл ретте мемлекеттік саясат тұтынушыларға әсер ету шараларымен ғана шектеліп қоймай, отандық өнеркәсіптің өндірістік әлеуетін дамытуды да қамтамасыз етуге тиіс.
      Жергілікті қамтуды дамытудың халықаралық практикасын талдау жергілікті қамтуды дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясат, негізінен:
      1) Үкіметтің, жергілікті өндірушілердің, инвесторлардың бірлескен жұмысын ұйымдастыруға және жергілікті өнім мен көрсетілетін қызмет сатып алушы компанияларды белсенді тартуға;
      2) мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші ірі субъектілердің қажеттіліктерін талдау негізінде нарықтың қажеттіліктерін зерделеуге;
      3) отандық өндірісті қолдау, ішкі нарықты қорғау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүйелі шараларды әзірлеуге, еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағытталған білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға;
      4) жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының кезеңдері бойынша нысаналы көрсеткіштерді айқындауға және оларды тұрақты бақылауға бағытталуы тиіс екенін көрсетті.
      Жергілікті қамту мониторингі субъектілерінің (мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, концессионерлер, ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындар) есептілік деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) сатып алудың жалпы көлемі 2012 жылы 8 711,6 млрд. теңгені, оның ішінде отандық жеткізушілер - 4954,3 млрд. теңгені құрады. Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың үлесі 56,9 %-ды құрады, ол 2011 жылға қарағанда 1,6 %-ға және 2010 жылдың деректерінен 8,6 %-ға артық. Бұл ретте:
      1) жалпы сомасы 3432,4 млрд. теңгеге тауар сатып алынды, оның ішінде 1184,0 млрд. теңге сомасына жергілікті тауарлар сатып алынды, жергілікті тауарлардың үлесі 34,5 %-ды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 324,8 млрд. теңгеге және 2010 жылға қарағанда 334,1 млрд. теңгеге артық;
      2) жалпы сомасы 2 466,0 млрд. теңгеге жұмыстар алынды, оның ішінде жергілікті жұмыстардың үлесі 60,9 %-ды құрады - бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4,5 %-ға артық, бірақ ақшалай баламада 401,9 млрд. теңгеге артық - 1501,4 млрд. теңге;
      3) жалпы сомасы 2813,1 млрд. теңгеге қызметтер көрсетілді, оның ішінде жергілікті өнім берушілер 2268,8 млрд. теңге сомасын қызметтер көрсетті, жергілікті көрсетілетін қызметтердің үлесі 80,7 %-ды құрады. Салыстыру үшін 2011 жылы жергілікті өнім берушілер 238,1 млрд. теңгеге немесе 6,9 %-ға аз қызмет көрсетті.
      Негізгі міндет
      1. Жергілікті қамтуды дамытудың мемлекеттік саясатын жүйелендіру, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
      2. Отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету.
      3. Отандық өндірісті одан әрі дамыту жолдарын талдау және болжамдау.
      4. Ішкі нарықта барынша қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін игеру жөніндегі жобаларды іске асыруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға ықпал ету.
      Нысаналы индикаторлар

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Мемлекеттік органдардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

50

42,1

43

44

43

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

80

85,9

86,9

88

87

2

Ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

51

46,2

47

47

49

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

75

67,7

73,3

75

78

3

Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

47

14,2

15

16

15

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

83,7

62,6

68,2

70

68

4



Тау-кен кешенінде жер қойнауын пайдалану саласындағы жергілікті қамту үлесі:

тауарлар

ИДМ

%

13,4

11

13

14

12

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

77,5

71,4

74,8

76

74

5

мұнай-газ кешенінде (NCOC, ҚПО және ТШО қоспағанда):

тауарлар

ИДМ

%

10,5

8

11

13

16

жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

%

57,0

65

67,5

70

72,5

6

Қазақстандық персонал:

жоғары буын менеджерлері

ИДМ

%

-

30

40

60

70

орта буын менеджерлері, инженерлік-техникалық персонал және жұмысшы мамандықтар

%

-

60

70

80

90

      Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жергілікті қамту бөлігінде заңнаманы жетілдіру

ИДМ

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

-

1

8

6

4

2

Жергілікті қамту мәселелері бойынша форумдар, кеңестер мен конференциялар саны

ИДМ

саны

-


5

5

5

20

3

Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген отандық өндірушілер жобаларының саны

ИДМ

саны

-

-

-

-

28

4

Отандық өндірісті дамыту мақсатындағы талдамалық зерттеулер саны

ИДМ

талдамалық есептер



-



7



7



7



5

5

Жергілікті қамту жөніндегі мониторинг субъектілерінің ТЖҚ сатып алу бойынша талдамалық материалдар саны

ИДМ

есептер мен ұсынымдар

-

2

2

2

2

6

Мемлекеттің жәрдемдесуімен іске қосылған жаңа өндірістерді игеру жөніндегі жобалардың саны

ИДМ

саны

-

3

6

12

10

      Іс-қимыл стратегиясы
      Іске асыру 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта үш кезеңде жүргізіледі.
      1. Бірінші кезең - 2010 - 2011 жылдар:
      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша басқару моделін келісуі және бекітуі, қатысушылардың құрамын ұйымдастыруы (10 стратегиялық тақырып бойынша Басқарушы және Атқарушы комитеттердің, секторалдық комитеттердің мүшелерін, жұмыс процесін, нысаналы көрсеткіштерді сипаттай отырып, Бағдарламаға қатысушылардың жарғысын, мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, Жұмыс жоспарын бекіту);
      2) жер қойнауын пайдалану жобаларындағы тауарлардың, жұмыстар  мен көрсетілетін қызметтердің сұраныстары мен ұсыныстарын талдау: жер қойнауын пайдаланудың ірі жобалары бойынша деректерді талдау, қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісін игеру кестесін құру мақсатында жоспарланған мерзімдерді есепке ала отырып, негізгі үш бағыт бойынша: 1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер; 2) кадрлар; 3) жобаларды қолдау инфрақұрылымы, нәтижесінде қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, кадрларды және инфрақұрылымды айқындау;
      3) ішкі нарықта жоқ тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген үш бағыт: тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, кадрлар мен инфрақұрылым бойынша қазіргі ұсыныс сапасын зерделеу;
      4) ішкі нарықта дамыту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басым санаттарын бөлу;
      5) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңаларын жасау, өндірістегілерін дамыту, инфрақұрылымды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту үшін қажетті ресурстарды жақсартуға байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті іс-шараларды айқындау;
      6) жергілікті қамтуды дамытудың қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және орта мерзімді (5 жылға дейін) перспективаға арналған салалық және өңірлік жоспарларын әзірлеу және оларды уәкілетті органмен келісу;
      7) мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың жұмыс істеп тұрған және құрылатын кәсіпорындарының базасында өнім мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін құру және енгізу тетігі мен моделін әзірлеу;
      8) мониторингке сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті өндірісін дамыту үшін жұмыс істеп тұрғандарының ішінен әлеуетті компанияларды айқындау.
      2. Екінші кезең - 2012 жыл:
      1) өндірісті, көрсетілетін қызметтерді дайындау және жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде қажетті кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарларын іске асыру;
      2) шағын және орта бизнес кәсіпорындарын одан әрі дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, оларды мұнай-газ және сервистік компаниялар жеткізу тізбегіне енгізу.
      3. Үшінші кезең - 2013 - 2014 жылдар:
      1) жергілікті қамтуды дамытудың мемлекеттік саясатын жүйелендіру және ықпалдастыру процестерін жандандыруды ескере отырып, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      2) отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған шараларды күшейту, жергілікті компаниялардың өндірістік әлеуетін дамыту;
      3) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және холдингтердің, жүйе құраушы кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы, сондай-ақ өтпелі кезең ішінде ірі ұлттық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде жергілікті қамтуды арттыру;
      4) отандық өндірушілерге ұйымдастырушылық және сервистік қолдау көрсету;
      5) қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін құру/дамыту жобаларын іске асыруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

3. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде
экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру

Негізгі міндет

      Ескерту. Параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өсу полюстерін қалыптастырып, индустриялық даму үшін бәсекелі артықшылыққа ие, елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын, елдің қалған аумақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын әрі елдің өңірлік және жаһандық нарықтармен интеграциясын қамтамасыз ететін аумақтарда экономиканы шоғырландыруды қамтамасыз ету.

Іс-қимылдар стратегиясы

      Ескерту. Параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының аумақтық аспектісі өзара байланысты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
      Бірінші - олардың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өңірлерде экономиканың басым секторларының өндірістерін ұйымдастыру.
      Екінші - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы озық қарқынмен дамыту аймақтарын құру.
      Қарастырылып отырған кезеңде индустриялық жаңғырту негізінен экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі салаларын, сондай-ақ өндіріс факторларын қарқындату негізінде осы секторлардың сұранысына бағдарланған ілеспе салаларды дамытумен айқындалатын болады.
      Қалыптасқан оқшаулау орталықтарында дәстүрлі және секторлардың ішкі сұранысына бағдарланған өндірістерді орналастыру шикізат, электр энергиясы және көлік инфрақұрылымына немесе өткізу нарықтарына жақын көздеріне байланыста жүзеге асырылатын болады.
      Агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп және туризм саласында экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді дамыту осы секторлардағы қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және елдің еңбек ресурстары ұтқырлығының салыстырмалы түрде төмен болуын ескере отырып, ірі қалалардың базарларына бағдарлана отырып, осы салалар үшін дәстүрлі өңірлерде немесе еңбек ресурсы жоғары өңірлерде жүзеге асырылатын болады.
      Экономиканың ұзақ мерзімді және сапалы өсу перспективалары жоғары технологиялы, инновациялық жаңа өндірістердің қажетті ғылыми-техникалық және білім беру әлеуетіне, коммуникациялық инфрақұрылымға ие қалыптасып жатқан Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерациялар және оларға іргелес аумақтарға шоғарылануымен айқындалатын болады.
      Еңбек пен капиталдың ауқымынан, ұтқырлығынан үнемдеуде көрініс тапқан агломерациялық әсер, өндіріс факторларынан қайтарымдылықты ұлғайту жиынтығында осы қалаларда елдің қалған өңірлері үшін жаңа мүмкіндіктердің мультипликациясымен экономиканың баса оза өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Бизнестің, мемлекеттің салалық және аумақтық органдарының іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік беретін тұрақты түрде өзектендірілетін құрал өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы елдің өндірістік әлеуетін оңтайлы орналастырудың құралына айналады.
      Өндіріс күштері мен өндірістік қуаттарды ұтымды және перпективалы орналастыру, халықты қоныстандыру жүйесін оңтайландыру схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, сондай-ақ басқа да құрылыс құжаттарын (аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтың қала құрылысын жоспарлайтын кешенді схемалар, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу үшін негіз болып табылатын Қазақстанды аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының құрамдас бөлігіне айналады.
      Бас схеманы іске асыру мониторингі ақпараттық деректерді өзектендіру ақпарат көзін жаңарту кезінде тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жобалық ұсыныстар мен негізгі ережелерге өзгерістер енгізу әр бес жыл сайын, бас схеманы түзету - әр он жыл сайын жүзеге асырылуы тиіс.

3.1 Экономиканың басым секторлары бөлінісінде өндірістік
әлеуетті аумақтық ұйымдастыру

      1. «Дәстүрлі индустрия» (мұнай-газ, тау-кен металлургия, химия, атом) Қазақстан экономикасының экспортқа бағдарланған дәстүрлі салаларының жаңа өндірісін орналастыру үшін шикізат, энергия және көлік инфрақұрылымы көздеріне жақындығы айқындаушы фактор болып қала береді.
      Мұнай-газ саласының негізгі кәсіпорындары минералдық-шикізат базасының және мұнай мен газ өндірудің орналасу аудандары болып табылатын батыс облыстарда және Қызылорда облысында орналасқан. Жаңа өндірістерді перспективалы орналастыру Каспий теңізінің қазақстандық секторының кен орындарын игерумен байланысты болады.
      Көмірсутек шикізатын (Ақтау қаласында битум, Атырау облысында кіріктірілген газ-химия кешені базасында полиэтилен және полипропилен өндіру) тереңдете өңдеуге байланысты жаңа өндірістерді орналастыру шикізат көздеріне, ал үш МӨЗ-ді (Атырау, Павлодар, Шымкент) қайта жаңарту - қазіргі инфрақұрылымға және тұтыну нарықтарына бағдарланатын болады.
      Кен металлургиясы кешенінің кәсіпорындары алдағы уақытта да негізінен елдің Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Жезқазған қалаларындағы салалық мамандандырылған орталықтары бар солтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-батыс бөліктерінде шикізат және арзан электр энергиясы көздеріне, қолда бар өндірістік қуаттарға, инфрақұрылымға және білікті еңбек ресурстарына жақын орналастырылатын болады.
      Металлургиядағы және металл өңдеудегі неғұрлым жоғары бөліністі өндірістің жаңаларын орналастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту мыналарға байланысты болады:
      бастапқы бөліністі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға - болат (Қарағанды облысы), титан құймаларын (Шығыс Қазақстан облысы), феррохром (Ақтөбе облысы) өндіру, рельстер мен прокат (Павлодар облысы), ферросиликомарганец (Жамбыл облысы) өндіру, арнайы болат (Қарағанды және Қостанай облыстары) өндіру;
      арзан электр энергиясы көздеріне - алюминий (Павлодар облысы), катодты мыс (Шығыс Қазақстан облысы) өндіру.
      Шикізат көздеріне байланыстыра отырып, бастапқы бөліністі химия өнеркәсібі кәсіпорындарын орналастыру (Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары - азот, фосфор, калий, кешендік минералды тыңайтқыштар), неғұрлым жоғары бөліністер қазіргі өндірістік қуаттарға, қажетті біліктілігі бар еңбек ресурстарына, ғылыми-техникалық базаға және тұрғындар, өнеркәсіп кәсіпорындары (арнайы химикаттар мен тұтыну химиясы - Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы; каустикалық сода - Павлодар қаласы, күкірт қышқылын өндіру - Ақмола, Қызылорда және Жамбыл облыстары) тарапынан сұранысқа байланысты, резеңке-техникалық бұйымдар өндіру - Қарағанды облысы.
      Салалық мамандану орталықтары: Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Алматы.
      Атом өнеркәсібі кәсіпорындарын орналастыруға бұрынғыдай шикізат көздерінің, өндірістік-техникалық және ғылыми базаның болуы, сондай-ақ саланың тарихи қалыптасқан аумақтық оқшаулануы сияқты факторлар әсер ететін болады.
      Атом салысының ерекшелігін ескере отырып, оны дамыту уран шикізатын өңдеудің дәстүрлі өңірлерінде - Оңтүстік Қазақстанда, Ақмола облысында, өңдеу - Ақмола (Степногор тау-кен химия комбинаты) және Шығыс Қазақстан (Үлбі металлургия зауыты) облыстарында жалғасады.
      Салалық мамандану орталықтары: Өскемен, Степногор.
      Жалпы, экономиканың шикізат секторларының босатылатын артық еңбек ресурстары өндірістің қарқын алуына байланысты шикізатты тереңдете өңдеуге бағдарланған, жоғары технологиялы жаңа кәсіпорындарға қайта бөлінетін болады.
      2. Ішкі сұраныс базасындағы салалар (машина жасау, фармацевтика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс индустриясы)
      Ішкі сұранысқа негізделетін салаларды дамыту үшін сұраныстың, тұрып қалған, бірақ жүргізілген инженерлік-көлік инфрақұрылымы бар қалалардың өнеркәсіп аймақтарын қалпына келтіруді қажетсінетіндерді қоса алғанда, өндірістік-инфрақұрылымдық және технологиялық базасының болуы, өнімді, құрамдауыштарды және жабдықтарды жеткізуде көлік шығындарының төмен болуы басым фактор болады.
      Салалардың осы тобының жаңа өндірістерін орналастыру дәстүрлі секторлардың кәсіпорындарымен қатар Алматы, Астана қалаларында да жүргізілетін болады.
      Машина жасаудың жаңа кәсіпорындары бейініне сәйкес орналастырылатын болады:
      ауыл шаруашылығы машинасын жасау - ауыл шаруашылығы қызметі қомақты өңірлерде - солтүстік және шығыс өңірлер (Қостанай қаласында ауыл шаруашылығы техникасын жасау жобасы, Семей қаласында «Беларусь» маркалы тракторлар жасау);
      мұнай-газ машинасын жасау - мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандандырылған жабдықтарға, шығыс материалдарына және олардың құрамдауыштарына сұранысына бағдарлана отырып, қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өндіруді технологиялық қамтамасыз ету мақсатында батыс өңірде (Атырау және Орал қалаларында мұнай-газ машинасын жасау жобалары) және қазіргі өндірістік қуаттар - Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында;
      тау-кен машинасын жасау - тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындарының сұранысына бағдарлана отырып, орталық және шығыс өңірлерде (Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарындағы жобалар);
      электр-техникалық машина жасау - қолда бар өндірістік базаға бағдарлана отырып, оңтүстік және орталық өңірлерде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарындағы жобалар);
      көліктік машина жасау - білікті еңбек ресурстарының, аралас саладағы құрамдауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісінің болуына бағдарлана отырып, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде (Қостанай қаласында жол-құрылыс техникасын және автобустар жасау, Астана қаласында локомотив құрастыру зауыты, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жеңіл автомобильдер, Ақмола облысы Атбасар қаласында электровоздар, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында және Павлодар облысы Екібастұз қаласында жүк вагондарын жасау);
      қорғаныстық машина жасау мемлекеттік тапсырыс тетігі арқылы машина жасау кәсіпорындарының қазіргі қуаттарына негізделетін болады.
      Салалық мамандану орталықтары: Астана, Алматы, Қостанай, Семей, Орал, Өскемен, Петропавл.
      Фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындары бұрын құрылған ғылыми-өндірістік (Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы) базаға, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымының, біліктілігі жоғары еңбек ресурстарының (Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары  және Алматы мен Астана қалалары) болуына байланысты орналастырылатын болады. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу».
      Салалық мамандану орталықтары: Алматы, Шымкент, Астана, Қарағанды.
      Құрылыс материалдары өнеркәсібінің жаңа өндірістерін орналастыру жергілікті шикізат көздеріне, өткізудің жергілікті нарықтарының болуына, құрылған өндірістік-технологиялық базаға байланысты болады.
      Цемент зауыттарын салу және жаңғырту, сондай-ақ керамика, шыны, гипс блоктарын, жеңілдетілген құрылыс панельдерін, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шикізат базасы мен өткізу нарықтарына (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) бағдарланатын болады.
      Индустриялық құрылыс комбинаттары өткізу нарықтарына (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары) бағдарланатын болады.
      Салалық мамандану орталықтары: Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Атырау.
      3. Экспорттық әлеуеті бар салалар (АӨК, жеңіл өнеркәсіп, туризм)
      Аграрлық индустрия елдің орталығында, солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында дамитын болады.
      Агроөнеркәсіп кешені мен балық шаруашылығының өңдеу кәсіпорындарын орналастыру шикізат көздеріне де, ірі қалалардың өткізу нарықтарына да бағдарланатын болады.
      Астана мен Алматы қалаларының айналасында азық-түлік белдеулерін қалыптастыру басымдыққа ие болады.
      Агроөнеркәсіп кешенінің астық пен етті тереңдете өңдеуге бағытталған негізгі өндірістері негізінен солтүстік өңірлерде орналастырылатын болады.
      Салалық мамандану орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Алматы, Қызылорда, Атырау.
      Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары құрылған өндірістік-технологиялық базаға, шикізат және еңбек ресурстарының болуына, сондай-ақ ұсынылатын және перспективалы ішкі және әлемдік сұранысқа байланысты Алматы, Шымкент, Семей қалаларында орналастырылатын болады.
      Салалық мамандану орталықтары: Шымкент, Талдықорған, Семей.
      Туристік қызмет негізгі рекреациялық аймақтардың, республиканың көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымы дамыған мәдени-тарихи және іскерлік орталықтарының маңында қалыптастырылатын болады.
      4. «Болашақ экономикасының секторлары» (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнология, балама энергетика, ғарыш қызметі)
      «Болашақ экономикасының секторларының» ғылымды қажетсінетін өндірістерін орналастыру және инновациялық жүйелердің орталықтарын қалыптастыру білім беру-инновациялық және бизнес-технологиялық әлеуеті, біліктілігі жоғары мамандары мен мамандандырылған қызметті жеткізушілері бар Астана және Алматы қалаларында жүргізілетін болады.
      Ақпараттық технологиялар саласында ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған, шетелдік жетекші компаниялардың процессингтік орталықтарының әлеуетін ықпалдастыратын өндірістерді дамыту үшін «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА база болады. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені Астана қаласында орналастырылатын болады.
      Биотехнологиялар саласындағы инновация Астана мен Алматы қалаларында бұрын құрылған ғылыми енгізу базасы және медициналық кластер негізінде, баламалы энергия көздері және жаңа материалдар саласындағы инновация - Астана қаласындағы Nazarbayev university, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ негізінде дамитын болады.
      Инфрақұрылым объектілерін орналастыру
      Энергия өндіретін кәсіпорындарды орналастыру және магистральдық электр желілерін салу электр энергиясына деген перспективалы сұраныспен және индустрияландырудың қажеттіліктері, сондай-ақ шикізат көздеріне жақындығы ескеріле отырып әзірленген электр энергиясының 2020 жылға дейінгі болжамды теңгерімімен айқындалатын болады.
      Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін жою үшін Орал ГЖЭС-ін іске қосу және Атырау ЖЭО-ны кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде - 2011 жылы Мойнақ ГЭС-ін, Ақшабұлақ ГЖЭС-ін, 2013 жылға Балқаш ЖЭС-інің екі энергия блогын тұрғызу және осы объектілердің қуаттарын Алма 500 кВ төмендету станциясы арқылы беру ұйғарылып отыр.
      Солтүстік энергетикалық аймағында қосымша қажеттілік пен Екібастұз бассейнінде арзан көмірдің бар екенін ескере отырып, Екібастұз және Ақсу ГРЭС-і жаңғыртылатын болады, ал электр энергиясының артық көлемі энергия тапшылығы бар Оңтүстік және Шығыс энергетикалық аймақтарына қайта бөлінетін болады.
      Көлік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру және орналастыру сыртқы нарықтарға шығаруды және ішкі нарықпен байланыстыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешуге бағытталатын болады.
      Бұл ретте, оның тапшылығы байқалып отырған елдің батысы мен оңтүстігінде дамыған көліктік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру стратегиялық маңызды болады.
      Осылайша, көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру кеңістікті дамуға неғұрлым серпінді сипат береді және энергиямен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді төмендетеді.

3.2 Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру

      Ескерту. 3.2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Әлемдік тәжірибеде агломерацияларды өсу полюстері ретінде дамуы елдің экономикалық және еңбек әлеуетін шоғырландыруға, ауқым әсеріне, инфрақұрылымдық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Мемлекет экономикалық өсудің ұзақ мерзімді орталықтарында халықтың шоғырлануына жәрдемдесетін болады. Мұндай өсу орталықтары қалыптасып жатқан агломерациялар (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау) болып табылады.
      Осыны ескере отырып таңдалған өлшемдер негізінде Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне талдау жүргізілді. Өлшемдер ретінде демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ өзек қаланың әкімшілік мәртебесі айқындалды. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2 деңгейдегі агломерациялар айқындалды:
      1-ші деңгейдегі агломерациялар - ең жоғарғы әлеуетке ие ретінде Астана, Алматы және Шымкент қалалары;
      2-ші деңгейдегі агломерациялар - олардың қатарына Ақтөбе және Ақтау қалалары енгізілді. Бұл қалалар негізінен өзінің агломерациялық әлеуетінің іске асырылуының бастапқы сатысында тұр.
      Сонымен бірге 2-ші деңгейдегі басқа агломерацияларды қалыптастыру бойынша жұмыстар қосымша қарастырылатын және жалғастырылатын болады.
      Бәсекелестік артықшылықтар мен шектеулерді ескере отырып, Астана агломерациясы «Назарбаев Университеті», «ТДӨА» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ базасында, сондай-ақ «Астана - жаңа қала» АЭА құрамындағы индустриялық паркі, Ұлттық медициналық холдинг базасындағы медициналық кластер және Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуінің дамуы бойынша міндеттерді ескере отырып, «Бурабай - Астана - Қарағанды» автобаны бойындағы желілік «өсу аймағы» жоғары технология және инновация орталығы ретінде орнығады.
      Алматы агломерациясы көліктік-логистикалық орталықтардың (бұдан әрі - КЛО) желісі базасында («Шекаралы ынтымақтастық халықаралық орталығы «Қорғас» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қорғас» ШЫХО) және оның филиалы ретінде G4 City, «Алматы» КЛО жобасы құрамындағы «Growing City» КЛО) сауда-логистикалық және қаржылық орталығы ретінде, технологияларды коммерциялау, Алматы қаласының ірі университеттерінің орталығы, Орталық Азия барлық аймағының туризм орталығы («Шымбұлақ», «Медеу», «Табаған», «Көкжайлау», этнотуризм) ретінде «ИТП» АЭА базасында инновациялық кластер дамитын болады. Жалпы Алматы агломерациясы өзек-қаланың өзінің, G4 City және «Қорғас» ШЫХО («Қорғас» АЭА) қала-серіктері құрылысы бойынша жобаларды дамытуды қоса алғанда желілік «өсу аймағы» ретінде қарастырылады.
      Шымкент агломерациясын агроөнімдерді қайта өңдеу (оның ішінде «Оңтүстік» АЭА базасында), жеңіл (тоқыма кластері) және фармацевтикалық өнеркәсіп орталығы ретінде орнықтыру ұсынылады.
      Ақтөбе агломерациясы өңірдің металлургиялық кластер және өңірдің КЛО, химиялық өнеркәсіп және құрылыс индустриясын қайта өңдеу орталығы ретінде орнығатын болады.
      Ақтау агломерациясы Ақтау теңіз айлағы базасында көліктік-логистикалық хаб және мұнай сервис кластері ретінде дамитын болады.
      Бұл ретте агломерацияларды дамытудың құралдары ретінде мемлекеттік жобаларды («Назарбаев Университеті», «Қорғас» ШЫХО және басқалар), арнайы экономикалық аймақтарды («Ақтаутеңізпорты» АЭА, «Оңтүстік» АЭА  және басқалар), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ҮАААЖ және басқалары) пен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың басқа да құралдарын («Бизнестің жол картасы - 2020» (бұдан әрі - «БЖК-2020»), «Қолжетімді баспана - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» және басқалар) айқындау ұсынылады.

4. Экономиканың басым секторларын дамытуда мемлекет пен
бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету

      Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттің рөлі экономиканың басым секторларын қолдау институттарының, құралдарының, тетіктерінің және бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл жасаудың жүйесін қалыптастыру болып табылады.
      Бизнесті мемлекеттік қолдау барлық мүмкін бағыттар бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамыту және мынадай негізгі бағыттарды қоса алғанда:
      1) жергілікті қамтуды дамыту және нормативтік құқықтық базаны
жетілдірудің мемлекеттік саясатын жүйелеу;
      2) қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісін құру/дамыту, жұмыс істейтін өндірісті жаңғырту және отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыруда жәрдемдесу;
      3) отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Жергілікті қамтуды дамыту бойынша алдағы іс-қимыл елдің БЭК және ДСҰ-ға кіру тұрғысынан қарастырылатын болады, өйткені белсенді интеграциялық үдеріс отандық өндірісті мемлекеттік қолдаудың жеке шараларын ішінара және толық жоюды білдіреді. Осыған байланысты, өтпелі кезең аяқталғаннан кейін жойылатын қолдау құралдарының орнын толтыру мақсатында шаралар кешенін әзірлеу жоспарланып отыр.
      Бағдарламаның республикалық деңгейде іске асырылуын үйлестіруді Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі басшылық ететін Республикалық үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі басқару орталығы жалпы үйлестіруді; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - ШИК) шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) және оның жанынан құрылған жұмыс топтары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы экспорттаушылар кеңесі (бұдан әрі - Экспорттаушылар кеңесі) отандық экспорттаушылармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын болады.
      Бағдарламаның іске асырылуын өңірлік деңгейде үйлестіруді тиісті өңірлердің әкімдері басшылық ететін өңірлік Үйлестіру кеңестері және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік басқару орталықтары жүзеге асыратын болады.
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия  және жаңа технологиялар министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар болады.
      Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар болады.
      Бағдарламаны іске асыру үшін басым салаларды (кіші салалар, сегменттер) қолдаудың секторлық жүйелі және селекторлық шаралары нақтыланатын салалық бағдарламалар мен мастер-жоспарлар, ал аумақтарды дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - өңірлік бағдарламалар) әзірлеу шеңберінде - өңірлік қолдау шаралары әзірленетін болады.
      Салалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды көздейтін нақты жобаларды қолдау тұрақты жаңартылып отыратын индустрияландыру картасын іске асыру шеңберінде қаржылық және қаржылық емес қолдаудың селективті шараларының біріктірілген пакетін ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарынан тұратын болады.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, өңірлік деңгейде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-ақ мамандандырылған сервистік ұйымдар Бағдарламаны іске асыруда негізгі рөл атқарады.

4.1 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асырудың схемасы
мен құралдары

4.1.1 Жүйе құраушы ірі жеке компаниялардың және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Бағдарламаны іске
асырудағы рөлі

      Ескерту. 4.1.1-параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Экономиканың көліктік-коммуникациялық, отын-энергетика және металлургия секторларындағы ірі жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар ipi жобаларды ілгерілетудің бастамашылары болады, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін мультипликациялаудағы олардың рөлі күшейеді.
      Бағдарлама шеңберінде ірі жүйе құраушы жеке меншік компаниялар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мыналарды көздейді:
      1) жекелеген салалық саясатты іске асыру жөніндегі «операторлар» рөлін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ орындауы;
      2) ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
      3) тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды ұлғайту;
      4) жергілікті қамтуды дамыту шеңберінде шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына қатысу;
      5) шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қайта бөлінісі неғұрлым жоғары өндірістерді ұйымдастыру мақсатында өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізу;
      6) жаңадан құрылып жатқан ірі өндірістер төңірегінде шағын және орта бизнестің кластерлік-желілік құрылымдарын қалыптастыру;
      7) шағын және орта бизнеске негізгі емес бизнес функциялардың бір бөлігін беру;
      8) бейінді емес активтерді шығару жөніндегі саясатты ынталандыру.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үш стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайтын болады:
      1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру Қордың күші компаниялардың акционерлік капиталының құнын арттыруға бағытталатын болады, бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың өсуін арттыруға жәрдемдеседі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметі компаниялардың құнын компаниялардағы корпоративтік басқару және инновациялық даму деңгейлерін арттыру, басқарудың ашық және оңтайлы құрылымын қалыптастыру, компаниялардың қаржылық нәтижелілігі мен тұрақтылығын арттыру арқылы ұлғайтуға арналған.
      2. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу
      Осы стратегиялық бағыттың шеңберіндегі негізгі мақсат жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық активтерді құру және қолданыстағыларын жаңғырту, сондай-ақ қосылған құн тізбегін дамыту болып табылады. Осы мақсатқа стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру, жеткізілімдерді тиімді басқару және кәсіпкерлік ортаны дамыту, даму институттары арқылы экономиканың дамуын ынталандыру жолымен қол жеткізілетін болады.
      3. Әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әлеуметтік әріптестік қағидаты негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, кадрларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қор қызметі туралы ақпараттың айқындығы мен ашықтығына бағытталған бірыңғай коммуникациялық стратегияны құру арқылы Қор компаниялары тобындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын болады.
      Ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың негізгі құралы «Қазақстан Даму банкі» АҚ жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуы, сондай-ақ Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының жобаларына үлестік қатысу болады.
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ рөлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын кеңейту арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру болып табылады.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ үшін экономикаға инвестициялар тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер айқындалатын болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты, олардың қаржылық ресурстарды тартуы және бөлуі индустрияландыру саясатымен үйлестірілетін болады.
      Осы мақсатта тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамын ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен болжамдық параметрлерінің жобаларын қарауы және мақұлдауы көзделеді.
      Бұл ретте квазимемлекеттік секторда тәуекелдер шоғырлануының және қарыздық жүктемелерден «қызып кетуінің» алдын алу үшін, оның ішінде олардың қарыз алу деңгейін шектеу арқылы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар берешектерінің ашық есептілігі енгізілетін болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуында жергілікті қамтудың өтінім берілген көрсеткіштерінің сақталуын бақылаудың тиімділігін жақсарту, сондай-ақ осы көрсеткіштерді жоғарылатуды ынталандыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ай сайынғы негізде сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің есептерін тексеруді жүзеге асыратын болады.
      Сатып алудағы жергілікті қамтуды мониторингілеу, сондай-ақ өткізілген тексерістерді талдау негізінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жыл қорытындысы бойынша сатып алудағы жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі тиімділіктің маңызды көрсеткіштері (КРІ) шығарылады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың іс-қимылдары мыналарға шоғырландырылады:
      1) бизнес белсендікті ықпалдастыру, салалық және салааралық кооперацияны қолдау және экспортты ілгерілету;
      2) технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, кәсіпорындарды сервистік қолдау.
      Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді инфрақұрылымының қайталануын және қалыптасуын болдырмау мақсатында бизнестің қажеттілігіне назар аудара отырып, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ның, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның, «Даму» КДҚ» АҚ-ның, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның, «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ жанындағы «Технологиялар трансферті және коммерцияландыру орталығы» АҚ-ның мамандандырылған сервистік ұйымдарының қызметтері құрылымданатын болады.

4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асыру тетіктері

      Ескерту. 4.1.2-параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

      Секторлық қолдау шаралары: салалық бағдарламалар және мастер-жоспарлар
      Бағдарламаны іске асыру және Бағдарламаға барлық қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіру мақсатында салаларды дамытуды ғылыми-технологиялық сүйемелдеу, білікті еңбек ресурстарын даярлау және осы саладағы нақты жобаларды қолдау жөніндегі шаралар айқындалатын басқа мәселелерді қоса алғанда, салаларды негізгі дамытуды, мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын айқындайтын 13 салалық бағдарлама әзірленетін болады.
      Салалық бағдарламалар Мемлекеттік комиссияның отырыстарында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін болады.
      46 басым кіші саланың арасынан неғұрлым мұқият талдауды қажет ететін 23-і бойынша институционалдық, инфрақұрылымдық және инвестициялық аспектілер бойынша іске асырудың нақты тетіктері көзделетін, осы кіші салалар және осы кіші саладағы нақты жобалар бойынша қолдау шаралары нақтыланатын мастер-жоспарлар әзірленетін болады.
      Жобалық қолдау шаралары:
      «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту және жаңаларын құру
      Мақсаты еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін ұлғайту болып табылады.
      «Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары мынадай болады:
      1) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
      2) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
      3) инновациялық гранттар беру;
      4) сервистік қолдау:
      еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін ақы төлеу;
      кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді қоса қаржыландыру;
      еңбекті техникалық нормалау үшін шығындарды өтеу;
      халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GMP, EN) сәйкес өнімді сертификаттау мен сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.
      Құралдарды іске асыруды құралдар операторлары жүзеге асыратын болады.
      Құралдарды беру тетіктерін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті Қағидалармен айқындайды.
      Мемлекеттік қолдау шаралары экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпорындарға берілетін болады.
      Құралдардың операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар болады.
      «Өнімділік 2020» бағытының әкімшісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі болады.
      Операторлардың қызметтері бюджеттен өтелетін болады.
      «Экспорт - 2020» - экспортты дамыту және ілгерілету бағдарламасы
      Бұл бағдарлама отандық компанияларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталатын болады және оны іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болады: отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілетумен байланысты іс-шаралар бойынша экспорттаушылар шығындарын өтеу; саудалық қаржыландыру және сақтандыру; экспортты сервистік қолдау.
      Бағдарламаның объектілері әлеуетті және жұмыс істейтін шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді экспорттаушылар болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағдарламаның әкімшісі болады.
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ және «ҚазЭкспортГарант» АҚ бағдарлама операторлары болып табылады.
      Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру
      Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаның өңірлік деңгейдегі әкімшісі болады, олар осы бағдарламаны іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттерде тиісті қаражатты қарастыратын болады.
      Экспорттаушыларды сервистік қолдау жөніндегі іс-шаралар бағдарлама операторымен өзара іс-қимыл мен үйлестіру кезінде жүзеге асырылады.
      Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистік қолдау көрсету және экспорттаушылар шығындарының бөлігін өтеу жөніндегі базалық шарттарды, қаражат бөлу тетіктерін, шикізаттық емес секторлардағы экспорттың өсуі жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру бағдарламасы - «2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама»
      Бұл бағдарлама мынадай:
      1) инвестицияларды сервистік қолдау;
      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру құралдарын қолдана отырып, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізаттық емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Шетелдік инвесторлар мен қазақстандық бизнес өкілдері не сервистік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған сервистік ұйым арқылы мынадай құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
      1) Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша
ақпараттық-таныстыру іс-шаралары (бизнес-форумдар, роуд-шоу, баспа
өнімдері, халықаралық БАҚ-та ақпараттық хабарлар);
      2) ақпараттық-талдамалық іс-шаралар (есепке алу функциясы, дерекқор, зерттеулер);
      3) шетелдік инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар;
      4) ұлттық инвестициялық интерактивті веб-сайтты және Елдің
инвестициялық атласын әзірлеу және сүйемелдеу.
      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      1) шетелдік жұмыс күшін әкелудің жеңілдетілген тетігі;
      2) «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсету;
      3) АЭА аумағындағы еркін кеден аймағының режимі. Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитеті бағдарлама операторы болып табылады.
      Экономиканың басым секторларына инвестицияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары бағдарламаға қатысушылар бола алады.
      Ииндустрияландыру картасы
      Қазақстанды Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жобаларды мониторингілеу және іске асыру құралы болып табылады.
      Қазақстанды Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу үдерісі интеграциялық болып табылады, яғни, индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесі өтінімдердің түсуіне және олардың тиісінше қаралуына қарай жылына екі рет жаңа жобалармен толықтырылуы мүмкін.
      Индустрияландыру картасына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін жобалар енгізілетін болады.
      Республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына жобаларды енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсыну мәселелері қаралған кезде Индустрияландыру картасының жобалары басым тәртіппен қаралатын болады.
      Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингін жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ақпараттық-талдамалық жүйе (бұдан әрі - жүйе) базасында жүзеге асырады.
      Жүйе сапалық және сандық көрсеткіштерден, жоспар-кестеден және жобаларды іске асыру барысы туралы мәліметтерден тұрады және кәсіпкерлер-жобалар бастамашыларының туындаған проблемалар туралы белгі беру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жобалар бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеудің интерактивті үдерісін қамтамасыз етеді.
      Іске асырылу сатысындағы жобалар мониторингі жобаны іске асырудың жоспар-кестесі бойынша жүргізілетін болады.
      Енгізілген жобалар бойынша мониторинг «жоспарлы қуаттылық» көрсеткішінің негізінде жүзеге асырылатын болады. Жоспарлы қуаттылық-техникалық, технологиялық және басқа да факторларды ескеретін белгілі кезеңге өнім шығарудың өндірістік жоспары.
      Жоба бойынша проблемалық мәселелер туындаған жағдайларда жобаны іске асыруға жауаптылар жоба бастамашыларымен бірлесіп проблемалық мәселелерді шешу бойынша келісілген іс-шаралар жоспарын қабылдайды.
      Жобалар кезекті өзектендіру жүргізілген кезде мынадай жағдайда:
      бір жыл бойы қуаттары кемінде 70 % (жетпіс пайыз) деңгейінде үздіксіз жүктелген;
      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде шешу мүмкін болмайтын проблемалар, оның ішінде форс-мажор жағдайлар туындаған кезде Индустрияландыру картасынан алып тасталады.
      Республикалық Индустрияландыру картасына жеке тізбемен перспективалық жобалар енгізіледі, олардың пысықталуына қарай іске асыруға жауапты белгіленген рәсімдерге сәйкес жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу жөнінде ұсыныс енгізеді.

4.2 Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру схемасы мен
құралдары

4.2.1 Даму институттарының, ұлттық компаниялардың бағдарламаны
өңірлік деңгейде іске асырудағы рөлі

      Ескерту. 4.1.2-параграфқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      Бизнестің, даму институттарының ұлттық компаниялар мен қаржылық құрылымдардың қызметін ықпалдастыратын өңірлер әкімдіктері жергілікті деңгейде индустрияландыру саласындағы шағын және орта бизнестің бастамаларын ілгерілетуге жауапты болады.
      Өңірдің әкімі:
      үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ұсынымдарды, өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілетін бизнес жобаларын мемлекеттік қолдау шараларын іріктеу және айқындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған және мемлекеттік органдар, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, кәсіпкерлік құрылымдардың, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінен және тәуелсіз сарапшылардан құралған Үйлестіру кеңесін;
      өңірлік индустрияландыру картасына енгізілетін жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемаларды шешу мақсатында құрылатын үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік басқару орталығын басқаратын болады.
      Әкімдік құрылымында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберлерінде индустрияландыру саясатын іске асыру мәселелеріне жауапты өңір әкімінің орынбасары лауазымы енгізілетін болады.
      Бизнес-белсенділікті интеграциялау және кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын құру құралдары аумақтарды дамыту бағдарламалары және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы болады, олардың аясында әрбір даму институтының рөлі, олардың жергілікті атқарушы органдармен және бизнеспен өзара әрекеттесу тетіктері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларды қаржыландыру көздері нақты айқындалатын болады.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлердің өсу нүктесінде экономикалық белсенділікті ынталандыратын активтерді тиімді басқаратын, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыру катализаторы болып табылатын өңірлік даму институтының рөлін атқарады.
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдары да өткізу және дайындау кооперациясын ұйымдастыруға, шикізат пен азық-түлікті сатып алу арқылы нарықты және тауар өндірушілерді қолдауға, ұсақ лектерді шоғырландырады, сертификаттау мен басқа да операцияларды қоса алғанда, «шатырлық» брендтермен қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарықтарға экспорттауға және ілгерілетуге шоғырландырылатын болады.
      «ДАМУ КДҚ» АҚ-ның қызметі кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметтердің кең спектрін ұсынуға шоғырланады:
      екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы қаражатын шартты орналастыру арқылы кредит беру;
      «Даму-Қолдау» бағдарламасы шеңберінде тікелей кредит беру;
      лизингтік мәмілелерді және лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктердегі қаржы қаражатын шартты орналастыруды жеңілдікті қаржыландыру;
      кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентінің функцияларын орындау;
      екінші деңгейдегі банктер алдында кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша кепілдік беру және кепілгерлік жүйесін қалыптастыру;
      «ДАМУ» КДҚ мен басқа қаржы институттарының кепілдігімен кәсіпкерлік кредиттерінің портфелін секьюритилендіру;
      франчайзингті дамыту;
      консультативтік-тренингтік орталықтар желісін құру, кәсіпкерлік жөнінде мамандандырылған басылымдар шығару және тарату жолымен кәсіпкерлік қызметіне ақпараттық-консалтингтік қолдау көрсету.
      Мамандандырылған қаржы институттарын, оның ішінде, шағын қаржы ұйымдарын, кредиттік және ауылдық кооперативтерді дамытуға жәрдемдесуді «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдары жүзеге асыратын болады.
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «Парасат» ұлттық холдингі мыналар арқылы инновацияларды қолдауға және ілгерілетуге шоғырланатын болады:
      технологиялар трансфертін, білім беруді, лицензиялар сатып алуды және беруді, start-up&spin-off жобаларды іске қосуды және шығаруды қамтамасыз ету;
      инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырумен қамтамасыз ету;
      венчурлік қаржыландыруды дамыту;
      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту;
      ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және оның ішінде шетел сарапшыларын тарта отырып, инновациялық процестерді сүйемелдеу жүйесін құру;
      жаңашылдықты және ұтымгерлікті насихаттаудың кешенді бағдарламасын іске асыру.
      Бизнес-процестерді қолдау мамандандырылған сервистік ұйымдардың қызметі шеңберінде мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың қызметтерін ұсыну;
      бизнесті басқару, дамыту саласындағы консалтингтік қызметтерді консультативтік-тренингтік орталықтары желісін құру жолымен ұсыну;
      жобаларды әзірлеу, негіздеу және іске асыру саласында инжинирингтік қызметтер көрсету, оқыту қызметтерін ұсыну;
      маркетингтік зерттеулер жүргізу;
      жобаларға технологиялық сараптама жүргізу;
      шетелдік нарықтарға шығуға жәрдемдесу.

4.2.2 Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру тетіктері
(Бизнестің жол картасы - 2020)

      Ескерту. 4.2.2-параграф жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607 Жарлығымен.

      «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру тұрақты жұмыс орындарының қолда барын сақтап қалуға және жаңаларын ашуға, сондай-ақ шикізаттық емес секторларда өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бұл бағдарламаны қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен мынадай бағыттар бойынша іске асырылады.
      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
      2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
      4) кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
      Кәсіпкер осы бағдарламада, сондай-ақ Бағдарламада көзделген басқа да бюджеттік бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының аралас пакетіне үміттене алады.
      Әрбір өңір үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін белгілейтін болады.
      Әкімдіктер осы бағдарламаның бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін дербес бөлетін болады.
      Өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру үшін жобаларды іріктеу және қарау, индустриялық инфрақұрылымның дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету, сервистік қолдау мен кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жаңа инвестициялық жобалар, сондай-ақ экономиканың басым секторларындағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.
      Ең жоғары субсидиялау мерзімі 3 жыл болып, ол мерзімді 10 жылға (қаржылық лизинг шарттары бойынша 5 жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен іске асырылатын жобалар бойынша жаңаларымен қатар, бұдан бұрын берілген кредиттер субсидияланатын болады.
      Жобаға өтінім берушінің оны іске асыруға жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10 %-дан кем емес деңгейдегі өзінің ақшалай қаражатымен қатысуы не жобаны іске асыруға, жобаны іске асырудың жалпы құнынан 20 %-дан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) қатысуы қолдаудың міндетті шарты болып табылады.
      Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау өңірлік күйлестіру кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүргізілетін болады.
      Ең көп мөлшері 50 %-дан артық емес, ал ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін кредиттер бойынша ең көп кепілдік мөлшері кредит сомасының 70 %-ынан артық емес жаңа өндірістерді ұйымдастыруға бағытталған кәсіпкерлікке кредиттерге кепілдік беруді өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүзеге асырады.
      Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржылық сүйемелдеуді және қаражаттың нысаналы тиімді және уақтылы пайдаланылуын мониторингілеуді әкімдіктер, екінші деңгейдегі банктер мен қаржы агенті арасында жасалатын бас келісім шеңберіндегі тиісті рәсімдерді орындай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүргізеді.
      Агент қызметтерінің құны бюджеттен өтелетін болады.
      Сыйақы ставкаларын субсидиялау, кредиттерді кепілдендіру тетігін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Индустриялық инфрақұрылым аталған бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі негізінде әлеуетті перспективалы жобаларды іске асыру үшін ұсынылатын болады.
      Кәсіпкерлік үшін кадрларды қайта даярлауды, оның ішінде біліктілікті арттыруды және жұмыс орындарын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер мен өлшемдер негізінде қаражат бөлу арқылы әкімдіктер қаржыландыратын болады.
      «Бизнестің жол картасы - 2020» - «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағдарламасының 4-ші бағытын жетілдіру мақсатында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін қысқа мерзімді экспресс-курстарын, жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді экспресс-курстарын өткізу, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақүрылымын қалыптастыру (кәсіпкерлердің құзыреттілік орталықтарын дамыту), «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның бизнес-мектебі және басқа да оқыту орталықтары базасында шағын және орта бизнес басқарушы кадрларын оқыту және біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жәрдемдесуімен ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда қазақстандық кәсіпкерлер үшін тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді.

4.3 Бизнес бірлестіктерінің рөлін арттыру

      Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын дамыту шеңберінде мыналар қамтамасыз етілетін болады:
      орталық және жергілікті атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Парламентінде және халықаралық ұйымдарда бизнес бірлестіктері мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау;
      экономикадағы төрешілдікті жою, артық әкімшілік кедергілерді алып тастау, мемлекеттік органдардың лицензия-рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру жөніндегі кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық базаны дамыту үшін кәсіпкерлер бірлестіктерінің сараптау-консультативтік функцияларын орындау;
      мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысу.
      бизнесті «көгалдандыру».
      Бизнес-ортаны шоғырландыру үшін мыналар ынталандырылатын болады:
      кәсіпкерлер бірлестіктерінің мүшелік базасын өсіру;
      ірі корпорациялардың шағын бизнес кәсіпорындарын бизнес-бірлестіктердің институционалдық тетіктері арқылы қолдауы;
      кәсіпкерлердің салалық, өңірлік қауымдастықтары мен олардың бірлестіктері арасындағы қызметті үйлестіру.
      Үкімет, кәсіподақ және жұмыс берушілер арасындағы үш жақты ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтік әріптестікті дамыту жалғасады.
      Экономикалық агенттер арасында шаруашылық дауларды шешу кезінде трансакциялық шығындарды төмендету үшін мыналар қолдау табатын болады:
      аралық және төрелік соттардың, оның ішінде, Сауда-өнеркәсіп палаталарының жанындағы қызметі;
      соттан тыс қарау тетіктері.
      Кәсіпкерлер бірлестіктерінің бизнес-интеграторлары ретінде бірлестіктер қатысушыларды қолдау бойынша әртүрлі функциялар жүзеге асырылатын болады:
      экспортты бірлесіп жылжыту;
      кооперациялардың әртүрлі нысандарын дамыту;
      сервистік қызмет көрсету;
      нарықтарды қолдау және басқа да функциялар.

5. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету

      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттің және жеке меншік сектордың қаржы ресурстары шоғырландырылатын болады, бұл ретте мемлекет жүйелі және секторалдық қолдау шараларын, инфрақұрылымды дамытуды қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншік сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға шоғырланатын болады.
      Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын тікелей шығынның болжамды көлемі шамамен 6,5 трлн. теңгені құрайды және мынадай көздерден қамтамасыз етілетін болады:
      жеке меншік ішкі және сыртқы инвесторлардың қаражаты;
      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың қаражаты;
      инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жалпы жүйелік шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік бюджет.

6. Бағдарламаның нәтижелері

      Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламаны табысты іске асыру оны әртараптандыру және ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
      Өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы және нығаюы, экономиканың шоғырлану деңгейінің төмендеуі, индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнес рөлінің күшеюі, индустриялық сектордың өндіргіш күштерін ұтымды ұйымдастыру, адами капитал сапасының өсуі Бағдарламаның негізі сапалы нәтижелері болады.
      Индустрияның экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторлары кейінгі бөліністі өндірістерді дамыту және экономиканың салалас секторларына оларды дамытудың мультипликативтік кең ауқымды әсерін қамтамасыз ету есебінен индустрияландырудың локомотиві рөлін атқарады.
      Өнеркәсіптік өндірістің жаңа кіші салаларының кәсіпорындары - мұнай-химия, ғарыш өнеркәсібі, инфокоммуникация, тыңайтқыштар, фармацевтика, мамандандырылған машина жасау, керамика өндірістері, шыны өндірісі орнықты дамиды.
      Агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті инновациялар енгізу негізінде үдемелі дамыту тұтыну сұранысы тауарларының импортына экономиканың тәуелділігін азайтады және сыйымдылығы 170 млн. адам болатын Кеден одағының нарығын ескере отырып, олардың экспорттық әлеуетін кеңейтеді.
      «Болашақтың экономикасы» секторларының ғылымды қажетсінетін технологиялары мен бәсекеге қабілетті өнімін жасау және енгізу Қазақстанға постиндустриялық экономиканың негізін құруға мүмкіндік береді.
      Шикізат емес экспорттың үлесі экспорттың жалпы көлемінің кемінде 40 %-ы деңгейіне дейін өсуімен экономиканың құрылымында шикізат емес секторлардың үлес салмағы ұлғаяды.
      Энергетикалық, көлік, инфокоммуникациялық инфрақұрылымның басып оза дамуына қол жеткізіледі.
      Әкімшілік кедергілерді азайту, еркін бәсекелестіктің дамуы үшін жағдай жасау, қазақстандық қамтуды ұлғайту, тиімді тариф саясатын жүргізу, ірі өнеркәсіптік өндірушілердің маңында шағын және орта бизнес кәсіпорындары желісін мақсатты түрде құру есебінен отандық кәсіпкерліктің дамуында шешуші бетбұрыс болады.
      Инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сапа инфрақұрылымын құру, энергия үнемдеу саласында нормативтік құқықтық база қалыптастыру, экономиканың басым салаларына ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу есебінен стандартты технологиялар трансферті және отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру үшін жүйелі жағдайлар жасалатын болады.
      Теңгерімді фискалдық жүктеме есебінен Қазақстанның экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізат емес өндірістегі инвестициялық тартымдылығының деңгейі жоғарылайтын болады.
      Арнайы бюджеттік бағдарламаларды қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін үйлестіріп, шоғырландыруға мүмкіндік береді  және елді индустрияландыруда синергетикалық тиімділікке алып келеді әрі Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 217-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 13, 121-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 499-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 2 шілдедегі № 627 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 340-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 735 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 35-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады