Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Президент Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 15.02.2018 № 636 Жарлығымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағалайтын мемлекеттік органдарға тиісті бағыттар бойынша қорытындылар ұсынады.".

      5. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

      1) Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, тапсырмалары және жолдауы жобаларын сапалы дайындауды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, тапсырмаларын және жолдауын толық және уақтылы орындауды қамтамасыз ету;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы - Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу.

      3-1. Жыл сайын қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының мазмұнының негізгі тәсілдерін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      3-2. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының негізгі тәсілдері орталық мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      3-3. Орталық мемлекеттік органдар 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына ұсыныстар жібереді.

      3-4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 10 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 20 қарашаға дейін қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан орталық мемлекеттік органдармен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына бұрын жіберілген жинақталған ұсыныстарды түзету жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      3-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган 25 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақталған ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

      3-7. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасына жинақтап қорытылған ұсыныстар қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      3-8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасын қарайды, қажет болған жағдайда пысықтайды және Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізеді.

      3-9. Қазақстан Республикасының Президенті жолдауының жобасын дайындауда өзгеше тәртіп және оны дайындау мерзімдері белгіленуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру тәртібі.

      35-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      35-2. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан кейін үш жұмыс күні ішінде орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде осы Жарлыққа 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      35-3. Орталық мемлекеттік органдардан жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан келісу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-4. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан мемлекеттік органдармен келісілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын түзету бойынша ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      35-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органнан ұсыныстарды алғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      35-6. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.

      35-7. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      46-1-тармақтағы "1-1" деген цифрлар "1-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 47-2-тармақпен толықтырылсын:

      "47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 5 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жинақталған ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.

      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат осы Жарлықтың 1-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      1-1-қосымша осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Жарлықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 1-2 және 1-3-қосымшалармен толықтырылсын;

      3, 4 және 5-қосымшалар алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 39-құжат):

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.".

      8. Күші жойылды - ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-1-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орын

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.





2.





...





  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау. келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-2-ҚОСЫМША

      КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

      ______________________ ______________________

      20 _____ жылғы ___ №__ 20 _____ жылғы ___ №__

Ұйымдастыру іс-шаралары жоспары
(жол картасы)

      Құжаттың түрі:

      Тапсырманың мазмұны:

      Аралық бақылау мерзімі:

      Соңғы орындалу мерзімі:

      Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикатарлары

Әкімшіліктің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары

1







2







2-кезең. Іс жүзіне асыру

1







  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 371 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау. келісу және Қазақстан
Республикасы Президентінің қарауына
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік құқықтық
жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-3-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы
туралы ақпарат

Р/с №

Жоспар тармағының №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







...








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады