Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мұнай-газ кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес туралы ереже;

      2) Кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.

      2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      1) Қазақстан Республикасының ірі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.

      5. Кеңестің белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге;

      1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын құруға;

      1) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      1) осы Ереженің 4-тармағында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;

      1) Кеңестің құзыреті шегінде оның тиімді қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      7. Кеңесті Кеңес төрағасы басқарады.

      Кеңес төрағасы:

      1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      1) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

      1) Кеңес отырыстары өткізілетін орынды және уақытты айқындайды;

      1) Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;

      1) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы туралы баяндайды.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын төраға тиісті өкілеттіктерді беретін орынбасары орындайды.

      8. Кеңес мүшелері:

      1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      1) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға құқылы.

      9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен өткізіледі және оның мүшелерінің кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан кезде заңды болады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.

      10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің № 888
      Жарлығымен.

      11. Кеңестің жұмыс органы:

      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен бұрын қабылданған шешімдер негізінде Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

      1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды;

      1) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      1) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      1) Кеңестің хаттамалық шешімдерін ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;

      1) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге қажетті материалдарды жібереді.

      12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған Кеңестің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.

      13. Кеңестің шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

      14. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе мұнай-газ саласының субъектілерінің назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен жеткізілуі мүмкін. Жариялауға не мұнай-газ саласының субъектілеріне беруге арналған ақпараттың тізбесі мен көлемін Кеңес айқындайды.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      15. Кеңестің қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 06.08.2014 № 888 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 14.03.2017 № 446; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 28.10.2019 № 195; 30.04.2020 № 314 Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

О Нефтегазовом совете при Президенте Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 14 марта 2012 года № 285.

      Подлежит опубликованию в Собрании

      актов Президента и Правительства

      Республики Казахстан

      В целях осуществления межведомственной координации по вопросам стабильности и эффективного развития нефтегазовой отрасли в Республике Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Нефтегазовый совет при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) положение о Совете;

      2) состав Совета.

      3. Правительству Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего Указа.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 14 марта 2012 года № 285

ПОЛОЖЕНИЕ
о Нефтегазовом совете при Президенте Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Нефтегазовый совет при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет) создается в целях стабильного и эффективного развития нефтегазовой отрасли в Республике Казахстан.

      2. Совет является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      3. Совет в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением о Совете.

2. Задачи и права Совета

      4. Основными задачами Совета являются:

      1) выработка предложений по стратегическим направлениям развития нефтегазовой отрасли Республики Казахстан;

      2) выработка предложений по взаимодействию с зарубежными партнерами, работающими на крупнейших нефтегазовых месторождениях Республики Казахстан.

      5. Совет в установленном порядке и по вопросам, входящим в его компетенцию, имеет право:

      1) вносить на рассмотрение Президента Республики Казахстан предложения по стратегическим направлениям развития нефтегазовой отрасли Республики Казахстан;

      2) формировать рабочие группы для решения вопросов, входящих в компетенцию Совета;

      3) запрашивать необходимую информацию у государственных органов, ведомств и организаций по вопросам, относящимся к компетенции Совета;

      4) привлекать специалистов заинтересованных государственных органов, консультантов в целях реализации задач, установленных пунктом 4 настоящего Положения;

      5) осуществлять иные права, необходимые для осуществления эффективной деятельности Совета в рамках его компетенции.

3. Формирование и организация деятельности Совета

      6. Состав Совета утверждается Президентом Республики Казахстан.

      7. Совет возглавляется председателем Совета. Председатель Совета:

      1) осуществляет общее руководство деятельностью Совета;

      2) председательствует на заседаниях Совета;

      3) определяет место и время проведения заседаний Совета;

      4) осуществляет общий контроль за реализацией решений Совета;

      5) 2 раза в год, не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным полугодием, докладывает Президенту Республики Казахстан о работе Совета.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель, которому председателем делегированы соответствующие полномочия.

      8. Члены Совета вправе:

      1) вносить предложения по повестке дня заседания Совета и порядку обсуждения вопросов;

      2) участвовать в подготовке материалов к заседаниям Совета, проектов его решений.

      9. Заседания Совета проводятся по мере необходимости в сроки, определяемые председателем Совета, но не реже одного раза в полугодие. Заседания Совета проводятся при непосредственном присутствии его членов и считаются правомочными при участии в голосовании не менее двух третей его членов. Делегирование членами Совета своих полномочий иным должностным лицам не допускается.

      10. Рабочим органом Совета является Министерство энергетики Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 10 в редакции Указа Президента РК от 06.08.2014 № 888.

      11. Рабочий орган Совета:

      1) обеспечивает организацию проведения заседаний Совета и осуществляет подготовку соответствующих материалов для проведения заседаний Совета на основе предложений членов Совета и ранее принятых решений;

      2) формирует проект повестки дня заседания на основе предложений членов Совета и ранее принятых им решений;

      3) осуществляет мониторинг исполнения протокольных решений Совета;

      4) оповещает членов Совета о месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания Совета и своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;

      5) осуществляет оформление и согласование протокольных решений Совета;

      6) в течение двух недель со дня принятия решений Совета направляет копию протокола и иные необходимые материалы членам Совета и другим заинтересованным государственным органам и иным организациям.

      12. По итогам заседаний Совета принимаются решения, оформляемые протоколом, который подписывается всеми членами Совета, присутствовавшими на заседании.

      13. Решения Совета принимаются простым большинством голосов и носят рекомендательный характер. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.

      Члены Совета имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу.

      14. Решения Совета могут быть опубликованы в средствах массовой информации или доведены до сведения субъектов нефтегазовой отрасли любым иным способом в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. Перечень и объем информации для публикации либо передачи субъектам нефтегазовой отрасли определяются Советом.

4. Прекращение деятельности Совета

      15. Основанием прекращения деятельности Совета является решение

      Президента Республики Казахстан.

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 14 марта 2012 года № 285

СОСТАВ
Нефтегазового совета при Президенте Республики Казахстан

      Сноска. Состав в редакции Указа Президента РК от 06.08.2014 № 888; с изменениями, внесенными указами Президента РК от 14.03.2017 № 446; от 26.02.2019 № 862; от 01.06.2019 № 57; от 28.10.2019 № 195; от 30.04.2020 № 314.

      Премьер-Министр Республики Казахстан, председатель

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя

      заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан или помощник Президента, курирующий социально-экономические вопросы, заместитель председателя

      члены Совета:

      помощник Президента Республики Казахстан по вопросам развития реального сектора экономики

      Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      Министр национальной экономики Республики Казахстан

      Министр финансов Республики Казахстан

      Министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      Министр энергетики Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

      председатель правления акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" (по согласованию)