Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің әскери рәміздері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 1147 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 18.09.2019 № 163 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына және "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің әскери рәміздері:

      1) Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің жалауы;

      2) Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің эмблемасы болып белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі жалауының және эмблемасының сипаттамалары мен бейнелері бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 1 ақпандағы
№ 1147 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Сыртқы барлау қызметі жалауының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің жалауы көк түсті жалпақ мата болып табылады. Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2.

      Жалаудың ортасында қанаттары жайылған сары түсті мәнерлі бүркіттің елтаңбалы бейнесі орналасқан. Бүркіттің басы геральдикалық оң жаққа бұрылған. Бүркіттің оң шеңгелінде - аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмарлы найза бар. Бүркіттің сол шеңгелінде - жиегі көк түсті дөңгелек мәнерлі ұлттық күміс қалқан, оның ортаңғы бөлігі алтын түстес ұлттық ою элементтерімен орындалған екі лентамен қиғаштай қиыстырылған. Қалқанның ортасына аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмар бекітілген.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 1 ақпандағы
№ 1147 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Сыртқы барлау қызметі жалауының
БЕЙНЕСІ



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 1 ақпандағы
№ 1147 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Сыртқы барлау қызметі эмблемасының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің (бұдан әрі - "Сырбар" қызметі) эмблемасы көк түсті жиегі бар дөңгелек қалқан болып табылады.

      Қалқанның ортасында - параллельдері мен меридиандары сары түспен берілген ашық көк түсті мәнерлі бейнеленген жер шары, оның төменгі бөлігінде сары түсті "Сырбар" деген жазуы бар көк түсті ұранды лента бар.

      Жер шарының ортасында қанаттары жайылған алтын түстес мәнерлі бүркіттің елтаңбалы бейнесі орналасқан. Бүркіттің басы геральдикалық оң жаққа бұрылған. Бүркіттің оң шеңгелінде - аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмарлы найза бар. Бүркіттің сол шеңгелінде - жиегі көк түсті дөңгелек мәнерлі ұлттық күміс қалқан, оның ортаңғы бөлігі алтын түстес ұлттық ою элементтерімен орындалған екі лентамен қиғаштай қиыстырылған. Қалқанның ортасына аттың ақ түсті жалынан жасалған тұмар бекітілген.

      Қалқанның жоғары бөігінде - "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі бөлігінде - "СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ" деген мемлекеттік тілде бойлай жазылған жазу бар. Жазулар алтын түстес тойтарма шегелермен бөлінген. Жазулар ақ түсті.

      "Сырбар" қызметінің эмблемасы бір түспен бейнеленуі де мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 1 ақпандағы
№ 1147 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Сыртқы барлау қызметі эмблемасының
БЕЙНЕСІ


О воинских символах Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар"

Указ Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2011 года № 1147. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2019 года № 163

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 18.09.2019 № 163.

      В соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" и пунктом 3 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 22 мая 2010 года "О внешней разведке" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Установить, что воинскими символами Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" являются:

      1) знамя Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар";

      2) эмблема Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар".

      2. Утвердить прилагаемые описания и изображения знамени и эмблемы Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев


  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 1 февраля 2011 года № 1147

ОПИСАНИЕ
знамени Службы внешней разведки
Республики Казахстан "Сырбар"

      Знамя Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" представляет собой тканевое полотнище с полем василькового цвета. Соотношение высоты и длины полотнища 1:2.

      В центре полотнища - гербовая фигура, состоящая из желтого стилизованного беркута с расправленными крыльями. Голова беркута повернута в геральдическую правую сторону. В правой лапе беркута - копье с тумаром из белых конских волос. В левой лапе беркута - круглый стилизованный национальный серебряный щит с полем василькового цвета, центральная часть которого рассечена двумя перевязями, выполненными элементами национального орнамента золотого цвета. К центру щита прикреплен тумар из белых конских волос.

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 1 февраля 2011 года № 1147

ИЗОБРАЖЕНИЕ
знамени Службы внешней разведки
Республики Казахстан "Сырбар"


  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 1 февраля 2011 года № 1147

ОПИСАНИЕ
эмблемы Службы внешней разведки
Республики Казахстан "Сырбар"

      Эмблема Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар" (далее - Служба "Сырбар") представляет собой круглый щит с полем василькового цвета.

      В центре щита - стилизованное изображение земного шара лазоревого цвета с параллелями и меридианами желтого цвета, в нижней части которого девизная лента василькового цвета с надписью желтого цвета "СЫРБАР".

      В центре земного шара - гербовая фигура, состоящая из золотого стилизованного беркута с расправленными крыльями. Голова беркута повернута в геральдическую правую сторону. В правой лапе беркута - копье с тумаром из белых конских волос. В левой лапе беркута - круглый стилизованный национальный серебряный щит с полем василькового цвета, центральная часть которого рассечена двумя перевязями, выполненными элементами национального орнамента золотого цвета. К центру щита прикреплен тумар из белых конских волос.

      На щите по окружности - надписи на государственном языке. В верхней части - "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", в нижней части - "СЫРТҚЫ БАРЛАУ ҚЫЗМETI". Надписи разделены клепками золотистого цвета. Надписи выполнены белым цветом.

      Эмблема Службы "Сырбар" также может воспроизводиться в одноцветном изображении.

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 1 февраля 2011 года № 1147

ИЗОБРАЖЕНИЕ
эмблемы Службы внешней разведки
Республики Казахстан "Сырбар"