Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "(Республикалық ұлан)", "(Республикалық ұланды)" деген сөздер алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

      2. Мемлекеттік күзет қызметінің - Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметі (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) ведомствосы бар.

      Объектілерді қорғау қызметі әскери құралым болып табылады.

      3. Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мемлекеттік күзет қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.

      6. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.

      Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Мемлекеттік күзет қызметі жұмыскерлерінің санын осы мақсатқа бөлінген қаражаттың шегінде белгілейді.

      9. Құпия.

      10. Мемлекеттік күзет қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 26.

      11. Мемлекеттік күзет қызметінің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі" мемлекеттік мекемесі.

      12. Осы Ереже Мемлекеттік күзет қызметінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік күзет қызметіне кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік күзет қызметінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Мемлекеттік күзет қызметіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру.

      16. Мемлекеттік күзет қызметінің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу;

      4) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      5) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) күзетілетін адамдар мен объектілерге қатерлерді болжау және анықтау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;

      7) рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президент актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер болып табылады.

      17. Құпия.

      18. Құпия.

      19. Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. Күзет іс-шараларына қатысу үшін тартылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарына басшылықты жүзеге асырады. Күзет іс-шараларын өткізу аймағының шекарасын, олардың басталу және аяқталу уақытын, күзет іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, сондай-ақ оны өткізуге қатысу үшін тартылған күштер мен құралдардың құрамын айқындайды;

      2) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізеді, жүктелген міндеттерді орындау үшін ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді;

      3) Мемлекеттік күзет қызметінің құзырына енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентін, Үкіметі мен мемлекеттік органдарын хабардар етеді;

      4) Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

      5) ведомствоның және құрылымдық бөлімшелердің жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметін ведомстволық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      6) арнайы тексеру жүргізу арқылы қызметке кәсіби іріктеуді ұйымдастырады, Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын негізінен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлері арасынан жасақтайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларына қызметке келетін адамдарды зерделеуге және арнайы тексеруден өткізуге Мемлекеттік күзет қызметіне жәрдем көрсетеді;

      7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес, шет елдердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады;

      8) техникалық барлау құралдарына қарсы іс-қимыл және ақпаратты техникалық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық және өзге де байланыс түрлерімен қамтамасыз етеді;

      10) күзетілетін адамдардың авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерімен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру маршруттарын (бұдан әрі - арнайы трассалар) айқындайды, күзетілетін адамдардың жүріп-тұруы үшін бөлінген авиация, автомобиль және басқа да көлік түрлерінің қозғалыс қауіпсіздігі саласында қолданылатын қағидалардың, нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылайды.

      Күзетілетін адамдардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Мемлекеттік күзет қызметінің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады;

      11) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, күзетілетін адамдарды медициналық қамтамасыз етумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатысады;

      12) жедел есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;

      13) өз өкілеттігі шегінде шифрлау жұмысын ұйымдастырады және орындайды;

      14) күзет іс-шараларын өткізу кезінде радиоэфирге мониторинг жүргізеді;

      15) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шараларын өткізу аймағында белгіленген тәртіпте өткізу режимін жүзеге асырады. Күзетілетін объектілерге және күзет іс-шараларын өткізу аймағына алып кіруге тыйым салынатын нәрселер мен заттардың тізбесін айқындайды;

      16) күзетілетін объектілердің аумағында және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарылғыш құрылғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру және жою жөніндегі іс-шараларды, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы құқыққа қайшы іс-әрекеттерді іске асыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

      17) мемлекеттік органдармен бірлесіп, күзетілетін объектілерде, сондай-ақ күзетілетін адамдар баратын орындарда және оларға іргелес аумақтарда санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      18) Мемлекеттік күзет қызметінің объектілерін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді. Өз объектілерін күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібі Мемлекеттік күзет қызметінің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады;

      19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      20) күзетілетін объектілерде, оларды орналастыруға арналған режимдік аумақтар аймақтарында, арнайы трассаларда және оларға іргелес аумақтарда барлық жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыс түрлерін жүргізуді келіседі;

      21) Мемлекеттік күзет қызметін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық және қамтамасыз етудің басқа да түрлерін, оның ішінде қызметкерлер мен әскери қызметшілерді тамақтандыруды, оның қарамағындағы ғимараттар мен имараттарды салуды, жаңғыртуды және жөндеуді, тұрғын үйді және казармалық-тұрғын үйді салуды, жөндеуді ұйымдастырады;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      20. Объектілерді қорғау қызметінің функциялары:

      1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізуге қатысады;

      2) Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайтын тәртіпте күзетілетін объектілерді күзетуді және қорғауды жүзеге асырады;

      3) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларға қатысады, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етеді;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асырады және рәсімдік және протоколдық іс-шараларды атқаруға қатысады;

      5) Объектілерді қорғау қызметіне кіретін бөлімшелердің іс-әрекеттерін басқаруды, үйлестіруді және олардың келісушілігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      6) жауынгерлік және жедел даярлықта, жауынгерлік дайындықта ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Бөлімшелердің жауынгерлік даярлықтың әртүрлі дәрежелеріне келтіруге даяр болуын қамтамасыз етеді;

      7) жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті атқаруды ұйымдастырады;

      8) Объектілерді қорғау қызметі бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады, жеке құрам арасында әскери тәртіпті және құқық тәртібін ұстау және нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери қызметтің қауіпсіздігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұжырымдайды және іске асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте пайдаланбайтын әскери мүлікті беруді, өткізуді, кәдеге жаратуды және жалға беруді жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

      21. Мемлекеттік күзет қызметі өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жеке тұлғалар күзетілетін объектілерге кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге (күзетілетін адамдардан басқа), оларды жеке қарап тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексеруге, көлік құралдарына және оларда алып өтетін заттарға, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізуге;

      2) қажет болғанда мәртебесі мен өкілеттігі күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілетін ережемен айқындалатын күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар (бұдан әрі - жедел штабтар) құруға;

      3) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізуге;

      5) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдаяттарды жою туралы ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгізуге;

      6) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшау бөлімшелер құруға;

      7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік құралдарын, байланыс және өзге де мүлкін, сондай-ақ келісімшарт негізінде азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа мүліктерін пайдалануға;

      8) күзетілетін объектілерді күзет сигнализациясы, бейнебақылау, жедел-техникалық бақылау құралдарымен, басқа да техникалық күзет құралдарымен белгіленген тәртіпте жабдықтауды, сондай-ақ аталған құралдарға пайдаланушылық-техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оларды пайдалану кезінде қажет болған жағдайда ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге;

      9) Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтері басшыларынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасына келетін шетел құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің қызметкерлеріне жауынгерлік қолмен ату қаруын және оларға оқ-дәрілерді Қазақстан Республикасының аумағына алып кіруге және Қазақстан Республикасының аумағынан алып шығуға рұқсат беру туралы қорытынды шығаруға;

      10) қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      11) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасының шегінде және республиканың аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге;

      12) Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдарының қарамағындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыруға;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте медициналық мекемелер мен бөлімшелерге ие болуға;

      14) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін азаматтарды көтермелеуге, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынуға;

      15) Мемлекеттік күзет қызметінің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде тартуға;

      16) көлік құралдарының, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлік құралдарының жекелеген орындар учаскелері мен объектілерде қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға, оларды жекелеген орындар учаскелерінде немесе объектілерде қалуға не осы учаскелерден немесе объектілерден кетуге міндеттеуге;

      17) күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жұмыстарына жеке және заңды тұлғаларды жіберуді және тексеруді жүзеге асыруға;

      18) құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға, оларды әрі қарай құқық қорғау органдарына беруге;

      19) қызметтік иттерді пайдалануға;

      20) Мемлекеттік күзет қызметінің іс-әрекетін және күзет іс-шараларын өткізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;

      21) Мемлекеттік күзет қызметінің арнайы дайындықтан өткен қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне табельдік қару мен арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге рұқсат беруге;

      22) қаруды, жауынгерлік техниканы, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануға;

      23) әзірленетін әдістемелерге сәйкес, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігіне қол сұғатын құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу бойынша жедел-жауынгерлік іс-шараларды жүзеге асыруға;

      24) Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайтын тәртіпте арнаулы мақсаттағы автомобильдерге еріп жүруді және шабуыл жасау қаупін және (немесе) олардың қозғалысына кедергілерді жою бойынша тактикалық іс-әрекеттерді, оның ішінде соқтығысу арқылы, қорғауды жүзеге асыруға;

      25) терроризмге қарсы операция режимінде күзет іс-шараларын ұйымдастыру кезінде шаралар қолдануға және уақытша шектеулер енгізуге;

      26) төтенше жағдайларда міндеттерді атқару кезінде телекоммуникациялық желілерді пайдалануға;

      27) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      28) күзет іс-шараларына қатысу үшін ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тартуға құқылы.

      22. Мемлекеттік күзет қызметі:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғылатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, оларды ықтимал жасауға ықпал ететін жағдаяттарды анықтауға және өз құқықтары шегінде оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;

      2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз не денсаулығына және өміріне қауіп төнген өзге де жай-күйдегі күзетілетін адамдарға көмек көрсетуге;

      3) күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігіне немесе күзетілетін объектілердегі қоғамдық қауіпсіздікке және олар болатын басқа да орындарда дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен қатер төндіретін оқиғалар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де келіп түсетін ақпаратты қабылдауға; заңнамада көзделген шараларды дер кезінде қолдануға;

      4) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен іздеуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге;

      5) күзетілетін объектілер мен күзетілетін адамдар болатын басқа да орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

      6) авариялар, апаттар, өрттер, дүлей апаттар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде күзетілетін адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ күзетілетін адамдардың жеке мүлкі мен күзетуге жататын және қараусыз қалдырылған өзге де мүлкін күзету бойынша шұғыл шаралар қолдануға; Қазақстан Республикасының аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда күзетілетін адамдарға қатысты құқықтық режимді қамтамасыз етуге заңға сәйкес қатысуға, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия уақытында күзетілетін адамдарға қатысты карантиндік іс-шаралар өткізуге қатысуға;

      7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін ұйымдастыруға, сондай-ақ оны ақпараттық оқшаулауға жол бермеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге міндетті. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;

      8) азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің байланыс құралдарын, көлігі мен үй-жайларын қызметтік мақсатта пайдалануына байланысты оларға келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өтеуге міндетті.

3. Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру

      23. Мемлекеттік күзет қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының жеке басының қауіпсіздігіне, Мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы (бұдан әрі - бастық) жүзеге асырады.

      24. Бастықты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      25. Бастықтың орынбасарлары болады. Бастықтың орынбасарларын Бастықтың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      26. Құпия.

      27. Бастық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:

      1) Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастырады, Мемлекеттік күзет қызметі дамуының негізгі бағыттарын айқындайды;

      2) күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабқа басшылық етеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана жедел штабының басшыларын айқындайды.

      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларды өткізу, оларды өткізу кезеңінде терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

      3) Мемлекеттік күзет қызметінің барлық қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;

      4) ведомство мен құрылымдық бөлімшелердің күзетілетін адамдар мен объектілердің, Мемлекеттік күзет қызметі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібін, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ күзетілетін объектілерде және күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда жарғыш қондырғыларды, жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру мен жою тәртібін айқындайды;

      5) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және жауынгерлік техниканы қолдану тәртібін айқындайды;

      6) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін жауынгерлік және арнаулы даярлау бағдарламасын және қару мен арнаулы құралдарды ұстау кезіндегі қауіпсіздік шараларын бекітеді;

      7) Мемлекеттік күзет қызметі жедел қамтамасыз етуді жүзеге асыратын объектілер мен арнайы трассалар учаскелерінің тізбесін, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілерінде және күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді келісу тәртібін айқындайды;

      8) Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосының, құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің ережелерін, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Республика Президенті бекіткен штат саны мен осы мақсат үшін бөлінген қаражат шегінде қолданыстағы резерв офицерлерінің санын айқындайды;

      9) ұйымдық, кадрлық, құрылымдық-штаттық, қаржылық, өндірістік-шаруашылық және өзге мәселелерді шешуде Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен лауазымды адамдарының өкілеттіктерін айқындайды;

      10) Объектілерді қорғау қызметін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерімен, сондай-ақ шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жасақтау тәртібі мен жоспарын айқындайды;

      11) Мемлекеттік күзет қызметі лауазымдарының номенклатурасын, қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді;

      12) Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешімді белгіленген тәртіпте қабылдайды;

      13) Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымдар санатына қойылатын біліктілік талаптарын, қызметке үміткерлерді іріктеу және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке үміткерлерге тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды, дене шынықтыру дайындығын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінде полиграфологиялық зерттеулерді өткізу және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін айқындайды;

      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпы әскери есептен шығарып, Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке қабылдайды, оларға полковникті қоса алғанда, арнаулы және әскери атақтар береді. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін өзі белгілеген тәртіпте еңбек сіңірген жылдарына есептеуі мүмкін;

      15) қызметкерлермен және әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, орын алмастыру, қызметтен босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы немесе әскери атақты беру туралы бұйрықтарды шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін айқындайды;

      16) Мемлекеттік күзет қызметіне запастан қабылданатын не Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден және әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік не құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен қабылданатын және әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар азаматтарды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттаудан өткізудің және арнаулы атақ берудің тәртібін айқындайды;

      17) Республика Президенті қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қызметтен немесе әскери қызметтен шығарады және қызметтер бойынша орнын ауыстырады;

      18) Мемлекеттік күзет қызметінде құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін бекітеді;

      19) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға жіберу бойынша мәселелерді шешеді, Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы резервіне қызметкерлерді қабылдау және олардың қызмет өткеру тәртібін айқындайды;

      20) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін, жұмыскерлерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады. Қол астындағы әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында айқындалған құқықтарды толық көлемде қолданады. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жазалар қолдану бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;

      21) бейбіт уақытта, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдарын қолдану тәртібін айқындайды;

      22) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғылатын құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою туралы нұсқамалар енгізу тәртібін айқындайды;

      23) жоғары офицерлік құрамға арнаулы және әскери атақтар беру және қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, жұмыскерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы Республика Президентіне ұсынымдар енгізеді;

      24) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің арнаулы киім нысанын киіп жүру тәртібін айқындайды, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім нысанының жекелеген заттары мен айырым белгілерін тағу ерекшеліктерін белгілейді;

      25) Мемлекеттік күзет қызметіне тиістілігін білдіретін, қару-жарақта, әскери және арнаулы техникада орналастыратын ерекшелік белгілерін, айырым белгілерін және бөлімшелердің эмблемаларын, айрықша белгілерді, сондай-ақ оларды киіп жүру және орналастыру тәртібін бекітеді;

      26) Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасын, жетондар үлгілерін, зейнеткерлік куәліктердің нысандарын бекітеді, оларды беру және пайдалану тәртібін айқындайды;

      27) Мемлекеттік күзет қызметінің қара беретін киіп жүру құқығын қоса алғанда, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, төмендету және алу тәртібін айқындайды;

      28) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, оларға материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды;

      29) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің қызметтік іссапарлары туралы нұсқаулықты бекітеді;

      30) тұрақты жұмыс істейтін ведомстволық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;

      31) Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкіне және ақшалай қаражатына билік етеді. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз етудің және лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін айқындайды, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлерге еңбекақы төлеу туралы нұсқаулықты бекітеді;

      32) күзетілетін объектілерде және күзет іс-шараларын жүргізу аймағында өткізу режимін жүзеге асыру кезінде қаруды, оқ-дәрілерді және өзге де заттарды уақытша сақтауға қабылдау тәртібін айқындайды;

      33) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, заңды тұлғаларымен, сондай-ақ шет елдердің арнаулы, құқық қорғау және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Мемлекеттік күзет қызметінің атынан өкілдік етеді;

      34) Мемлекеттік күзет қызметінің қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгізеді;

      35) Мемлекеттік күзет қызметінің регламентін бекітеді;

      36) Мемлекеттік күзет қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілік алады;

      37) Мемлекеттік күзет қызметінде ақпараттық жүйелерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сақтау, өңдеу, беру және оларға жіберу қағидаларын бекітеді;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бастық болмаған кезеңде оның міндеттерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      28. Бастық қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      29. Бастыққа тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік күзет қызметінің аппараты ведомство мен құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады, Мемлекеттік күзет қызметінің іс-әрекетін ақпараттық-талдау, құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

      Мемлекеттік күзет қызметі бастығының Аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес бастық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.

      30. Мемлекеттік күзет қызметіне кіру және қызмет өткеру тәртібі "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

      Объектілерді қорғау қызметі мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардан, сондай-ақ шақыру мен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерден заңнамада белгіленген тәртіпте жасақталады.

      Объектілерді қорғау қызметіне мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды Объектілерді қорғау қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

      Объектілерді қорғау қызметіне мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін іріктеу басымдық болып табылады.

      31. Құпия.

      32. Жедел-қызметтік іс-әрекеттердің барынша маңызды мәселелерін қарау, олардың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды тұжырымдау және олар бойынша келісілген шешімдер қабылдау үшін Мемлекеттік күзет қызметінде Алқа құрылады.

      Алқаның шешімдері Бастықтың бұйрығымен жарияланады. Алқаның міндеттері, өкілеттіктері, қызметінің тәртібі мен дербес құрамы Бастық бекітетін ережемен реттеледі.

      33. Мемлекеттік күзет қызметінде арнайы мемлекеттік мұрағат құрылады.

      34. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.

      35. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне мемлекеттік органдағы қызмет өтіліне лауазымдық жалақылары және сауықтыруға жәрдемақылары есептелетін коэффициенттерді белгілеу үшін қызмет өткерген бір айға бір жарым ай есебінен есептеледі.

      Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте жеңілдік жағдайында жүргізіледі.

      36. Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет атқаруы жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және өздігінен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.

      Күзетілетін адамдар және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу барысында Мемлекеттік күзет қызметінің аға лауазымды тұлғасы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.

4. Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі

      37. Мемлекеттік күзет қызметінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ негізгі қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      38. Мемлекеттік күзет қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік күзет қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

      40. Мемлекеттік күзет қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Объектілерді қорғау қызметінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Айбын" президенттік полкі" 0112 әскери бөлімі.

      2. "Батыр" президенттік полкі" 0111 әскери бөлімі.

      3. 0116 әскери бөлімі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына: (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж.,№ 33, 419-құжат; 2013 ж., № 79, 1151-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      мәтін бойынша "Президенттің Күзет қызметінің бастығы" деген сөздер "Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республикалық ұланның қолбасшысы," деген сөздер алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.

      5. ҚБП.

      6. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      7. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат; 2013 ж., № 37, 542-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуына 5 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери лауазымда болу уақыты оның бірінші басшысының шешімімен анағұрлым ұзақ мерзімге белгіленуі мүмкін.".

      8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат; 2010 ж., № 46, 416-құжат; 2013 ж., № 26, 409-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

      23, 31, 46, 47, 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сыртқы істер министрі мейманға Қазақстан тарапынан қарсы алушы ресми адамдарды таныстырады. Содан соң мейман Сыртқы істер министрімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) (бұдан әрі - Объектілерді қорғау қызметі) құрметті қарауылы оның бойымен екі жағынан сапқа тұрған кілемше үстімен қысқаша әңгімелесу үшін әуежай ғимаратының VІР-бөлмесіне өтеді (әңгімелесу кезінде шай, сусын беріледі).";

      "31. Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүреді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман және Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтеді (мейман сапқа жақын жүреді), мейман басын сәл иіп құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, шағын құрамдағы кездесуге өтеді.";

      "46. Мейман бекітілген лауазымды адаммен бірге Отан қорғаушылар монументіне (бұдан әрі - монумент) келеді. Мейманды монументтің жанында құрметті қарауыл бастығы және Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады.

      47. Мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауылды бойлай өтіп, гүл шоғын көтерушілерге беттейді. Салтанатты-рәсімдік музыка ойнайды. Мейман елінің делегациясы монументтің төменгі алаңында сапқа тұрады. Гүл шоғын көтерушілер монументке қарай жүреді. Мейман олардың соңынан 1,5-2 м қашықтықта жүріп отырады. Монументтің іргесіне гүл себетін (гүл шоғын, гүлдестені) қойғаннан кейін мейман гүл себетіне (гүл шоғына, гүлдестеге) жақындап келіп, лентасын түзейді. Бір минут үнсіздік. Бұдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалады. Мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады.

      48. Содан кейін Астана қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) мейманды монумент кешенімен таныстырады. Кешенді қарап болғаннан кейін мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауыл ротасының салтанатпен жүріп өтуін қарау үшін арнайы бөлінген орынға келеді.

      Содан соң мейман Астана қаласының әкімімен (әкімнің орынбасарымен) бірге ағаш отырғызатын жерге бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсімі аяқталғаннан кейін делегация кортежге беттейді де жүріп кетеді.";

      66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды (мейман елінің мемлекеттік әнұраны бірінші болып орындалады). Мемлекеттік әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін мейман мен Президент кілемше үстімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай өтеді, оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдіреді. Одан кейін мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен өтіп (мейман сапқа жақын жүреді), бастарын сәл иіп, құрметті қарауыл бастығымен қоштасады және жүзбе-жүз кездесуге өтеді.";

      86-тармақтың бірінші бөлігі, 94, 100, 111-тармақтар, 115-тармақтың бірінші бөлігі, 119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.";

      "94. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) айналысады.";

      "100. Объектілерді қорғау қызметі әскери қызметшілерінің парадтық есептоптары марш әуенімен ұлықтау өткізілетін залға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Президенттің байрағын және Қазақстан Республикасының Конституциясын әкеледі.";

      "111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Президент Әкімшілігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.";

      "115. Президенттің жұмыс бабындағы сапар бағдарламасын дайындау және қамтамасыз ету үшін ол жерлерге алдын ала Президент протоколының, Президенттің Баспасөз қызметінің және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, Президент Әкімшілігінің баратын өңірді қадағалайтын мемлекеттік инспекторы барады.";

      "119. Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары ілінеді. Ұшу алаңында Объектілерді қорғау қызметінің құрметті қарауылы сап түзейді.";

      135-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мейман елінің мемлекеттік туы ілінбейді, Объектілерді қорғау қызметінің парадтық есептобы сап түземейді.";

      143-тармақ, 145-тармақтың бірінші бөлігі, 147, 155, 170, 186-тармақтар, 200-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Күзетілетін адамдардың жеке қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп пен делегацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен Мемлекеттік күзет қызметі айналысады.";

      "145. Сыртқы істер министрлігі Премьер-Министрдің шет мемлекеттерге сапарының мерзімдерін келіседі. Сапарды ұйымдастыру үшін құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің, Сыртқы істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.";

      "147. Ұйымдастыру мәселелерін шешу және Премьер-Министрдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірлерге алдын ала жұмыс тобы жіберіледі, оның құрамына Премьер-Министр Кеңсесінің және Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері енгізіледі.";

      "155. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі қонақтардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.";

      "170. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшыларының елде болу уақытындағы қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.";

      "186. Қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етуі мүмкін. Мұндай жағдайда, бастамашы Президент Әкімшілігі Басшысының атына шетелдік делегация басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Мемлекеттік күзет қызметіне тапсыру туралы ұсыныспен хат жолдайды.";

      "200. Шет мемлекеттердің елшілері салтанатты рәсімдер залында кілемше бойымен арнайы белгіленген орынға (кілемге) өтеді. "Ақорда" Президент резиденциясының (Президент Сарайының) коменданты сәлемдік баянат береді. Президенттік оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.";

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      35-тармақ алынып тасталсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      40-тармақ алынып тасталсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат; 2013 ж., № 31, 465-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын басшылыққа алсын.";

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

      28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.

      29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.".

      10. Құпия.

      11. ҚБП.

      12. "Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде:

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде республикалық жедел штабқа басшылық етуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы оның бірінші орынбасары болады.";

      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;";

      12-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күзетілетін тұлғалардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар немесе олардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан тағайындайды.

      Күзетілетін тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша облыстық, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының орынбасары күзетілетін тұлғаны алып жүретін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жоғары лауазымды адамы болып табылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды құру тәртібі, терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға өз құзыреті шегінде қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.";

      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспардың іс-шаралары түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелер өткізу арқылы әзірленіп, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен регламенттеледі.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Топқа Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының бастығы жетекшілік етеді. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс тобы терроризм актісін дайындауға немесе оны жасауға байланысты жедел жағдайды талдауды, оның одан әрі дамуын болжауды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеуді жүзеге асырады.".

      13. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:

      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жеке құрамын кәсіби даярлауды үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз етуді қоса алғанда, терроризмге қарсы іс-қимыл саласында кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеуде және келісіп жүзеге асырудағы ынтымақтастық;";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;".

      14. "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 647-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларында:

      4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын уақтылы өрістету мақсатында террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын бірыңғай хабардар ету сигналы және олардың құрамына енетін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жауынгерлік пайдалануға келтірудің тиісті алгоритмдері қолданылады.".

      15. "Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің президенттік резервін бекітуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының президенттік резервіне ұсынылған Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына ұсынған материалдарға сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат; № 51, 673-құжат; 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат; 2011 ж., № 53, 743-құжат; № 55, 783-құжат; 2012 ж, № 57, 773-құжат; 2013 ж, № 18, 308-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 147қ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 53, 742-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 148 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 743-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 343 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 773-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 510 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 308-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 562 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкімі.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 205қ өкімі.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 132қ өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады