Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Жергілікті атқарушы органдар үш ай ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережені қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес бекітсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 589 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      1. _______________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

      әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      2. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін __________________________

      облыстың, республикалық маңызы

      ___________________________________________________________________

      бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) _________ шегінде іске асырады.

      3. Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2-тарау. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      4. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері:

      1)________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)

      аумағында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындауды іске асыруға қатысу;

      2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру;

      3) экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, экстремизм және терроризм көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

      4) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      5. Негізгі міндеттеріне сәйкес терроризмге қарсы комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:

      1)_______________________________________________________________________

      (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада, ауданда (облыстық маңызы бар қалада)

      қалыптасқан ахуалды ескере отырып, экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризм көріністерінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

      2)________________________________________________________________________

      (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы)

      экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға, олардың көріністеріне ықпал ететін жағдайлар мен факторлардың туындауына, дамуына әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау;

      3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру;

      4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы қызметінің үйлесімділігіне кері ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;

      5) экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдардың қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      6) терроризмге қарсы комиссия аппаратының терроризмге қарсы комиссия шешімдерінің орындалу мәселелері бойынша есебін тыңдау;

      7) төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру, экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету (аталған тармақша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиялары туралы ережелерде қолданылады);

      8) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделеу, проблемаларды талдау, іс-шаралар тұжырымдау;

      9) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      10) экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асыру;

      11) _______________________________________________________________________

      (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы)

      террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      12) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      6. Терроризмге қарсы комиссияның өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:

      1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге;

      2) экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы мәселелері жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге;

      3) орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша қажетті материалдар мен ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатыстыру үшін тартуға;

      5) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарын экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы, терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен тыңдауға құқығы бар.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

3-тарау. Терроризмге қарсы комиссияның құрамы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      7. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы лауазым бойынша

      __________________________________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның ________________________ әкімі болып табылады.

      (облыстық маңызы бар қаланың)

      8. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы:

      1) оның отырыстарына төрағалық етеді;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін Терроризмге қарсы орталығының штабымен (бұдан әрі - Терроризмге қарсы орталықтың штабы) терроризмге қарсы комиссияның алдағы жылға арналған жоспарын ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей келіседі;

      3) Терроризмге қарсы орталықтың штабымен келісілген терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жоспарын ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей бекітеді;

      4) Терроризмге қарсы орталықтың штабын тоқсанның соңғы айының 25 күніне қарай терроризмге қарсы комиссияның есепті кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етеді (отырыс хаттамаларының, анықтамалық құжаттардың, ақпараттық-талдау құжаттарының және басқа материалдардың көшірмелерін береді).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы терроризмге қарсы комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      10. ___________________________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық __________________ аумағында орналасуына байланысты терроризмге маңызы бар қаланың) қарсы комиссияның дербес құрамына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізіле алады.

      11. Терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша комиссия құрамына тиісті органдармен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін.

      _____________________________________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар

      ________ әкімінің ұсынуы бойынша терроризмге қарсы комиссияның бар қаланың) дербес құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның ____________________________ мәслихаты бекітеді. (облыстық маңызы бар қаланың)

      Ескерту. 11-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

4-тарау. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      12. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Қазақстан

      Республикасының Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруі бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

      атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      13. Терроризмге қарсы комиссия өз жұмысын терроризмге қарсы

      _____________________________________________________________________

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы

      _________ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел бар штабымен өзара

      қаланың) іс-қимылға құрады.

      14. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін жоспарлы негізде жүзеге асырады.

      15. Алып тасталды – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      16. Терроризмге қарсы комиссияның отырысын терроризмге қарсы комиссияның төрағасы тоқсанына кемінде бір рет өткізеді. Қажет болған жағдайда терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      17. Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері отырыстарда қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқыққа ие болады.

      Терроризмге қарсы комиссияның мүшесі отырысқа қатыса алмаған жағдайда, бұл туралы терроризмге қарсы комиссияның төрағасына жазбаша түрде алдын ала хабарлайды және өзін ауыстыру үшін тиісінше орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жергілікті өзін-өзі басқару органы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өкілінің кандидатурасы ұсынылады. Аталған өкіл терроризмге қарсы комиссияның төрағасымен келісілгеннен кейін оның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

      Терроризмге қарсы комиссияның отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

      18. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің дауысы тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      19. Терроризмге қарсы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған терроризмге қарсы комиссияның төрағасы қол қояды.

      20. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшылары терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актілер (бірлескен актілер) қабылдай алады.

      21. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді

      ________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның

      __________________________________________________________________________

      (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі жүзеге асырады.

      Осы мақсаттар үшін әкім өз құзыреті шегінде:

      құрамы екі адамнан кем емес әкімдіктің құрылымдық бөлімшесін (терроризмге қарсы комиссия аппаратын) айқындайды;

      терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы ретінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша өзара іс-қимыл жасау саласында өкілеттігі жеткілікті, осы жұмысты ұйымдастыруға жауапты уәкілетті лауазымды адамды тағайындайды.

      Терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмысына келісім бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

      22. Терроризмге қарсы комиссия аппараты:

      1) терроризмге қарсы комиссияның тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді;

      2) терроризмге қарсы комиссияның отырыстарын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді;

      3) терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы мен терроризмге қарсы комиссия отырыстарының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді;

      4)________________________________________________________________________

      (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада, ауданда (облыстық маңызы бар қалада)

      экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және діни процестер туралы ақпаратты талдайды, олардың көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды;

      5) терроризмге қарсы комиссияның Терроризмге қарсы орталықтың штабымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

      7) терроризмге қарсы комиссиялар аппараттары жанындағы тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастырады.

      Жұмыс тобының негізгі міндеті терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау, экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы саласындағы проблемаларды жою бойынша келісілген шараларды зерделеу және тұжырымдау болып табылады.

      Жұмыс тобының басшысы терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының қызметін үйлестіру бойынша қажетті өкілеттікке ие лауазымды адам болып табылады.

      Жұмыс тобының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру тәртібі әкімінің

      _______________________________________________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)

      шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.02.2024 № 491 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады