Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 533 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.".

      2. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      3. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат, 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат; № 36, 402-құжат; 2009 ж., № 60, 530-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Өңірлік даму министрі енгізілсін;

      мына:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының

      Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының

      Ерболат Асқарбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      көрсетілген комиссияның құрамынан С.К. Нокин шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:

      Тәжин - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы,

      Марат төраға

      Мұханбетқазыұлы

      енгізілсін;

      Көрсетілген комиссияның құрамынан М.А. Құл-Мұхаммед шығарылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Көшкінов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Ержан Сүлейменұлы Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Комиссия

      хатшысы

      енгізілсін;

      көрсетілген комиссияның құрамынан В.И. Коломийцев шығарылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің

      кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат; № 56, 467-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамында (лауазымы бойынша):

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      7. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 53, 714-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:

      Өтешев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Нұрлан Сүлейменұлы министрлігі Жастар ісі комитеті төрағасының

      міндетін атқарушы

      енгізілсін;

      көрсетілген комиссиясының құрамынан А.В. Злой шығарылсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына:

      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі енгізілсін;

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      10. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:

      10-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады, оның функциялары:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамына:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Өңірлік даму министрі

      енгізілсін;

      мына:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының

      Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және

      Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі".

      11. Күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).

      12. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

      13. "Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 44, 589-құжат):

      жоғары аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      14. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.02.2016 № 188 Жарлығымен.

      15. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 915 қбп Жарлығына:

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      16. Күші жойылды - ҚР Президентінің 18.12.2019 № 220 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесінің құрамында (лауазымы бойынша):

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      18. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ

      кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі".

      19. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат; 2012 ж., № 31, 404-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары -

      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму

      министрі

      енгізілсін;

      мына:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының

      Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және

      Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі".

      20. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы туралы Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қазандағы № 169 қбп өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабының бастығы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабының бастығы";

      көрсетілген инспекцияның құрамынан Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әділет вице-министрі, Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Қорғаныс министрлігінің бас инспекцияның бастығы шығарылсын.

      21. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      22. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 48, 646-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі";

      көрсетілген комиссияның құрамынан Білім және ғылым министрі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің төрағасы, Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы шығарылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамына:

      Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, комиссия төрағасы енгізілсін;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Көлік және коммуникациялар вице-министрі, Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің төрағасы, Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы шығарылсын;

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жедел ден қою мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамына:

      Бас Прокурор;

      "Орталық коммуникациялар қызметі" директоры енгізілсін;

      көрсетілген комиссияның құрамынан Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы шығарылсын.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 533 Жарлығымен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 1 шілдедегі
№ 625 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ

      Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Президенті

      Ғабидолла Рахматоллаұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

      Кеңес төрағасы

      Абай - Қазақстан Республикасы Президенті

      Айдын Мұратұлы Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор

      меңгерушісі, Кеңес хатшысы

      Абдоллаев - "Қазақстан Студенттерінің альянсі"

      Арман Талғатұлы Республикалық студенттік қозғалысының

      лидері (келісім бойынша)

      Аксютиц - "Хабар" агенттігі" АҚ "24 KZ" арнасының

      Александр Владимирович директоры (келісім бойынша)

      Ақышев - "Қазақстан Республикасы жоғары оқу

      Серік Мұхамбедияұлы орындарының қауымдастығы" ЗТБ

      вице-президенті (келісім бойынша)

      Ахметов - "Қазақстан Республикасы Президентінің

      Әмір Амантайұлы Іс басқармасы Медициналық орталығының

      Орталық клиникалық ауруханасы" РМК бас

      дәрігері (келісім бойынша)

      Ахметов - Қазақстан Республикасы "Ахыска" түрік

      Расул Сурмалиевич этно-мәдени орталығы Жастар істері

      жөніндегі комитетінің төрағасы,

      Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

      (келісім бойынша)

      Әбдірасылов - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Болатбек Серікбайұлы жанындағы Мемлекеттік басқару

      академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Бегентаев - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Мейрам Мұхаметрахымұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет

      Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы

      Бескемпіров - "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ тең

      Шыңғыс Жұмағалиұлы төрағасы (келісім бойынша)

      Бишімбаев - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"

      Қуандық Уәлиханұлы АҚ басқарма төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша)

      Боранбаев - "Жас Қыран" әскери-патриоттық

      Жақсыбай Ералыұлы бірлестіктерін дамыту" республикалық

      орталығының төрағасы (келісім бойынша)

      Бөлтірікова - "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен

      Назира Болатқызы жасөспірімдер ұйымы" РҚБ төрағасы

      (келісім бойынша)

      Ғиззатов - "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының

      Тақан Талғатұлы республикалық штабының директоры

      (келісім бойынша)

      Досымова - "Қазақстанның ауыл жастары одағы" ҚБ

      Жанар Қайратқызы атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Ержанова - "Еnасtus (Sife) - Қазақстан" Жеке

      Альбина Мейірбекқызы қорының президенті (келісім бойынша)

      Жанғозин - "Назарбаев зияткерлік мектебі" АҚ

      Әнуар Қанатұлы "Астана қаласының Назарбаев зияткерлік

      мектептері" филиалының директоры

      (келісім бойынша)

      Жаппарова - "Білім" Бірінші қазақстандық білім

      Ғазиза Зинилабидиновна арнасының директоры (келісім бойынша)

      Жұмағалиева - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар

      Гүлнәр Амангелдіқызы федерациясы төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша)

      Жұмаділов - "Алаш айнасы" республикалық

      Жарқын Түсіпбекұлы қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің

      тілшісі (келісім бойынша)

      Жұмин - "Арех Соnsult" консалтингтік

      Данат Есболұлы компанияның бас директоры (келісім

      бойынша)

      Құспан - "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ

      Роллан Қабылұлы атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Қыдырова - "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы

      Айдос Арғынбайұлы (келісім бойынша)

      Нұрахметов - Әскери басқару және қылмыстық қудалау

      Нұржан Малкенарұлы органдары үйлестіру кеңесінің

      жанындағы жасәскерилер бірлестіктері

      республикалық штабының төрағасы, Бас

      әскери прокуратура штабының бастығы

      Нұртай - "Азаматтық қоғамды зерттеу мен дамыту

      Айнұр Нұрбайқызы орталығы" ҚҚ атқарушы директоры

      (келісім бойынша)

      Ошақбаев - "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП Басқарма

      Рахым Сәкенұлы бастығының бірінші орынбасары (келісім

      бойынша)

      Өрсариев - Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Арын Амангелдіұлы

      Палаев - "Полюс-СТ-Евразия" ЖШС директоры

      Василий Владимирович (келісім бойынша)

      Рақышев - "SАТ & Соmраnу" АҚ Басқарма төрағасы,

      Кеңес Хамитұлы Қазақстан Дзюдо федерациясының

      президенті (келісім бойынша)

      Саясат Нұрбек - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      министрлігінің "Халықаралық

      бағдарламалар орталығы" АҚ президенті

      (келісім бойынша)

      Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, Қазақстан

      Дәрмен Қанатұлы Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігі Жоспарлау және сыртқы

      байланыстар бөлімінің меңгерушісі

      Сәпиев - Қазақстан бокс федерациясының спорт

      Серік Жұманғалиұлы директоры (келісім бойынша)

      Сыдықов - "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық

      Нұрлан Ерболатұлы партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар

      қанатының атқарушы хатшысы (келісім

      бойынша)

      Сыздықова - "Назарбаев орталығы" көп функциялық

      Бақыт Ахметқызы ғылыми-талдамалық және

      гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік

      мекемесі Ұлттық және халықаралық

      бағдарламалар қызметінің жетекшісі

      (келісім бойынша)

      Толкайлов - "Қазақстанның жас депутаттары

      Олег Вячеславович қауымдастығы" РҚБ төрағасы

      (келісім бойынша)

      Тулегенова - "Қазақстан Республикасы Президентінің

      Жанна Викторовна "Болашақ" халықаралық стипендиясы

      стипендиаттарының қауымдастығы" ҚБ

      атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Хаматдинова - "Отбасыны кешенді қолдау орталығы" ҚҚ

      Алина Наильевна қамқоршылар кеңесінің мүшесі (келісім

      бойынша)

      Ыбыраев - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының

      Маралтай Райымбекұлы мүшесі

      кеңес құрамына лауазымы бойынша Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар, Мәдениет және ақпарат, Өңірлік даму, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрлері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС директоры кіреді.

  Қызмет бабында пайдалану үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 533 Жарлығымен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістерге
2-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 11 қаңтардағы
№ 915 қбп Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      РҚАО-ның ескертпесі!
      "ҚБП" грифімен берілген құжаттар "Заң" деректер базасына енгізілмейді.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады