Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының оқу орындарында терроризмге қарсы бөлімшелер мамандарын даярлаудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 849 Жарлығы.

      2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабад қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының оқу орындарында терроризмге қарсы бөлімшелер мамандарын даярлаудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.09.2019 № 163 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне қабылданған шешім туралы хабарласын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады