Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 573 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінде:
      127-тармақта:
      екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілерінде ашық көгілдір (көгілдір) түсті орталық алаңы және алтын (сары) жиекпен көмкерілген ашық көк (көк) түсті сыртқы шеңбері бар дөңгелек қалқан.
      Ашық көк (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу бар. Жазулар күміс (ақ) түспен орындалған.
      Қалқан ортасында ашық көгілдір (көгілдір) түсті алаңда, оның да жеті доғал бұрышты сәулесі бар алтын (сары) негізде, күрең қызыл (қанық қызыл) түсті жеті бұрышты айшықты жұлдыз орналасқан.
      Лағыл түсті жұлдыз ортасында - кіші қалқан.
      Алтын (сары) жиекпен көмкерілген ашық көк (көк) түсті қалқанның шеңберін бойлай мемлекеттік тілде «НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН» девизі жазылған. Жазулар күміс (ақ) түспен орындалған.
      Қалқан ортасында ашық көгілдір (көгілдір) аяда киіз үй негізінің күмбезі - алтын (сары) түстес «шаңырақтың» айшықты бейнесі;»;
      6), 8) тармақшалар алып тасталсын;
      128-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығында - диаметрі 81 мм шеңбер, оның ішінде қанатты барыс (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нышаны) бейнеленген. Шеңбер алтындатылған зер жіппен көмкерілген. Жеңдегі белгі жиегінің, ондағы жазулар мен суреттің түсі - алтын түстес»;
      «Киім-кешектің оң жақ жеңіне жапсырыла тігілетін жеңдегі белгілер» деген 196-суретте:
      «Штабтар бастықтары комитеті төрағасының жеңдегі белгісі» тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жеңдегі белгісі»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 1-қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің фуражкаларындағы айнала жиектер мен жиектердің, пилоткаларындағы жиектердің, тельняшкаларындағы жолақтардың, шалбарларындағы жиектер мен лампастардың, мундирлері мен кительдеріндегі жиектердің түсінде, береттерінің түсінде:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президентінің Күзет қызметі, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция және әскери қарсы барлау органдары»;
      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсінде:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президентінің Күзет қызметі, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция және әскери қарсы барлау органдары».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады