Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 1014 Жарлығы

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы және 2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" деген сөздер "Назарбаев Зияткерлік мектептері" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады