Байланыс формасы

Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 Жарлығы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады