Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
      2) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы 10 қазандағы
№ 159 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

«Қазақстан Реснубликасының Қарулы Күштеріне 20 жыл»
мерекелік медалімен наградтау
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.
      2. Мерекелік медальмен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз әскери борышын үлгілі орындайтын 2012 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметте тұрған әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құруға елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.
      3. Мерекелік медальмен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
      4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарлары;
      3) Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас басқармаларының бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары;
      4) әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары), әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары жүргізеді.
      Наградталған адамға медальмен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.
      5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда өткізіледі және наградталатын адамның жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің наградтау туралы бұйрығы жарияланады.
      6. Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған кезде олардан кейін орналастырылады.
      7. Мерекелік медальдің табыс етілгені туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.
      Табыс етілмеген медальдар мен оларға куәліктер қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр департаментіне қайтарылады, ол туралы тізімдерге тиісті белгі жасалады.
      Өткізілген наградтауларды есепке алу, сондай-ақ мерекелік медальдарды табыс ету барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр департаменті жүргізеді.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы 10 қазандағы
№ 159 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл»
мерекелік медалінің
СИПАТТАМАСЫ

      «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады және диаметрі 34 мм шеңбер нысанында болады.
      Медальдің алдыңғы бетінде қызыл түсті тегіс екі қырлы сәулелі бес бұрышты дөңес жұлдыз, күн мен қалықтап ұшқан қыран орналастырылған. Жұлдыздың айналасында ұлттық өрнек бейнеленген.
      Медальдің сыртқы бетінде айнала күні көрсетілген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 1992 - 2012» деген жазу орналастырылады, ортасында «20 жыл» деген жазу орналастырылған.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медальдің шеті ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы қатқыл жібек лентамен тысталған, ені 34 мм және биіктігі 50 мм бес бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 2 мм алтын түстес үш жолақ, олардың арасында ені 2 мм екі қызыл түсті жолақ орналастырылады, алтын түстес жолақтардың жиектерінде ені 9 мм көгілдір түсті жолақтар орналастырылған. Лентаның жиектерінде ені 2 мм жасыл түсті жолақтар бар. Лентаның ені - 32 мм.
      Медаль киімге түйреуіш арқылы бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады