"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 142 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережеде:
      тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақ «Президенті» деген сөзден кейін «Тәуелсіздік күніне орай» деген сөздермен толықтырылсын;
      20-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамында:
      тақырыбы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
      мыналар енгізілсін:

Телебаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы         вице-министрі, хатшы,

Алтынбаев               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мұхтар Қапашұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Жанқұлиев               - Қазақстан Республикасы «Сырбар»
Аманжол Қазбекұлы         Сыртқы барлау қызметінің директоры
                          (келісім бойынша),

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы        ғылым министрі;

      мына жол:

«Мұсақожаева            - Қазақ ұлттық музыка академиясының
Айман Қожабекқызы         ректоры (келісім бойынша)»

      мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұсақожаева            - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы         ректоры (келісім бойынша)»;

      көрсетілген Комиссияның дербес құрамынан С.А.Дьяченко, Б.А.Майлыбаев, М.М.Тәжин, Ж.Қ.Түймебаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады